ІІМ: Полиция қосымша жанармай бактарын заңсыз орнатудың 537 фактісінің жолын кесті
Qazaq24.com, Azh.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..
видеодан скриншот
Ішкі істер министрлігі жанар-жағармай материалдарының ел аумағынан заңсыз шығарылуының жолын кесу бойынша жұмысты жалғастыруда, - деп хабарлайды Polisia.kz.
48 автокөлік өткізу пунктінде полиция қызметкерлерінің тәулік бойы кезекшілігі ұйымдастырылған. Қосымша жанармай бактарымен жабдықталған көлік құралдарына ерекше назар аударылуда.
Жыл басынан бері жалпы сыйымдылығы 150 тоннадан асатын қосымша бактарды заңсыз орнатудың 537 фактісінің жолы кесілді.
Мысалы, 2 қазанда Жамбыл облысында көршілес мемлекеттің азаматы жүк көлігіне рұқсатсыз көлемі 500 литр болатын қосымша бак орнатқаны анықталды.
Ер адам әкімшілік жауапкершілікке тартылып, бак алынып тасталды.
Жанар-жағармай материалдарының елден заңсыз шығарылуының жолын кесу жұмыстары жалғасуда.
Бүгін, 15:30
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:90
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 05 Қазан 2026 17:51 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















