Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада жүзуден Әлем кубогының кезеңі өтеді

Куала Лумпурдағы туристік көрмеде Алматы павильонына 10 мыңнан астам адам келді

Гүлзира Айдарбекова өзін сынап жатқандарға жауап берді

Ақтаудағы лицей қашықтан оқытуға көшті: Оқу ағарту министрлігі ата аналардың шағымын тексеріп жатыр

Мүгедектігі бар спортшы федерация басшысын алаяқтық жасады деп айыптады: полиция шешім қабылдады

Алматыда автокран өздігінен жүріп кетіп, таудан құлады

Петропавлда өртенген үйден әйел мен үш газ баллоны шығарылды

“Бұл сен бе?“ Ұшқыш әкесі мен қызы ерекше жағдайда кездесті

Бюджетке түскен батпан

Мектеп формасының түсі мен шаш үлгісі: Сүлейменова оқушыларға қандай талап қоюға болатынын түсіндірді

Бюджет 2028 жылға дейін бекітілді Зияткерлік мектептердегі орындар не болмақ

Қызылордада мұнай өңдеу зауытында өрт шықты: 120 тонна мұнай жанып кетті

Алматы облысында кесілген ағаштардың орнына көшет отырғызбағандар жазаланды

Жазғы Азия Ойындарына қатысатын боксшылар белгілі болды

ЕАЭО елдеріндегі нақты жалақы өсімі қандай инфографика

Қазақстан ақылды шекара моделін дәйекті түрде дамытып жатыр Тоқаев

Түзету орталығындағы баламен болған жанжалдан кейін қазақстандыққа рақымшылық жасалды

Әлемнің бүкіл еркек кіндіктісін жек көріп кеттім : Дана Нұржігіт Азамат Cатыбалдының өнеріне тәнті болды

Тоқаев Тәжікстан президенті мен халқын ел тәуелсіздігінің 35 жылдығымен құттықтады

Қазақстан Қашаған операторы NCOC компаниясынан 4,9 млрд доллар айыппұл өндіруді тоқтатты

Ірі ұшақтарға қызмет көрсетеді

Ірі ұшақтарға қызмет көрсетеді

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Сондай-ақ ол еліміздің авиация саласын дамытудағы маңызды жобалардың бірі саналады. Жобаның жүзеге асуына Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың АҚШ-қа жасаған ресми сапары барысында қол жеткізілген келісімдер түрткі болды. Аталған сапар аясында «Boeing» корпорациясы мен «SCAT Airlines» әуе компаниясы арасындағы іскерлік ынтымақтастық мәселелері қаралып, соның ішінде Шымкентте ұшақтарға техникалық қызмет көрсететін әрі жөндейтін орталық салу мүмкіндігі талқыланған болатын.

Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков жаңа нысанның іске қосылуы нәтижесінде Шымкенттің авиациялық хабқа айналатынын, сондай-ақ әуе кемелеріне қызмет көрсету барысында инновациялық технологиялар қолданылып, жаңа жұмыс орындарының ашылатынын атап өтті.

– Өздеріңізге белгілі, Мем­лекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биыл Америка Құрама Штат­тарына жұмыс сапарымен барып, сол елдің жетекші ком­панияларының басшыларымен, оның ішінде трансұлттық «Boeing» корпорациясының өкілдерімен бірқатар кездесу өткізді. Со­ның аясында отандық әуе тасы­мал­даушыларының сервистік және логистикалық қызметтерін жетілдіруге бағытталған маңызды жобалар қарастырылды. Әсіресе жергілікті «SCAT» әуе компа­ниясының әуе паркін толықтыру, техникалық қызмет көрсету және жөндеу орталығын құру мәселесіне ерекше назар аударылды. Осыған орай Шымкент халықаралық әуежайында атал­ған орталықтың құрылысы бас­талды. Айта кету керек, мұндай авиа­циялық-техникалық қызмет көрсету нысаны елімізде алғаш рет Шымкентте салынғалы отыр. Бұл жоба арқылы еліміздің тран­зиттік әлеуеті артып, отандық авиация саласының бәсекеге қабілеттілігі күшейеді деген сенім мол. Сонымен қатар бұл бастама инфрақұрылымды жаңғырту мен стратегиялық маңызы бар жобаларды іске асырудың жарқын үлгісі болмақ. Кешен аумағында заманауи ангарлар орналасады. Онда әуе кемелеріне толық көлемде техникалық қызмет көр­сетіліп, жөндеу жұмыстары жүр­гізіледі, – деді Ғабит Сыздықбеков.

Отандық әуе компаниясының президенті Владимир Денисов­тің айтуынша, жобаға «SCAT» же­тек­шілік етеді. Оның негізгі мақ­саты – Қазақстанда ұшақтарға техникалық қызмет көрсетуден бастап күрделі жөндеуге дейін­гі жұмыстарды қамтитын, сон­дай-ақ оларды жаңғыртып, техни­калық мүмкіндіктерін арттыруға мүм­кіндік беретін заманауи толық циклді орталық құру.

– Бүгін біз өндірістік кешен­нің іргетасын ғана қалап жатқан жоқпыз. Сонымен қатар Қазақ­станның авиация са­ласындағы тәуелсіз әрі страте­гиялық техни­калық базасының негізін қалып­тастырып жатырмыз. Жаңа ор­талық «Boeing» ұшақтарына техникалық қызмет көрсетіп, жөндеу жұмыстарын жүргізетін бірегей кешен болумен қатар, аймақтық авиация нарығында «Scat MRO»-ның жаңа сапалық деңгейге көтерілуіне жол ашады, – деді В. Денисов.

Қазіргі уақытта кешен ала­ңында құрылыс жұмыстары қар­­қынды жүргізіліп жатыр. Ны­сан іргетасының қазығын қағу рә­сіміне қатысқан қала әкімі Ға­бит Сыздықбеков бұл ке­шен­­нің арқасында Шымкент­тің авиациялық хабқа айналаты­нын, сервистік және жөндеу жұ­мыстары барысында инно­ва­ция­лық технологиялар қолда­нылып, жаңа жұмыс орында­рының ашылатынын тағы да атап өтті.

– Мемлекет басшысының Америка Құрама Штаттарына жасаған іс-сапарының нәтиже­сінде еліміздің экономикасына қа­тысты маңызды келісімдерге қол жеткізілді. Соның ішінде трансұлттық «Boeing» корпорациясымен орнаған іскерлік байланыстардың маңызы зор. Осы ынтымақтастық аясында «SCAT» әуе компаниясының базасында әлемге әйгілі «Boeing» ұшақтарына техникалық қызмет көрсететін және жөндейтін ауқымды кешен­нің құрылысы басталды. Мұндай авиациялық-техникалық қызмет көрсету орталығы елімізде алғаш рет Шымкентте салынып жатыр. Бұл жоба Қазақстанның транзиттік әлеуетін арттырып, авиация саласының бәсекеге қабілеттілігін күшейтеді деп күтіледі. Сонымен қатар ол инфрақұрылымдық жаңғырту мен стратегиялық ма­ңызы бар жобаларды іске асыру­дың маңызды кезеңі болмақ. Кешен аумағында заманауи ангарлар салынып, онда әуе кемелеріне толыққанды техникалық қызмет көрсетіліп, жөндеу жұмыстары жүргізіледі, – деді қала әкімі.

Жобаға жауапты маман­дардың мәліметінше, инженер­лік-техникалық орталықтың жалпы аумағы 10 гектарды құ­райды. Оның 6 гектардан астам бөлігіне ангарлар салынады. Кешен құрылысы аясында жо­ғары технологиялық 15 ны­сан бой көтермек. Олардың қатарында әмбебап техникалық қызмет көрсету орталығы, авиа­ция­лық шасси тіректерін және қозғалтқыштарды жөндеу цехтары, ішкі жабдықтарды жаңғыр­ту, әуе кемелерін сырлау, элек­трондық жүйелерді реттеу бөлі­дері, сынақ зертханасы мен қосалқы бөлшектер қоймалары болады. Мұның барлығы біртұтас өндірістік кешен ретінде жұмыс істейді.

Өз кезегінде Қазақстанның Кө­лік вице-министрі Тал­ғат Ластаев әуежай инфрақұрылымын кезең-кезеңімен жаңғырту және жаңа стратегиялық жобаларды іске асыру еліміз бен тұтас өңір­дің транзиттік әлеуетін едәуір арттыруға ықпал ететінін мәлімдеді. Сондай-ақ министрлік өкілі нысан құрылысын 2027 жылдың желтоқсан айында аяқтау жоспарланып отырғанын атап өтті. Оның айтуынша, бұл жоба өңірдің инвестициялық тартымдылығын арттырып, Қазақ­станның авиа­ция­лық ин­фра­құрылымын жаңа сапалық деңгейге көтеруге бағыт­талған.

Бұл жоба «SCAT» әуе ком­паниясы мен «Boeing» корпо­рациясының серіктестігі аясында жүзеге асырылып жатыр. Соған сәйкес алдағы уақытта Шым­кент әуежайы ма­ңында авиа­циялық техникаға сервистік қызмет көрсететін және жөндеу жұмысын жүргізетін ірі ангарлық орталық пайда болады. Жалпы, бұл кешенді «Boeing» әуе кеме­леріне қызмет көрсетуге арналған толық өндірістік циклді заманауи нысан деп атауға болады. Яғни болашақта мұнда «Boeing 737», «Boeing 757», «Boeing 767» және «Boeing 777» секілді кең фюзеляжды әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсетіледі.

Сонымен қатар келешекте осыған ұқсас өзге де маңызды жобаларды жүзеге асыру жос­парланып отыр. Бұдан бөлек, министрлік тарапынан жаңа «Boeing» әуе кемелерін сатып алу мүмкіндігі де қарастырылып жатыр.

Жалпы, инфрақұрылымдық жаңғырту жобасы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Шымкент әуежайын мультимодальды хаб ретінде дамыту жөніндегі тапсырмасы аясында жүзеге асырылып жатыр. Осыған байланысты бүгінгі таңда әуежай инфрақұрылымын дамыту және оны оңтүстік өңірдегі ірі халықаралық авиациялық-логистикалық орталыққа айналдыру бағытында ауқымды жұмыс қолға алынған.

Атап айтқанда, мультимо­дальды хаб қалыптастыру мақса­тында әуежайды «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағына қосу көзделіп отыр. Осыған байланысты қажетті жер телімдерін мемлекет мұқтаждығына алу жұмыстары бас­талды. Бұдан бөлек, Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ICAO) стандарттарына сәйкес әуежайда III санаттағы жаңа ұшу-қону жолағының құрылысы жүргізіліп жатыр.

Жаңа ұшу-қону жолағы әуе рейстерінің санын арттыруға және кез келген метеорологиялық жағдайға қарамастан жүк тасымалдайтын ірі әуе кемелерін қабылдауға мүмкіндік береді. Осылай­­ша, инфрақұрылымдық даму жоспары республиканың үшін­ші мегаполисінде кезең-кезе­ңімен жүзеге асырылып жатыр. Ал бұл жобалардың іске асуы­на жергілікті атқарушы билік айрықша көңіл бөліп, қажетті қолдау көрсетіп жатыр. Алдағы уақытта бұдан да ауқымды жобаларды жүзеге асыру жоспарланып отыр. Оларды іске асыруға қала әкімдігі жан-жақты қолдау көрсетпек.

Мұнымен қоса, Шымкент халықаралық әуежайында жаңа терминалдың пайдалануға бері­луі жолаушылар тасымалы кө­ле­мін айтарлықтай арттырды. Кейінгі екі жылда халықаралық бағыттар саны 10-нан 16-ға дейін, ал ішкі бағыттар саны 7-ден 12-ге дейін ұлғайған. Сонымен бірге халықаралық жүк тасымалы бағытында ірі әуе компанияларымен әріптестік байланыстар орнатылып, нәтижесінде транзиттік жүк пен жолаушылар ағыны бірнеше есеге өскен.

Жалпы, Шымкент Орта Азия­ның қақпасы саналады. Қала Орталық Азия мен Қазақстан аумағындағы маңызды көлік дәліздерінің тоғысқан тұсында орналас­қан. Сондықтан халық­аралық сауда және логистика саласында хаб рөлін атқаруға толық мүмкіндігі бар.

Осы ерекшелікті ескере отырып, қала әкімдігі әуежай маңынан сауда-логистикалық орталық салды. Қазіргі уақытта оның аумағы кеңейтіліп, жаңа қоймалар мен заманауи өндірістік нысандар бой көтеріп жатыр. Мұның бәрі келешекте Шымкентті ірі сауда-логистикалық орталықтардың бі­ріне айналдыруға мүмкіндік береді.

Мамандардың пікірінше, ин­фра­құрылымды дамыту эконо­миканың өсуіне тікелей әсер етеді. Кәсіпорындарға ең алдымен инженерлік-коммуникациялық  жүйелер қажет. Одан кейін өнді­рілген өнімді сақтауға және тасымалдауға арналған заманауи қоймалар мен логистикалық инфрақұрылым керек. Бүгінде мұның барлығы Шымкент қала­сын­да кезең-кезеңімен жүзеге асыры­лып жатыр.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:89
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 09 Маусым 2026 10:40
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада жүзуден Әлем кубогының кезеңі өтеді

07 Қыркүйек 2026 22:03see144

Куала Лумпурдағы туристік көрмеде Алматы павильонына 10 мыңнан астам адам келді

08 Қыркүйек 2026 13:48see143

Гүлзира Айдарбекова өзін сынап жатқандарға жауап берді

07 Қыркүйек 2026 21:43see141

Ақтаудағы лицей қашықтан оқытуға көшті: Оқу ағарту министрлігі ата аналардың шағымын тексеріп жатыр

08 Қыркүйек 2026 16:49see140

Мүгедектігі бар спортшы федерация басшысын алаяқтық жасады деп айыптады: полиция шешім қабылдады

08 Қыркүйек 2026 07:22see139

Алматыда автокран өздігінен жүріп кетіп, таудан құлады

08 Қыркүйек 2026 17:04see139

Петропавлда өртенген үйден әйел мен үш газ баллоны шығарылды

08 Қыркүйек 2026 20:43see138

“Бұл сен бе?“ Ұшқыш әкесі мен қызы ерекше жағдайда кездесті

08 Қыркүйек 2026 09:33see138

Бюджетке түскен батпан

08 Қыркүйек 2026 04:59see138

Мектеп формасының түсі мен шаш үлгісі: Сүлейменова оқушыларға қандай талап қоюға болатынын түсіндірді

08 Қыркүйек 2026 16:49see136

Бюджет 2028 жылға дейін бекітілді Зияткерлік мектептердегі орындар не болмақ

08 Қыркүйек 2026 13:07see136

Қызылордада мұнай өңдеу зауытында өрт шықты: 120 тонна мұнай жанып кетті

08 Қыркүйек 2026 10:15see134

Алматы облысында кесілген ағаштардың орнына көшет отырғызбағандар жазаланды

07 Қыркүйек 2026 20:34see133

Жазғы Азия Ойындарына қатысатын боксшылар белгілі болды

09 Қыркүйек 2026 01:12see131

ЕАЭО елдеріндегі нақты жалақы өсімі қандай инфографика

08 Қыркүйек 2026 21:40see126

Қазақстан ақылды шекара моделін дәйекті түрде дамытып жатыр Тоқаев

08 Қыркүйек 2026 19:15see122

Түзету орталығындағы баламен болған жанжалдан кейін қазақстандыққа рақымшылық жасалды

08 Қыркүйек 2026 20:05see119

Әлемнің бүкіл еркек кіндіктісін жек көріп кеттім : Дана Нұржігіт Азамат Cатыбалдының өнеріне тәнті болды

08 Қыркүйек 2026 23:41see118

Тоқаев Тәжікстан президенті мен халқын ел тәуелсіздігінің 35 жылдығымен құттықтады

09 Қыркүйек 2026 09:33see118

Қазақстан Қашаған операторы NCOC компаниясынан 4,9 млрд доллар айыппұл өндіруді тоқтатты

09 Қыркүйек 2026 08:07see109
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары