Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Жол қозғалысы ережесіндегі өзгерістер, айыппұл мен ЖКО: Бас прокуратура жүргізушілерге үндеу жасады

Алматыдағы Есентай өзені арқылы өтетін 2 миллиард теңгелік көпірлер олардың түрі қандай және құрылысы қашан аяқталады

Астанада жедел жәрдемді жылдар бойы тонап келген сот үкім шығарды

Абылай Мырзахметов бостандыққа шықты

Нұрай маған бірінші пышақ салды : Айыпталушы сотта жауап берді

Ол ұяты жоқ ересек ер адам . Нұрайдың ата анасы сотта сөз сөйледі

Қазақстан әйелдер командасы әлем чемпионатының командалық сынын жеңіспен бастады

Бурабай курортында халықаралық технологиялық қалашық құрылуы мүмкін

Қазақстанда бір реттік декреттік төлемнің ең жоғары мөлшері 2,5 миллион теңгеге жетті

Отандық төрешілер УЕФА Конференция лигасының матчына тағайындалды

Тарихи жетістік: Қазақстан құрамасы әлем чемпионатының финалына шықты

Нұрлан Әлімжанов Астананың Байқоңыр ауданына әкім болды

Алматыда ағаштар жаппай кесіліп жатыр: Әкімдік себебін түсіндірді

Қашаған мен Теңіз мұнайы Қазақстанның төртінші МӨЗ іне бағытталуы мүмкін

Жарамдылық мерзімі, құны және жеңілдіктер: Қазақстандағы балалар паспорты туралы мәлімет

Астана көшелерін су басты: Вице министр қаладағы мәселеге қатысты пікір білдірді

Микроқаржы ұйымдары мен коллекторларға 693 млн теңге айыппұл салынды​

Отбасы банк ипотека ережелерін өзгертті бұл нарық пен сатып алушылар үшін нені білдіреді

Интернет алаяқтыққа қатысы барларға өлім жазасын қолдану мақұлданды

Қырғызстан мен Өзбекстан елдерінің спорт басшылары Астанаға келді

Инвестициялық саясат: экономикалық кезеңнің негізі қаланады

Инвестициялық саясат: экономикалық кезеңнің негізі қаланады

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

 Мемлекет басшысы, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың экономиканың басым секторларына сапалы шетелдік инвестициялар тарту жөніндегі тапсырмасын іске асыру мақсатында «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ инвесторлармен жұмыс істеу және инвестициялық жобаларды алғашқы келіссөздерден бастап толық іске қосылғанға дейін кешенді сүйемелдеуді қамтамасыз ететін ұлттық оператор қызметін атқарады. 

Осы жүйелі жұмыстың нәтижесінде Қазақстан Орталық Азиядағы жетекші инвестициялық хабқа айналды. Бүгінде өңірге тартылған тікелей шетелдік инвестициялардың жинақталған көлемінің шамамен 70%-ы Қазақстанның үлесіне тиесілі. Біріккен Ұлттар Ұйымының Сауда және даму жөніндегі конференциясының (ЮНКТАД, United Nations Conference on Trade and Development) деректеріне сәйкес, 2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан экономикасындағы тікелей шетелдік инвестициялардың жинақталған көлемі 156,4 млрд АҚШ долларына жетті. Бұл елдің жалпы ішкі өнімінің шамамен 51%-ын құрайды және дамушы елдер арасындағы инвестициялық интеграцияның ең жоғары деңгейлерінің бірі саналады.

Сонымен қатар Қазақстанға тікелей шетелдік инвестициялар ағыны тұрақты деңгейде сақталуда. 2026 жылдың бірінші тоқсанында олардың көлемі 6,3 млрд АҚШ долларын құрап, Қазақстанның Орталық Азиядағы тікелей шетелдік инвестицияларды ең көп тартқан ел ретіндегі мәртебесін тағы бір мәрте растады. Инвестициялар құрылы­мында шикізаттық емес салалардың үлесі айтарлықтай артты. Атап айтқанда, тамақ өнімдері, сусындар және темекі өнімдері өндірісіне тартылған шетелдік инвестициялар бес есеге жуық өсіп, 405 млн АҚШ долларына жетті. Құрылыс, қойма және көлік-логистика инфрақұрылымына бағытталған инвес­тициялар көлемі де бес еседен астам ұлғайды. Сауда саласына тартылған инвестициялар 19,2%-ға, мұнай мен газ өндіру саласына салынған инвестициялар 13,8%-ға артты. Дегенмен шешуші мәнге инвестициялардың көлемі ғана емес, олардың сапалық құрылымы да ие. Ең жоғары өсім қосылған құнды қалыптас­тыруға және ішкі өндірісті дамытуға бағдарланған салаларда байқалады. Олардың қатарында тамақ өнеркәсібі, логистика, құрылыс, машина жасау, ауыл шаруашылығы және құрылыс материал­дарын өндіру бар.

 «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Сұлтанғали Кенжеқұлов атап өткендей: «Инвестициялардың шынайы құндылығы салынған қаражат көлемімен емес, олардың ел экономикасының құ­рылымын қаншалықты өзгерте алаты­нымен айқындалады. Егер инвестициялар жаңа өндірістерді іске қосып, технологиялар трансферін қамтамасыз етіп, адами капиталдың құзыреттерін дамытып әрі экспорттық әлеуетті күшейтсе, онда олар ұзақмерзімді экономикалық өсудің негізгі қозғаушы күшіне айналады».

Жаһандық инвестициялық үрдістер: капиталға қойылатын талап өзгерді

Біріккен Ұлттар Ұйымының Сауда және даму жөніндегі конференциясының деректеріне сәйкес, 2025 жылы әлемдегі тікелей шетелдік инвестициялар ағыны 14%-ға артқанымен, нақты инвестициялық белсенділік баяулады. Трансшекаралық мәмілелер көлемі 10%-ға, халықаралық жобалық қаржыландыру 16%-ға қысқарды, сондай-ақ жаңа greenfield жобаларының саны да 16%-ға азайды. Дамыған елдерге тартылған инвестициялар көлемі 43%-ға өсті. Ал дамушы мемлекеттерде бұл көрсеткіш жиынтық түрде 2%-ға төмендеді әрі ең аз дамыған елдердің төрттен үшінде инвес­тициялар көлемі не тоқырауға ұшырады, не қысқарды. Бұл жаһандық капиталдың жай өсіп қана қоймай, барған сайын белгілі бір салалар мен елдерге шоғырланып бара жатқанын көрсетеді. Соның нәтижесінде, өндірістік инвес­тициялар үшін бәсекелесе алатын мемлекеттердің қатары тарылып, олардың арасындағы бәсеке күшейе түсуде. Бүгінде капитал негізінен деректерді өң­деу орталықтары, жартылай өткізгіштер өнді­рісі және цифрлық инфрақұрылым сияқ­ты жоғары технологиялық салаларға бағытталуда.

Бұл үрдіс мемлекеттік инвестициялық саясаттың мазмұнына да жаңа талаптар қояды. Капитал мол кезеңде мемлекеттер инвесторларды негізінен салықтық жеңілдіктер, тарифтік саясат және әкімшілік рәсімдердің қолайлылығы арқылы тартуға ұмтылады. Ал капитал талғампаз бола бастаған жағдайда мұндай артықшылықтар маңызды болғанымен, өздігінен жеткіліксіз. Жоғары технологиялық сектордағы инвестор үшін шешуші фактор – қысқа мерзімде қалыптастыру мүмкін емес кешенді артықшылықтар. Олардың қатарында сенімді энергиямен қамтамасыз ету, дамыған инфрақұрылым, тиімді логистика, білікті кадрлар және мемлекеттің болжамды әрі тұрақты саясаты бар.

Сондықтан инвестициялық саясат бүгінде жекелеген салаларды қолдау құралы ғана емес, алдағы онжылдықтарда ұлттық экономиканың құрылымы мен бәсекеге қабілеттілігін айқындайтын стратегиялық факторға айналып отыр.

Мүмкіндіктер кезеңі: неге дәл қазір?

Әлемдік ауқымдағы бірнеше үдерістің қатар тоғысуы Қазақстан үшін сирек кездесетін мүмкіндіктер кезеңін қалып­тастырды. Жаһандық жеткізу тізбектерінің қайта құрылуы және есептеу инфрақұры­лымына деген сұраныстың артуы жаңа өндірістерді қай елде орналастыру жөніндегі шешімдер қайта қаралатын кезеңді бастап берді. Оның үстіне мұндай шешімдер шектеулі уақыт аралығында қабылданады.

Қазақстанның бәсекелестік артық­шылықтары айқын. Еліміз Қытай, Орталық Азия, Кавказ және Еуропа арасындағы маңызды көлік-логистикалық торапта орналасқан. Бірнеше нарыққа қатар өнім жеткізетін өндірістер үшін бұл тасымал шығындарын едәуір қысқартуға мүмкіндік береді. Қазақстанның энергетикалық әлеуеті энергияны көп қажет ететін өндірістік және цифрлық жобаларды орналастыруға қолайлы жағдай жасайды. Ал деректерді өңдеу орталықтары үшін еліміздің климаттық ерекшеліктері қосымша артықшылық болып саналады, өйткені ол жабдықтарды салқындатуға жұмсалатын шығындарды төмендетуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар мемлекет ірі инвестициялық жобаларды сүйемел­деудің тиімді тетіктерін, арнайы эконо­микалық аймақтардың жеңілдікті режимін және өндірісті жергіліктендіруді қолдау құралдарын ұсынып отыр.

Дәл осы факторлардың үйлесімі – қолайлы географиялық орналасу, қуатты энергетикалық база, деректерді өңдеу орталықтарын дамытуға қолайлы климат және инвестициялық жобаларды кешенді қолдау жүйесі – Қазақстанның инвес­тициялық тартымдылығын айтарлықтай күшейтіп отыр.

Мұны шетелдік инвестициялар құры­лымы да айқын көрсетеді. Қазақстанға тартылған тікелей шетелдік инвести­циялардың үштен екісінен астамы Ни­дерланд, Ресей, Біріккен Араб Әмірліктері, Қытай, Катар және АҚШ елдерінің үлесіне тиесілі. Сонымен қатар АҚШ-тан тартылған инвестициялар көлемі 485,3 млн АҚШ долларына жетсе, Швейцариядан келген инвестициялар 2,3 есеге, ал Сингапурдан тартылған капитал 70,4%-ға өсті.

Шанхай келісімдер топтамасы: жаһандық капитал қандай жобаларға басымдық беруде?

Мемлекет басшысының Шанхай қаласына жұмыс сапары аясында жалпы құны 15 млрд АҚШ долларынан асатын 88-ден астам коммерциялық құжатқа қол қойылды. Бұл келісімдер жасанды интел­лект, цифрландыру, көлік инфрақұрылымы, қаржы, агроөнеркәсіптік кешен, машина жасау және басқа да жоғары технологиялық салаларды қамтиды. Аталған келісімдердің құрылымы бүгінде жаһандық капиталдың Қазақстандағы қай бағыттарды стратегия­лық басымдық ретінде қарастыратынын айқын көрсетеді.

Есептеу инфрақұрылымы және жасанды интеллект. Huawei компаниясымен жасал­ған келісім суперкомпьютерлік кластер құруды, бұлтты технологияларды дамытуды және білікті кадрлар даярлауды көздейді. Сонымен қатар «Қазақтелеком» АҚ мен Hengtong Group Екібастұзда қалыптасып жатқан Деректерді өңдеу орталығы алқабы (ДӨО) кластері үшін оптикалық инфра­құрылым компоненттерін өндіру жобасын іске асырады.

Өңдеуші өнеркәсіпті дамыту. Жобалар литий-ионды аккумуляторлар өндірісін жолға қоюды, кремний кластерін қалыптастыруды, металлургия өндірістерін жаңғыртуды, автомобиль өндірісін жергіліктендіруді, ауыл шаруашылығы машинасын жасауды және көмір-химия кешендерін дамытуды қамтиды.

Өндірісті дамытудағы энергетиканың рөлі. Гидроаккумуляциялық электр стан­циясы, қуаты 1 ГВт-қа дейінгі жел электр станциялары және бу-газ қондыр­ғылары болашақ өнеркәсіптік жобаларды сенімді энергиямен қамтамасыз ететін инфрақұ­рылымды қалыптастырады.

Көлік және логистика. Құрық портын­дағы терминал, Ақтаудағы контейнерлік хаб, Қорғас бағытындағы жобалар және Астанадағы LRT желісінің екінші кезеңі елдің көлік-логистикалық әлеуетін күшейтуге ықпал етеді.

Білім беру және ғылыми әлеует. Жоғары оқу орындары мен технологиялық компа­ниялар арасында жиырмаға жуық келісім жасалды. Олар жасанды интеллект зертханаларын құруды, робототехника саласын дамытуды, қос дипломды білім беру бағдарламаларын енгізуді және ака­демиялық ұтқырлықты кеңейтуді көздейді.

Алдыңғы жылдардағы ынтымақтастық үлгісінен басты айырмашылық айқын байқалады. Бұған дейінгі өзара іс-қимыл негізінен сауда байланыстары мен жекелеген инвестициялық жобаларға бағытталса, бүгінгі келісімдер мазмұны жағынан мүлде жаңа деңгейге көтерілді. Оның өзегінде бірлескен өндірістер құру, технологияларды енгізу, өндірісті жергі­ліктендіру және ғылыми-білім беру әлеуетін дамыту тұр. Сонымен бірге KAZAKH INVEST компа­ниясының бағалауынша, қол қойылған келісімдер – инвестициялық үдерістің қорытындысы емес, оның бастамасы ғана. Алдағы кезеңде жобаларды жан-жақты пысықтау, түпкілікті келісім­шарттар жасау және өндіріс нысандарын салу жұмыстары жүргізіледі. Сондықтан мәлімделген инвестициялардың нақты өндірістерге айналуы, ең алдымен, осы кезеңдегі жұмыстың сапасына байланысты болады.

Инвестициялар туралы келісім: болжамдылықты қамтамасыз ететін тетік

Қазақстанда 2021 жылдан бастап іске қосылған Инвестициялар туралы келісім тетігі ірі стратегиялық жобаларды қол­даудың маңызды құралдарының біріне айналды. Бұл механизм инвестиция көлемі 32 млрд теңгеден асатын жобаларға қолданылады және инвестициялық циклдің барлық кезеңінде инвестор үшін тұрақты әрі болжамды құқықтық жағдайларды қамтамасыз етеді. Әсіресе өтелу мерзімі он жылдан асатын ауқымды жобалар үшін мұндай тұрақтылық қосымша артықшылық қана емес, инвестициялық шешім қабыл­даудағы шешуші факторлардың бірі саналады.

Инвестициялар туралы келісімдер санының өсуі бұл тетіктің тиімділігін айқын көрсетеді. Егер 2022-2023 жылдары мұндай келісімдер саусақпен санарлық болса, 2025 жылы олардың саны 30-ға жетті. Бұл инвес­торлардың аталған механизмге деген сенімінің артып келе жатқанын аңғартады.

Бүгінде инвестициялар туралы келісімдер фармацевтика, энергетика, металлургия, агроөнеркәсіптік кешен, инфрақұрылым және денсаулық сақтау сияқты стратегиялық салаларды қамтиды. Тек биылдың өзінде фармацевтика сала­сында жеті ірі жоба бойынша келісім жасалды. Бұл – Қазақ­стандағы дәрілік заттардың 80%-дан астамы импорттала­тынын және Мемлекет басшысы отандық өндірістің ішкі нарықтағы үлесін 50%-ға дейін жеткізу міндетін қойғанын ескерсек, аса маңызды қадам. Мұндай жобалардың нәтижесі тартылған инвестиция көлемімен ғана емес, денсаулық сақтау жүйесінің импортқа тәуелділігін азайтуымен және өңірлік нарықтарда экспорттық әлеуеттің қалыптасуымен өлшенеді.

Осындай тәсіл басқа салаларда да жүйелі түрде қолданылып келеді. Инвес­тициялық жобалар экономиканың әлсіз тұстары мен еліміздің табиғи және өндірістік артық­шылықтары тоғысатын бағыттарға шоғырлануда. Фармацевтикадағы импортқа тәуелділік – дәрілік препараттар өндірісін дамытуға, астық экспортының негізінен шикізаттық сипаты – терең өңдеу өндіріс­терін кеңейтуге, ал көмір экспорты – ме­таллургияға қажетті кокс өндірісін дамытуға мүмкіндік береді. Осының нәтижесінде инвестициялық саясат қосымша капитал тарту құралы ғана емес, экономиканы әртараптандыруға және оның құрылымын сапалы жаңғыртуға ықпал ететін стра­тегиялық тетікке айналып отыр.

Сапалы капитал – стратегиялық басымдық

«Мемлекет басшысы айқындаған стратегиялық бағыт шикізаттық модельден жоғары деңгейде өңделген, қосылған құны жоғары экономикаға көшуді көздейді. Экономиканы өзгертетін – инвестициядан кейін елде қалатын нақты нәтиже: жаңа өндірістер, технологиялар трансфері, қалыптасқан құзыреттер және экспорттық әлеуеттің нығаюы», – дейді KAZAKH INVEST басшысы Сұлтанғали Кенжеқұлов.

Мәселен, құны бірдей екі инвестиция­лық жоба ел экономикасына мүлде әртүрлі нәтиже беруі мүмкін. Бұл өндірістік тіз­бектің қандай бөлігі елімізде орналасаты­нына, технологиялардың берілуіне, жаңа құзыреттердің қалыптасуына және өнді­рілген өнімнің экспортқа бағдарлануына байланысты. Сондықтан бүгінде инвес­тициялық жобаларды бағалауда өндірісті жергіліктендіру, технологиялар трансфері, ғылыми-зерттеу құрамдасы мен кластерлік тиімділік сияқты факторлардың маңызы артып келеді. Кәсіби ортада мұндай инвестициялар «ақылды инвестициялар» деп аталады. Әлемдік тәжірибе көрсет­кендей, зәкірлі инвесторлар келген жерде олардың соңынан жабдық өндірушілер, логистикалық операторлар, қаржы инс­титуттары мен өндірістік серіктестер де келеді. Бүгінде мұндай үрдіс Қазақстанда да айқын байқала бастады. Осыған сәйкес мемлекеттік инвестициялық саясаттың басымдығы да өзгеріп келеді. Ендігі мақ­­сат – жекелеген кәсіпорындарды тартумен ғана шектелмей, жасанды интеллект пен цифрлық экономика, ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеу, жаңа материалдар өндірісі, робототехника және «жасыл» өнеркәсіп бағыттарында тұтас өндірістік экожүйелерді қалыптастыру. Өйткені дәл осындай экожүйелер елдің жаһандық қосылған құн тізбектеріндегі орнын айқындап, экономиканың күрделілік деңгейін арттырады.

Мұндай логика бүгіннің өзінде Fufeng Group, Lihua Group және Dalian Hesheng Holdings компанияларының жобаларында нақты көрініс тауып отыр. Аталған жобалар агроөнеркәсіптік кешен мен шикізатты терең өңдеу салаларында жоғары технологиялық өндірістік кластерлерді қалыптастыруға негіз қалайды.

Ниеттен нәтижеге дейін

Инвестициялық шешім қабылдау мен өндіріс орнының іске қосылуының арасында жобаның табысты жүзеге асуына тікелей әсер ететін маңызды кезең бар. Дәл осы уақытта рұқсат құжаттарын рәсімдеу, жер телімін бөлу, инженерлік инфрақұрылымға қосылу және мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл сияқты мәселелер шешіледі. Осындай кезеңде инвестиция тарту жөніндегі ұлттық институттың рөлі ерекше. «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ инвесторларға идеядан бастап кәсіпорынды пайдалануға бергенге дейін жан-жақты қолдау көрсетеді. Бұл жұмыс Үкіметпен және өңірлік әкімдіктермен өзара үйлестіруді, әкімшілік кедергілерді жоюды және жоба іске қосылғаннан кейінгі сүйемелдеуді қамтиды.

Биылдың өзінде шетелдік инвестор­лардың қатысуымен жалпы құны 3 млрд АҚШ долларынан асатын 45-ке жуық жобаны пайдалануға беру жоспарланып отыр. Оның ішінде 16 жоба іске қосылды. Атап айтқанда, Жамбыл облысында күкірт қышқылы зауыты, Қызылорда облысында жылу электр орталығы және Қарағанды қаласында тау-кен өнеркәсібіне арналған жабдықтарға қызмет көрсететін сервистік орталық пайдалануға берілді.

Сонымен қатар жалпы құны 4,5 млрд АҚШ долларын құрайтын 20 жоба бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары басталды. Олардың қатарында жел электр станциялары мен кабель өнімдерін шығаратын өндіріс орындары бар. Жыл соңына дейін тағы 40-тан астам жоба бойынша құрылыс жұмыстары басталады.

Қорытынды: XXI ғасыр экономикасындағы орын үшін күрес

Жаһандық капитал жоғары технология­лық салаларға және шектеулі санды елдерге шоғырлануда. Қазақстан өз бәсекеге қабілеттілігін инвестициялық келісімдер санының артуы, инвесторлар құрамының және географиясының кеңеюі, сондай-ақ шикізаттық емес салалардың даму қарқыны арқылы айқын көрсетіп келеді.

Мемлекет басшысы айқындаған инвес­тициялық саясат аясында KAZAKH INVEST Қазақстан Республикасының Үкіметімен бірлесіп, дәйекті түрде шешіп келе жатқан басты міндет – тартылатын капитал көлемін барынша ұлғайту ғана емес, оны техноло­гияға, құзыреттерге және жаңа өндірістік тізбектерге айналдыру. Дәл осы факторлар Қазақстан экономикасының келесі даму кезеңінің сипатын айқындайды. Бұл – өз есептеу инфрақұрылымына ие, фармацевтика өндірісі өркендеген, шикізатты терең өңдеу дамыған, қосылған құны жоғары металлур­гиясы қалыптасқан және заманауи көлік дәліздері дамыған жаңа экономика.

М.Төлеу

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:30
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 30 Шілде 2026 06:33
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Жол қозғалысы ережесіндегі өзгерістер, айыппұл мен ЖКО: Бас прокуратура жүргізушілерге үндеу жасады

28 Шілде 2026 16:02see169

Алматыдағы Есентай өзені арқылы өтетін 2 миллиард теңгелік көпірлер олардың түрі қандай және құрылысы қашан аяқталады

28 Шілде 2026 10:35see154

Астанада жедел жәрдемді жылдар бойы тонап келген сот үкім шығарды

28 Шілде 2026 18:07see148

Абылай Мырзахметов бостандыққа шықты

28 Шілде 2026 14:00see148

Нұрай маған бірінші пышақ салды : Айыпталушы сотта жауап берді

28 Шілде 2026 13:13see146

Ол ұяты жоқ ересек ер адам . Нұрайдың ата анасы сотта сөз сөйледі

28 Шілде 2026 19:09see143

Қазақстан әйелдер командасы әлем чемпионатының командалық сынын жеңіспен бастады

28 Шілде 2026 13:39see140

Бурабай курортында халықаралық технологиялық қалашық құрылуы мүмкін

28 Шілде 2026 20:41see136

Қазақстанда бір реттік декреттік төлемнің ең жоғары мөлшері 2,5 миллион теңгеге жетті

28 Шілде 2026 20:52see132

Отандық төрешілер УЕФА Конференция лигасының матчына тағайындалды

28 Шілде 2026 23:18see129

Тарихи жетістік: Қазақстан құрамасы әлем чемпионатының финалына шықты

29 Шілде 2026 14:57see122

Нұрлан Әлімжанов Астананың Байқоңыр ауданына әкім болды

29 Шілде 2026 01:53see119

Алматыда ағаштар жаппай кесіліп жатыр: Әкімдік себебін түсіндірді

29 Шілде 2026 11:11see119

Қашаған мен Теңіз мұнайы Қазақстанның төртінші МӨЗ іне бағытталуы мүмкін

29 Шілде 2026 20:13see119

Жарамдылық мерзімі, құны және жеңілдіктер: Қазақстандағы балалар паспорты туралы мәлімет

29 Шілде 2026 09:58see117

Астана көшелерін су басты: Вице министр қаладағы мәселеге қатысты пікір білдірді

28 Шілде 2026 13:59see116

Микроқаржы ұйымдары мен коллекторларға 693 млн теңге айыппұл салынды​

29 Шілде 2026 20:13see115

Отбасы банк ипотека ережелерін өзгертті бұл нарық пен сатып алушылар үшін нені білдіреді

29 Шілде 2026 13:00see115

Интернет алаяқтыққа қатысы барларға өлім жазасын қолдану мақұлданды

28 Шілде 2026 17:20see114

Қырғызстан мен Өзбекстан елдерінің спорт басшылары Астанаға келді

29 Шілде 2026 01:53see113
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары