Халықтық құрылыс: жаңа перзентханалар мен ауруханалар қай жерде салынады
Sputnik.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..
АСТАНА, 29 қазан – Sputnik. Денсаулық сақтау министрлігі "Халықтық құрылыс" бағдарламасы аясында салынатын нысандардың тізімі жариялады , деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Қазіргі кезде республика бойынша 70-ке жуық жаңа денсаулық сақтау нысандарын салу жоспарланып отыр. Олар:
1 700 төсекке арналған 8 заманауи перинаталдық орталықтар (Астана (2), Алматы, Шымкент, Қарағанды, Қаскелең, Қызылорда мен Орал);
1 550 төсек болатын 7 көпбейінді балалар ауруханалары (Атырау, Ақтөбе, Алматы, Шымкент, Қаскелең, Семей мен Ақтау);
200 төсекке арналған балаларға шұғыл көмек көрсету орталығы және 350 төсекке арналған балалар хирургиясы орталығы (Астана);
Балаларды оңалтудың ұлттық орталығының 750 төсекке арналған 5 жаңа үлгілік өңіраралық филиалдары (Алматы, Ақтау, Атырау, Қызылорда мен Семей);
300 төсекке арналған көпбейінді ауруханалар (Өскемен, Абай және Түркістан);
325 төсекке арналған жұқпалы аурулар ауруханасы мен мамандандырылған корпустар (Жамбыл облысы).
Сонымен қатар, 25 амбулаториялық-емханалық нысан, аудандық ауруханалар, жедел медициналық жәрдем нысандары, қан орталықтары және басқа да мамандандырылған мекемелер бой көтереді.
"Нәтижесінде шамамен 1,8 млн шаршы метр медициналық инфрақұрылымды құру және жаңарту, стационарлардағы төсек санын 9,2 мыңға ұлғайту және жаңғырту, сондай-ақ амбулаториялық көмек қуатын ауысымына 5,3 мыңнан астам келушіге көбейту жоспарлануда", - деді министр Ақмарал Әлназарова үкіметтің бүгінгі отырысында.
Айта кетері, Тоқаев келесі жылды Жалпыхалықтық ауқымды құрылыс жылы деп жариялауды ұсынды. Осы бастамаға "Халықтық құрылыс" деген атау берілді.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:75
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 29 Қазан 2026 14:22 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















