Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Халықаралық автожолдың Жамбыл облысындағы екі учаскесінде жылдамдық шегі өзгерді

LRT ға екі аптада 1 миллион жолаушы мінген

Тоқаев қуғын сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне байланысты үндеу жасады

ПСЖ Чемпиондар лигасын қатарынан екінші жыл жеңіп алды

Ақтауда қоғамдық қауіпсіздікті робот иттер күзетеді

Абитуриенттерді смарт көзілдірік үшін ҰБТ дан шеттетті

40 градус ыстық: жаздың алғашқы күнінде қай өңірлерде ескерту жасалды

7 күнге арналған ауа райы болжамы: Астанада осы апта жауын шашынды болмақ

Украиналық дрон ЗАЭС тің ғимаратына соғылды

Атырауда зооқорғаушылар акциясы өтті

Трамп жаңа мәлімдеме жасады: Иран ядролық қарудан бас тартуы мүмкін

Мемлекет тарапынан әрбір балаға қамқорлық жасалып жатыр Тоқаев

Жаңа ипотекалық жоба арқылы аяқталмаған үйлерден пәтер алуға болады

БЖЗҚ да 45 миллиард теңгені ұмытып кеткен ақшаны кім ала алады?

Президент үндеуі: Қуғын сүргін құрбандарын ұмытпау ұрпақ алдындағы жауапкершілік

Түркістанда қарбыз пісіп, алғашқы партия экспортқа шығарылды

Израиль Бейрутқа жасалатын соққыларды күшейткісі келеді және АҚШ тың шешімін күтіп отыр БАҚ

Астанада автокөлік жарылды: Зардап шеккендер бар

Атырау Арена : 1500 орындық спорт кешені салынуда

Қазақстанның ақылы жолдарында мемлекеттік нөмірлерді қолдан жасаудың 2 000 ға жуық жағдайы анықталды

Арпалысқа толы ғұмыр

Арпалысқа толы ғұмыр

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Біздің аға буын қаламгерлердің дені талантын тек көркем туындыға бағыштай алмады. Өйткені олардың мойнында сан ғасыр бодан болып, езгі көрген ұлтының тарихи және мәдени құндылықтарын түгендеу міндеті тұрды. Осылай жазушыларымыз әдебиет пен тарихты бір арнаға тоғыстырып, қос майданда қатар күресті.

Жазушы, публицист, ғалым Бейбіт Қой­шыбаев туралы ма­қала жазуға отырғанда тарихшы Қой­шығара Салғара ақсақалдың Ақселеу Сейдімбек досы туралы жиі айтатын әңгімесі ойымызға оралды. «Ақселеу маған бірде: «Қойшеке, Алматыға жан бағу үшін келмедік. Сенің де, менің де жазғандарымыз ел аузында жүр. Десе де, шынайы көркем әдебиетпен төрт құбыласы түгел халықтың өкілдері айналыс­са жарасады. Біздің 300 жыл­ға жуық уақыт отарда болып, рухы жаншылып, тепкі көрген хал­қымызға танымдық дүниелер керек», деді. Сол күні Ақаң екеуміз қол алысып, біріміз тарих, екіншіміз мәдениет туралы жазуды бастадық» делінеді әлгі естелікте.

Бұл ұлтымыздың ықылым замандағы тарихын тірілткен Қойшығара Салғара мен руха­ниятымыздың рухын тіктеген Ақселеу Сейдімбектің ғана ба­сындағы жайт емес еді. Кеңестік кезеңде өмір сүрген Қойшығара мен Ақселеуге дейінгі де, олардан кейінгі де қаламгерлеріміз жазар көркем туындыларын шетке ысырып қойып, қалам-қаруын бұқараның мұңын мұңдап, қажетін өтеуге сілтеді. Олар «ереуіл атқа ер салып» күрескерлік жолға түсуге мәжбүр болды. Мәселен, Бейбіт Қойшыбаев та жазушылықпен қатар, қоғамдағы қордаланған проблемаларға қатысты жүз­деген публицистикалық мақала жазды. Ғылым кандидаты ре­тін­де Алаштың жоғын іздеп, ілім теңізіне құлаш ұрды. Сөз өнерінің табалдырығын «Ай нұры», «Алтын діңгек» сынды мөлдір туындылармен аттаған қаламгер ұзақ жылғы өнімді еңбе­­гін тарих майданына бұрып, Мұстафа Шоқайұлы, Әлихан Бө­кейхан, Сұлтанбек Қожанов, Смағұл Садуақасұлы, Тұрар Рыс­құл­ұлы, Нәзір Төреқұлұлы, Ах­мет Байтұрсынұлы, Темірбек Жүр­генов сияқты қемеңгер ұлылардың өмірін арпалыса жүріп зерттеді.

Біз «арпалыса жүріп» деген тіркесті тегін қолданып отырған жоқпыз. Кейіпкеріміз туралы Марат Ділдабаевтың осыдан табаны күректей отыз жыл бұрын жазған «Ағысқа қарсы жүзген» атты эссесін оқысаңыз, Қойшыбаевтың ұлт тағдыры жолындағы күре­сінің жарты ғасыр бұрын бастал­ғанын аңғарасыз. Әлгі эсседе 60-жылдардың аяғында Ал­ма­тыдағы ғалымдардың бірі қазақ мектептерін жабуды ғылыми тұр­ғы­дан дәйектеген диссертация қорғағаны, осындай ұлттың тағ­дыры қыл көпірде тұрған кезеңде оған тек Қойшыбаевтың мақала жазып қарсы тұрмақ болғаны айтылады. Бірақ отыз­ға да толмаған жас жігіттің жа­най­­қайын жариялауға ешбір басылымның дәті жетпеген. Бүгінгі күннің дүрбісімен қарасақ, қазақ мектептерін жабуды көздеген сыңаржақ авторға тойтарыс беруге талпынған Бейбіт Қойшыбаевтың арпалысты ғұмыры сол бір шетін оқиғадан кейін бір сәтке де толас­тамапты.

Әрине, зергер жазушының арпалысты күресін бір мақала аясында айтып тауыса алмас­пыз. Десе де, жазушының бүгінгі оқыр­ман білуге тиіс бірнеше ерлі­гін жіпке тізуге хақылымыз. Сон­дай айтулы бір ерлік туралы Әшір­бек Амангелдиев «Өмір­дің «қыш­қылтым» сабағы» атты мақа­ла­сында («Жас Алаш» газетінің 1995 жылдың 9 жел­тоқсан күнгі саны) әңгімелейді.

Бейбіт Қойшыбаев «Білім және еңбек» журналында бас редактор болып жүріп, 1982 жылы қазаққа белгілі Қойлыбай бақсының құдіретті күші туралы мақала жариялайды. Сол материалмен бірге «Халық жыры» делінетін өлең де жарық көрген. «Осыдан көп өтпей-ақ: «Білім және еңбек» журналы ескілікті қозғап, бақсылық-тәуіпшілік туралы мақала басыпты» деген секілді неше түрлі сыпсың сөздер шыға бастады. Біреулер оны: «Халық жауы» Мағжан Жұмабаев дегеннің өлеңінен үзінді жариялапты» деп одан сайын қоздыра түсті. Және бір өкініштісі, мұндай сөздерді айтып, жұртқа жайып жүрген өзіміздің оқыған, зиялы деген азаматтар еді. Олар журналдың қызметкерлері – біздерді көрген сайын: «Байқамайсыңдар ма, ол Мағжанның поэмасы ғой» деп аяушылық білдіріп, жандары ашығансып жүрді. Артынан бақсақ, бәрін қоздырып, отқа май құйып жүрген сол сабаздар екен. Әйтпесе, «халық жауы» деп қара күйе жағылып, елдің есінен шығарылып қойылған талантты ақын Мағжан Жұмабаевтың кезінде атақты Қойлыбай бақсы жайында поэма жазғанын, біздің жариялап отырғанымыз сол жырдан үзінді екенін қара халық қайдан білсін?» деп жалғайды естелігін Әшірбек Амангелдиев.

Сөйтіп, «Білім және еңбек» журналында саясатқа қайшы келетін талай мақала жариялаған кейіпкеріміздің «айыбы» бюрода қаралып, ақыры бас редак­торлықтан босатылған. Жоға­рыдағы естелікте Әшірбек Аман­гелдиев «Қазақ поэзиясының биігіне баланатын Мағжанның өлеңін жарияладық» деген пікір айтқанмен, Бейбіт Қойшыбаев ол өлеңнің Мағжанға тиесілі емес екенін бір сұхбатында мәлімдеген. «Білім және еңбек» журналынан өз еркіммен кеткен жоқпын. 1983 жылдың ақпан айында бюрода журналдың жұмысы талқыланып, мифтік қателіктер үшін маған сөгіс жариялап, қызметтен босатты. Бюро мүшелері маған халық үшін көп іс атқарған, басқыншыларға, отарлаушыларға қарсы ерлікпен шайқасқан атақты хандар мен батырлар туралы жарияланған материалдарды кінә етіп тақты. Ғылыми-көпшілік басылым ретінде біз 1981–1982 жылдары шаманизм өнерінің бастауларын зерттеген бірнеше мақала жариялағанбыз. Сол мақалалардың бірінде атақты бақсы Қойлыбайға арналған өлеңнің үзіндісі келтірілген. Бұл өлеңді «сақ» оқырмандар жоғары органдарға Мағжан Жұмабаев жазған деп арыз жаза бастады. Біз Мағжанның өлеңі емес екенін дәлелдедік. Кейін көрнекті ақын Мағжан Жұмабаевтың 1960 жылы ақталғаны туралы құжат таптық», делінеді.

Демек, Қойшыбаев журналдан тек Мағжан өлеңін жариялағаны үшін босатылмаған. Бұл сөзімізге С.Құлмановтың: «Бейбіт інімнің бойынан табылатын үш бірдей әрекетті айтсам да жетіп жатыр. Оның біріншісі, кейін «журналға хандарды басты, таптық қырағылықты жоғалтты» деген кінәмен қызметтен қуылған айыбы төңірегіндегі ерлігі. Ерлік емей немене, қолындағы басылымына бір кездегі халықтың халықтығын танытқан хандардың суреттері мен тарихын жаздыртып, жас оқырманның дүниетанымына түрлі ойдың тұздығын септіртеді», деген пікірі үстеме дәлел бола алады.

Жоғарыдағы байламымызға қайта оралсақ, кейіпкеріміз көркем туынды жазып шалқып жүрер шағында тіршілігін тілшілікке арқандап, қазақтың сөзін сөйлеу үшін жанталасыпты. «Қазақстан пионері», қазіргі «Ұлан» газетінде қызмет атқарып жүргенде «Достық неден басталады?» деген тақырыппен мектеп оқушыларын пікірталасқа шақырып, олардың санасына ана тілі туралы ұғымдарды сіңіруге тырысыпты. Осылай оқушылардың әр қазақтың өз ана тілін білуі, оны қадірлеуге, құрметтеуге тиіс екені жайлы жазған хаттарын топтап жариялап, жоғарғы жақтың тағы қырына ілінген.

Мұндай сансыз ерліктің сыналар шағы 1986 жылғы Желтоқ­сан көтерілісі кезінде және туды. Бұл турасында Көлбай Адыр­бек­ұлының «Казахское дело: Бейбіт Қойшыбаев» деген мақа­ласында кеңірек баяндалады. Көл­бай Адырбекұлы «...зоба­лаң-зорлығына тап болған жас­тарға жаны ауырып, билік­тің шаршы тобында сауға сұрап, арашаға түскен санаулы бірегейлері шығып, азаматтық белсенділіктерімен «халықтық сыннан» сүрінбей өтті. Бұл қазір айтуға жеңіл болғанымен, сол шақта туған сыннан өту соқтықпалы, соқпақсыз тайғақ жолдың табандылықты, төзімділікті, жан аянбайтын күрес­керлікті талап ететін қия­метінің көпірінен өткенмен бірдей еді. Олар – академик Салық Зиманов, ақын Жұбан Молдағалиев, жазушы Сейдахмет Бердіқұлов, тарихшы-жазушы ғалым Бейбіт Қойшыбаев» деп бағалауы кейіпкеріміздің Желтоқсан күн­дері шындықтың жүзімен жүре білгенін аңғартады.

Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасындағы партия ұйымы­ның жиналысында Бейбіт Қойшыбаевтың ешкімнен тайсалмай: «Әрине, арандатушылар мен ұлтшылдық элементтердің айдап салуымен демонстрацияға шыққан жастарды ақтауға болмайды, бірақ көзсіз кінәлауға да тиіс емеспіз. Түсінуге тырысу керек, болған жағдайларға талдау жасап, философиялық тұрғыдан дұрыс шешім қабылдау қажет. Бұл қозғалыста басты кінәлі адамдар – біз, аға ұрпақ, оқыған азаматтар екенімізді мойындауға тиіспіз...» деп жастардың айыбын үлкендерге аударып, араша түсуін келер ұрпақ ұмытпауға тиіс.

Қош. Бейбіт Қойшыбаев ақиқаттың ақ жолынан ауытқы­май, тарих ақтаңдақтарын зерттей жүріп, сексен жасқа толып отыр. Осы өмірінде тек жазушы емес, үлкен күрескер ретінде танылды. «Киелі мұра», «Дүние-кілт», «Сен ғана» секілді романдар, «Бақытжан Қаратаев», «Рух», «Жа­зықсыз жапа шеккендер» сынды деректі шығармалар мен зерттеу еңбектер жазды. Республикалық басылымдарда жа­зықсыз репрес­сияға ұшыраған, жалған жаламен күстәланған қазақтың біртуар ұлдарының рухын тірілтіп, ұлт қоржынына олжа салды. Түйіндей айтсақ, кейіп­керіміз Мұқағалидың «Сексен жасап сегіз сөз қалдырмаған, Әл­декім­нің тағдыры бұйырмасын» деген уәлі сөзіне ұйып, қаламын қалғытпай, болашақ ұрпаққа мұра болар «сегіз сөзін» қалдырыпты. Біз келер ұрпақ ол сөзді безбенге тартқанда кәдеге жаратар мол мұраға кезігеріне сенеміз.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:164
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 02 Желтоқсан 2025 08:24
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Халықаралық автожолдың Жамбыл облысындағы екі учаскесінде жылдамдық шегі өзгерді

31 Мамыр 2026 20:13see116

LRT ға екі аптада 1 миллион жолаушы мінген

31 Мамыр 2026 13:16see116

Тоқаев қуғын сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне байланысты үндеу жасады

31 Мамыр 2026 10:39see115

ПСЖ Чемпиондар лигасын қатарынан екінші жыл жеңіп алды

31 Мамыр 2026 13:03see114

Ақтауда қоғамдық қауіпсіздікті робот иттер күзетеді

31 Мамыр 2026 16:50see112

Абитуриенттерді смарт көзілдірік үшін ҰБТ дан шеттетті

01 Маусым 2026 15:28see112

40 градус ыстық: жаздың алғашқы күнінде қай өңірлерде ескерту жасалды

31 Мамыр 2026 16:00see112

7 күнге арналған ауа райы болжамы: Астанада осы апта жауын шашынды болмақ

01 Маусым 2026 20:49see112

Украиналық дрон ЗАЭС тің ғимаратына соғылды

31 Мамыр 2026 12:20see111

Атырауда зооқорғаушылар акциясы өтті

01 Маусым 2026 20:58see110

Трамп жаңа мәлімдеме жасады: Иран ядролық қарудан бас тартуы мүмкін

31 Мамыр 2026 11:28see110

Мемлекет тарапынан әрбір балаға қамқорлық жасалып жатыр Тоқаев

01 Маусым 2026 09:24see110

Жаңа ипотекалық жоба арқылы аяқталмаған үйлерден пәтер алуға болады

01 Маусым 2026 18:00see109

БЖЗҚ да 45 миллиард теңгені ұмытып кеткен ақшаны кім ала алады?

01 Маусым 2026 11:51see107

Президент үндеуі: Қуғын сүргін құрбандарын ұмытпау ұрпақ алдындағы жауапкершілік

31 Мамыр 2026 10:45see106

Түркістанда қарбыз пісіп, алғашқы партия экспортқа шығарылды

01 Маусым 2026 09:34see106

Израиль Бейрутқа жасалатын соққыларды күшейткісі келеді және АҚШ тың шешімін күтіп отыр БАҚ

01 Маусым 2026 08:44see106

Астанада автокөлік жарылды: Зардап шеккендер бар

31 Мамыр 2026 21:04see105

Атырау Арена : 1500 орындық спорт кешені салынуда

01 Маусым 2026 20:58see104

Қазақстанның ақылы жолдарында мемлекеттік нөмірлерді қолдан жасаудың 2 000 ға жуық жағдайы анықталды

01 Маусым 2026 13:11see104
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары