Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Instagram, TikTok, Telegram: студенттер күнделікті жаңалықты қайдан оқиды?

Instagram, TikTok, Telegram: студенттер күнделікті жаңалықты қайдан оқиды?

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Бүгінде студент үшін жаңалықты білу – арнайы уақыт бөліп газет оқу немесе кешкі телехабарды күту емес. Ақпарат күнделікті өмірдің бір бөлшегіне айналды. Таңертең ұялы телефонды қолға алып, әлеуметтік желіні парақтау арқылы жастар елдегі және әлемдегі жаңалықтан хабардар болады, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

Ал «студент жаңалықты қайдан оқиды?» деген сұрақ медиа саласы үшін ғана емес, қоғам үшін де өзекті. Себебі бүгінгі студент – ертеңгі оқырман, сайлаушы, түрлі сала мамандары. Осы мәселені анықтау мақсатында студенттер арасында шағын онлайн-сауалнама жүргіздік.

Сауалнама нәтижесі көрсеткендей, бүгінде Instagram – басты ақпарат алаңы. Респонденттердің басым бөлігі жаңалықты Instagram арқылы оқитынын айтты. Яғни, қазір жастардың ақпаратты тұтыну бағыты түбегейлі өзгерген.

Жалпы көрсеткіш төмендегідей:

Бұл деректер жастар үшін ақпараттың мазмұнынан бұрын, оның ұсынылу формасы мен жылдамдығы маңызды екенін аңғартады.

Instagram-да жаңалық қысқа мәтін, сторис немесе визуалды формат арқылы таралады. Студенттер үшін мұндай жылдам әрі ықшам ақпарат өте қолайлы. 

3-курс студенті Данияр Азатұлы Instagram-ды таңдауының себебін былай түсіндіреді: 

«Мен жаңалықты көбіне Instagram арқылы көремін. Себебі ол жерде ақпарат қысқа, көзге бірден түседі. Ұзақ мәтін оқуға уақыт та, шыдам да жетпейді. Маңыздысы – оқиғаның не болғанын тез түсіну».

Әлеуметтік желі – ақпарат таратудың жаңа форматы. Instagram мен TikTok-та ақпарат дәстүрлі журналистикадағыдай көлемді мәтін немесе ресми стильде ұсынылмайды. Мұнда басты рөлді визуал, эмоция және динамика атқарады. 

«TikTok-та жаңалық видео форматта беріледі, сол үшін қызық. Кейде бір минуттық роликтен-ақ қоғамда не болып жатқанын білуге болады. Бірақ бәріне бірдей сене бермеймін, тек жалпы хабардар болу үшін қараймын», – дейді 2-курс студенті Ләйлә Рүстемқызы.

Telegram – сенімге негізделген таңдау. Бұл платформаны таңдаған студенттер оны «артық ақпарат жоқ», «нақты әрі қысқа», «ресми дереккөзге жақын» деп сипаттайды. 

«Telegram-ды таңдауыма басты себеп – артық ақпарат жоқ. Жазылған арналарым нақты жаңалықты қысқа әрі түсінікті етіп береді. Ресми дереккөзге жақынырақ сияқты», – дейді 3-курс студенті Жанар Маратқызы. 

Сауалнама нәтижесі көрсеткендей, студенттер ақпараттық сайттарға сирек жүгінеді. Бұған мәтіннің ұзақтығы, ресми тіл және визуалды контенттің аздығы әсер етеді. 

Дегенмен, 4-курс студенті Азамат Болатұлы маңызды тақырыптарда дәстүрлі медианың рөлі жоғары деп есептейді: 

«Күнделікті жаңалықты әлеуметтік желіден оқығанмен, маңызды тақырыптарда міндетті түрде ақпараттық сайттарға кіремін. Себебі онда ақпарат толық әрі тексерілген болады», - дейді ол.

Ақпаратты таңдауда эмоция алдыңғы орында. Бүгінгі студент жаңалықты көбіне эмоция арқылы қабылдайды. Қоғамда дау тудырған, әлеуметтік желіде кең талқыланған немесе жеке өміріне тікелей әсер ететін тақырыптар жылдам таралады. Бұл медиаға жаңа талап қояды: ақпарат тек маңызды ғана емес, оқырман назарын аудара алатындай формада ұсынылуы тиіс.

Бүгінде студент – ақпаратты пассив қабылдаушы емес, оны таңдап тұтынатын аудитория. Бірақ бұл таңдауды көбіне журналист емес, әлеуметтік желінің алгоритмдері анықтайды. Студенттердің ақпаратты тұтыну әдеті – қоғамдағы медиа мәдениеттің айнасы. Жастар қай ақпаратты, қандай форматта қабылдайтыны ертеңгі қоғамдық пікірдің қалай қалыптасатынын айқындайды. Егер дәстүрлі медиа жаңа аудиториямен тіл табыса алмаса, ақпараттық кеңістікте оның орнын әлеуметтік желідегі бейресми әрі тексерілмеген контент басуы мүмкін.

Ақпарат тасқыны күшейген заманда журналистің рөлі әлсіреген жоқ, керісінше жауапкершілігі артты. Себебі қазір студенттер жаңалықты қай платформадан көрсе де, оның шынайылығына күмәнмен қарайды. Осы тұста кәсіби журналистиканың басты міндеті – жылдамдыққа ғана емес, мазмұн сапасына басымдық беріп, қоғамға сенімді бағыт-бағдар ұсына білу.

Гүлшекер СҮЛЕЙМЕНОВА,

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің  Журналистика және әлеуметтік ғылымдар факультеті  Баспасөз және баспа ісі кафедрасының 4-курс студенті

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:215
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 13 Ақпан 2026 17:07
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see138

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see136

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

05 Қазан 2026 09:29see135

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see135

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see134

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see133

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

05 Қазан 2026 12:30see132

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see126

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see126

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see124

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see122

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see121

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see121

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see120

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see120

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see119

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see118

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see114

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see113

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see113
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары