Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

Инфрақұрылымды жаңғырту басым бағыт

Инфрақұрылымды жаңғырту басым бағыт

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

1956 жылы пайдалануға беріл­ген Риддер ЖЭО-да №5 және №6 қазандық агрегаттарына күрделі жөндеу жасалып, ұзындығы 3,3 шақырым жылу желілері жа­ңар­тылып жатыр. Жөндеудің жалпы құны 2,6 млрд теңгені құрайды. Оның 1,8 млрд теңгесі Үкіметтің резервінен бөлін­ген. Бүгінде кәсіпорында 400-ден астам адам жұмыс істейді.

– Шығыста қыс ерте түсетін­дік­тен жылыту маусымына да­йын­дық барлық талаптарға сай жүргізілуге тиіс. Басты міндет­те­ріміздің бірі – жылыту маусымын ешқандай ақаусыз, апатсыз өткізу. Себебі бұл мәселе Мем­лекет бас­шы­сының назарын­да, Үкімет бас­шы­сының қатаң бақылауында тұр, – деді Нұрлыбек Нәлібаев.

Бүгінде Риддер ЖЭО 21 мың­нан астам тұтынушыны жылу және электр энергиясымен қам­та­масыз етеді.

Одан соң Премьер-министр­дің бірінші орынбасары «Каз­цинк» компаниясы Долин­ный кенішінің және «BearLog» дема­лыс базасының жұмысымен танысты.

Кеніште жерасты жұмыс­та­рын жүргізу кезінде қызметкер­лердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету тетіктері, өндірістегі тәуе­кел­дерді азайту үшін қолда­ны­­латын заманауи техникалар таныс­тырылды.

2017 жылы пайдалануға бе­ріл­ген бұл өндіріс орнында 450-ден астам адам еңбек етеді. Кәсіпорында өндірісті автомат­тан­дыруға басымдық берілген. Кеніштің жобалық өндірістік қуаты жылына 890 мың тонна полиметалл кенін құрайды. Жалпы қоры 8,4 млн тоннаға бағаланады.

«BearLog» демалыс базасы осы жылдың қаңтарында пайдалануға берілген. 80 орынға есептелген кешеннің жалпы аумағы – 14 269 шаршы метр.

– Бұл жерге шаңғы мен сноубордты арнайы дайындалмаған беткейлерде тебуді ұнататын фрирайд әуесқойлары келеді. Оның ішінде Еуропа елдерінің туристері де бар. Осындай нысандарды дамыту Шығыс Қазақ­с­тан облысының туристік әлеуетін арттырып, Риддерді елі­міздегі жыл бойы белсенді дема­лыс ұйым­дас­тырылатын маңыз­ды орта­лықтардың біріне айнал­ды­ру­ға ықпал етеді, – деді облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов.

Әрі қарай жұмыс сапары Өскеменде жалғасты. Нұрлыбек Нәлібаев қаладағы теміржол вокзалы, жолайрық, жылу қазан­дығы және тұрғын үй құры­лысы нысандарын аралады.

Жалпы құны 2,4 млрд теңгені құрайтын «Өскемен-1» теміржол вокзалын қайта жаңғырту жобасы өткен жылдан бері жүзеге асырылып келеді. Жаңғырту аяқталғаннан кейін вокзалдың аумағы 858 шаршы метрден 1 864 шаршы метрге дейін, яғни екі еседен астам ұлғаяды. Мұнда заманауи күту залдары, жолаушыларға арналған жайлы орындар жасалып, инженерлік желілер толық жаңартылады, вокзал маңы абаттандырылады.

Қазір құрылыс жұ­мыс­тарының дайындық дең­гейі 85 пайызды құрайды. Нысанды келесі айдың соңына дейін пайда­лануға беру жоспарланып отыр.

Одан кейін Үкімет басшысы­ның бірінші орынбасары Өске­мен­­дегі Сәтбаев даңғылы мен Жібек жолы көшесінің қиы­лы­­сында салынып жатқан екі дең­гейлі жолайрықтың құры­лы­сымен танысты. Жоба ая­сын­да заманауи екі деңгейлі жолайрық салынып, бұл облыс орта­лығындағы ең қарқынды қозғалыс учаскелерінің бірінің өткізу қабі­летін арттыруға, жол қоз­ға­лысы қауіпсіздігін жақсар­ту­ға, жүргізушілердің жол жүру уақытын қысқартуға мүм­кін­дік береді. Құрылысты осы жыл­дың соңына дейін аяқтау жоспарланған.

Жұмыс сапары аясында Премьер-министрдің бірінші орынбасары «Шығыс Жылу» АҚ-ның №2 қазандығында болып, алдағы жылыту маусымына дайындығымен де танысты.

Кәсіпорын басшылығы жөн­деу науқанының барысы, жабдық­тардың техникалық жай-күйі, тұтынушыларды үздіксіз жылу­мен қамтамасыз ету бағы­тын­да қабылданып жатқан шара­лар туралы баяндады.

Одан соң Нұрлыбек Нәлібаев Өскеменнің сол жағалау бөлігін­дегі даму қарқыны мен тұрғын үй құрылысының барысымен танысу мақсатында «Нұрлы жол» шағын ауданына барды. Бүгінде бұл – облыс орталығындағы құры­лыс жұмыстары қарқынды жүр­гі­зіліп жатқан ең ірі шағын аудан­дардың бірі. Мұнда ондаған көп­қабатты тұрғын үй пайда­лануға берілген.

Сонымен қатар облыстық драма және опера театры, оңалту орталығы, Назарбаев зияткерлік мектебі, жалпы білім беретін мектеп салынды. Қазір хоккей модулінің құрылысы аяқталуға жақын. Алдағы уақытта осында жаңа балабақшалар, мектептер, емхана және өрт сөндіру депосын салу көзделген.

Премьер-министрдің бірінші орынбасары жаңа тұрғын үйлер­дің құрылыс мерзімі мен сапасын қатаң бақылауда ұстаудың маңыз­дылығына ерекше тоқталды.

Сондай-ақ Үкімет басшысы­ның бірінші орынбасары Катон­қа­рағай ауданында Прези­дент тапсырмасымен салы­нып жатқан әуежай құрылысын бақылады. Мердігер мекеме –  «Элхон» ЖШС. Бүгінде құрылыс-мон­таж жұмысының 64 пайы­зы орындалған. Ұшу-қону жолағының, рульдеу жолының және перронның негізгі бөлігінде жұмыс аяқталған. Бүгінде ұшу-қону жолағының шамамен 700 метрінде және перрон мен рульдеу жолының үстіңгі қабатын төсеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Терминал мен қосалқы ғи­ма­раттардың құрылысы да қар­қынды.

– Жоба Мемлекет басшысы­ның тікелей тапсырмасымен жү­зеге асып жатқандықтан са­паға баса мән беріңіздер. Бұл әуе­­жай Катонқарағайдың ғана емес, еліміздің көлік инфра­құ­ры­лымындағы маңызды нысан­дардың біріне айналмақ. Құ­ры­лыс қарқынын күшейтіп, жұ­мыс­шылар санын арттыру қа­жет. Бірінші желтоқсанға дейін бар­лық жұмыс толыққанды аяқ­та­л­уға тиіс. Асфальттау, бетондау және инженерлік коммуникациялар қыркүйекке дейін толық аяқталсын. Ал ғимараттардың іші жылы болғаннан кейін әрлеу жұ­мысын жалғастыруға мүм­кіндік болады, – деп тапсырды Нұрлыбек Нәлібаев мердігер компанияның басшылығына.

Бұдан бөлек Премьер-министр­дің бірінші орынбасары «Катонқарағай» мемлекеттік ұлт­тық табиғи паркіндегі эколо­гия­лық туризмді дамыту мәселелері қамтылған көшпелі кеңеске қатысты. Мұнда бірқатар жоба таныстырылды. Оның бірі – «Pana Katon Karagay» жобасы. Соның аясында 70 шаршы шақы­рымды құрайтын жаңа турис­тік кенттің құрылысы басталмақ. Нәти­жесінде, 500-ден астам жаңа жұмыс орны ашылады. Ал «Ular Park» туристік кешені жоба­сы шеңберінде 13 капсуладан тұратын жазғы қонақүй құ­ры­лысы биыл аяқталса, 3 млрд теңгеге салынатын 150 адам­ға арнал­ған қысқы қонақүй 2028 жылы салынып бітеді. Бұл жобаны қолға алған ««Ular Park Hotel» ЖШС Берел мен Аршаты ауылдарының арасына 1,5 млрд теңгеге электр желісінің, жол мен көпір құ­ры­лысын жүргізген. Үкімет бас­шысының бірінші орынбасары әр жоба әдемі сөз күйінде қалмай, іс жү­зінде іске асуға тиістігін, осы көшпелі кеңесті өткізудегі мақсаттың да туризмді дамытуға серпін беретін ұсыныстарды іріктеп, қолдау көрсету екендігін жеткізді.

Шығыс Қазақстан облысы 

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:150
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 30 Шілде 2026 07:56
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see167

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see165

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see163

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see160

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see156

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see156

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see144

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see140

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see137

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see133

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see130

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see127

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see121

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see121

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see120

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see117

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see115

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see114

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see110

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

03 Қараша 2026 13:51see107
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары