Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

Қазақстанның 2027 жылға арналған бюджетінде мұнай бағасының үш сценарийі қарастырылды

Синоптиктер ескертуі: еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады

Алматы әкімдігі лық толы автобус аялдамасы түсірілген видеоға түсініктеме берді

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады

Балаларды орындыққа байлап, ұрып соққан: Астанадағы жекеменшік балабақшада дау шықты

Депутат Ләззат Жылқыбаева азаматтардың жеке деректерінің қорғалуын тексеруді талап етті

Астанада робот иттер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысып жүр

Қарағанды Жезқазған тас жолын жарты ғасырда алғаш рет жаңарту туралы шешім қабылданды

Тоқаев Азиядағы өзара іс қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес саммитінде сөз сөйледі

Қазақстан мен Бельгия порттар арасында серіктестік орнатуды көздеп отыр

Қазақстанда жалпы өңірлік өнімнің өсу қарқыны байқалды

Жаңақала аудандық ауруханасы 21 мыңнан астам тұрғынға қызмет көрсетеді

Жаңақала аудандық ауруханасы 21 мыңнан астам тұрғынға қызмет көрсетеді

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

Еліміздің батысындағы Орал қаласынан шамамен 300 шақырым қашықтықта Жаңақала аудандық ауруханасы бүгінде 21 мыңнан астап тұрғынға уақытылы ем көрсетіп, талайын сауықтырып жатыр. Бұл туралы Жаңақала аудандық ауруханасы директоры Дәурен Кукенов айтып берді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Оның айтуынша, қазір Болат Өтемұратов қорының елдегі денсаулық сақтау саласының материалдық-техникалық базасын нығайтуға бағытталған көмегінен Жаңақала аудандық ауруханасы шеттеліп қалмаған. Қордың қолдауымен Жаңақала аудандық ауруханасына заманауи талаптарға сай жабдықталған реанимобиль табысталған. 

Еске сала кетейік, 2020 жылы ауруханаға қор 44 миллион теңгеге  жедел-жәрдемге қажетті барлық құрылғысымен жабдықталған реанимобиль мен 14 миллион теңгеге тыныс алу құрылғысын тарту еткен.

Сол реанимобильдің құрамында жасанды тыныс алу аппараты, жүрек-өкпе реанимациясына арналған аппарат, электрокардиограф, дефибриллятор, инфузиялық помпа, инфузиялық насос және пульсоксиметр секілді өмірлік маңызы бар медициналық құрылғылар бар.

– Бұл жабдықтар шұғыл медициналық көмекті уақытылы әрі сапалы көрсетуге мүмкіндік берді. Біздің ауданда 21 326 тұрғын өмір сүреді. Жыл сайын аудандық ауруханада тыныс алу жүйесінің әртүрлі патологияларымен орта есеппен 8–10 сәби дүниеге келеді. Мұндай жағдайда жаңа реанимобиль жаңа туған нәрестелер мен ауыр халдегі науқастарды облыстық мамандандырылған медициналық ұйымдарға қауіпсіз әрі уақытылы жеткізуге, жол бойында қажетті қарқынды ем-шараларды үздіксіз жүргізуге мүмкіндік туды. Көлік балаларға ғана емес, барлық жастағы науқастарға шұғыл жағдайда сапалы медициналық көмек көрсетіп, ел ішінде қолжетімділігін арттырды.

Алыс ауылдық аймақ тұрғындары үшін мұндай қолдау – адам өмірін сақтап қалудағы маңызды қадам. Жаңақала аудандық ауруханасының ұжымы Болат Өтемұратов Қорына аудан тұрғындарының денсаулығын қорғауға қосқан зор үлесі, көрсеткен жанашырлығы мен қолдауына алғысымыз шексіз. Осындай игі істің арқасында  талай адамның өміріне үміт сыйлап, қуанышының ортаймауына септигі тиіп жатыр, – дейді Жаңақала аудандық ауруханасы директоры Дәурен Кукенов.

Негізі Жаңақала аудандық ауруханасы Батыс Қазақстан облысы аумағында 8 ауылдық округті қамтып, жергілікті халыққа толыққанды медциналық көмек көрсетіп отыр. Ауданның алып жатқан аумағының өзі солтүстіктен оңтүстік аралықтағы 200 шақырымды қамтиды.  Ал Жаңақала ауданынан ең алшақ ауылдың қашықтығы 90 шақырым. Облыс орталығы Орал қаласына дейін 250 шақырым. Сол себепті де бұл аймаққа реанимобильдің қажеті қат еді. 

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:185
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 17 Шілде 2026 15:31
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

14 Қазан 2026 21:13see132

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

14 Қазан 2026 21:06see130

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

14 Қазан 2026 21:07see129

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

14 Қазан 2026 20:59see126

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

14 Қазан 2026 20:54see126

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

14 Қазан 2026 21:31see125

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

14 Қазан 2026 22:21see123

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

14 Қазан 2026 23:44see123

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

14 Қазан 2026 21:13see122

Қазақстанның 2027 жылға арналған бюджетінде мұнай бағасының үш сценарийі қарастырылды

14 Қазан 2026 20:53see121

Синоптиктер ескертуі: еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады

14 Қазан 2026 21:08see120

Алматы әкімдігі лық толы автобус аялдамасы түсірілген видеоға түсініктеме берді

14 Қазан 2026 20:54see119

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады

14 Қазан 2026 21:05see119

Балаларды орындыққа байлап, ұрып соққан: Астанадағы жекеменшік балабақшада дау шықты

15 Қазан 2026 09:31see119

Депутат Ләззат Жылқыбаева азаматтардың жеке деректерінің қорғалуын тексеруді талап етті

14 Қазан 2026 21:01see119

Астанада робот иттер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысып жүр

15 Қазан 2026 16:43see118

Қарағанды Жезқазған тас жолын жарты ғасырда алғаш рет жаңарту туралы шешім қабылданды

14 Қазан 2026 20:56see117

Тоқаев Азиядағы өзара іс қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес саммитінде сөз сөйледі

15 Қазан 2026 17:59see117

Қазақстан мен Бельгия порттар арасында серіктестік орнатуды көздеп отыр

14 Қазан 2026 21:03see116

Қазақстанда жалпы өңірлік өнімнің өсу қарқыны байқалды

14 Қазан 2026 21:02see115
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары