Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Талдықорғандағы түнгі төбелес видеоға түсіп қалды

Бізге келген америкалық конгрессмендер қалалардың тазалығына таңғалды Тоқаев

Уақытпен үндескен ұрпақ

Ұлттық тазалық стандартын әзірлеу қажет деп санаймын. Бұл уақыт талабы Тоқаев

Қостанай облысында аурухана медициналық жабдықтарды сатып алуда бәсекелестікті әдейі шектеген

Көкшетауда студент қыз көлік тұрағына байланысты ер адаммен болған жанжал кезінде жарақат алды

Димаштың Чилидегі концерті қарсаңында Қазақстанға арналған куэка орындалды (видео)

Қазақстаннан 558 спортшы қатысады: Нагояда ХХ жазғы Азия ойындары ашылды

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

Әрқашанда еліміз туралы ойлап, Қазақстанға қамқоршы болыңыздар Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

Қарағанды облысында 200 ге жуық шошқа тиелген жүк көлігі жол апатына түсті

Цифрлық дәуірдегі дала

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

Жаңа iPhone 18 сатылымға шықты: әлемнің бірнеше қаласында ұзын сонар кезек пайда болды

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

Таразда тәулігіне 3000 тонна қызылша өңдейтін зауыт іске қосылады

Инфрақұрылымды жаңғыртатын ұлттық жоба

Инфрақұрылымды жаңғыртатын ұлттық жоба

Egemen.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Бұл орайда Шымкентте энерге­ти­калық, коммуналдық жаң­ғыр­тудың ұлттық жобасын жан-жақты түсіндіруді мақсат еткен маңызды жиын өтті. ЭКСЖ жобалық кеңсесінде ұйымдастырылған басқосуға БАҚ өкілдерімен бірге табиғи монополиялар субъектілерінің мамандары қатысты. Табиғи монополияларды реттеу, құрылыс, тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық істері, мемлекеттік энерге­тикалық қадағалау және бақылау комитеттері – осы ұлттық жобаны іске асырушы органдар. Жиында аталған комитет мамандары сөз сөйлеп, арнайы баяндама жасады. Сондай-ақ «Тұрғын үй-ком­муналдық шаруашылығын жаң­ғыр­ту және дамытудың қазақстандық орталығы» мен «Бәйтерек» холдингінің өкілдері де пікір білдірді. Спикерлер ЭКСЖ туралы, сол мақсатта атқарылған жұмыс жайында баяндап берді. Сонымен бірге басқосу барысында 2025–2029 жылдарға арналған ұлттық жобаның жыл ішіндегі жетістіктері сараланып, энергетикалық, коммуналдық саланың өзекті мәселелері талқыланды. Бұған қоса жауапты мамандар алдағы атқарылар жұмыс жоспарын бөлісті. 

Ұлттық жоба шеңберінде биыл энергетикалық және коммуналдық шаруашылыққа қарасты 7,6 мың шақы­рым желі жөнделеді. Республика көле­мінде 8 кәсіпорын «қызыл аймақтан» шы­ғады деген жоспар бар, соның ішінде бір кәсіпорын Шымкенттен. 

Қалалық энергетика және инфрақұры­лымды дамыту басқармасының басшысы Рзабек Меңдіқұловтың айтуынша, «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС өткен жылдан бастап ұлттық жобаны іске асыруды бастап кетті. Серіктестік тозығы жеткен электр желілері мен трансформаторларды ауыстырды. Соның нәтижесінде халықты электр энергиясымен қамтамасыз ету көрсеткіші біршама жақсара түсті. Маман мәлімдегендей энергетикалық, коммуналдық мекемелер тариф есебінен жаңғырту жұмысын жүргізуге қиналады. Өйткені тарифтен түскен табыс ауқымды қайта құру жобасын іске асыруға жетпейді. Табысты ойлап тарифті де көтере беруге болмайды. Себебі коммуналдық төлемдер бағасы күрт өссе, халықтың қалтасына артық салмақ. Сондықтан бұл мәселені шешу үшін Үкімет «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаң­ғыртудың» ұлттық жобасын қабыл­дады. Жоба аясында табиғи монополия субъектілеріне қаржы институттары арқылы жеңілдетілген несие беру қарастырылған. Осылайша, қомақты қаражатқа коммуналдық қызмет көрсе­туші ұйымдар жаңғырту жұмысын толық­тай іске асыруға мүмкіндік алады. Тарифтен түскен табыстың да энер­гетикалық, коммуналдық шаруа­шылық мекемелеріне инженерлік желілер мен құбырларды ауыстыруға, жалпы кеткен шығындардың бір бөлігін жабуға көмегі бар дейді маман. Сала басшысы басқа өңірлерге қарағанда Шымкентте коммуналдық инфрақұрылымның тозу деңгейі төмен екенін және ұлттық жобаны іске асыруға байланысты алдағы жоспарлардың пысықталып жатқанын жеткізді. Сондай-ақ коммуналдық шаруашылық бағытында атқарылған жұмыс пен басқарма алдында тұрған міндеттер туралы да айтып өтті.

«Бүгінде қалада 81 елді мекен ­ауызсу жүйесімен толық қамтылған. Соның ішінде Қызылжар-2, Ақжайық, Тұран шағынаудандары ауызсу жүйесіне қосылды. Текесу, Айкөл елді мекендеріне ауызсу құбыры тартылды. Оған кәсіпкерлер демеушілік жасады. Жекеменшік құбырдан су тұтынған Таскен, Исфиджаб, Гидрогеолог, Орманшы мен Оңтүстік, Ақжайық, Жиделі елді мекендерінің жаңа құрылыс аумақтарын ауызсумен қамту үшін жобалау-сметалық құжаттары әзірленіп жатыр. Оңтүстік тұрғын алабы бойынша ЖСҚ құжаттамасының сараптамалық қорытындысы биыл алынып, ауызсумен қамту жұмысы басталады. Шаһардағы 81 елді мекеннің барлығында да жарық бар. Жаңадан үш қосалқы станса салынды, ­7 елді мекеннің электр желісі жаңартылды. Қызылжар-2, Ақжайық, Азат, Құрсай, Тұран елді мекендері сапалы электр жүйесіне қосылып, абоненттеу жұмысы толығымен аяқталды. Нәтижесінде, сапалы жарықпен қамтылған тұрғын саны қосымша 13 мың адамға артты. Құны 7,6 млрд теңге болатын, құрылысы 2019 жылдан бері жүргізіліп келе жатқан «Ақжар 110 Кв қосалқы стансасы» іске қосылды. Енді Құрсай, Қазығұрт, Ақжар, Ақтас, Айкөл елді мекендерінде электр тапшылығы туындамайды. Қосалқы станса индустриалды аймақтарды да жарықпен қамтиды. Биыл Сайрам, Қайнарбұлақ, Сәуле 275-орам елді мекендерінде электр желілері ауыстырылып, жаңадан 3 қосалқы стансаның құрылысы басталады. Одан бөлек алдағы жылдары 7 қосалқы стансаның құрылысы қолға алынады. Ол жылдан-жылға аумағы кеңейіп келе жатқан шаһарда электр энергиясына деген тапшылықты жою үшін қажет. Сондай-ақ алдағы 3 жылда 500 Мвт қуаттылықта электр энергиясын өндіретін бу-газ қондырғысы құрылысының жобасы іске асырылады. Құрылысты жүргізуші мердігер мекеме – NextGen Power Systems Ltd. Қаладағы 81 елді мекеннің 66-сында табиғи газ бар. 14 елді мекен «көгілдір отынды» жартылай тұтынып отыр. Айкөл ауылына газ құбыры әлі жетпеді. Соңғы жұмыстар нәтижесінде 10 елді мекен табиғи газға қосылды. Жұлдыз, Жалын, Қарабастау, Қызылжар-2, Қайтпас-1, Достық, Алтынтөбе, Тұран елді мекендерінде абоненттеу жұмысы аяқталды. Соның арқасында 22 мың адам сапалы табиғи газға қол жеткізді. Құрылыс мерзімі 2021 жылы басталған, жалпы құны 1,8 млрд теңгеге бағаланған Тассай елді мекенін газбен қамту жобасы толығымен орындалды. Бүгінде мегаполис бойынша «көгілдір отынмен» қамтылу көрсеткіші 97-ден 98 пайызға өсті. Қала әкімдігі тарапынан газ құбырларына диагностика жасайтын жылжымалы Пергам қондырғысы сатып алынды. Оның көмегімен газ құбырының жай-күйі туралы егжей-тегжейлі ақпарат алуға, ықтимал зақымдануды немесе тозу­ды анықтауға, сондай-ақ газ тасымалдау жүйесінің тиімділігін бағалауға болады.

Биыл Жаңаталап, Құрсай елді мекен­дерін табиғи газ жүйесіне қосу бо-йынша құрылыс жұмысы жүргізіледі. Шымкенттің даму жоспарына сәйкес алдағы кезеңде табиғи газ қуаттылығын бірнеше есеге арттыратын 3 жаңа газ тарату стансасы мен айналма магистралды газ құбырының құрылысы салынады. Қала тұрғындарын сапалы және үздіксіз жылумен қамту мақсатында шаһарда бірқатар жүйелі жұмыс атқарылды. Бүгінде жылу желілерінің тозу деңгейін төмендету мен апаттылықты азайту бағытында құбырішілік диагностика технологиясы енгізілді. Бұл – құбырлардың ішкі қабырғасын жоғары дәлдікпен сканерлеп, ақауларды анықтайтын заманауи әдіс. Аталған технология елімізде алғаш рет мегаполисте қанатқақты жоба ретінде сыналды. Сондай-ақ диаметрі 400–1000 мм 1 263 метр магистралды жылу құбыры диагностикаланды. Нәтижесінде, құбырлардың техникалық жай-күйі қанағаттанарлық деп танылып, қауіпті учаскелер бойынша нақты ұсыныстар жолданды. Бұл тәсіл жөндеу шығындарын 20-дан 75 пайызға дейін қысқартуға және апат қаупін едәуір азайтуға мүмкіндік беріп отыр» деді Р.Меңдіқұлов.

Басқарма басшысының айтуынша, шаһардағы 81 елді мекеннің 27-сі кәріз жүйесіне қосылған. 6 елді мекеннің ішкі орамдық су бұру жүйесі мен 1 кәріз коллекторының құрылысы жүргізілді. Солтүстік-Батыс, Достық еді мекенінде кәріз жүйесінің құрылысы аяқталды. Жалпы қала 70 пайызға кәріз жүйесімен қамтылған. Биыл Тұран, Айқап, Мирас, Шапағат-2, Базарқақпа елді мекендеріне шайынды суға арналған құбыр жүйесі тартылады. Шымсити шағынауданында кәріз коллекторы салынады. Сонымен қатар қала орталығындағы 18 көшеде кәріз жүйесі пайда болады. Одан бөлек шаһар аумағының кеңеюіне байланыс-ты алдағы уақытта қуаттылығы 410 мың текше метрді құрайтын жаңа кәріз қондырғысын кезең-кезеңімен салу жос-парланып отыр.

Р.Меңдіқұловтың мәлімдеуінше, осыдан үш жыл бұрын ­мегаполистегі ­6714 көшенің 2 028-і жарықтандырылып, сыртқы жарықтандырумен қамту деңгейі 30 пайыз төңірегінде болған еді. Бұл сала жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына қараған тұста жұмыс айтарлықтай күшейтіліп, көше­лерге жарықшамдар орнату ісі жан­дана түсті. Әкімдік тарапынан 4561 көшенің жарық мәселесі шешілсе, жеке демеушілер есебінен қосымша 125 көше жарықтандырылды. Қазір қала аумағындағы барлық көшелер жүз пайыз жарықшамдармен қамтамасыз етілген. Түнгі уақыттағы жарық көшелер жол қозғалысы қауіпсіздігін күшейтіп, қала тұрғындарының өмір сапасын жақсарта түсті. Ендігі кезекте энергетикалық, коммуналдық шаруашылықтағы желі, құбырларды ұлттық жоба аясында жаңғырту мәселесін қолға алмақ. Бұл шаһардағы жалпы инфрақұрылым жағдайының жақсаруына, сонымен бірге экономикалық дамудың өрістеуіне кең жол ашады. Ең басты мәселе жергілікті атқарушы билік шаһарға кейінгі жылдары қосылған елді мекендердің коммуналдық ­проблемаларын біртіндеп жойып келеді. Соның нәтижесінде шет аймақтағы елді мекен тұрғындары сапалы ауызсу мен жарыққа, табиғи газға, кәріз су жүйесіне қол жеткізе бастады. 

Жиында Энергетика министрлігіне қарасты Мемлекеттік энергетикалық қада­ғалау және бақылау комитеті төраға­сының орынбасары Ернар Хасенов сөз алып, былтыр еліміздің бес аймағында жылу құбырларын жаңартуға байланысты жұмыс басталғанын жет­кізді. Оның мәлімдеуінше биыл Шым­кенттің басты күре жолында магистралды жылу құбырлары ауыстырылады. Бұл ұлттық жоба шеңберінде қолға алынатын маңызды шаруалардың біріне айналмақ. Магистралды жылу құбырларын жаңалаудың нәтижесінде қалада коммуналдық қызмет көрсету сапасы жақсарып, инфрақұрылымы дами түседі дейді мамандар. Қысқасы, ұлттық жоба елімізде барлық инженерлік-ком­муни­кациялық жүйелердің жаң­ғыруы­на зор септігін тигізгелі тұр. Бұл ретте сарапшылар энергетикалық, коммуналдық жүйелердің жаңғыруы бірінші кезекте экономикалық өсу динамикасының артуына әсері күшті болатынын айтады. 

Статистикаға көз жүгіртсек, биыл ел көлемінде 135 шақырым жылу, 200 шақырым су құбыры, 98 шақырым кәріз жүйесі мен 7 124 шақырым электр желісі жаңартылады. Өткен жылы 32 млрд теңгеге жуық қаражатқа энергетикалық, коммуналдық жүйелерді жаңғыртудың 17 жобасы қаржыландырылды. Биыл осы бағыттағы қаржы көлемі 1,1 трлн теңгеге көбейіп отыр. Мемлекет тарапынан қаржы институттарынан алынған несие қаражатының пайыздық үстемеақысының белгілі бір бөлігін өтеуге субсидия қарастырылған. Спикерлер мәлімдегендей, «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасы негізінде электронды платформа жасалған. Соның аясында 524 инвестициялық жобаны қаржы­­лан­дыруға 1,4 трлн теңге қарастырылмақ.

Мамандардың айтуынша, елімізде тариф құнының қымбаттауына байланысты төленетін тұрғын үй көмегі қарастырылған. Оны мүгедектігі бар жандар, көпбалалы отбасылар, жалғызбасты аналар, зейнеткерлер, табысының көп бөлігі коммуналдық шығындар төлеміне кететін әлеуметтік жағынан осал топтар алуға құқылы. Былтырғы есеп бойынша 10 мыңнан астам отбасыға жарты миллиард теңгеден жоғары қаражат тұрғын үй көмегі ретінде берілген. Ұлттық жоба аясында мұндай жәрдемақы алатын отбасылар саны биыл біршама көбейеді.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:138
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 16 Маусым 2026 10:34
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Талдықорғандағы түнгі төбелес видеоға түсіп қалды

19 Қыркүйек 2026 09:36see158

Бізге келген америкалық конгрессмендер қалалардың тазалығына таңғалды Тоқаев

19 Қыркүйек 2026 17:11see148

Уақытпен үндескен ұрпақ

19 Қыркүйек 2026 05:07see148

Ұлттық тазалық стандартын әзірлеу қажет деп санаймын. Бұл уақыт талабы Тоқаев

19 Қыркүйек 2026 15:29see147

Қостанай облысында аурухана медициналық жабдықтарды сатып алуда бәсекелестікті әдейі шектеген

19 Қыркүйек 2026 11:28see146

Көкшетауда студент қыз көлік тұрағына байланысты ер адаммен болған жанжал кезінде жарақат алды

19 Қыркүйек 2026 10:05see144

Димаштың Чилидегі концерті қарсаңында Қазақстанға арналған куэка орындалды (видео)

19 Қыркүйек 2026 00:23see143

Қазақстаннан 558 спортшы қатысады: Нагояда ХХ жазғы Азия ойындары ашылды

19 Қыркүйек 2026 19:12see139

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

19 Қыркүйек 2026 20:17see139

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

19 Қыркүйек 2026 20:17see136

Әрқашанда еліміз туралы ойлап, Қазақстанға қамқоршы болыңыздар Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

19 Қыркүйек 2026 17:01see133

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

20 Қыркүйек 2026 09:51see130

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

20 Қыркүйек 2026 09:27see129

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

20 Қыркүйек 2026 11:06see124

Қарағанды облысында 200 ге жуық шошқа тиелген жүк көлігі жол апатына түсті

19 Қыркүйек 2026 13:07see122

Цифрлық дәуірдегі дала

19 Қыркүйек 2026 06:47see121

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

20 Қыркүйек 2026 11:51see120

Жаңа iPhone 18 сатылымға шықты: әлемнің бірнеше қаласында ұзын сонар кезек пайда болды

19 Қыркүйек 2026 14:33see120

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

20 Қыркүйек 2026 08:01see119

Таразда тәулігіне 3000 тонна қызылша өңдейтін зауыт іске қосылады

19 Қыркүйек 2026 11:06see115
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары