Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Хакерлер ұшақтарды қарауылға алды

Хакерлер ұшақтарды қарауылға алды

Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Хакерлер жердегіні қойып, ұшақтағы жолаушыларды қарауылға ала бастады.

Біздіңше халықаралық ірі әуе компанияларының бағыты айқын, есебі дәл тәрізді. Бірақ кейінгі кезде кибершабуылдар дәл осы саланы айналдыра бастаған. Өйткені осал тұсын тапқан. Хакерлер негізінен ақшалы, бай-қуатты ортаны төңіректейді әрине. Әуежайларға төнген цифрлық қауіп те осы сөзімізді нақтылай түседі. Әлемде күніне 2 мың киберқылмыс тіркелсе, соның дені дамыған елдерде жасалған.

Әлемнің бірнеше ірі әуежайында цифрлық қауіп күшейді. Лондон, Брюссель, Браденбургте рейстер кешігіп, жолаушылар жолынан қалды. Әуежайлардағы ақау бір мезгіл, бір мезетте басталған. Кей бағыттарда онлайн тіркеу тоқтап, әуе компаниялары жолаушыларды қолына қағаз бен қалам алып тіркеуге мәжбүр болды. Бір қызығы зерттеуге қарағанда  кибершабуылшылар әуежайларды емес, ондағы жолаушыларды қарауылға алған. Яғни олардың жеке бас деректерін өңдеп, жүк тіркейтін Collins Aerospace компаниясының cMUSE атты бағдарламалық жүйесін бұзып кірмек болған. Жауапты америкалық компания АҚШ-тың Бағалы қағаздар және биржалар жөніндегі комиссиясына берген ресми есебінде бұл оқиғаны деректерді бұғаттап, ақша талап ететін шабуыл түрі деп атады. Компания мәліметі бойынша, шабуыл ұшу қауіпсіздігіне тікелей әсер етпеген және қаржылық шығын келтірмеген.

София Ларсен, Еуропалық одақтың киберқауіпсіздік агенттігі өкілі:

- Лондон, Брюссель мен Браденбург әуежайларына жасалған шабуыл – тасымал тізбегі арқылы іске асқан типтік шабуыл. Яғни хакерлер тікелей әуежайларға емес, олардың бағдарламалық серіктесіне соққы берген. Мұндай тәсілді дер кезінде анықтау қиын, сондықтан бұл өте қауіпті тенденция.

Мамандар мұны тек техникалық ақау емес, ұлттық қауіпсіздікке төнген қатер дейді. Бір ғана бағдарламалық серіктестің осалдығы жүздеген әуежай мен миллиондаған жолаушыны тақырға отырғызуы мүмкін. Сарапшылар бұл оқиғадан кейін авиация саласы бағдарламалық тәуелсіздікті арттырып, халықаралық киберқауіпсіздік стандарттарын күшейтуі қажет дейді.

Маркус Маррей, Киберқауіпсіздік бойынша халықаралық сарапшы:

- Әуежайлар – бүгінгі цифрлық экожүйенің ажырамас бөлігі. Бір ғана маңызды жүйенің істен шығуы бүкіл логистика мен жолаушы ағымына әсер етеді. Сондықтан алдын ала қорғаныс пен резервтік шешімдерге дайын болу – басты талап. Соңғы оқиғалар бұл жүйенің әлі де әлсіз екенін көрсетті.

Қазір арнайы қызметтер шабуыл кезінде деректердің қолды болған-болмағанын анықтап жатыр. Бірақ мыңдаған адам жолдан қалып, жүздеген рейс тоқтағаны рас. Бұл цифрлық дәуірдің игілігімен қатар, қауіп-қатері де артқанын көрсетеді. Бір ғана бағдарламалық жүйенің осалдығы жаһандық әуе қатынасына әсер еткенін ескерсек, киберқауіпсіздік енді тек ІТ мамандарының ғана емес, тұтас мемлекеттердің ұлттық мүддесін қорғаудың басты құралына айналып отыр.

Авторы: Нұрбике Жігер

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:193
embedДереккөз:https://24.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 06 Қараша 2025 09:19
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see167

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see163

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see159

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see159

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see143

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see140

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see130

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see124

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see124

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see123

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see120

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see118

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see117

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

03 Қараша 2026 18:15see108

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see107

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see105

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see104

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see104

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see104

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see104
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары