Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Бір аптада елде қандай азық түлік арзандады

Энергетика министрлігі Қазақстанда жаппай жарықтың өшуіне байланысты мәлімдеме жасады

Спорт күні қарсаңында спорт қауымдастығының өкілдері марапатталды

Түркістан облысында жасырын босанып, жаңа туған шақалақты шұңқырға тастаған бойжеткен сотталды

Қайтарылмайтын билетті қайтаруға бола ма заңгер Алматыдағы Канье Уэст концертіне қатысты жағдайды түсіндірді

Ағайынды Оралбай мен Назым Қызайбайға медаль табысталды

Қазақстан Президенті Үндістан Премьер министрін Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Алматыда алманың жаңа сұрпына Әділет атауы беріледі

Отандық көкөніс өндірісін арттыру Ауыл партиясының назарында

Челси , Дастан Сәтбаев және Бернли қазақстандық футболшының ауысуына қатысты пікір білдірді

Жағалаудан 400 метр: Каспийде жас жұп қиын жағдайда қалды

Алматы блэкауттан кейін қалпына келуде қалада жарық беріле бастады

Тоқаев Лихтенштейннің Тақ мұрагерін елдің Ұлттық күнімен құттықтады

ҚПЛ: Қайрат пен Жеңіс ірі жеңіске жетті

Ислам Махачев UFC тарихында жаңа рекорд орнатты

Эминемнен домбыра үніне дейін: Меңдібай аға Құрылтайға барар жолда тағы 100 шақырымды еңсерді

Еңбек, цифрландыру, инфрақұрылым: Әділет партиясы өңірлердегі өзекті мәселелерді талқылады

Қатты шаршадым : Рыбакина Торонто финалындағы жеңілісін түсіндірді

Астана Щучье тас жолындағы ақылы өту пунктінің жанында көлік өртенді видео

Персеид жұлдыздары әлем елдерінде қалай көрінді фото

Индер ауданының әкімі Серік Нысанбаев: Жер кезегінде 7 297 адам тұр

Индер ауданының әкімі Серік Нысанбаев: Жер кезегінде 7 297 адам тұр

Azh.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

Индер ауданының әкімі Серік Нысанбаев «Ақ Жайық» тілшісіне берген сұхбатында аудан экономикасының дамуы, әлеуметтік нысандардың құрылысы, апатты үйлерден көшіру, су тасқынына қарсы бөгеттер және басқа да өзекті мәселелер туралы айтып берді.

Аудан негізінен трансферттер есебінен өмір сүріп отыр

- Серік Бағытжанұлы, аудан өткен жылды қалай қорытындылады, биылғы жылдың беташарын неден бастады. 

- 2025 жылы аудан бюджетінің игерілуі 99,5 пайыз құрап отыр. 2 366 958, 723 мың теңге салық түсімі түскен.

Ауданның жергілікті бюджетінің кірісінің 15 пайызы  ауданға түсетін салықтық, салықтық емес және негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдерден құралса, қалған 85 пайызы облыстық бюджеттен түсетін трансферттер оның ішінде ағымдағы нысаналы трансферттермен  нысаналы  даму трансферттерінен және жәрдем қаржылардан құралады.

Ауыл шаруашылығы экономиканың негізгі салаларының бірі болып қала береді. 2025 жылы ауыл шаруашылығы өнімінің нақты көлем индексі 107,9 пайызды құрады немесе 13 млрд 406 млн теңгеге жетті. 

Ауданда 405 шаруа қожалығы бар. Өткен жылы төрт түлік мал 131 915 басқа жетті. 102, 5 пайызға өсіп отыр. Мал шаруашылығы бойынша жалпы өнім 7 млрд 725 млн теңгеге жетті.

Агроаймақ, туризм және спортқа басымдық беріледі

— Бүгінде аудан қандай даму бағыттарына басымдық беріп отыр?

- Индербор кентінде агроаймақ құру жоспарлануда. Бұл мақсатқа 28 гектар жер телімі бөлінген. Өткен жылы тарихи «Димаш төбе» нысаны қайта жаңғыртылып, бүгінде ашық аспан астындағы музей ретінде жұмыс істеп тұр.

Сонымен қатар, аудан аумағында емдік қасиетімен танымал Индер көлі орналасқан. Жазғы маусымда көлге шетелден және еліміздің өзге өңірлерінен туристер көптеп келеді. 

Ауданымызда спорт саласы соңғы жылдары қарқынды түрде дамып келеді. Қазіргі таңда аудан аумағында 4 спорт кешені бар, оған қосымша 4 жаңа спорт кешенінің құрылысы жүргізілуде. Пайдалануға беру 2026 жылға жоспарланған.

Апатты үйлер мен тұрғын үй кезегі

Индер ауданындағы ең өзекті мәселелердің бірі – апатты жағдайдағы тұрғын үйлерді көшіру.

- Ауданда жалпы апатты деп танылған 14 көпқатарлы тұрғын үй - 156 пәтер бар. Аудан бойынша 1224 адам кезекте тұр.

2025 жылы 82 пәтермен қамтылып, кезектегі мұқтаж жандар жаңа баспаналы болды.

2026 жылдың қаңтар айында Бөдене және Жарсуат ауылындағы ескі үш жатақхананың 39 пәтері көшірілді. Бұған 920 млн теңге бөлінді. 

Индербор кентінде бірінші кезекте 6 үйді немесе 61 пәтерді көшіруді жоспарлануда. 

Индер ауданы бойынша құрылыс жұмыстарының көлемі 16 млрд. 190 млн. теңгені құрады.

Ауданда не салынып жатыр

2025 жылы Индер ауданында жеті нысан пайдалануға берілді.

Олардың қатарында: «Димаш төбе» мұражайы; Көктоғай ауылындағы спорт кешені; Ынтымақ ауылындағы спорт алаңы; Аққала ауылындағы 90 орындық балабақша; Өрлік және Аққала ауылдарындағы инженерлік желілер.

 2026 жылы ауданда 14 нысанның құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр. Олардың қатарында тұрғын үй, спорттық ғимараттар, мектептер және инженерлік инфрақұрылым бар.

Ең ірі жоба — Индербор кентінде салынып жатқан мектеп пен интернат. Жобаға сәйкес мектеп 300 орынға арналған; интернат 200 орынға арналған; жалпы құны — 2 млрд 767 млн теңге.

Неге ірі кәсіпорындардың салықтары облысқа кетеді

— Ауданда ірі кәсіпорындар жұмыс істейді. Олардың қызметінен жергілікті бюджет не алады?

-  Индер мұнай айдау стансасы облыстық салық басқармасына тіркелу себебінен негізгі салықтарын облысқа аударады.

Жергілікті бюджетке жер және жер участкесін жалға алынған салығын және заңды тұлғаларға салынатын мүлік салығынан  2025 жылы, барлығы 305 млн 509 мың теңге төледі.

«ИСИГИПСИндер» ЖШС ауданның әлеуметтік дамуына 2025 жылы 75 млн 380 мың теңге, «ИндерТұз» ЖШС - 65 млн 396 мың теңге аударды.

Су тасқынынан кейінгі бөгеттер

— Су тасқынына қарсы іс-шараларға қанша қаражат бөлінді?

- 2024 жылдың сәуір-маусым айларында 7 елді мекенде жалпы ұзындығы 17 850 метр бөгет салынып, оған бюджеттен 267 601 481 теңге бөлінді.

Ал 2025 жылы осы жұмыстың жалғасы ретінде наурыз-сәуір айларында бұрын салынған бөгеттерді ұзарту, нығайту және көтеру, сондай-ақ қосымша қауіп төнген 2 елді мекенде жаңа бөгеттер салу жүзеге асырылды. Нәтижесінде бөгеттердің жалпы ұзындығы 32 784 метрге жетіп, жоспар толық орындалды. 

Бұл жұмыстарға 244 589 918 теңге жұмсалды. 

Жалпы алғанда, 2024–2025 жылдары су тасқынына қарсы іс-шараларға 512 191 399 теңге бөлініп, толық игерілді.

Қазіргі таңда бөгеттерді рәсімдеу жұмыстары кезең-кезеңімен жүргізілуде. Барлық техникалық құжаттар толық рәсімделгеннен кейін бөгеттерді Атырау облысының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының теңгеріміне беру көзделіп отыр. 

Индер күмбезі және жүзеге аспаған жобалар

Индер ауданы табиғи ресурстарға аса бай өңірлердің бірі. Геологиялық тұрғыдан «Индер күмбезі» деп аталатын бірегей құрылымға жатады. Геология комитетінің мәліметіне сәйкес, ауданда 13 түрлі пайдалы қазбаның қоры анықталып, мемлекеттік деңгейде бекітілген.

Кеңес дәуірінде ауданда 300 метр тереңдікте тұз өндірілген шахта жұмыс істеді. Алайда тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында қаржыландырудың тоқтауына байланысты нысан қараусыз қалып, қауіпсіздік талаптарына сәйкес жабылды.

Цемент зауыты жобасы да толық іске аспай қалды. 2008 жылы «Индер-Цемент» ЖШС-не «Белая Ростошь» кен орнын игеру үшін жер телімі берілгенімен, тиісті рәсімдердің толық жүргізілмеуіне байланысты жоба жүзеге аспады. 

Индер көлінде бүгінде «InderTuzCompany» ЖШС ас тұзын өндіру жұмыстарын жүргізіп отыр. 

Қазіргі негізгі міндет – ауданның минералдық әлеуетін тиімді пайдалану үшін инвестиция тарту. Осы бағытта жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Атап айтқанда, қытайлық «Beijing Jinyi Yuanfang Holding Group» компаниясы керамикалық плитка зауытын салу жобасына қызығушылық танытып отыр. Сонымен қатар, “SHENG QUAN POTASH LIMITED” компаниясы калий тұздарын барлау бойынша лицензия алып, 2026 жылдан бастап жұмыстарды бастау жоспарлануда.

«Аралтұз» жобасы төңірегіндегі дау

Өткен жылы «Аралтұз» ЖШС өкілдері жергілікті тұрғындармен кездесу өткізіп, шамамен 200 адамды қамтыған сауалнама жүргізді.

Жергілікті тұрғындар жайылымдық жерлердің тозуы мен экологиялық жағдайға қатысты алаңдаушылық білдіріп отыр.

- Ағымдағы жылдың сәуір айында қоғамдық тыңдау өткізу жоспарланып отыр. Аталған іс-шара барысында тұрғындардың пікірлері мен ұсыныстары міндетті түрде ескеріледі.

Әкімнің айтуынша, тұз өндіру жұмыстарында бұрғылау және жару жұмыстары қолданылмай, бірақ барлық үдеріс механикаландырылған әдіс арқылы жоспарланып отыр. Бұл шаңдану деңгейін төмендетуге ықпал ететін болады.

Ұзаққа созылған құрылыстар 

Ауданда бірнеше нысан әлі күнге дейін проблемалы болып отыр.

Индербор кентіндегі оңалту орталығын 2021 жылы "SCS Инжиниринг" ЖШС мердігер ұйымы шарт бойынша қойылған міндеттемелерді орындамай, содан кейін сот процестері басталды.

Қазір нысан 90-95 пайызға дайын, алайда тексерген кезде жетпіске жуық ақаулар анықталды.

Индербордағы 80 пәтерлі үйдің құрылысы да 2021 жылы басталған. Мердігер шамамен 68 пайыз жұмыс атқарғанымен, келісімшарт бұзылды.

Есбол ауылындағы 320 орындық мектептің дайындығы шамамен 55 пайыз. Оны пайдалануға беру 2026 жылдың наурыз айына жоспарланған.

Көктоғайдағы Б. Нысанбаев атындағы мектепке қосымша ғимарат құрылыс материалдарының қымбаттауына байланысты түзетілді. Жобаны аяқтау 2026 жылдың бірінші жартыжылдығына жоспарланып отыр.

Жер кезегі 

Аудандағы ең өзекті мәселелердің бірі — тұрғындарды жеке тұрғын үй құрылысына арналған жер телімдерімен қамтамасыз ету.

Әкімнің айтуынша, бүгінде ауданда жер алу кезегінде 7 297 адам тұр.

2025 жылы Елтай ауылында тұрғындарға 100 жер телімі берілді.

Осы жылдың сәуір айында Аққала ауылында тағы 200 телім беру жоспарланған.

Инженерлік инфрақұрылым 1 154 жер теліміне жүргізілген, оның ішінде 903 телім Аққалада орналасқан.

Бұл деректер аудандағы тұрғындарды жермен қамтамасыз ету жұмыстарының кезең-кезеңімен жүргізіліп жатқанын көрсетеді.

Ауданда дәрігерлер жетіспейді

Ауданда медициналық кадрлардың тапшылығы сезіледі. Қазір ауданда тоғыз маман жетіспейді: эндокринолог, офтальмолог, дерматовенеролог, онколог, КТ дәрігері, травматолог, отоларинголог, психиатр‑нарколог және радиолог. Мамандарды тарту үшін оларға қызметтік пәтерлер мен біржолғы төлемдер ұсынылады. Өткен жылы аудандық ауруханаға құны 522 млн 673 мың теңге болатын компьютерлік томограф жеткізілді. Бұдан бөлек, жалпы сомасы 174 млн 179 мың теңгеге медициналық жабдықтар алынды. Оның ішінде: видеолапароскопиялық аппарат, жаңа флюорограф, жылжымалы рентген аппараты, екі СМАД аппараты бар.

Жұмыс орындары

Аудандағы экономикалық белсенді халық саны — 18 513 адам. 

2025 жылы барлығы 2 360 жұмыс орны ашылды, оның ішінде 1 440-ы тұрақты.

Жұмыссыздық деңгейі — 4,9%. 

Жыл ішінде жалпы құны 1 млрд теңгеден астам болатын 18 жаңа жоба іске қосылды. 

Әкім Серік Нысанбаев қорытынды сөзінде аудан жаңа жобалардың жүзеге асуына және инфрақұрылымның әрі қарай дамуына үміт артатынын атап өтті: 

- Маңыздысы — жаңа бастамаларды іске қосу ғана емес, басталған жобаларды соңына дейін жеткізу. Сонда ғана тұрғындар нақты өзгерістерді сезінеді, — деді ол. 

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

Аудан әкімдігі ұсынған суреттер

Кеше, 20:35

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:170
embedДереккөз:https://azh.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 01 Сәуір 2026 20:36
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Бір аптада елде қандай азық түлік арзандады

14 Тамыз 2026 21:25see124

Энергетика министрлігі Қазақстанда жаппай жарықтың өшуіне байланысты мәлімдеме жасады

14 Тамыз 2026 17:56see122

Спорт күні қарсаңында спорт қауымдастығының өкілдері марапатталды

14 Тамыз 2026 20:05see122

Түркістан облысында жасырын босанып, жаңа туған шақалақты шұңқырға тастаған бойжеткен сотталды

14 Тамыз 2026 19:37see121

Қайтарылмайтын билетті қайтаруға бола ма заңгер Алматыдағы Канье Уэст концертіне қатысты жағдайды түсіндірді

15 Тамыз 2026 19:25see120

Ағайынды Оралбай мен Назым Қызайбайға медаль табысталды

14 Тамыз 2026 19:17see118

Қазақстан Президенті Үндістан Премьер министрін Тәуелсіздік күнімен құттықтады

15 Тамыз 2026 10:39see114

Алматыда алманың жаңа сұрпына Әділет атауы беріледі

15 Тамыз 2026 11:06see114

Отандық көкөніс өндірісін арттыру Ауыл партиясының назарында

14 Тамыз 2026 23:08see114

Челси , Дастан Сәтбаев және Бернли қазақстандық футболшының ауысуына қатысты пікір білдірді

15 Тамыз 2026 13:28see114

Жағалаудан 400 метр: Каспийде жас жұп қиын жағдайда қалды

15 Тамыз 2026 23:23see113

Алматы блэкауттан кейін қалпына келуде қалада жарық беріле бастады

14 Тамыз 2026 18:26see113

Тоқаев Лихтенштейннің Тақ мұрагерін елдің Ұлттық күнімен құттықтады

15 Тамыз 2026 11:11see111

ҚПЛ: Қайрат пен Жеңіс ірі жеңіске жетті

15 Тамыз 2026 21:54see109

Ислам Махачев UFC тарихында жаңа рекорд орнатты

16 Тамыз 2026 11:48see108

Эминемнен домбыра үніне дейін: Меңдібай аға Құрылтайға барар жолда тағы 100 шақырымды еңсерді

14 Тамыз 2026 19:04see107

Еңбек, цифрландыру, инфрақұрылым: Әділет партиясы өңірлердегі өзекті мәселелерді талқылады

16 Тамыз 2026 13:08see106

Қатты шаршадым : Рыбакина Торонто финалындағы жеңілісін түсіндірді

15 Тамыз 2026 19:19see104

Астана Щучье тас жолындағы ақылы өту пунктінің жанында көлік өртенді видео

14 Тамыз 2026 18:36see104

Персеид жұлдыздары әлем елдерінде қалай көрінді фото

15 Тамыз 2026 18:53see104
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары