Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Іле Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде Бұтақты визит орталығы ашылды

Іле Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде Бұтақты визит орталығы ашылды

Qazaq24.com, 7kun.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

Суреттерді түсірген Досжан Балабекұлы
Бүгін Іле Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің 30 жылдығына орай, тұрақты туризмді дамыту және туристік инфрақұрылымды жаңғырту шеңберінде, парк аумағында жаңа «Бұтақты» визит-орталығының салтанатты ашылуы өтті.

Визит-орталықтың ашылу салтанатына Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің төрағасы Данияр Тұрғамбаев  қатысты.

«Визит-орталықтардың отандық туризмді дамытуда маңызы зор. Өйткені аталған орталықтар – саяхатшылардың өңірмен алғашқы байланыс орнататын орны. Орталықтар туристерге жергілікті жерді бағдарлап, ең тиімді бағытты таңдауға, белсенді демалыс пен мәдени іс-шаралар туралы білуге көмектеседі. Осылайша, қонақтарға қолайлы жағдай жасалады. Бұл олардың елімізге қайта оралуына ықпал етеді. Мұнда көлік қатынасы, тамақтану және орналастыру орындары бойынша кеңес алуға, сондай-ақ туристік карталар мен басқа да ақпараттық материалдарды тегін пайдалануға болады. Кеңес қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде беріледі. Бұл орталықтың қызметін шетелдік туристер де еркін пайдалана алады. Бүгінде визит-орталықтар Қазақстандағы туризмді жүйелі дамыту құралдарының біріне айналып келеді», – деді Данияр Ғалымұлы.

Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің төрағасы Данияр Тұрғамбаев


«Бұтақты» визит-орталығы екі бөліктен тұрады: негізгі визит-орталық және кафе ғимараты. Кешенде «Бұтақты» деп аталатын кафе ашылды. Кафенің қызметін жоба серіктесі, белгілі кәсіпкер әрі экоактивист Сергей Спицын басқарады.


Визит-орталықтың инфрақұрылымына заманауи қоғамдық дәретханалар, тамақтану пункті, тимбилдинг және шеберлік сабақтары алаңы кіреді. Сондай-ақ, мектеп, мемлекеттік және жеке топтар үшін ашық ауада білім беру және мәдени бағдарламалар, ұлттық паркке арналған жаңа коллекциядағы сувенирлер мен фирмалық мерч, навигация және брендтеу, табиғи паркке насихат жасауға бағытталған.

Жоба «Туранга Групп» компаниясы мен «Іле Алатауы» Ұлттық паркінің серіктестігімен жүзеге асырылды, оған Алматы қаласы әкімдігінің электр желілерін тарту бойынша қолдау көрсеткен. Сондай-ақ, жобаны іске асыру барысында Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитеті қолдау білдірген.

«Туранга Групп» өкілдерінің айтуынша компания жобаның операторы ретінде, ал QazaqNationalParks компаниясы маркетингтік операторы ретінде қызмет атқарады. Айта кетейік, қазіргі таңда Ұлттық парктерде «Туранга Групп» компаниясы жүзеге асырған, QazaqNationalParks бренді аясында жұмыс істейтін 6 визит-орталық қызмет етеді.

Компанияның бұл бағыттағы жеке инвестицияларының жалпы көлемі 8,5 млрд теңгені құраған. Жобаның аясында 200 тұрақты жұмыс орны құрылды, оның ішінде «Бұтақты»  визит-орталығында  20  жаңа  жұмыс  орны  ашылды.  2020–2025  жылдар аралығындағы жалақы қоры 2 млрд теңгені, ал салық түсімдері 700 млн теңгені құрады.


Визит-орталықтардың ашылуынан кейін ұлттық парктердің келушілер саны тұрақты өсім көрсетіп отыр. Атап айтқанда Іле Алатауы ұлттық паркінде 3 есе өсіп, 2019 жылғы 300 000 келушіден 2025 жылы 950 000 келушіге жеткен. Шарын ұлттық паркінде 5 есе өсіп, 2022 жылғы 50 000 келушіден 2025 жылғы 250 000 келушіге жеткен.

Компания алдағы уақытта Үлкен Алматы көліне жаңа визит-орталық салу жұмыстары бастайды. Жобаны әйгілі сәулетші Рикардо Марини, Глазго қаласының бұрынғы сәулетшісі (Шотландия) әзірлеген. Мұндай жаңа инфрақұрылымдардың көптеп іске қосылуы ұлттық парктерге келушілердің қатарын көбейте түседі. 


«Ұлттық парк 1996 жылы 8 туристік бағытпен өз жұмысын бастаған болатын. Бүгінде олардың саны 46-ға дейін артып, келушілерге әртүрлі бағыт бойынша сапалы туристік қызмет көрсету мүмкіндігі қалыптасты. «Ең танымал бағыттар қатарында Үлкен Алматы көлі, Аюсай визит орталығы, Ой-Қарағай, Түрген сарқырамалары, Есік көлі, Қаскелең және Ақсай, Бутаковка шатқалдары бар. Аталған нысандар жыл сайын мыңдаған туристі қабылдап, аймақ туризмінің дамуына елеулі үлес қосып келеді. Биыл 30 жылдыққа байланысты 30 іс-шара ұйымдастырып жатырмыз. Қазір Ұлттық табиғи парктің аумағында 94 инвестициялық жоба жүзеге асуда. Жалпы 1,5 млн-ға дейінгі турист қабылдауға дайынбыз. Сонымен қатар алдағы үш жыл ішінде ұлттық парк аумағын кеңейту және туризм саласын дамыту мақсатында тағы 30 жаңа бағыт ашу жоспарлануда. Бұл бастамалар туристік инфрақұрылымды жетілдіруге, экологиялық туризмді дамытуға, келушілерге қолайлы жағдай жасауға және табиғи ортаны сақтай отырып, тұрақты туризм қағидаттарын енгізуге бағытталған»,– деді «Іле Алатауы» МҰТП бас директоры Елнұр Мұхамеджанұлы.

«Іле Алатауы» МҰТП бас директоры Елнұр Ахметов

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:116
embedДереккөз:https://7kun.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 28 Наурыз 2026 23:57
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see138

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see136

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

05 Қазан 2026 09:29see135

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see135

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see134

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see133

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

05 Қазан 2026 12:30see132

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see126

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see126

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see124

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see122

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see121

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see121

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see120

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see120

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see119

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see118

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see114

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see113

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see113
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары