Иран зымырандардың қашықтығы мен дәлдігін арттыру жоспарлары туралы мәлімдеді
Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..
Иран армиясының өкілі, бригада генералы Мохаммад Акремения АҚШ пен Израильмен болған соңғы соғыс қорытындысы бойынша Тегеран жаңа сабақ алғанын мәлімдеп, зымырандардың ұшу қашықтығы мен дәлдігін арттыру қажет екенін атап өтті, деп хабарлайды Tengrinews.kz "Анадолу" агенттігіне сілтеме жасап.
Басылымның жазуынша, ол бұл туралы Fars жартылай ресми агенттігіне берген сұхбатында айтқан.
Оның айтуынша, қақтығыс елдің әскери әлеуетін одан ары жетілдіру қажет екенін көрсетті. Ол қазіргі уақытта "жаудың" Ираннан шамамен мың шақырым жерде екенін баса айтты.
"Осы соғыс барысында біз зымырандарымыздың қашықтығы мен дәлдігін арттыру керек деген қорытындыға келдік. Қазір осы бағытта ілгерілеп жатырмыз. Соққы жасауқашықтығы мен дәлдігін арттыру бойынша өте жақсы жұмыс атқарылды. Болашақта қарулы күштер қатарына алынатын зымырандардың мүмкіндіктері бұдан да зор болады", - деді ол.
Сонымен қатар Акремения соғыс кезінде Иранның құрлықтағы және әскери-теңіз күштері теңіздегі де, құрлықтағы да, атап айтқанда, Кувейт ауданындағы америкалық нысандарға қарсы зымырандар қолданғанын еске салды. Ол бұл зымырандардың да ұшу қашықтығы ұлғайтылатынын түсіндірді.
Бұған дейін Иран армиясының өкілі елдің қарулы күштері тікелей қауіп төнген жағдайда алдын алу соққыларын жасауға дайын екенін мәлімдеген болатын. Генерал Тегеран мен Вашингтон арасындағы оқ атуды тоқтату режимі кезінде Иран Қарулы күштері ықтимал нысандар тізімін жаңартып, қолда бар қару-жарақты жаңғыртқанын және жинақталған жауынгерлік тәжірибені ескере отырып, техниканың жаңа үлгілерін қарулануға қабылдағанын алға тартты.
Тағы оқыңыз: АҚШ ұлыбританиялық базадан бомбалаушы ұшақтарды шұғыл түрде шығарып жатыр - БАҚ
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:41
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 05 Қазан 2026 09:15 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















