Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

Ғылымға негізделген саясат: Қазақстан халықаралық қауымдастықтың назарында

Ғылымға негізделген саясат: Қазақстан халықаралық қауымдастықтың назарында

Egemen.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

2026 жылғы маусымда Қазақстан мемлекеттік секторда мінез-құлық тәсілдерін қолданатын ұйымдардың жаһандық картасында алғаш рет ұсынылды. Назарбаев Университеті жанындағы Ұлттық талдамалық орталықтың (ҰТО) Мемлекеттік басқару және мінез-құлыққа негізделген саясат орталығы Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (ЭЫДҰ) Мемлекеттік сектордағы инновациялар обсерваториясының халықаралық дерекқорында тіркелді. Аталған жаһандық картада мемлекеттік саясат пен мемлекеттік қызметтердің тиімділігін арттыру үшін мінез-құлық тәсілдерін қолданатын 63 елден 300-ге жуық ұйым қамтылған. ҰТО жанындағы Мемлекеттік басқару және мінез-құлыққа негізделген саясат орталығының осы халықаралық базаға қосылуы Қазақстандағы мінез-құлыққа негізделген ғылым мен саясаттың жаһандық кәсіби қауымдастыққа алғаш рет ресми түрде таныстырылуына мүмкіндік берді.

Қазақстанның ЭЫДҰ-ның жаһандық картасына енуі мемлекеттік басқаруды жаңғыртуға, ғылыми негізделген тәсілдерді енгізуге және мемлекеттік шешімдердің сапасын арттыруға бағытталған ел Үкіметінің жүйелі саясатының нәтижесін көрсетеді. Қазақстан озық халықаралық тәжірибені зерделеумен ғана шектелмей, жаңа құралдарды тәжірибеде сынақтан өткізуге, олардың тиімділігін бағалауға, нәтижелі шешімдерді кең ауқымды енгізуге және жинақталған тәжірибені көршілес мемлекеттермен бөлісуге дайын екенін айқын дәлелдеп отыр.

ҰТО жанындағы Мемлекеттік басқару және мінез-құлыққа негізделген саясат орталығы – еліміздегі мемлекеттік басқару саласында мінез-құлық тәсілдерін дамытуға және оларды тәжірибеде қолдануға бағытталған алғашқы мамандандырылған құрылым. Орталық зерттеулер жүргізеді, мінез-құлық құралдарын әзірлеп, сынақтан өткізеді. Сондай-ақ мемлекеттік аппаратқа ғылыми-әдістемелік қолдау көрсетеді. Орталықтың құрылуы мен қызметі Қазақстанда деректерге, ғылыми зерттеулерге және басқарушылық шешімдерді алдын ала сынақтан өткізу қағидаттарына негізделген мемлекеттік басқару моделіне көшу үдерісінің маңызды бөлігі.

Кәсіби құзыреттерді дамыту мақсатында ҰТО мінез-құлық ғылымы саласындағы әлемге танымал көшбасшы ұйымдардың бірі – британдық Behavioural Insights Team (BIT) ұйымымен тығыз ынтымақтастық орнатқан.

Соңғы он жылда әлемнің жетекші мемлекеттері мемлекеттік басқару жүйесіне мінез-құлық ғылымының жетістіктерін кеңінен енгізу арқылы басқару тәсілдерін түбегейлі жаңартты. Қазақстан да мемлекеттік реттеудің дәстүрлі тетіктерін неғұрлым икемді, нысаналы және ғылыми негізделген шешімдермен толықтыра отырып, заманауи мінез-құлық құралдарын жүйелі түрде енгізіп келеді. Бүгінде мінез-құлыққа негізделген саясат денсаулық сақтау, салықтық әкімшілендіру, әлеуметтік қорғау және көлік салаларындағы басқару тәсілдерінің тиімділігін арттыруға ықпал етуде. Қосымша шектеулер енгізу немесе әкімшілік реттеуді күшейтудің орнына, мінез-құлық құралдары азаматтардың таңдау жасау ортасын жетілдіруге және олардың еркіндігін шектемей, жеке адамның да, қоғамның да мүддесіне сай шешім қабылдауын жеңілдетуге мүмкіндік береді. Мұндай тәсілдер дұрыс тамақтану мәдениетін қалыптастырудан бастап, су мен энергия ресурстарын ұтымды тұтынуға және жеке қаржыны тиімді басқаруға дейінгі көптеген салаларда табысты қолданылуда.

Қазақстанда мінез-құлық тәсілдерінің тиімділігі тәжірибелік жобалар аясында да дәлелденуде. ҰТО BIT сарапшыларымен және «Magnum Cash & Carry» сауда желісімен бірлесіп, қазақстандық өнімдерді таңдауды ынталандыруға бағытталған пилоттық жобаны жүзеге асырды. 2026 жылғы наурыз–сәуір айларында Астана қаласындағы сегіз супермаркетте қазақстандық ірімшіктер мысалында түрлі мінез-құлық құралдары («Қазақстанда жасалған» деген белгісі бар арнайы баннерлер, стикерлер, сөре бөлгіштері және аудиохабарландыру) сыналды. Пилоттық жоба қорытындысы бойынша қатысушы дүкендерде қазақстандық ірімшіктердің сатылымы 20 пайызға артқаны тіркелді. Бұл нәтижеге бағаны өзгертпей және қандай да бір әкімшілік шараларды қолданбай-ақ қол жеткізілді.

Мемлекеттік органдардың заманауи тәсілдерді енгізуге деген ашықтығы мен дайын болуы пилоттық жобаның нәтижелерін жергілікті деңгейдегі тәжірибеден кең ауқымды практикалық қолданысқа көшіру арқылы айқын көрініс тапты. Пилоттық жоба Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің бастамасы аясында мінез-құлық құралдарын еліміздің барлық өңірінде кең ауқымды енгізуге негіз болды. Аталған жұмыс «QazTrade» акционерлік қоғамымен және өңірлік сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармаларымен бірлесіп жүзеге асырылуда. Бұл бағыттағы жұмыстарға ҰТО ғылыми-әдістемелік сүйемелдеу көрсетіп келеді.

ЭЫДҰ-ның Мемлекеттік сектордағы инновациялар обсерваториясы мемлекеттік басқару саласындағы озық тәжірибелер мен инновациялық шешімдер туралы халықаралық білім қорларын қалыптастырып, оларды кеңінен насихаттайды. ҰТО жанындағы Мемлекеттік басқару және мінез-құлыққа негізделген саясат орталығының ЭЫДҰ-ның жаһандық картасына енуі Қазақстанның инновациялық басқару тәсілдерін қолдану бағытындағы өңірлік көшбасшылық ұстанымын нығайтып, аймақ елдерімен тәжірибе алмасу және өзара ынтымақтастықты дамыту үшін қосымша мүмкіндіктер ашады.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:125
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 17 Маусым 2026 21:05
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see166

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see163

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see162

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see159

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see155

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see155

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see143

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see139

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see136

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see132

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see129

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see126

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see120

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see120

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see119

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see116

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see114

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see113

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see109

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

03 Қараша 2026 14:24see106
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары