Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Балалы пәтер жалдаушы көшпей жатыр: Астана соты үй иесіне не істеу керектігін түсіндірді

Ол Манделаны қорғаған: 2026 жылғы Нобель бейбітшілік сыйлығының лауреаты аталды

Қошанов: Қоғамдық кеңестермен жұмыста кері байланыс әлі де қалыптаспаған

Бала тұлғасы және педагог кәсібилігіне арналған халықаралық жиын өтті

“Бағалар Алматыдағыдай дерлік“: қазақстандық қыздар Жапонияға барар алдындағы лайфхактарымен бөлісті

Қазақстанда 760 мыңнан астам адам ЖРВИ жұқтырған

Алматыдағы кіреберістерде ер адамның күдікті әрекеті камераға түсіп қалды

Жасанды интеллект полицияға адам өлтіру туралы жалған хабар жіберген

Ғалымдар әлемдегі алғашқы ядролық сағаттарды жасап шығарды

Елордалық оқушы Tiktok көретін балалардың зейінін зерттейтін нейрожоба әзірледі

Алдап шақырып, ұрып соғып, көлігін тартып алған : Астанада бопсалаушылар тобы сотталды

ЕАЭО елдері еңбек көші қоны және еңбеккерлерді әлеуметтік қорғау мәселелерін талқылады

Әділет партиясында жасанды интеллект зертханасы іске қосылады

Елордалықтар өтініші тыңдалды

Медицина қызметкерлерінің кәсіби мәртебесі туралы заң жобасын әзірлеу жұмысы басталды

Кеңейтілген құрамда кездесті

Қостанай облысында тұрғын үй өртеніп кетті

Алматыдағы бірнеше көше демалыс күндері жабылады

Теміртауда пәтерден ерлі зайыптының мәйіті табылды: күдікті марқұмдардың туған ұлы

Суға жүзуден Ғалымжан Балабек Әлем кубогы кезеңінде ұлттық рекордты жаңартты

Жылудың жайын ұлттық жоба жүйелемек

Жылудың жайын ұлттық жоба жүйелемек

Aikyn.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Бұл сөзге дәлелді алыстан іздемейміз, күн райы сәл өзгерсе болды, жарық сөніп қалады немесе су тоқтайды. Жарық өшкен бойда қаладағы тоқпен жылытылатын үйлердің бәрі қақаған қыста талай жылусыз отырды. Тіпті былтыр қыстың алғашқы айындағы борандар талай елді мекен мен қаланы жарықсыз, жылусыз, байланыссыз қалдырды. Атқарушы билік осы мәселені шешу үшін қандай жоспар құрып жатыр? Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғыртудың ұлттық жобасында не жазылған?

Өңірдегі ірі стратегиялық нысанның бірі – «ЖайықЖылуҚуат» АҚ. Бұл қаланы жылумен қамтамасыз етіп тұрған үлкен нысан. Сөздің шыны керек, бұл нысан әбден ескірген, көп жылу қазандығы жөндеуді қажет етеді. Жуырда «Жайық­ЖылуҚуат» мекемесінің газтурбинасы жөндеуден өтіп, қайта іске қосылғаны мәлім болды. Жөндеу былтыр сәуірден бері жалғасқан еді.

Жылу электр орталығындағы «Хитачи» газ турбинасы 2006 жылы іске қосылып, содан бері тоқтаусыз қызмет атқарған. Ол үш турбоагрегатқа 40 шаршы метр бу және 25 мегаватт электр қуатын өндіретін. Бұл газтурбинаға 2019 жылы бір жөндеу жүргізілген. Бірақ сол кезде құрыл­ғының әбден тозғаны анықталыпты. 

Енді міне, араға бірнеше жыл салып газтурбинаны жөндеуден өткізіп отыр. Жалпы, «ЖайықЖылуҚуат» мекемесінде үш турбоагрегат бар. Үшеуінің де жағдайы жақсы емес. Біреуіне тек былтыр жөндеу жүр­гізіліп, іске қосты. Екіншісі 1994 жыл­­­дан бері қызмет атқарып тұр. Ал үшін­­шісін жөндеу үшін жобалық құжатта­масы жасалып жатыр. Алдағы уақытта жылыту қазан­дықтарын жаңарту және газтурбиналық станса салу жоспары бар екен. 

Осы мәселеден соң аймақ басшысы Нарман Төреғалиев «ЖайықЖылуҚуат» мекемесін аралап, жұмыс барысымен танысты. Коммуналдық саланы цифрлан­дыру бастамалары да осында қозғалыпты. 

– Жылу электр орталығының барлық жұмысын автоматтандырып, цифрлан­дыруға көшеміз. Ол бізге келеңсіз жайт­тардың алдын алу үшін қажет. Біз осы жылу орталығына цифрлық басқару ор­та­­лығын саламыз. Қаладағы кәріз сору стансалары, шағын жылу пункттері, су айдау стансалары осылардың бәрі заманауи бақылау жүйесіне көшіріледі. Қазір бұлардың бәрі бөлек-бөлек жұмыс істеп отыр. Болашақта осы­лардың бәрін бірік­тіріп, бір диспетчерлік орталықтан басқарылатын етеміз. Бұл қалада бола қалатын тосын апаттарды тез анықтап, қаланы үздіксіз жылу, су, электрмен қамтуға мүмкіндік береді, – деді облыс әкімі Нариман Төреғалиев. 

Кейінгі екі жылда ғана жылу-энер­гетика саласын жаңғыртуға бюджеттен 15,6 млрд теңге қаржы жұмсалған. Соның нәти­жесінде насостық стан­циядағы тарату құрылғысы, градирня, жаңа қазандық, №2 және №5 жылу магистральдарын қайта құру, Зашаған кен­тіндегі жаңа қазандық құрылысы аяқталды. Бұдан бөлек, қазір №6 және №7 жылу магистралін жаңғырту жобалары жүзеге асырылуда. Бұл жобалар «Энерге­тикалық және коммуналдық сек­торларды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында жүзеге асып жатқан көрінеді.

Тозған коммуналдық желілері қалпына келтіру өте ұзақ уақытты қажет етеді. Осыны ескеріп, аймақ басшысы  2023 жылы коммуналдық инфрақұрылымның жай-күйін жақсарту мақсатында 2035 жылға дейін жасалу керек жұмыстардың жол картасын бекіткен. 2023-2024 жылдары облыстық энергия тарату компаниясының қаражаты есебінен 6 мың шақырымға жуық электр желілеріне, 50 қосалқы стан­­цияға және 600 трансформаторға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген.

Орал жылу электр орталығының жылу магистралдары мен негізгі тораптары жөнделді. Айта кетерлігі, бұл нысандарға күрделі жөндеу іске қосылған 1960-1970 жылдардан бері жүргізілмеген. Әзірге коммуналдық мекемелер 58 техникамен толықты. Бұл жұмыстар алдағы жылдары да жалғаспақ.

БҚО-да екі аудан электр энергиясын Ресейден алады – ең шалғай Бөкей Ордасы мен Жәнібек ауданы. Жалпы, облыс электр энергиясына  қажеттілігінің 96 пайызын өзі өндіріп отыр. Тек жаңағы атал­ған екі аудан үшін 4-5 МВт электр энергиясы көрші елден алынады.

Өңірдің электр тораптарының жағдайы мәз емес. Облыстың орталығы Орал қа­ла­сының маңындағы ауылдарда жарық жиі сөнеді. Осы олқылықты жою үшін биыл 41 елді мекеннің электр желілері жаңартылып жатыр. Бұл жұмыстар былтыр басталған. Ал биыл 100-ден астам елді мекеннің электр желілері ауыстырылмақ.

Энергетикалық және коммуналдық секторды жаңғыртудың ұлттық жобасы ая­сында БҚО бойынша электр желілері, су құбырлары мен жылу құбырлары ауыстырылып, жаңартылады. Бәйтерек, Тасқала, Шыңғырлау, Бөрлі аудандарында мердігер компаниялар электр желілерін ауыстыруға келіскен. Ұлттық жоба 2029 жылға дейін есептелген. Осы уақыт ара­лы­ғында коммуналдық желілерді жаңарту жоспары тұр. 

Жалпы алғанда, Ұлттық жоба шеңбе­рінде 2025-2029 жылдар аралығында жылу­мен жабдықтау саласына – 25 млрд теңге, сумен жабдықтау саласына – 17,4 млрд теңге, су бұру саласына – 10,1 млрд теңге және электрмен жабдықтауға 130,6 млрд теңге қаржы бөлінеді. Егер осы 183,1 млрд теңгені құрайтын жобалар толық іске асса, сумен жабдықтау және жылу желілерінің тозу деңгейі – 43 пай­ызға, ал су бұру желілерінің тозуы – 48 пайызға, электр жабдықтарының тозуы 62 пайызға дейін төмендейді деп күтіліп отыр.

Жанат ҚАЙЫРҒОЖИНА, 

Батыс Қазақстан облысы

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:168
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 19 Ақпан 2026 05:34
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Балалы пәтер жалдаушы көшпей жатыр: Астана соты үй иесіне не істеу керектігін түсіндірді

09 Қазан 2026 20:27see142

Ол Манделаны қорғаған: 2026 жылғы Нобель бейбітшілік сыйлығының лауреаты аталды

09 Қазан 2026 15:10see138

Қошанов: Қоғамдық кеңестермен жұмыста кері байланыс әлі де қалыптаспаған

09 Қазан 2026 15:56see137

Бала тұлғасы және педагог кәсібилігіне арналған халықаралық жиын өтті

09 Қазан 2026 22:09see135

“Бағалар Алматыдағыдай дерлік“: қазақстандық қыздар Жапонияға барар алдындағы лайфхактарымен бөлісті

09 Қазан 2026 19:03see133

Қазақстанда 760 мыңнан астам адам ЖРВИ жұқтырған

09 Қазан 2026 17:20see133

Алматыдағы кіреберістерде ер адамның күдікті әрекеті камераға түсіп қалды

09 Қазан 2026 21:01see131

Жасанды интеллект полицияға адам өлтіру туралы жалған хабар жіберген

10 Қазан 2026 13:12see127

Ғалымдар әлемдегі алғашқы ядролық сағаттарды жасап шығарды

10 Қазан 2026 15:17see126

Елордалық оқушы Tiktok көретін балалардың зейінін зерттейтін нейрожоба әзірледі

10 Қазан 2026 10:25see125

Алдап шақырып, ұрып соғып, көлігін тартып алған : Астанада бопсалаушылар тобы сотталды

09 Қазан 2026 14:23see125

ЕАЭО елдері еңбек көші қоны және еңбеккерлерді әлеуметтік қорғау мәселелерін талқылады

09 Қазан 2026 14:26see125

Әділет партиясында жасанды интеллект зертханасы іске қосылады

09 Қазан 2026 15:56see123

Елордалықтар өтініші тыңдалды

10 Қазан 2026 06:26see123

Медицина қызметкерлерінің кәсіби мәртебесі туралы заң жобасын әзірлеу жұмысы басталды

10 Қазан 2026 17:27see123

Кеңейтілген құрамда кездесті

10 Қазан 2026 03:45see122

Қостанай облысында тұрғын үй өртеніп кетті

10 Қазан 2026 22:55see120

Алматыдағы бірнеше көше демалыс күндері жабылады

09 Қазан 2026 17:54see119

Теміртауда пәтерден ерлі зайыптының мәйіті табылды: күдікті марқұмдардың туған ұлы

09 Қазан 2026 13:46see118

Суға жүзуден Ғалымжан Балабек Әлем кубогы кезеңінде ұлттық рекордты жаңартты

09 Қазан 2026 17:42see117
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары