Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

Халықаралық валюта қоры: Биыл инфляция шамамен 10 пайыз деңгейінде сақталады

Халықаралық валюта қоры: Биыл инфляция шамамен 10 пайыз деңгейінде сақталады

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Фото: Үкімет

ХВҚ бағалауынша, мұнай бағасының жоғары болуы, ішкі сұраныстың тұрақты өсуі және инвестициялар ағыны Қазақстан экономикасының орнықты дамуына қолдау көрсетіп отыр. Банк секторы жеткілікті капитал мен өтімділік қорына ие.

Сонымен қатар қор сарапшылары инфляция деңгейінің әлі де жоғары екенін және мұнай экспортына қатысты тәуекелдер экономикалық перспективаларға әсер етуі мүмкін екенін атап өтті.

Экономикалық өсім баяулады

2026 жылдың алғашқы бес айында нақты ішкі жалпы өнімнің өсімі 3,7 пайызды құрады. Бұл көрсеткіш 2025 жылдың соңындағы 6,5 пайыздық өсімнен төмен. Бұған негізінен Каспий құбыр консорциумы жүйесіндегі төтенше жағдай салдарынан мұнай өндіру көлемінің қысқаруы әсер еткен.

Алайда қызмет көрсету саласы, көлік, құрылыс және өңдеу өнеркәсібіндегі тұрақты көрсеткіштер мұнай өндірісінің төмендеуін ішінара өтеген.

ХВҚ болжамы бойынша, 2026 жылдың қорытындысында экономикалық өсім шамамен 4,6 пайыз болады.

ХВҚ Қазақстандағы инфлияция мен тапшылық тәуекелі туралы ескерту жасады

Инфляция әлі де жоғары

Қор сарапшылары инфляция нысаналы 5 пайыздық деңгейге сенімді түрде жақындағанға дейін қатаң ақша-несие саясатын сақтау қажет деп есептейді.

Инфляция 2025 жылғы қыркүйектегі 12,9 пайыздан 2026 жылғы мамырда 10,4 пайызға дейін төмендегенімен, әлі де жоғары деңгейде қалып отыр.

Ұлттық банк 2026 жылдың маусымында базалық мөлшерлемені 100 базистік тармаққа төмендеткен. Дегенмен, ХВҚ инфляция биыл шамамен 10 пайыз деңгейінде сақталады деп болжайды.

Сарапшылар коммуналдық тарифтердің өсуі, квазимемлекеттік сектор шығындарының артуы және жылдың екінші жартысындағы инвестициялық жобалар инфляциялық қысымды күшейтуі мүмкін екенін ескертті.

Бюджет пен сыртқы теңгерім жақсарады

ХВҚ пікірінше, мұнай бағасының жоғары болуы мен салық реформалары бюджет жағдайын жақсартуға ықпал етеді.

Жаңа Салық кодексінің енгізілуі және шығындарды бақылау нәтижесінде мұнайға тәуелді емес бюджет тапшылығы қысқарады деп күтіледі.

Сондай-ақ 2025 жылы ІЖӨ-нің 4,1 пайызы көлемінде болған ағымдағы операциялар шотының тапшылығы 2026 жылы шағын профицитке айналуы мүмкін.

Қазақстанның халықаралық резервтері импортты шамамен 10 ай бойы қаржыландыруға жеткілікті деңгейде сақталып отыр.

Қаржы министрі Мәди Такиев Қазақстандағы ХВҚ басшысымен кездесті

Банк секторы тұрақты

ХВҚ банк жүйесінің жалпы жағдайын оң бағалады. Банктерде капиталдандыру, өтімділік және табыстылық деңгейі жеткілікті.

Жеке тұлғаларды несиелеуге қатысты енгізілген макропруденциялық шаралар тұтынушылық кредиттердің өсу қарқынын қалыпты деңгейге түсіруге көмектескен.

Проблемалық несиелердің үлесі төмен, ал ықтимал шығындарға арналған резервтер жеткілікті деп бағаланды.

Негізгі тәуекелдер

Қор сарапшылары мынадай қауіптерді атады:

ішкі сұраныстың шамадан тыс артуы; импорт бағасының қымбаттауы; әлемдік қаржы нарықтарындағы белгісіздік; инвестициялардың баяулауы; Каспий құбыр консорциумы жұмысының ықтимал бұзылуы.

Сонымен бірге мұнай бағасының жоғары деңгейде сақталуы және реформалардың тиімді жүзеге асырылуы экономикаға қосымша қолдау көрсетуі мүмкін.

Қазақстан ХВҚ-ның ұсынымдарын жоғары бағалайды - Серік Жұманғарин

Ұсыныстар

ХВҚ Қазақстанға:

мемлекеттік сектордың экономикадағы үлесін азайтуды; жеке инвестицияларды көбейтуді; капитал нарығын дамытуды; цифрлық, кадрлық және материалдық инфрақұрылымды жаңғыртуды; бюджеттік және квазимемлекеттік қаржы тәртібін күшейтуді ұсынды.

Сондай-ақ сарапшылар Цифрлық теңге бюджеттік және Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры қаражатының мақсатты әрі ашық жұмсалуын бақылауға мүмкіндік беретін маңызды құрал болуы мүмкін екенін атап өтті.

ХВҚ қорытындысында жүргізіліп жатқан реформалар мен тиімді экономикалық саясат инфляцияны тежеуге, сондай-ақ экономиканың ұзақ мерзімді әрі әртараптандырылған өсуін қамтамасыз етуге көмектесетінін мәлімдеді.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:168
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 16 Маусым 2026 15:25
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see166

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see163

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see162

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see159

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see155

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see155

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see143

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see139

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see136

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see132

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see129

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see126

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see120

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see120

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see119

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see116

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see114

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see113

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see109

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

03 Қараша 2026 14:24see106
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары