Иран АҚШ тың суасты дронын қолға түсіргенін мәлімдеді
Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
Иран Ислам революциясы сақшылар корпусының Әскери-теңіз күштері Ормуз бұғазында АҚШ-тың REMUS 600 автономды суасты аппаратын қолға түсіргенін мәлімдеді. Иран тарапы аппараттың барлау жүргізгенін айтады. Қазір құрылғы мамандарға беріліп, ондағы деректер зерттеліп жатыр. АҚШ Орталық қолбасшылығы мен Пентагон бұл мәлімдемені әзірге растаған да, жоққа шығарған да жоқ.
Иран тарапының мәліметінше, бұл соңғы күндері қолға түскен екінші америкалық суасты аппараты. Бұған дейін Тегеран АҚШ-та жасалған Dive-LD автономды аппаратын ұстағанын хабарлаған
Сонымен қатар Иран қарулы күштері соңғы екі түнде Ормуз бұғазы арқылы өтуге әрекет жасаған 19 сауда кемесіне соққы жасалғанын мәлімдеді. Иранның Fars агенттігінің дерегінше, бір түнде жеті, одан бұрынғы түні 12 кеме нысанаға алынған. Бұл мәлімет те Иран тарапының мәлімдемесіне негізделген
Ормуз бұғазындағы жағдай соңғы уақытта күрделене түсті. Тегеран бұғаздың жабық екенін айтып, рұқсатсыз кеме қатынасы мен әскери әрекеттерге тосқауыл қоятынын мәлімдеп отыр.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:104
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 27 Қыркүйек 2026 23:44 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















