Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

iPhone Қытайда күтпеген камбэк жасады

iPhone Қытайда күтпеген камбэк жасады

Aikyn.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

WIRED жариялаған материалға сүйенген Aikyn.kz Apple-дың Қытайдағы сатылымы неге қайта өсіп, iPhone-ға сұраныс қалай артқанын түсіндіреді.

Apple Қытайдағы ұзаққа созылған құлдыраудан кейін қайта қарқын алды. Сарапшылар бұны iPhone-ға сұраныстың өсуімен, баға саясаты және мемлекеттік субсидиямен байланыстырады.

Ұзаққа созылған әлсіреуден кейін Apple-дың Қытайдағы бизнесі күтпеген жерден қайта жанданды. Технологиялық алпауыт компания жариялаған қаржылық есебінде Қытайдағы табысы соңғы тоқсанда өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 38%-ға артқанын мәлімдеді. Бұл өсімнің негізгі себебі — iPhone-дарға сұраныстың күрт артуы. Бұндай серпіліс Apple-дың Қытайдағы сатылымы 2024 жылдан 2025 жылдың басына дейін 18 ай қатарынан төмендегеннен кейін байқалды.

Сарапшылармен өткен қоңырауда бас директор Тим Кук қытайлық тұтынушылар арасында iPhone жаңартудың жаңа рекорды тіркелгенін және өзге операциялық жүйелерден iOS-қа ауысқан қолданушылар санының екі таңбалы өсім көрсеткенін айтты. «Жалпы алғанда, Қытайдағы тоқсан өте жақсы өтті. Бұдан артық қуанбас едік» — деп түйіндеді Кук.

Фото huaweicentral.com сайтынан алынды. 

Apple-дың мұндай мықты нәтижесі Қытай смартфон нарығын бақылап жүрген көп адам үшін тосын жаңалық болды. Соңғы жылдары Huawei мен Xiaomi сияқты отандық брендтер iPhone-мен тікелей бәсекелесетін премиум, мүмкіндігі көп құрылғылар шығарып, Apple-дың үлесін біртіндеп кеміткен. Мәселен, Huawei 2024 жылдың қыркүйегінде үш бүктелетін экраны бар $2800 тұратын смартфон ұсынып, бәсекелестер ұқсас өнім шығармай тұрып-ақ технология әлемін таңғалдырған еді.

Apple-дың Қытайда қайта алға шығуының ең қызығы — оған қалай қол жеткізгені. WIRED-ке пікір білдірген сарапшылардың айтуынша, компания «көрікті технология» қуып кетпей, керісінше қуатты әрі бағасы бәсекеге қабілетті жаңа iPhone шығарумен шектелген. Техникалық жағынан камерасы мықтырақ, жасанды интеллект мүмкіндігі дамыған жергілікті құрылғылар бар болғанымен (Apple Intelligence Қытайдың материктік бөлігінде әлі қолжетімді емес), көптеген сатып алушы бәрібір iPhone 17 желісін таңдаған.

Бұл қытайлық тұтынушылар үшін ұсақ техникалық айырмашылықтан гөрі Apple бренді мен дизайн ерекшелігі маңыздырақ екенін аңғартады. «Егер сіз Apple болсаңыз, бұл – керемет жаңалық. Ал Apple болмасаңыз, жағдай баяғы қалпы», – дейді Геррит Шнееман, жаһандық технология нарығын зерттейтін Counterpoint компаниясының Apple бағытына жауапты аға сарапшысы.

 Фото Reuters сайтынан алынды. 

Apple-дың Қытайда табысқа жетуіне iPhone 17-нің базалық нұсқасы айтарлықтай үлес қосқан. Әдетте жаңа iPhone шыққанда сатып алушылар қымбаттау Pro және Pro Max нұсқаларына көбірек қызығатын. Бірақ 2025 жылы базалық iPhone 17 iPhone 16-мен салыстырғанда әдеттегіден әлдеқайда «үлкен қадам» болды: оның ішінде бұрын көбіне Pro сериясына тән деп саналатын мүмкіндіктер қосылған болатын. Шнееманның айтуынша, бұл көп адамды жаңа телефон шыққан бойда әдеттегіден ертерек жаңартуға итермелеуі мүмкін.

Дегенмен, мұнда тек өнім стратегиясы ғана шешуші фактор болған жоқ. iPhone 17 бағасы Қытай үкіметі былтыр бастаған ауқымды электроника субсидиясы бағдарламасының талаптарына сай етіп белгіленді. Экономиканы ынталандыру үшін Бейжің 2025 жылы электроника, тұрмыстық техника және көлік сатып алуға шамамен $43 млрд көлемінде субсидия бөлген. Бағасы 6 000 юаньнан (шамамен $860) төмен смартфондар 15%-ға дейін жеңілдік алуға мүмкіндік берді. Apple Қытайда iPhone 17-нің бағасын 5 999 юань деңгейінде қойды. Соның арқасында бағаға мән беретін тұтынушылар мемлекет ұсынған жеңілдікті пайдалана алды.

Мемлекеттік субсидия көп қытайлық iPhone қолданушысы онсыз да телефон жаңартатын уақытқа таяп қалған сәтте іске қосылды. «Apple Қытайда соңғы рет iPhone 13 сериясы кезінде жоғары сатылым көрсетті. Үш-төрт жыл өткен соң, биыл бұрынғы қолданушылардың көбі біртіндеп жаңарту кезеңіне кірді», – дейді жаһандық нарықты талдайтын IDC компаниясының Бейжіңдегі зерттеу менеджері Артур Го.

Фото Bloomberg.com сайтынан алынды. 

Бұл жайттардың ешқайсысы Apple-дың қытайлық бәсекелестері «қате жіберіп жатыр» деген сөз емес. Гоның айтуынша, отандық брендтерде де соңғы уақытта айтарлықтай өсім бар. Xiaomi, Vivo және Oppo сияқты компаниялардың қымбат флагман үлгілері «жалпы алғанда жақсы сатылымын сақтап тұр, ал бағасы жоғары Pro/Pro Max нұсқаларында өсім тіпті анық байқалды», — дейді ол.

Бір ғана ерекшелік — Huawei. Компания флагман телефонын әдеттегіден кешірек, қарашаның соңында шығарғандықтан, өткен тоқсанның көп бөлігінде сатылымнан ұтылып қалды. Алғашқы кезеңде жеткізілімнің аздығы құрылғыны нарықта кеңінен табуға мүмкіндік бермеді. Huawei — Қытайдың премиум сегментіндегі Apple-дың ең мықты қарсыласы, сондықтан оның уақытша «көрінбей қалуы» Apple-дың жеңісіне ықпал еткені анық.

Apple-дың Қытайдағы өсімі әлемнің өзге аймақтарындағы жетістігімен де үндес. Counterpoint жүргізген нарықтық талдау бойынша, АҚШ-тағы смартфон нарығында Apple-дың үлесі өткен тоқсанда 69%-ға жетіп, рекорд жаңартты. Ал жады чиптерінің тапшылығы салаға алда қиындық әкелуі мүмкін. Дегенмен осы жағдайда Apple 2026 жылға бәсекелестеріне қарағанда дайын әрі тұрақтырақ кіріп бара жатқандай әсер қалдырады.

Apple-дың Қытайдағы соңғы серпіні жергілікті бәсекелестерге ой салатын белгі болды: отандық брендтерді қолдау жайлы сөз көп айтылғанымен, әрі телефондары күн сайын жаңарып, күшейіп жатқанымен, қытайлық тұтынушылар Apple-дан бас тартпай отыр. Иә, қытайлық алпауыттарда бүктелетін құрылғы да бар, қуатты ЖИ да бар. Бірақ Apple-ға қайта қарқын алу үшін iPhone экранын жаңартып, тағы бірнеше ұсақ өзгеріс енгізудің өзі жеткілікті болған сияқты.

«Oppo, Vivo не Xiaomi секілді компаниялар Apple-дың осындай берік үстемдігін қалай бұза алатынын әзірге дөп басып айту қиын», – дейді Шнееман.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:142
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 15 Ақпан 2026 02:24
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see138

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see136

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

05 Қазан 2026 09:29see135

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see135

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see134

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see133

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

05 Қазан 2026 12:30see132

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see126

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see126

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see124

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see122

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see121

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see121

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see120

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see120

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see119

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see118

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see114

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see113

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see113
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары