Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Just жұбайлар жыры

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

Тәуелсіздік шыңына шықты

Өмір сапасын көтеру басым бағыт

Өмір сапасын көтеру басым бағыт

Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен ауыл әкімдерінің диалог-платформасы өтті. Ал­ғаш рет 2,5 мың ауыл әкімі Ас­тана­да бас қосты. Форум бүкіл басқару жүйесін біріктірді.

Жиында ашық та мазмұнды әңгіме өрбіді. Ауыл әкімдері өз ойлары мен ұсыныстарын Президентке тікелей жеткізуге мүмкіндік алды. Ауылдың келешегіне қатысты халықты толғандыратын ең өзекті мәселелер қозғалды. Көтерілген тақырыптардың дені бұған дейін де депутаттардың өңірлерге сапары кезінде қозғалған еді. Мемлекет басшысы бүгін соларға нақты жауап қатып, тиісті мемлекеттік органдарға тапсырма берді.

Ауыл әкімдерін тікелей сайлау – саяси реформалардың ажырамас бір бөлігі. Биыл Президенттің осы стратегиялық бастамасына бес жыл толып отыр.

Аз уақыт ішінде сайлаулар еліміз­дегі саяси өмірдің маңызды, қалыпты элементіне айналды. Бұл – жай ғана институционалды шешім емес. Бұл жергілікті басқару жүйесін толықтай жаңартқан қадам болды. Мемлекеттік қызметке жаңа адамдардың келуіне жол ашылды. Жаңа толқын алдыңғы шепке шықты.

Еліміздегі оң өзгерістер қазір ауыл халқының көзқарасын, тыныс-тір­шілігін де өзгертіп жатыр. Жаңа саяси мәдениет қалыптаса бастады. Сайлауға қатысу міндет немесе дәстүр емес, өз өңірін, өз ауылын өркендетудің тікелей мүмкіндігі екенін жұрт сезіну­де. Бұл Конституциялық реформа­­ның басты қағидаты – азаматтардың ел өміріне еркін және белсене араласып жатқанының көрінісі.

Біз азаматтардың мемлекет ісіне шын пейілімен, жан-жақты атсалысып жатқанын көріп отырмыз. Яғни елдің әкімдік институтына деген сенімі ныға­йып келеді. Халық пен билік арасындағы осын­дай бекем байланыс ұзақ уақыт қор­даланып қалған мәселелердің біртіндеп шешілуіне мүмкіндік туғызып отыр. Бұл – «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидатының жергілікті жердегі нақты дәлелі. Осының бәрі ауылдың өркендеуіне тың серпін беруге тиіс.

Ауылдың дамуы Прези­денттің әрдайым ерекше назарында. Мемлекет басшысының алғашқы Жарлығының бірі Ауылдық аумақтарды дамыту концепциясы болғаны бекер емес. Сол тұжырымдаманың аясында қыруар жұмыс атқарылды. Мыңдаған әлеуметтік нысан бой көтеріп, инфрақұрылым жаңарды. Бұл жұмыс қарқынды түрде жалғаса береді.

Ауыл мен қала тұрмысы ара­сындағы алшақтықты жойып, ауыл халқы­ның өмір сүру сапасын көтеру – бүгін­гінің басты талабы. Осы орайда цифр­ландырудың маңызы зор. Алдағы үш жылда Цифрлық мемлекетке айналу жос­пары ауылдарды да қамтитыны анық. Форумда осы туралы да айтылды.

Қазір жергілікті өзін-өзі бас­қарудағы кедергілер заңнамалық тұрғыда біртіндеп жойылып келеді. Мемлекеттік сатып алу процедурасы жеңілдетілді. Ауыл әкімдері үшін бір көзден сатып алу шегі ұлғайтылды. Қаржылық дербестігі мәселесі де кезең-кезеңімен шешіліп жатыр.

Келесі қадам – ауыл әкімдерінің өкілет­тіктерін күшейту. Бүгін ол туралы Президент жеке тапсырма берді. Қазір­гі уақытта Мәжілісте «Жергілікті мемле­кет­тік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңға енгізілетін түзетулер қарастырылып жатыр.

Президент айтқандай, жергі­лікті мемлекеттік басқарудың түрлі деңгей­лері арасындағы жауапкершілік шегі анықталмаған, бұл өңірлердегі жағдайға кері әсер етеді. Ауыл әкімдері еркін жұмыс істеп, жергілікті проблемаларды өз бетінше шешуі үшін олардың өкілеттігін нақтылауымыз керек. Сонда әкімдердің мүмкіндігі де, жауапкершілігі де артады. Бұл – Мемлекет басшысының берік ұстанымы.

Сонымен қатар ауыл әкімдіктері қызметкерлерінің жұмыс істеуіне, олардың кәсіби тұрғыдан өсуіне де жағдай жасауға тиіспіз. Халық пен билік арасында диалог орнатып, жұртшылықпен тікелей жұмыс істейтін де – солар. Бұл міндеттерді әкім жалғыз өзі орындай алмайды. Сондықтан мемлекеттік қызметшілердің санаттарын нақты белгілеу бойынша жеке тапсырма берілді.

Мемлекет басшысы «Amanat» партиясының жобаларына жеке тоқталып, оң баға берді. «Ауыл аманаты», «Қарызсыз қоғам», «Жер аманаты» тұрғындардың сұранысы мен талап-тілегіне толық сай келеді. Бұл жобалар ауыл әкімдері үшін халықтың тұрмысын көтеруге, кірісін арттыруға зор мүмкіндік туғызып отыр. Партияның «Әкімдер мектебі» жобасы да өз тиімділігін көрсетті. Сондықтан Президент осы бағыттағы жұмыстарды әрі қарай жалғастырып, күшейтуді тапсырды.

Әкімдік институтын реформалау қазіргі уақытта осындай ерекше қарқынмен жүргізілуде. Өзгерістер жалғасып келеді. Алдымызда парла­менттік реформа кезеңі тұр. Оны бүкіл Қазақстан жұртшылығы қызу талқылап жатыр. Болашақ Парла­менттің құрылы­мына қатысты сұрақ­тар да аз емес. Бүгін Мемлекет басшысы солардың біразына жауап берді. Президенттің пікірінше, депутаттардың санын тым көбейтудің қажеті жоқ. «Керісінше, оңтайландыру керек, Парламенттің жұмысын жетіл­діру қажет», деді. Мәселен, бір палаталы жаңа Парламентте Президент квотасы болмайды. Барлық депутат бірдей тәртіппен сайланады. Онда жаңа комитеттер ашуды да ұсынды.

Жалпы, бүгін еліміздің келешегіне қатысты маңызды пікірлер, бастамалар ортаға салынды. Форумға қатысқан бүкіл билік тармақтары оларды іске асыру бойынша жұмылып жұмыс атқарады.

Мен өз ойымды Президентіміздің мына бір сөзімен түйіндегім келіп отыр: «Қазақстанның егемендігі, дербестігі, тәуелсіздігі – бәрінен қымбат. Бұл – ұлтымыздың алдында тұрған ең биік мақсат». Қазіргі атқарылып жатқан игі істер мен реформалардың түпкі мәні осы деп білемін.

Ерлан ҚОШАНОВ,

Мәжіліс төрағасы 

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:170
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 29 Қараша 2025 12:43
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see139

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see137

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see135

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see135

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see135

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see134

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see133

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see133

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see132

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see131

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see131

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see127

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see127

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see121

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see121

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

12 Қазан 2026 15:18see119

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see118

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see116

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

12 Қазан 2026 17:20see114

Тәуелсіздік шыңына шықты

13 Қазан 2026 04:31see114
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары