Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Жалақы, әуежайлар мен жолдар: үкімет 6,5 триллион теңгенің жоспарын бекітті

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Екінші АЭС бойынша келісім жасалады үкімет жоспарды мақұлдады

Дәурен Мұратбеков лауазымынан босатылды

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Alatau City ге 1,3 млрд доллар инвестиция тартылады

Шетелге шығатын қазақстандықтарды есепке алғысы келеді: жаңа жоспардың егжей тегжейі

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Халықтық құрылыс өркендеу өрісі

Халықтық құрылыс өркендеу өрісі

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Алайда ел дамуының шынайы қарқынын шалғайдағы ауыл мен ауданның тыныс-тіршілігінен де аңғаруға болады. Өйткені бұқараға қолай­лы орта қалыптастырмай, өңірлердің әлеуетін толық ашу мүмкін емес. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2026 жылғы Жол­дауында көтерілген ауқымды инфрақұрылымдық құрылыс бастамасының мәні де осында.

Мемлекет басшысы көздеген мақсат – технологиялық тұрғыдан дамыған, экономикасы қуатты, инфрақұрылымы заманауи әрі азаматтардың қарым-қабілетін толық ашуына мүмкіндік беретін жаңа ел қалыптастыру. Бұл міндетті орындауда ауылдық аудандардың жағдайына айрықша назар аударудың жөні бар. Себебі қала мен ауыл арасындағы өмір сүру сапасының алшақтығы әлі де сезіледі.

Үкіметтің 2025 жылғы бағалауына сәйкес, Өңірлік стандарттар жүйесі бойынша нысандармен және қызметтермен қамтамасыз етілу деңгейі қалаларда орта есеппен 89,1 пайызды құраса, ауылдарда бұл көрсеткіш 67,6 пайыз болған. Екі арадағы айырмашылық инфрақұрылымдық инвестициялардың қай бағытқа көбірек қажет екенін аңғартып отыр. Оның үстіне, ауыл халқының қалаға көшуі де бәсеңдейтін емес. 2025 жылы ауылдан қалаға бағытталған таза көші-қон ағыны 129,4 мың адамға жеткен. Бұл – 2000-2025 жылдар аралығындағы ең жоғары көрсеткіш.

Ауылдың ажары ашылса игі

Qazaq Expert клубының өңірлік даму саласындағы сарапшысы Фатима Герфанованың пікірінше, мұндай жағдайда аудандарды дамыту тек инфрақұрылым тапшылығын жоюмен шектелмеуі керек. Ең бастысы – тұрғындардың өз өңірінде еңбек етіп, кәсіп ашып, отбасымен тұрақ­тап қалуына мүмкіндік беретін орта қалыптастыру.

– Ауылдық аудандар үшін инфра­құры­лымды жаңарту – халықтың тұрмыс жағ­дайын жақсартумен қатар, экономи­калық мүмкіндіктерді кеңейтудің жолы. Ин­женерлік коммуникациялармен қам­та­­масыз ету кәсіп ашып, өндіріс орналас­тыруға кететін шығынды азайтады. Ал тұр­ғын үй мен әлеуметтік қызметтердің да­муы қажетті мамандарды өңірге тартуға жә­не олардың осында тұрақтап қалуына ық­пал етеді. Егер сұранысқа ие кә­сіпкер­лік жобалар қатар дамыса, құ­ры­лыс аяқталғаннан кейін де экономикалық белсенділік тоқтамайды. Тұрақты жұмыс орындары ашылып, жергілікті жеткізушілерге тапсырыс көбейеді, жаңа қызмет түрлері пайда болады. Мұның бәрі, түптеп келгенде, халықтың табысына әсер етеді, – дейді сарапшы.

Шынында да, инфрақұрылымға құйыл­ған қаржының қайтарымы салын­ған нысанның өзімен өлшенбейді. Оның айналасында қандай экономикалық қозғалыс пайда болды, жергілікті кәсіптің тынысы ашылды ма, өңірге жеке инвес­тиция келді ме – мәселенің мәні осында. Сон­дықтан мамандардың сөзіне сүйенсек, инвестициялардың тиімділігін бағалағанда пайдалануға берілген нысандардың санымен ғана шектелмей, тартылған же­ке капиталдың көлеміне, құрылған жұ­мыс орындарына және салық түсімдерінің өзгерісіне де назар аудару қажет.

Дегенмен бұл нәтижеге қол жеткізу үшін құрылыс жұмыстарының ретін дұ­рыс белгілеу маңызды. Өндіріс тұрғын үй мен әлеуметтік инфрақұрылымнан бұрын дамып кетуі мүмкін. Керісінше, жаңа қо­ғамдық нысандар бой көтергенімен, сол өңір­де тұрақты жұмыс табу мүмкіндігі қа­рас­тырылмай қалуы ықтимал. Мұндай сәйкессіздік бөлінген қаражаттың тиім­ділігін төмендетеді.

Сарапшының айтуынша, осы тектес тәуекелдердің алдын алу үшін ауданның ұзақ­мерзімді даму жоспары қажет. Ол өн­діріс, тұрғын үй және әлеуметтік ин-ф­ра­құрылымның даму қарқынын өзара үйлестіріп, инвестициялардың кезектілігін айқындауға мүмкіндік береді.

– Қаражаттың тиімсіз жұмсалу қаупін азайту үшін даму жоспарларын облыстар мен ауылдық елді мекендер деңгейінде нақ­тылау керек. Нысандардың қайда ор­наласатыны мен қандай қуатта салынатыны демографиялық болжамдарға, жұмыспен қамту перспективаларына жә­не тұрғындардың пікіріне сүйеніп анық­талғаны жөн. Ең алдымен, халыққа қан­дай қызметтер қажет екенін, адамдардың өз ауданында қалып, өмір сүруіне және жұ­мыс істеуіне не кедергі екенін білу маңыз­ды. Өйткені әр өңірдің сұранысы мен мүмкіндігі бірдей емес. Жоспар да сол ерекшеліктерді ескергенде ғана нәтижелі болады, – деп атап өтті Фатима Герфанова.

Ауданның тартымдылығы бір ғана көрсеткішпен өлшенбейді. Жұмыс таңдау мүм­кіндігі кеңейіп, кәсіпкерлікке қолайлы жағдай жасалып, балалардың дамуына қажетті орта қалыптасса, отбасылардың болашағын туған өңірімен байланыстыруына негіз көбейеді. Экономикалық мүм­кіндік пен өмір сүру сапасы қатар арт­қан жерде халықтың басқа жаққа қоныс аударуына да себеп азаяды.

Мұндай өзгерістерді бағалау үшін тұр­ғындар арасында сауалнама жүргізіп, олар­дың қажеттілігі мен өңірде қалуға де­ген ниетін зерделеуге болады. Ал инвес­тициялардың нақты нәтижесі жұмыспен қам­ту деңгейінен, жеке инвестициялар кө­лемінен және салық түсімдерінің өсімінен көрінеді.

Ауқымды құрылыстың басты өлшемі де осы болуы керек: жаңа нысандардың кө­беюі ғана емес, сол нысандардың өңір эко­номикасына жан бітіріп, тұрғындардың өз ауданында өмір сүруіне мүмкіндік жасауы. Өйткені ауылдың әлеуеті арт­қанда ғана ел дамуының іргесі де берік бол­мақ.

Құрылыс – отандық өндірістің қозғаушы күші

Осы бастаманың экономикалық салмағы құрылысқа бөлінетін қаржының кө­лемімен ғана өлшенбейді. Маңыздысы – мемлекеттік инвестицияның ел ішіндегі өндіріс пен кәсіпкерлікке қаншалықты қоз­ғау салатыны. Бір өңірде жол, инженер­лік желі немесе тұрғын үй құрылысы қолға алынса, оған қажетті материалдар мен қызметтерге де сұраныс артады. Мұндай тапсырыстар отандық кә­сіпорындардың жұмысын жандандырып, жеке бизнестің жаңа жобаларға араласуына жол ашады.

Ауқымды құрылыстың ел экономика­сына берер пайдасы ең алдымен оған жұм­салған қаржының қаншалықты тиім­ді айналымға түсетініне байланысты. Мем­лекеттік инвестиция инфрақұрылым ны­­­сандарын салумен шектелмей, жеке капи­талдың келуіне, кәсіпкерліктің қанат жаюына және өндіріс орындарының жұмысын жандандыруға ықпал етуі керек. ҚСЗИ директоры Жандос Шаймарданов та бастаманың осы қырына назар аударып отыр.

– Алдағы ауқымды құрылыс елдің қар­жылық, инвестициялық, өндірістік жә­не еңбек ресурстарын жұмылдыруға мүм­кіндік береді. Мемлекеттік инвес­тициялар инфрақұрылым нысандарын қар­жыландыру көзі ғана емес, сонымен қа­тар жеке капиталды тартуға, кәсіпкерлік белсенділікті кеңейтуге және сабақтас са­лаларды дамытуға серпін беруге тиіс, – дейді ол.

Мұндай серпіннің нақты нәтижесі құры­лысқа қажетті өнімнің қайдан жеткізілетініне де байланысты. Егер ірі жобаларға отандық кәсіпорындардың өнімі көбірек тартылса, құрылыс саласындағы сұраныс өндіріс орындарына тұрақты тапсырыс болып оралады. Кәсіпорындар өндіріс көлемін ұлғайтып, жаңа қуат көздерін іске қосуға мүмкіндік алады. Сондықтан QazIndustry басқарма төрағасы Эльдар Гумаров жалпыхалықтық құрылыс бастамасын өнеркәсіпті дамытудың да маңызды тетігі ретінде бағалайды.

– Жалпыхалықтық құрылыс жылы – инф­рақұрылым салу науқаны ғана емес, іс жүзіндегі қуатты өнеркәсіптік саясат, – дейді ол.

Өмір сапасының өлшемі қандай?

Алайда өндірістің өркендеуі мен құ­ры­лыс қарқыны, түптеп келгенде, ха­­­­лық­тың тұрмысынан көрінуге тиіс. Әсі­ре­се баспана мәселесінде сан қуалаудан гөрі, са­лынған үйдің кімге қолжетімді екеніне мән берген абзал. Сондықтан да тұрғын үй құрылысының өсуі халықтың төлем қ­абілетті сұранысымен қатар жүруі керек. Бұл – құрылыс көлемі артқанымен, баспана бағасы мен оны сатып алу мүмкіндігі арасындағы алшақтық ұлғайып кетпеуі үшін маңызды.

Мәселенің тағы бір қыры – жаңа үй­лер­дің айналасында жайлы өмір сүруге қа­­жетті жағдайдың жасалуы. «Қазақстан Тұр­ғын үй Компаниясы» АҚ басқарма тө­рағасы Алтай Күздібаев тұрғын үй құ­ры­лысын инженерлік желілерден, көлік және әлеуметтік инфрақұрылымнан бө­ле-жара қарауға болмайтынын атап өтті.

– Тұрғын үй құрылысы – соңғы жыл­­­дары тұрғын үйлерді пайдалануға беру көлемі рекордтық көрсеткішке жеткен құры­лыс саласын дамытудың негізгі ба­ғыт­тарының бірі. Сонымен бірге құрылыс көлемін ұлғайту қалаларымыз бен ауылдық аумақтарымызда жайлы орта қалып­тастыру үшін инженерлік желілерді, кө­лік және әлеуметтік инфрақұрылымды да­мытуға кешенді көзқарасты талап етеді. Жо­баларды жүйелі іске асыруға мүмкіндік бе­ретін ұзақмерзімді қаржыландырудың қол­жетімділігі мен жеке инвестицияларды тарту тетіктері маңызды рөл атқарады, – дейді ол.

Түптеп келгенде, бөлінгелі отырған бұл қаражаттың қайтарымы қанша адамның тұрақты жұмыс тапқанынан, қанша отбасының табысы артқанынан, қанша кәсіптің өрісін кеңейткенінен көрінгені жөн. Әсіресе жастар туған жерінде болашағын көріп, еңбек жолын өз өңірінде жалғастыруға мүмкіндік алса, көші-қонның да беталысы өзгере бастар ма еді?! Сондықтан болар, «Халықтық құрылыс­тың» шынайы жемісі – елді мекендерде жаңа ғимараттардың бой көтеруі ғана емес, сол жерде өмір сүріп, еңбек етуге деген сенімнің нығаюы деп білеміз.

Кәмила ДҮЙСЕН

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:104
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 03 Қараша 2026 06:04
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Жалақы, әуежайлар мен жолдар: үкімет 6,5 триллион теңгенің жоспарын бекітті

03 Қараша 2026 10:59see173

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see165

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see162

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see161

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see158

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see154

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see154

Екінші АЭС бойынша келісім жасалады үкімет жоспарды мақұлдады

03 Қараша 2026 10:48see144

Дәурен Мұратбеков лауазымынан босатылды

03 Қараша 2026 11:02see142

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see142

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see138

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see135

Alatau City ге 1,3 млрд доллар инвестиция тартылады

03 Қараша 2026 10:48see134

Шетелге шығатын қазақстандықтарды есепке алғысы келеді: жаңа жоспардың егжей тегжейі

03 Қараша 2026 11:18see132

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see131

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see128

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see125

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see119

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see119

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see117
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары