Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Халықаралық келісімнің берері мол

Халықаралық келісімнің берері мол

Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Кездесуде белгіленген басымдықтар Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің халықаралық даму бағытымен де сабақтас. Өйткені ЕҰУ үшін Германиямен байланыс бір ғана келісім немесе академиялық алмасу форматы емес, білім мен ғылымды қатар дамытатын ұзақмерзімді серіктестікке айналып келеді.

Ендігі міндет – халықаралық тәжірибені Қазақстанның өзіне әкелу, бірлескен бағдарламалар мен зерттеу орталарын қалыптастыру. Осы тұрғыдан алғанда Германиямен ынтымақтастықтың келесі кезеңі қос дипломды бағдарламалар, бірлескен зерттеулер, академиялық ұтқырлық және технология трансферімен тікелей байланысты. Бұл бағыт ЕҰУ-дың даму стратегиясымен де үндеседі.

«Германиямен ынтымақтастықты біз тек студенттер мен оқытушылардың академиялық алмасуы ретінде қарастырмаймыз. Бүгінгі кезеңде халықаралық серіктестіктің мазмұны әлдеқайда кең болуы керек. Бірлескен білім беру бағдарламалары, ғылыми-зерттеулер, тағылымдамалар, шетелдік профессорларды оқу үдерісіне тарту – мұның бәрі университеттің ғылыми әлеуетін күшейтетін маңызды бағыттар. Біз Германияның озық академиялық тәжірибесін Қазақстанның білім беру кеңістігіне енгізумен қатар, ЕҰУ-дың ғылыми мүмкіндіктерін халықаралық әріптестерге ұсынуға мүдделіміз. Сондықтан біздің мақсатымыз – дайын тәжірибені қабылдау ғана емес, жаңа білім мен ғылыми жобаларды серіктестермен бірге қалыптастыру», – дейді ЕҰУ ректоры Ерлан Сыдықов.

Бұл ұстаным ЕҰУ-дың кейінгі жылдардағы халықаралық қызметінен де көрінеді. 2025 жылғы университеттің жылдық есебінде шетелдік жоғары оқу орындарымен жасалған келісімдер саны 433-ке жеткені, университетте 2 355 шетелдік студент білім алғаны көрсетілді. Сол жылы ЕҰУ ғалымдары 316 ғылыми жобаны жүзеге асырған, оның 1,9 млрд теңгесі коммерцияландыруға бағытталған жобалардың үлесіне тиесілі болған. Университетте 9 халықаралық жоба іске асырылып, 10 шағын инновациялық өндіріс пен 6 студенттік стартап құрылған. 

ЕҰУ-дың Германиямен ғылыми байланысы нақты зерттеу жобаларымен де толықтырылып келеді. 2025 жылы университет ғалымдары Нюрнбергте өткен ғылыми семинарға қатысып, Қазақстандағы немістер тарихына қатысты архивтік құжаттарды ұсынды. Сол жылы ЕҰУ мен Нюрнберг техникалық университеті халықаралық SOLID жобасының екінші кезеңін іске қосуға бағытталған меморандумға қол қойды. Жоба ғылыми алмасуды, кәсіби біліктілікті арттыруды және әлеуметтік саладағы ұйымдардың әлеуетін күшейтуді көздейді әрі Германияның DAAD қызметі мен Экономикалық ынтымақтастық және даму федералдық министрлігі тарапынан қолдау тапқан.

ЕҰУ үшін Германиямен серіктестіктің тағы бір маңызды саласы – климат және тұрақты даму. 2025 жылы университетте Германияның Қазақстандағы елшілігінің қолдауымен Eurasian Climate Talks жазғы мектебі ұйымдастырылды. Бағдарламаға Қазақстаннан және шетелден студенттер, магис­транттар, жас зерттеушілер мен оқытушылар қа­тысып, климаттың өзгеруі, биоалуантүрлілік, табиғи ресурстарды тұрақты пайдалану және экологиялық қауіпсіздік мәселелерін талқылады.

«Қазір университеттердің алдында тұрған міндет – тек білім беру емес, қоғам мен мемлекетке қажет ғылыми шешімдерді қалыптастыру. Климаттың өзгеруі, экологиялық қауіпсіздік, тұрақты даму секілді мәселелер бір ғана елдің немесе бір ғана ғылыми орталықтың шеңберінде шешілмейді. Сондықтан біз Германиядағы әріптестерімізбен бірге ғылыми ресурстарды, мамандардың тәжірибесін және зерттеу мүмкіндіктерін біріктіруге мүдделіміз. Мұндай жобалар студенттер мен жас ғалымдарға халықаралық ғылыми ортаға шығуға, өз зерттеулерін жаңа қырынан дамытуға мүмкіндік береді», – дейді университет ректоры.

Қазақстан мен Германия арасындағы жаңа серіктестіктің ең перспективалы бағыттарының бірі – ғылымды технологиямен ұштастыру. Мемлекет басшысы Германияның жетекші университеттері мен ғылыми институттарының басшыларымен кездесуде технология трансферіне, инженерлік зертханаларға және Индустрия 4.0 шешімдеріне ерек­ше назар аударды. Бұл бағыт ЕҰУ үшін де маңызды. Университет 2025-2029 жылдарға арнал­ған цифрлық трансформация бағдарламасын іске асырып жатыр. Ректор Ерлан Сыдықовтың жыл­дық есебінде университетте студенттер мен оқытушыларға арналған ондаған цифрлық сервис іске қосылғаны, сондай-ақ AI-Sana бағдарламасы аясында 24 мың адамның жасанды интеллект бойынша курстан өткені айтылды.

«ЕҰУ үшін халықаралық ынтымақтастықтың келесі кезеңі – ғылыми әлеуетті нақты нәтижеге ай­нал­дыру. Германияның ғылыми мектебі, техно­логиялық тәжірибесі мен қолданбалы зерттеу дәстүрі біз үшін маңызды. Өз кезегімізде Қазақ­станның жас ғалымдары мен студенттерінің жаңа технологияларға деген қызығушылығын, уни­верситетімізде қалыптасып келе жатқан зерттеу және инновациялық жобаларды халықаралық әріптестерге ұсына аламыз», – дейді Ерлан Сыдықов.

Ендігі міндет – бұрыннан қалыптасқан се­рік­тестікті нақты жобалармен толықтырып, универ­ситеттер арасындағы байланысты ғылым, технология және экономикаға қажет нәтижелерге айналдыру. Бұл тұрғыдан алғанда, ЕҰУ-дың халықаралық ғылыми-білім кеңістігіндегі белсенділігі Қазақстан мен Германия арасындағы жаңа ынтымақтастық моделінің маңызды құрамдас бөлігіне айналып отыр.

М.ЖАЛҒАСҰЛЫ

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:85
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 06 Қазан 2026 04:35
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see137

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see136

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

05 Қазан 2026 09:29see135

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see135

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see134

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see133

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

05 Қазан 2026 12:30see132

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see126

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see126

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see124

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see122

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see121

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see121

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see120

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see120

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see119

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see118

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see114

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see113

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see113
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары