Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Талдықорғандағы түнгі төбелес видеоға түсіп қалды

Ұлттық тазалық стандартын әзірлеу қажет деп санаймын. Бұл уақыт талабы Тоқаев

Бізге келген америкалық конгрессмендер қалалардың тазалығына таңғалды Тоқаев

Қостанай облысында аурухана медициналық жабдықтарды сатып алуда бәсекелестікті әдейі шектеген

Көкшетауда студент қыз көлік тұрағына байланысты ер адаммен болған жанжал кезінде жарақат алды

Қазақстаннан 558 спортшы қатысады: Нагояда ХХ жазғы Азия ойындары ашылды

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

Әрқашанда еліміз туралы ойлап, Қазақстанға қамқоршы болыңыздар Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

Қарағанды облысында 200 ге жуық шошқа тиелген жүк көлігі жол апатына түсті

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

Жаңа iPhone 18 сатылымға шықты: әлемнің бірнеше қаласында ұзын сонар кезек пайда болды

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

Ресейдегі парламенттік сайлау: бақылау күшейіп, оппозиция шеттетілді

Таразда тәулігіне 3000 тонна қызылша өңдейтін зауыт іске қосылады

Ауаға қатысты шағымдар аясында АМӨЗ понтондардың орнатылғанын хабарлады

ШҚО да аюлардың адамдарға жақындау оқиғалары жиіледі

Инвестиция Ұлытаудың өркендеуіне серпін береді

Инвестиция Ұлытаудың өркендеуіне серпін береді

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Бүгінде инвестиция­ негізінен ауыл шаруа­шы­лы­ғы, қайта өңдеу өнер­­­кәсібі, реновация, инфр­а­құ­рылым салаларына бағыт­тал­ған. Индустриялық және ша­ғын өн­дірістік аймақтар арқы­лы ин­вес­торларға дайын инфра­­құры­лым ұсынылып, қолайлы жағдай жасалып отыр.

2025 жылдың қорытындысы бойынша облыстың негізгі капиталына тартылған инвестиция көлемі 260 млрд теңгені құрады, нақты көлем индексі 3,4%-ға өсті. Биылғы жылдың қаңтар-наурыз айларында инвестиция 40,6 млрд теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,7 есеге артты.

Қазір Мемлекет басшысының инвестиция тарту жөніндегі тапсыр­маларын орындау шең­берінде нақты жобаларды іске асыру мақсатында бір­қа­тар шетелдік компания­мен келіссөз жүргізіліп жатыр. Нәтижесінде, облысқа тікелей шетелдік инвестицияларды тарту, жаңа өндірістер ашу, экономиканы әртараптандыруды қам­тамасыз ету бағытындағы жұ­мыс жанданып келеді. Ұлы­­­тау облысындағы инвестиция­­лық жобалар мен реновация бағдар­ламасының жүзеге асуын арқау еткен бас­пасөз конференциясында облыс әкімінің орынбасары Нұртас Кәріпбаев атқарылып жатқан жұмыс барысы туралы баяндады.

«2026 жылы жалпы құны 11,8 млрд теңге болатын 200-ге жуық жұмыс орнын құруды көздейтін төрт ірі жобаны пайдалануға беру жоспарға енді. Алғашқысы Тау-кен байыту фабрикасын салу және көмірді байыту, құны – 7 млрд теңге. Асфальтбетон зауытының құрылысы – 2 млрд теңге. Сақтау қуаты бір мезгілде 10 мың тоннаға дейінгі көкөніс қоймасын салу 2 млрд теңгені құрайды. Сонымен қатар қат­ты тұрмыстық қалдықтарды кәде­ге жарату және көму полиго­ны базасында қағаз, пластик және резеңке техникалық бұйым­дар­дың қалдығын қайта өңдеу – 840 млн теңге. Осы жобаның барлығы жыл соңына дейін пай­далануға берілмек. Қазір Ұлы­тау облысы «PetroKazakhstan» компаниясымен бірлесіп, құны 49 млрд теңге болатын энергия сақтау жүйесі бар, қуаты 100 МВт жел электр стансасын салуды жоспарлап отыр», дейді облыс әкімінің орынбасары.

Былтыр Сәтбаев қаласында республикалық маңызы бар индустриялық аймақ құрылды. Аталған жоба – облыс экономикасын әртараптандыруға, жаңа өндіріс орындарын ашуға, тұрғындарды тұрақты жұмыспен қамтуға бағытталған маңызды бастаманың бірі. Индустриялық аймақтың жалпы аумағы 12 гектарды құрайды (25 жыл мер­зімге), оны 50 гектарға дейін ке­ңей­ту мүмкіндігі бар.

Қазір индустриялық аймаққа электр, су, жылу және кәріз желі­­лерін тарту бойынша құры­лыс жұмысы жүріп жатыр. Бұл жұмыс жақында аяқталады. Жобаның жалпы құны 822,4 млн теңгені құрайды.

Былтыр индустриялық ай­мақ­қа жергілікті бюджеттен инже­нерлік-коммуникациялық инфрақұрылым тарту мақсатында 125,9 млн теңге бөлінді. Бөлінген қаражат есебінде су құбыры желісін жүргізу жұмысы орындалды. Соның ішінде: құрылыс-монтаж жұмысы – 122,7 млн теңге, техникалық қадағалау – 2,7 млн теңге, авторлық қадағалау – 0,5 млн теңге.

Индустриялық аймақты құру тұ­жырымдамасына сәйкес ин­фрақұрылым (ИКИ) қуатты­лы­ғына тоқталсақ, электрмен жабдықтау – 2,8 МВт, жылумен жабдықтау – 2,8 Гкал/сағ, сумен жабдықтау – 57,8 м³/тәулік, кәріз жүйесі – 96,0 м³/тәулік, автожолдар – 0,296 км (индустриялық аймақты жалпы пайдаланымдағы жолдармен қосу), теміржол – 0,923 км (қолданыстағы теміржол стансасын қосқанда), газбен жабдықтау – 8 000 м³/тәулік (2027 жылға жоспарланған).

Осы индустриялық аймақ аумағында жобаларды іске асы­руға бірнеше әлеуетті инвес­тор қызығушылық танытқан. Атап айтқанда, резеңке жабындылар, құрылыс материалдары, мойын­тіректер, шыныпакеттер өндіру және қоймалық инфрақұрылым жобалары бар.

Индустриялық аймақтың толық іске қосылуы облысқа инвестиция тартуға, жаңа өндірістер ашуға, тұрғындардың әл-ауқатын арттыруға үлкен серпін береді.

2026 жылғы 27 наурызда Қытай Халық Республикасындағы Сиань қаласында еліміздің Бас кон­сулдығының қолдауымен Ұлы­тау облысы мен Шэньси провин­циясы арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық форумы өтті. Іскерлік кездесуге облыс әкімі, мемлекеттік органдар өкілдерінен құралған делегация, сондай-ақ Қытай және Қазақстан компанияларының шамамен 100 өкілі қатысты.

Форум аясында Ұлытау об­лы­­сының инвестициялық әлеуеті мен өңірдің негізгі ынты­мақ­­тастық бағыттары, ұзақ­мер­зімді инвестициялық жоба­лары таныстырылды. Өнер­кәсіпті дамытуға, тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымға және агроөнеркәсіптік кешенге ерекше назар аударылды. Сонымен қатар G2B және B2B фор­маттарында кездесулер өткі­зілді.

Қорытындысында жалпы құны 12,5 млрд теңгені құрайтын алты меморандумға қол қойылды. Аталған жобалар тұрғын үй-ком­муналдық инфрақұрылымды жаң­ғырту, металлургиялық шлак­­­тарды қайта өңдеу, агро­өнер­кәсіптік кешенді дамыту бағыт­тарын қамтиды.    

          

Сонымен қатар шетелдік инвес­тицияларды тартуды жан­­дан­дыру, Қытай Халық Республикасымен сауда-эконо­ми­­калық ынтымақтастықты кеңейту мақсатында Сиань қала­­сында Ұлытау облысының Өкіл­дігі ашылды. Іскерлік кез­де­суде талқыланған жобалардың бірі – тұрғын үй-коммуналдық инфра­құрылымды жаңғырту. Бұл жоба – тұрғын үйлерді жаңарту ғана емес, сонымен қатар қалалардың келбетін жаңғыртуға, заманауи және қауіпсіз өмір сүру ортасын қалыптастыруға бағытталған стратегиялық бастама. Осы жоба аясында Ұлытау облысында тұрғын үй қорын реновациялаудың жаңа бірың­ғай бағдарламасы әзірленді. Әзірленген бағдарламаны алда­ғы уақытта заңды және тиімді іске асыруды қамтамасыз ету мақ­са­тын­да облыстық мәслихаттың қарауы­на және бекітуіне ұсыны­лады.

Облыс көлемінде көппәтерлі тұрғын үй қорының ағымдағы жағдайын талдау нәтижесінде көппәтерлі тұрғын үйлердің жалпы саны 1 545 екені анықталды. Оның ішінде 457-сі тозығы жеткен, 63-і – апатты жағдайдағы тұрғын үйлер. Таратып айтсақ, Жезқазған қаласында – 23 апатты үй, Сәтбаев қаласында – 31 апатты үй, Қаражал қаласында – 7 апатты үй, Ұлытау ауданында – 2 апатты үй тіркелген.

Ұлытау облысында апатты үйлерді сүру басталды. Облыс орталығы Жезқазған қаласында реновация бағдарламасын іске асыру шеңберінде Абай көшесі №53, 55, 57, 59 мекенжайларында орналасқан апатты тұрғын үйлерді сүру жұмысы қолға алынды. Жұмыс кезең-кезеңімен жүзеге асырылады. Алғашқы кезеңде Абай көшесіндегі №57 тұрғын үй сүріледі. Келесі ке­зеңде қажетті дайындық және ұйымдастыру жұмысы аяқтал­ғаннан кейін №59 тұрғын үйді бұзу жоспарда тұр.

Шыға­рылған құрылыс қалдығы мен қоқыс арнайы техника арқылы қатты тұрмыстық қал­дық полигонына жеткізіледі.

Аталған жоба қаланың тұр­ғын үй қорын жаңғыртуға, тұр­­ғындардың қауіпсіздігін арт­тыруға, заманауи тұрғын үй инфрақұрылымын дамытуға бағытталған. Сүрілген үйдің орнына екі блоктан тұратын жаңа көпқабатты тұрғын үй салу жос­парланып отыр.

Сәтбаев қаласының әкімі Мұрат Бөрібаевтың айтуынша, қалада ескі және апатты тұрғын үй­лерді жаңарту бағытында кезең-кезеңімен жұмыс жүр­гізіледі.

«Осы мақсатта Қытай Халық Республикасының «China-Kazakhstan Silk Road Yuntu (Xi’an) Technology Development Co., Ltd» компаниясымен бірқатар кездесу өткізілді. Кездесу барысында облыс аумағындағы тозығы жеткен тұрғын үйлердің нақты жағдайы таныстырылып, жобаларды іске асырудың тетіктері, кезеңдері мен ықтимал шешімдері жан-жақты қарастырылды. «Бақытты қала» жобасы аясында облысымызда тұрғын үй қорын жаңғырту бойынша «Ұлытау» ӘКК» АҚ мен инвестор арасында өзара іс-қимыл және ұзақмерзімді әріптестік туралы меморандумға қол қойылды. Бұл – өңірдің тұр­ғын үй инфрақұрылымын жаңартуға бағытталған маңызды қадамдардың бірі», дейді қала әкімі.

Жобаны іске асырмас бұрын басым аумақтар айқындалып, алғашқы кезеңде Сәтбаев қала­сындағы Гурбы көшесі 4-үй және 6-үй, сондай-ақ Сәтбаев көшесі, 74–76 мекенжайындағы бос тұрған тұрғын үйлер қарастырылды. Тұрғындармен сөйлесіп, жобаны кезең-кезеңімен жүзеге асыру тетіктері нақтыланып, аза­маттардың мүддесі басты назарға алынды.

Сонымен қатар Жезқазған қаласында бұрынғы тоқыма фабрикасы ғимаратын реконструкциялау жобасын іске асыру қолға алынды. Ұлытау облысы әкімінің орынбасары Нұртас Ғалымұлы ұзақ жыл бос тұрған тоқыма фабрикасы ғимаратын қайта жаңғырту мақсатында 2025 жылы 21 шілдеде желілерде ресми хабарландыру жарияланып, жергілікті кәсіпкерлермен келіссөз жүргізілгенін айтты. Алайда алғашқы екі апта ішінде жобаға қызығушылық танытқан инвестор болмаған. Тек 2025 жылғы 8 тамызда «SRT Construction» ЖШС тарапынан жобаға қатысу ниеті туралы ресми хат келіп түскеннен кейін нақты ұйымдастыру және дайындық жұмысы басталады.

Нәтижесінде, «Ұлытау» ӘКК» АҚ мен «SRT Construction» ЖШС арасында бірлескен қызмет
туралы шарт жасалды. Қазір то­қыма фабрикасы ғимаратын реконструкциялау жөніндегі инвестициялық жоба аясында инвестор бекітілген жобалық-сметалық құжаттамаға сәйкес құрылыс-монтаж жұмысы бас­талды. Жоба бойынша ғимарат мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысын алған. Жалпы сметалық құны 4,2 млрд теңгені құрайды. Қаржыландыру жағына тоқталсақ, 3,5 млрд теңге (85%) – «Ұлытау» ӘКК тарапынан, 700 млн теңге (15%) – инвес­тор «SRT Construction» ЖШС (Шымкент қаласы) тарапынан қамтамасыз етіледі. Сонымен қатар инвесторға 1 миллиард теңге көлемінде инвес­тиция тарту міндеті жүктелген.

Бұл қаражат «SRT Construction» компаниясының ті­ке­­лей инвестициясы емес және сыртқы қар­жы­ландыру көздерін тартуды көздейді. Шарт талаптарына сай инвестор мен «Ұлытау» ӘКК» АҚ нысанды 2030 жылға дейін бірлесіп басқарып, қызмет көрсетеді. Инвестор бес жыл мерзімге аталған нысанға қызмет көрсету міндеттемесін өз мойнына алады. Бірақ нысанға меншік құқығы инвесторға берілмейді. Жоба іске асырылу кезеңінде ғимарат «Ұлытау» ӘКК иелігінде қалады. Бесжылдық мерзім аяқталған соң, инвестор жоба аясындағы қызметін тоқтатады. Тоқыма фабрикасының ғимараты мемлекет меншігінде қалады.

Бүгінде ғимараттан 2 000 тонна құрылыс қалдығын шығару жұмысы аяқталды. Сонымен қатар терезесі орнатылды.

Нысан функционалдық тұр­ғыдан үш блокқа – А, В және С блоктарына бөлінген. «А» блогі даму институттарын орналастыруға арналған, оның ішінде «Даму», «Атамекен», «Аграрлық несие корпорациясы», «Ұлытау» әлеуметтік-кәсіп­керлік корпорациясы және аумақтық ұйымдар қарас­­ты­рылған. «В» блогінің бірін­ші қабатында мейрамхана, екінші, үшінші қабатында қонақүй, ал төртінші қабатында аумақтық ұйымдардың кеңсесі орналас­тырылады. «С» блогі шағын және орта бизнес субъектілеріне арналған. Бірінші қабатта гипермаркет, ал жоғарғы қабат­тарда шағын және орта бизнеске арналған кеңсе мен ком­мерциялық үй-жайлар орналастырылады.

Жалпы алғанда, Ұлытау облысы инвестициялық әлеуеті жоғары өңір саналады. Инвестициялық жобаларды тиімді іске асыру - жаңа жұмыс орындарын құруға, өндіріс көлемін арттыруға, ин­фрақұрылымды жаңғыртуға және халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.

Ұлытау облысы 

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:121
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 16 Маусым 2026 10:35
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Талдықорғандағы түнгі төбелес видеоға түсіп қалды

19 Қыркүйек 2026 09:36see172

Ұлттық тазалық стандартын әзірлеу қажет деп санаймын. Бұл уақыт талабы Тоқаев

19 Қыркүйек 2026 15:29see160

Бізге келген америкалық конгрессмендер қалалардың тазалығына таңғалды Тоқаев

19 Қыркүйек 2026 17:11see158

Қостанай облысында аурухана медициналық жабдықтарды сатып алуда бәсекелестікті әдейі шектеген

19 Қыркүйек 2026 11:28see156

Көкшетауда студент қыз көлік тұрағына байланысты ер адаммен болған жанжал кезінде жарақат алды

19 Қыркүйек 2026 10:05see154

Қазақстаннан 558 спортшы қатысады: Нагояда ХХ жазғы Азия ойындары ашылды

19 Қыркүйек 2026 19:12see150

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

19 Қыркүйек 2026 20:17see149

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

19 Қыркүйек 2026 20:17see146

Әрқашанда еліміз туралы ойлап, Қазақстанға қамқоршы болыңыздар Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

19 Қыркүйек 2026 17:01see144

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

20 Қыркүйек 2026 09:27see140

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

20 Қыркүйек 2026 09:51see140

Қарағанды облысында 200 ге жуық шошқа тиелген жүк көлігі жол апатына түсті

19 Қыркүйек 2026 13:07see137

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

20 Қыркүйек 2026 11:06see135

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

20 Қыркүйек 2026 11:51see131

Жаңа iPhone 18 сатылымға шықты: әлемнің бірнеше қаласында ұзын сонар кезек пайда болды

19 Қыркүйек 2026 14:33see130

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

20 Қыркүйек 2026 08:01see129

Ресейдегі парламенттік сайлау: бақылау күшейіп, оппозиция шеттетілді

20 Қыркүйек 2026 22:23see129

Таразда тәулігіне 3000 тонна қызылша өңдейтін зауыт іске қосылады

19 Қыркүйек 2026 11:06see124

Ауаға қатысты шағымдар аясында АМӨЗ понтондардың орнатылғанын хабарлады

20 Қыркүйек 2026 22:21see124

ШҚО да аюлардың адамдарға жақындау оқиғалары жиіледі

20 Қыркүйек 2026 22:22see123
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары