Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

Ғылым мен білімге арналған ғұмыр

Ғылым мен білімге арналған ғұмыр

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Төлеген Әбдісағиұлы 1946 жылы Алматы облысы, Жамбыл ауданында дүниеге келген. Мектепті үздік тәмамдаған ол әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне түсіп, физика факультетінде білім алды. Ғылыми жолын әлемге танымал ғылыми орталықтардың бірі – А.Ф. Иоффе атындағы физика-техникалық институтында жалғастырып, кәсіби деңгейде шыңдалды. Ғалымның ғылыми қызметі теориялық физиканың ең күрделі әрі өзекті бағыттарын қамтиды. Оның зерттеулері кванттық хромодинамика, элементар бөлшектер теориясы, салыстырмалық және гравитация теориясы салаларымен тығыз байланысты. Әсіресе, калибрлік өрістерді стохастикалық кванттау бағытындағы ғылыми жаңалығы оның ғылымдағы ірі жетістіктерінің бірі. Бұл бағыт қазіргі таңда физика ғылымының жаңа кезеңін қалыптастыруға ықпал етті.

Төлеген Әбдісағиұлының 200-ден астам ғылыми жарияланымы жарық көріп, ғылыми еңбектері халықаралық деңгейде мойындалды. Оның «Өріс теориясындағы стохастикалық кванттау» атты монографиясы әлемдік ғылыми қауымдастық тарапынан жоғары бағаланған іргелі еңбектердің бірі.

Ғалым тек зерттеуші ретінде ғана емес, білім беру саласының ірі ұйымдастырушысы ретінде де танылды. Ол әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де еліміздегі алғашқы жоғары оқу орны жанындағы ғылыми-зерттеу институтын құрып, ғылым мен білімнің интеграциясын жаңа деңгейге көтерді. Сонымен қатар, әр жылдары университет ректоры қызметін атқарып, отандық жоғары білім беру жүйесін дамытуға зор үлес қосты.

1998–2001 жылдары Төлеген Әбдісағиұлы І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің ректоры қызметін атқарып, жоғары оқу орнының ғылыми-білім беру әлеуетін нығайтуға елеулі үлес қосты. Осы кезеңде ол басшылық лауазыммен қатар оқытушылық қызмет те атқарды. Физика-математика факультетінің теориялық физика кафедрасында «Физика» мамандығының студенттеріне «Кванттық физика» пәні бойынша дәріс оқыды. Ғалымның дәрісі мазмұндық тереңдігімен, теориялық негіздерінің беріктігімен және ғылыми жаңашылдығымен ерекшеленіп, болашақ мамандардың кәсіби қалыптасуына зор ықпал етті.

Төлеген Әбдісағиұлының педагогикалық қызметін ерекше атап өтуге болады. Оның жетекшілігімен көптеген жас ғалымдар тәрбиеленіп, кандидаттық және докторлық диссертацияларын сәтті қорғады. Ол қалыптастырған ғылыми мектеп халықаралық деңгейде танылып, оның шәкірттері әлемнің жетекші ғылыми орталықтарында табысты еңбек етіп жүр.

Ғалымның еңбегі мемлекет тарапынан жоғары бағаланып, ол «Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым және техника қайраткері» атағына, «Парасат» және ІІ дәрежелі «Барыс» орденіне, сондай-ақ Қазақстан Республикасының ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлықтарына ие болды.

Бүгінгі күні Төлеген Әбдісағиұлы ғылым жолындағы қызметін белсенді жалғастырып, жаңа ғылыми бағыттарды дамытуға, жас зерттеушілерге бағыт-бағдар беруге өз үлесін қосып келеді. Оның өмірлік ұстанымы – ғылымға адал қызмет ету, білім мен ізденісті ұштастыру, ұрпақ сабақтастығын қамтамасыз ету. Оның ғылыми мұрасы мен пайым-парасаты болашақ ұрпақ үшін сарқылмас өнеге.

Ермек БӨРІБАЕВ, І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің Басқарма төрағасы-ректор, заң ғылымдарының докторы, профессор

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:161
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 27 Сәуір 2026 18:44
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see166

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see163

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see162

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see159

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see155

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see155

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see143

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see139

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see136

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see132

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see129

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see126

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see120

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see120

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see119

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see116

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see114

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see113

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see109

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

03 Қараша 2026 14:24see106
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары