Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Талдықорғандағы түнгі төбелес видеоға түсіп қалды

Ұлттық тазалық стандартын әзірлеу қажет деп санаймын. Бұл уақыт талабы Тоқаев

Бізге келген америкалық конгрессмендер қалалардың тазалығына таңғалды Тоқаев

Қостанай облысында аурухана медициналық жабдықтарды сатып алуда бәсекелестікті әдейі шектеген

Көкшетауда студент қыз көлік тұрағына байланысты ер адаммен болған жанжал кезінде жарақат алды

Қазақстаннан 558 спортшы қатысады: Нагояда ХХ жазғы Азия ойындары ашылды

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

Әрқашанда еліміз туралы ойлап, Қазақстанға қамқоршы болыңыздар Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

Қарағанды облысында 200 ге жуық шошқа тиелген жүк көлігі жол апатына түсті

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

Цифрлық дәуірдегі дала

Ресейдегі парламенттік сайлау: бақылау күшейіп, оппозиция шеттетілді

Жаңа iPhone 18 сатылымға шықты: әлемнің бірнеше қаласында ұзын сонар кезек пайда болды

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

Таразда тәулігіне 3000 тонна қызылша өңдейтін зауыт іске қосылады

ШҚО да аюлардың адамдарға жақындау оқиғалары жиіледі

Ішкі саясат: Жарлық шықты, бағыт берілді, енді істелінеді?

Ішкі саясат: Жарлық шықты, бағыт берілді, енді істелінеді?

Qazaq24.com, Arasha.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

Кеше "Қазақстан Республикасы ішкі саясатының негізгі қағидаттарын, құндылықтары мен бағыттарын бекіту туралы" жарлық шықты, деп хабарлайды Arasha.kz.

Жарлыққа қоса, аты айтып тұрғандай ішкі саясатқа бағыт беретін құжат та жарияланды. Кешелі бері көзіқарақты жұрт оқып, танысып жатыр. Бұл құжат  ішкі саясатқа қатысты ел ішінде сын көбейіп, "ортақ ұстаным, жүйеленген бағыт жоқ, ішкі ісіміз қожырап, босаңсып кетті" дегенге саятын әңгіме әр асүйде айтыла бастаған шақта жарқ етіп жарлық болып шыға келді. Бұл да болса биліктің өз айтқандай, қоғам үніне құлақ тосқаны. Әрі сол ел ішінен естіген, жеткен, түскен сөзді екшеп, "ішкі саясаттың мәселелері мен шешімдерін іштен біліп тудым" дейтін алғыр сарапшы, депутат, жергілікті биліктің жауапты шенеуніктерінің де пікірлерін жинап кеп, ішкі саясаттың бағдарын анықтаған атаулы құжатты қабылдаған. Мұндай құжаттың қабылдануы заңды, керек десеңіз қажет. Өйткені, бағыт-бағдарсыз, жоспарсыз, жүйесіз ел болмайды, ел түгілі үш жылын демей-ақ қояйық, үш айын ойламайтын, жоспарламайтын отбасы болмайды. Ал әңгіме бүтін мемлекеттің ішкі саясатына туралы болғанда жарлықпен бекітілген бір стратегиялық құжаттың болуы әбден орынды. Мұны кіріспе деңіз. Біз құжаттың өнбойына үңіліп, үтір-нүктесіне дейін талдап, тоқталмаймыз. Бұл құжат мемлекеттік органдарға соның ішінде аймақтардың ішкі саясат басқармаларына, әкімдердің ішкі саясат және идеология бойынша орынбасарларына арналғандықтан, міне, солар майшаммен қарап, әр сөзін қалай іске асыратындарына нақты іс-жоспар құрады. Біздікі шолу сипатты болғандықтан, құжаттың бірер тұсына аялдаймыз.

Ә дегенде құжаттағы отбасына қатысты тұсын алайық. Кейінгі аптада толастамай тұрған әлеуметтік желідегі жұлдызды отбасының дауы елдегі отбасылық институттың ішкі ахуалынан хабар береді. Құжатта: "Отбасы саясатының тиімділігін қамтамасыз ету үшін: отбасы институтын нығайту және отбасы құндылықтарын қолдау; жауапты ата-ана идеясын дәріптеу; тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және оған қарсы тұру, әйелдер мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету; отбасы саясаты саласындағы нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру қажет". Бір қарағанда баяғыдан құлаққа таныс, үйреншікті сөз. Ал елдегі ажырасудың көбеюі, отбасындағы зорлық-зомбылықтың әлі де көп жағдайда жабулы қазан күйінде қалып келе жатқаны, босана сала баласынан бас тартатындардың саны да біз ойлағаннан көп болуы, балалар мен әйелдерге қысым, буллинг, қорлау, адами құндылықтарын құнсыздандыру қатарлы проблемалар құжаттағы отбасы саясатының ауадан алынбағанын, керісінше мемлекеттің қолындағы база деректеріне, статитистикаға, арыздар мен есептердің негізінде жасалғанын аңғартады. Мемлекеттің негізгі тірегі - отбасы институтын сақтау, қорғау, дамыту, жаңа замана талаптарына ыңғайлау, зорлық-зомбылықпен күресті қамтитын кешенді әрі жүйелі жұмыс жүргізуге атаулы құжат бағыт көрсеткен.

Құжаттағы жаңалық -  жалпыұлттық нышандар. "Елдің тарихи-мәдени ерекшеліктерін айқындайтын ұлттық нышандардың тізімін жасау – әлемде кеңінен қолданылатын тәжірибе. Ұлттық нышандар елдің өзіне тән ерекшелігін тануға,  жалпыұлттық бірегейлігімізді нығайтуға және тарихи-мәдени мұрамызды сақтауға ықпал етеді.
Осы мақсатта жалпыұлттық нышандардың мынадай тізімі айқындалады:
ұлттық ұран – «Алға, Қазақстан!»;
ұлттық түстер – аспан түстес көк, алтын сары түс;
ұлттық кітап нышаны – Абайдың «Қара сөздері»;
ұлттық бірлік нышаны – шаңырақ;
ұлттық музыкалық аспап нышаны – домбыра;
ұлттық өсімдік нышаны – қызғалдақ;
отандық өнім шығарудың ұлттық белгісі – «Қазақстанда жасалған», «Made in Qazaqstan»;
ұлттық хэштег – #Qazaqstan, #Kazakhstan", - міне, жалпыұлттық нышандарыңыз - осы. «Алға, Қазақстан!» айтып үйреніп қалған ұранымыз ғой, кім өз аты бәйгеден келмесін, балуаны жеңбесін, футбол командасы топ жармасын дейді, сөзсіз әр жеңіс қалаймыз, көк ту желбірегенде соған тебіренбейтін қазақ әй, жоқ-ау. Додалы жарыстарда, ел намысы сынға түсетін шақтарда жұрт осы «Алға, Қазақстанды!» қарлыққанша айғайлап жүргені жасырын емес. Міне, сол сөзді ұлттық ұран болсын делінген. Қалған нышан есті адамға өте түсінікті, мән-мағынасы айтып жатудың өзі артық. Ал кітап нышанына Абайдың өлеңдері емес, "қара сөздері" алынғанында да астары бар. Хакімнің қара сөздерін оқыған адам білсе керек, Абай онда әділдікке, адамгершілікке, ғылым-білімге, еңбекке, бірлікке шиырып айтқанда толық адам болуға қажетті нәрсенің бәрін айтады және жұрттың керітартпа мінезін, өтірік, өсекке үйірсектігін, қызмет құмарлығын, қызметке таласқыштығын, мал шашпақ (ақша) дарақығын тағы сол секілді ел ішіндегі кемшіліктерді сынайды әрі оны жеңбектің жолын да нұсқайды."Қара сөздерге" қарап қазіргі әр адам, қоғам айнаға қарағандай өз кемшілігін көріп, соны түзетпекке ұмытылса, қанеки.

Құжаттың өзге тарауы президент жолдауына айтылып келе жатқан әділет, заң үстемдігі, бірлік, отаншылдық (елшілдік, мемлекетшілдік) сынды дүниелерді ішкі саясатта одан әрі орынықтыруға бағыт берілген.

Құжатты іске асыратын органдарға тұтас билік органдары түгелдей көрсетілген деуге болады. Бірақ ең негізгі шаруаны аймақ, аудан, ауыл, қалалардағы әкімшіліктер атқарады. Жергілікті билік құжатты қалай іске асырады, қандай іс-шаралар жоспарын құрады - ендігі мәселе сонда. Құжатты үш қайтара оқып шыққан соң, аймақтағы кішкентай шенеуніктер күнде жиналыс жасап, енді не істейміз деп күнде кеңес құрып жатқаны айтпаса да Астанаға түсінікті. Олай болатыны, құжаттың негізгі атқарылатын жұмысы мен міндеті әр облыстағы жауапты басқармаларға жүктеледі. Ал президент әкімшілігі дейтін әйдік кеңседегі ақ жағалылар құжаттағы әр тараудың іске асуын қадағалап, аймақтардан есеп алып, бақылайды. Бұл жұмыс шамамен осылай жүреді. Құжат қабылданды, жарлық шықты, бағыт берілді. Енді алдағы жылдан бастап нәтиже шыға ма, науқанға айнала ма - белгілі бола бастайды.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:193
embedДереккөз:https://arasha.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 06 Қараша 2025 19:04
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Талдықорғандағы түнгі төбелес видеоға түсіп қалды

19 Қыркүйек 2026 09:36see167

Ұлттық тазалық стандартын әзірлеу қажет деп санаймын. Бұл уақыт талабы Тоқаев

19 Қыркүйек 2026 15:29see156

Бізге келген америкалық конгрессмендер қалалардың тазалығына таңғалды Тоқаев

19 Қыркүйек 2026 17:11see154

Қостанай облысында аурухана медициналық жабдықтарды сатып алуда бәсекелестікті әдейі шектеген

19 Қыркүйек 2026 11:28see152

Көкшетауда студент қыз көлік тұрағына байланысты ер адаммен болған жанжал кезінде жарақат алды

19 Қыркүйек 2026 10:05see150

Қазақстаннан 558 спортшы қатысады: Нагояда ХХ жазғы Азия ойындары ашылды

19 Қыркүйек 2026 19:12see146

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

19 Қыркүйек 2026 20:17see145

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

19 Қыркүйек 2026 20:17see142

Әрқашанда еліміз туралы ойлап, Қазақстанға қамқоршы болыңыздар Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

19 Қыркүйек 2026 17:01see140

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

20 Қыркүйек 2026 09:27see136

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

20 Қыркүйек 2026 09:51see136

Қарағанды облысында 200 ге жуық шошқа тиелген жүк көлігі жол апатына түсті

19 Қыркүйек 2026 13:07see133

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

20 Қыркүйек 2026 11:06see131

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

20 Қыркүйек 2026 11:51see127

Цифрлық дәуірдегі дала

19 Қыркүйек 2026 06:47see127

Ресейдегі парламенттік сайлау: бақылау күшейіп, оппозиция шеттетілді

20 Қыркүйек 2026 22:23see126

Жаңа iPhone 18 сатылымға шықты: әлемнің бірнеше қаласында ұзын сонар кезек пайда болды

19 Қыркүйек 2026 14:33see126

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

20 Қыркүйек 2026 08:01see125

Таразда тәулігіне 3000 тонна қызылша өңдейтін зауыт іске қосылады

19 Қыркүйек 2026 11:06see121

ШҚО да аюлардың адамдарға жақындау оқиғалары жиіледі

20 Қыркүйек 2026 22:22see119
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары