Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Куала Лумпурдағы туристік көрмеде Алматы павильонына 10 мыңнан астам адам келді

Ақтаудағы лицей қашықтан оқытуға көшті: Оқу ағарту министрлігі ата аналардың шағымын тексеріп жатыр

Бюджетке түскен батпан

Алматыда автокран өздігінен жүріп кетіп, таудан құлады

“Бұл сен бе?“ Ұшқыш әкесі мен қызы ерекше жағдайда кездесті

Мүгедектігі бар спортшы федерация басшысын алаяқтық жасады деп айыптады: полиция шешім қабылдады

Петропавлда өртенген үйден әйел мен үш газ баллоны шығарылды

Мектеп формасының түсі мен шаш үлгісі: Сүлейменова оқушыларға қандай талап қоюға болатынын түсіндірді

Бюджет 2028 жылға дейін бекітілді Зияткерлік мектептердегі орындар не болмақ

Қызылордада мұнай өңдеу зауытында өрт шықты: 120 тонна мұнай жанып кетті

Жазғы Азия Ойындарына қатысатын боксшылар белгілі болды

ЕАЭО елдеріндегі нақты жалақы өсімі қандай инфографика

Қазақстан ақылды шекара моделін дәйекті түрде дамытып жатыр Тоқаев

Түзету орталығындағы баламен болған жанжалдан кейін қазақстандыққа рақымшылық жасалды

Әлемнің бүкіл еркек кіндіктісін жек көріп кеттім : Дана Нұржігіт Азамат Cатыбалдының өнеріне тәнті болды

Тоқаев Тәжікстан президенті мен халқын ел тәуелсіздігінің 35 жылдығымен құттықтады

Қазақстан Қашаған операторы NCOC компаниясынан 4,9 млрд доллар айыппұл өндіруді тоқтатты

Беларусь БАҚ тары Рыбакинаның US Open дегі жетістігіне алаңдаулы

Астана көші қон қызметінің бұрынғы басшысы Ербол Махметов ұсталды: ҰҚК түсініктемесі

Қазақстанда ирригация каналдарын механикалық тәсілмен тазалау қарқыны артып келеді

Маңызды кезеңдегі беделді платформа

Маңызды кезеңдегі беделді платформа

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

Кеше Астанада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысумен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының ІІІ республикалық форумы өтті. Осымен үшінші мәрте бір алаңда екі мыңнан астам мәслихат, Парламент депутаттарының, Үкімет мүшелерінің, барлық саяси партия­лар өкілдерінің басын қостық.

Бұл форум өңірлік даму мәселе­лері талқыланатын алаң ғана емес, сонымен бірге мемлекетіміз үшін маңызды оқи­ғалар қарсаңында өткізілетін ел көле­міндегі беделді платформаға айналып келеді. Аталған жиын елімізде жүзеге асы­ры­­­лып жатқан реформалардың бары­сын саралап, өңірлердегі нақты жағ­дай туралы кері байланыс алуға және ха­лық­тың тұрмысына тікелей әсер ететін тың шешімдер әзірлеуге мүмкіндік береді.

Форум еліміз үшін бетбұрысты кезең – жаңа Конституцияны қабылдау жөніндегі республикалық референдум қарсаңында өтті.

Мемлекет басшысының осы жиынға тұрақты түрде қатысып, мәслихат депутаттарымен тікелей пікір алмасуы іс-шараның мән-маңызын арттыра түсуде. Ал Президенттің бағдарламалық сипаттағы сөйлеген сөзі форум жұмысына сындарлы бағыт береді.

Президенттің айтқан сөзі өткенге көз жүгіртіп, еліміздің кейінгі бірнеше жылда жүріп өткен жолын айқын көруге мүмкіндік берді. Шынында да, бұл – батыл шешімдер қабылданып, нақты нәтижелерге қол жеткізілген маңызды да мазмұнды кезең.

Мемлекет басшысы кейінгі уақыт­тағы жетістіктерімізге нақты мысалдар арқылы тоқталды. Ол – ауыз толтырып айтуға тұрарлық көрсеткіштер. Күн­делікті қарбалас тірліктің арасында еліміздің қандай ауқымды нәтижелерге қол жет­кізгеніне кейде мән бере бер­мейтініміз рас.

ТМД елдері арасында ішкі жалпы өнім көлемі бойынша 306 миллиард доллармен біз екінші орындамыз, ал өңірде бұл – ең жоғары көрсеткіш. Жан басына шаққанда ол 15 мың доллардан асады. Қазақстан әлемдегі ең ірі 50 экономиканың қатарына кіреді. Еліміз тікелей шетелдік инвестиция тарту көлемі жағынан да Орталық Азияда көш бастап тұр. Алтын-валюта резервтері ұлғайып келеді. Бұл көрсеткіштердің бәрі – ұлттық экономиканың сапалы өсімінің айқын дәлелі.

Агроөнеркәсіптік кешен саласында да оң өзгерістер бар. Еліміздің транзит әлеуеті артып келеді, адам капиталы қарқынды дамып жатыр. Жер-жерде жаңа тұрғын үйлер мен қажетті әлеуметтік инфрақұрылым салынып жатыр. Балаларымыз жан-жақты жабдық­талған заманауи мектептерде білім алады. Ауыл тұрғындары да сапалы меди­циналық қызмет­ке кеңінен қол жеткізіп отыр. Пар­ла­ментте қабылданған заңдар тұрғын үй-коммуналдық шаруа­шылық саласындағы теріс үрдіс­терге тос­қауыл қойды. Қазір үлескер­лер­дің шағымдары да естілмейтін болды.

Ең басты нәтиже – халықтың әл-ауқаты артып келеді. Бұл өз кезегінде азаматтардың өмір жасының ұзақтығына тікелей әсер етіп отыр. Ол алғаш рет 75,9 жасқа жетті. Жаңадан салынған медицина нысандары ана мен бала өлімінің азаюына ықпал етті.

Осы орайда «Әділетті және прог­рес­сивті Қазақстанның халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясы еліміздің барлық өңірін аралап, жер-жерде нақты өзгерістер бар екенін өз көзімен көріп қайтты.

Коалиция мүшелері халықпен, еңбек ұжымдарымен және қоғам белсен­ділерімен кездесулер өткізді. Барлық кездесуде жұрттың ойы бір жерден шықты. Олар оң өзгерістерді көріп, сезіп отыр. Сол үшін Президентке шынайы алғыстарын айтты. Осындай көңіл күй барлық өңірде сезіледі. Сондықтан қазірдің өзінде сауалнамаға қатысқан респонденттердің 86,5 пайызы жаңа Конституцияны қолдауы кездейсоқ емес.

Осы жетістіктердің бәріне әлемдегі қиын геосаяси жағдайға қарамастан қол жеткізуіміз айрықша маңызды. Мемлекет басшысы жүргізіп отырған байыпты, теңгерімді әрі сындарлы сыртқы саясаттың арқасында елдегі тұрақтылық пен келісімді сақтау мүмкін болып отыр. Бүгінгі таңда шекарамыздың маңында жаңа қақтығыстар туындап жатқан кезде елдегі бейбітшілік пен тыныш­тықтың қадірін терең түсінесің.

Яғни қазіргі әлемдегі күр­делі жағ­дайларға, жаһандық эконо­микалық дағ­дарысқа және ішкі сын-қатерлерге қара­мастан, еліміз тұрақты дамып, прогресс жолында батыл алға басып келеді.

Мыңдаған отандасымыз шиеленіс ошақтарында қалып қоймай, өз Отанына кедергісіз оралған кезде мемлекеттің қамқорлығын ерекше сезінесің.

Бұл Қазақстан азаматы қай жерде жүрсе де, өз еліне керек әрі қымбат екенін, әрдайым мемле­кеттің қорғайтынына сенім арта алатынын көрсетеді. Өз азаматына деген осындай көзқарас жаңа Конституцияның негізі болып қаланды. Адам, оның өмірі, құқықтары мен еркіндіктері мемлекет үшін мызғымас құндылыққа айналды.

Мемлекет басшысы прези­денттікке кіріскен күннен бастап, халықтың тұрмысы мен әл-ауқаты ауқымды рефор­малардың басты әрі бұлжымас басым­дығы екенін атап өткен еді.

Сондықтан бұл басымдық Прези­дент Қасым-Жомарт Тоқаевтың ішкі принциптерімен үндесіп, ең жоғары конституциялық деңгейде бекітіліп, айнымас сипатқа ие болып отыр. Өңірлерде өткен кездесулерде дәл осы жаңашылдық халықтың жүрегінен ерекше орын алғанын көрдік.

Жалпы, Мемлекет басшысы Консти­туцияның әр тарауы мен әр бабын мұқият қарап, конституциялық комиссияның барлық ұсынысын жан-жақты зерделеді. Комиссия мүшелерімен тұрақты түрде кездесулер өткізіп, Ата заңға қатысты барлық жұмыстың бағыт-бағдарын өзі айқындап отырды.

Президент жаңа Консти­туцияны бүге-шігесіне дейін терең түсініп отырғаны ерекше байқалды. Қасым-Жомарт Тоқаев әрбір маңызды новелла бойынша өз ойын ашық айтып, оның мемлекет пен қоғамның одан әрі дамуы үшін қаншалықты прогрессивті екенін егжей-тегжей түсіндірді.

Осы жылдар ішінде біз Мем­лекет басшысының әрдайым бола­шақты бағдарға алатынына көз жеткізіп келеміз. Президенттің атом энергиясын бейбіт мақсатқа пайдалану, цифрландыру мен жасанды интеллект технологияларын кеңінен енгізу жөніндегі идеялары – оның прогрессивті көзқарасы мен парасатының айқын көрінісі.

Жақында ғана Мемлекет бас­шысының тапсырмасымен мен Парижде өткен Ядролық энергетика жөніндегі дүние­жүзілік саммитке қатыстым. Онда еуро­па­лық саясаткерлер азаматтық атом энер­гиясын қолданудан бас тарту туралы шешімдері қате болғанын ашық мойындады. Ал отандастарымыз Президенттің атом электр стансаларын салу жөніндегі батыл идеясын бір жарым жыл бұрын бүкілхалықтық референдумда қолдады. Біз бұл жұмысқа қазірден кірісіп кеттік.

Уинстон Черчилл айтқандай, саясаткер келесі сайлауды ойласа, мемлекет қайраткері – келер ұрпақты ойлайды. Мемлекет қай­раткерін саясаткерден ерекше­лейтін де дәл осы қасиет.

Мемлекет басшысы әрдайым жастарға зор үміт артады. Ол жастармен үнемі бір толқында, қазіргі трендтерді жақсы түсінеді. Сондықтан да әр сөзінде жастарға ерекше тоқталады. Президенттік жастар кадрлық резерві іске қосыл­ды, дарынды жастарды қолдау­ға арналған инфрақұрылым қалып­тасты. Барлық өңірде жетекші шетел­дік жоғары оқу орындарының фи­лиалдары ашылып, әрбір отан­­дасымызға шетел аспай-ақ, қомақ­ты қаражат жұмсамай-ақ, өз елінде зама­науи білім алуға нақты мүмкіндік бері­ліп отыр. Ол туралы бізге, әсіресе, алыс ауылдар мен мо­но­қалаларды арала­ған кезде жұрт­шылық тарапынан көп айтылды.

Бұл тарихи сәтте де Мемлекет басшысы тағы да жастарға үн қатып, олардың ерекше жасампаз күш-жігеріне сенім артып отыр. Өйткені жаңа Конституция, ең әуелі жастарға, келер ұрпаққа деген қамқорлықпен жазылған.

Халықаралық архитектура көз алдымызда құлдырап, орнық­қан сауда-экономикалық және мем­лекетаралық саяси бай­ла­ныс­тар үзіліп жатқан күрделі ке­зеңде ел тізгінін ұстап отырған Пре­зи­дентіміз қазіргі жаһандық сын-қатер­лердің табиғатын терең түсіне отырып, жаңа Конституцияның әр нормасын мемлекеттілігіміз бен тәуелсіздігімізді жан-жақты нығайтуға бағыттау үшін бар күш-жігерін салды.

Мемлекет басшысы айтқандай, жаңа халық Конституциясының жобасы ортақ Отанымыз – Қазақ­стан Республикасының жарқын келешегіне берік әрі мызғымас іргетас болады.

Ерлан ҚОШАНОВ,

Мәжіліс төрағасы 

Соңғы жаңалықтар

Ақылға бірлік

Пікір • Бүгін, 09:00

Шетел сарапшылары: Қазақстандағы реформа несімен құнды?

Ата заң • Бүгін, 08:55

Кемелер кептелісі немесе Ормуз бұғазындағы дүрбелең

Әлем • Бүгін, 08:50

Тамдының тумасы, өлеңнің тұлғасы

Әдебиет • Бүгін, 08:45

Тарихқа бай Тараңғұл мен Жамансу

Жәдігер • Бүгін, 08:40

Би мен музыканың үйлесімі

Өнер • Бүгін, 08:35

Өңдеу өнеркәсібіндегі соны серпін

Экономика • Бүгін, 08:30

Ертіс-Баяндағы «Ғашықтар хикаясы»

Театр • Бүгін, 08:25

Қауіп айтып келмейді

Мәселе • Бүгін, 08:20

Ауыл шаруашылығы кооперациясы: Оларды ынталандыру тәсілі қандай?

Шаруашылық • Бүгін, 08:17

Сәбиге – ауылнай сыйлығы

Қоғам • Бүгін, 08:15

Табиғи нанның дәмі

Кәсіпкер • Бүгін, 08:12

50 отбасы баспаналы болды

Аймақтар • Бүгін, 08:10

Сыры терең сатира

Сатира • Бүгін, 08:07

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 08:05

Барлық жаңалықтар

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:228
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 13 Наурыз 2026 08:44
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Куала Лумпурдағы туристік көрмеде Алматы павильонына 10 мыңнан астам адам келді

08 Қыркүйек 2026 13:48see155

Ақтаудағы лицей қашықтан оқытуға көшті: Оқу ағарту министрлігі ата аналардың шағымын тексеріп жатыр

08 Қыркүйек 2026 16:49see152

Бюджетке түскен батпан

08 Қыркүйек 2026 04:59see150

Алматыда автокран өздігінен жүріп кетіп, таудан құлады

08 Қыркүйек 2026 17:04see150

“Бұл сен бе?“ Ұшқыш әкесі мен қызы ерекше жағдайда кездесті

08 Қыркүйек 2026 09:33see149

Мүгедектігі бар спортшы федерация басшысын алаяқтық жасады деп айыптады: полиция шешім қабылдады

08 Қыркүйек 2026 07:22see149

Петропавлда өртенген үйден әйел мен үш газ баллоны шығарылды

08 Қыркүйек 2026 20:43see148

Мектеп формасының түсі мен шаш үлгісі: Сүлейменова оқушыларға қандай талап қоюға болатынын түсіндірді

08 Қыркүйек 2026 16:49see148

Бюджет 2028 жылға дейін бекітілді Зияткерлік мектептердегі орындар не болмақ

08 Қыркүйек 2026 13:07see147

Қызылордада мұнай өңдеу зауытында өрт шықты: 120 тонна мұнай жанып кетті

08 Қыркүйек 2026 10:15see145

Жазғы Азия Ойындарына қатысатын боксшылар белгілі болды

09 Қыркүйек 2026 01:12see143

ЕАЭО елдеріндегі нақты жалақы өсімі қандай инфографика

08 Қыркүйек 2026 21:40see137

Қазақстан ақылды шекара моделін дәйекті түрде дамытып жатыр Тоқаев

08 Қыркүйек 2026 19:15see133

Түзету орталығындағы баламен болған жанжалдан кейін қазақстандыққа рақымшылық жасалды

08 Қыркүйек 2026 20:05see131

Әлемнің бүкіл еркек кіндіктісін жек көріп кеттім : Дана Нұржігіт Азамат Cатыбалдының өнеріне тәнті болды

08 Қыркүйек 2026 23:41see130

Тоқаев Тәжікстан президенті мен халқын ел тәуелсіздігінің 35 жылдығымен құттықтады

09 Қыркүйек 2026 09:33see128

Қазақстан Қашаған операторы NCOC компаниясынан 4,9 млрд доллар айыппұл өндіруді тоқтатты

09 Қыркүйек 2026 08:07see121

Беларусь БАҚ тары Рыбакинаның US Open дегі жетістігіне алаңдаулы

09 Қыркүйек 2026 10:31see120

Астана көші қон қызметінің бұрынғы басшысы Ербол Махметов ұсталды: ҰҚК түсініктемесі

09 Қыркүйек 2026 12:35see117

Қазақстанда ирригация каналдарын механикалық тәсілмен тазалау қарқыны артып келеді

09 Қыркүйек 2026 11:44see115
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары