Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

Қазақстан Ыстамбұлда сауда кеңсесін ашты

Ішкі саясат іргетасы бірлік пен тұрақтылық

Ішкі саясат іргетасы бірлік пен тұрақтылық

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Тәуелсіздік алғалы бері еліміз саяси тұрақтылықты сақтау мен қоғам бірлігін қамтамасыз етуді басты құндылық ретінде ұстанып келеді. Заман жаңғырып, уақыт алға жылжыған сайын ішкі саясаттың да бағы­тын қайта тұжырымдау қажеттілігі туындайтыны сөзсіз. Осы орайда Мем­лекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Қазақстан Республикасы ішкі сая­са­ты­ның негізгі қағидаттарын, құндылықтары мен бағыттарын бекіту туралы» Жарлыққа қол қоюы – елдің саяси жаңғыруының қисынды жалғасы әрі маңызды кезеңі.

Суретті түсірген – Ерлан ОМАР, «ЕQ»

Дамудың идеялық компасы

Бұл құжат мемлекеттік құры­лым­дар үшін нұсқаулық қана емес, сонымен қатар қоғамның дамуына бағыт-бағдар беретін идеялық бағдар іспетті. Құжатта ішкі саясаттың негізгі қағидаттары айқын көрсетілген. Олар – «Заң және тәртіп», «Халық үніне құлақ асатын мемлекет», «Түрлі көзқарас – біртұтас ұлт», «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет», «Адал азамат», «Таза Қазақстан» секілді іргелі ұстанымдар. Бұл қағидаттар ел ішіндегі идеологиялық, сая­си және рухани бағыттардың үйлесімді тепе-теңдігін қалыптастыруды көздейді. Әсіресе қоғамның әр тобының пікірін ескеру, билік пен бұқара арасындағы диалог мәдениетін орнықтыру – оның басты өзегі.

«Бұл құжаттың маңызы – кейінгі жылдары Президенттің Жолдауларында, Ұлттық құрылтай отырыстарында, сарапшылар талқысында қалыптасқан негізгі идеялар мен бағыттарды біртұтас құқықтық негізге біріктіруінде. Оның мәні бірнеше деңгейде көрініс табады: ол мемлекеттік саясаттың сабақтастығын қамтамасыз етеді, қоғамдағы бірлік пен тұрақтылықты нығайтады әрі елдің стратегиялық дамуына ортақ бағдар ұсынады», дейді Президент жанындағы ҚСЗИ Аймақтармен жұмыс бөлімінің жетекшісі Әмина Үрпекова. 

Оның айтуынша, біріншіден, қоғам үмітін арқалаған құжаттың қабылдануы елдің ішкі саясатының институционалдық тұрғыдан жаңа кезеңге аяқ басқанын білдіреді. Ол кейінгі жылдары қалып­тасқан негізгі идеологиялық әрі бағ­дар­ламалық бағыттарды біртұтас жүйеге біріктірген. Бұл – елімізде жүзеге асырылып жатқан сая­си реформалар аясында ерекше маңызды. Өйткені билік тармақтары арасындағы өкілеттіктер қайта бөлініп, жаңа саяси жауапкершілік моделі қалыптасып, азаматтық қатысу инсти­тут­тарының рөлі артып келеді.

«Екіншіден, құжат барлық деңгейдегі мемлекеттік органдар үшін бағыт-бағдар беретін басқарушылық функцияны атқарады. Онда ішкі саясаттың негізгі қағидаттары мен мемлекет жаңғыруының нақты бағыттары айқын белгіленген. Әсіресе шешімдердің аймақтарда жүзеге асырылу тәжірибесіне қатысты сын-пікірлер жиі айтылып жүрген қазіргі жағдайда бұл құжат барлық мемлекеттік құрылым үшін ортақ көзқарас пен бірыңғай стандарттарды қалыптастыруға негіз болмақ», дейді Ә.Үрпекова.

Сарапшының пікірінше, үшіншіден, аталған құжаттың қоғам мен құндылықтар жүйесі тұрғысынан да мәні зор. Ол – мемлекет пен қоғам арасындағы өзара сенім мен ортақ құндылықтар негізінде құрылған жаңа қоғамдық келісімнің нышаны іспетті. Мұнда ұлттық құндылықтар мен адамгершілік қағидаттары жүйеленіп, тұтас ұлттың рухани тұғыры ретінде бекітілген. Осы арқылы мемлекет ішкі саясаттағы басымдықтарын айқындап қана қоймай, қоғамды біріктіретін құндылықтар консенсусын орнықтырады. Бұл – түрлі әлеуметтік топтар мен буын­дарды «Әділетті Қазақстан» идеясы айналасындағы ортақ мақсат жолына жұмылдыратын маңызды қадам.

Жауапкершілік – жалпыға ортақ міндет

Ішкі саясаттағы басты міндет – қоғамдық тұрақтылық пен ұлт бірлігін сақтау. Осы тұрғыда жаңа құжат бұрын­ғы идеологиялық тәсілдерді жаңаша пайым­дауға жол ашады. Мұнда этносаралық және конфессияаралық татулық, мәдени-гуманитарлық даму, отбасы мен жастар саясаты, ақпараттық кеңістік сияқты бағыттар кешенді түрде қамтылған.

Саясаттанушы Айгерім Серікжанова­ның айтуынша, ішкі саясаттың негізгі қағидаттары, құндылықтары мен бағыт­та­ры туралы жаңа бағдарлама тек мем­лекеттік саясаттың идеологиялық бет­алы­сын айқындап қана қоймай, бүкіл қоғамға ортақ жауапкершілік мәдениетін қалып­тас­тыруға арналған.

«Бұл мемлекеттік органдардың ғана емес, азаматтық қоғамның, бұқаралық ақпарат құралдарының, әрбір жеке аза­мат­тың жауапкершілігін арттырады. Себебі елді тұрақты дамыту мен қоғамдық келісімді сақтау – әр азаматтың да борышы. Мемлекеттік қызметкер өз ісіне адал болса, БАҚ өкілі ақпаратты әділ әрі са­уатты таратса, ғалым мен педагог жастарға елдік сана дарытса, ал қарапайым азамат өз ортасында әділдік пен мәдениеттілік үлгісін көрсетсе, Әділетті Қазақстанның іргесі бекиді», дейді ол.

Саясаттанушы құжатта көрсетілген қағидаттар – заң үстемдігі, ашық диалог, адал азаматтық ұстаным, экологиялық және мәдени жауапкершілік қоғамның жаңа сапалық деңгейге өтуіне негіз болатынын айтады. Бұл – мемлекеттің де, қоғамның да өзара сенімін күшейтіп, жаңа жалпыға ортақ этиканы қалыптастыруға бағытталған идеологиялық код.

«Осы қағидаттарды нақты жүзеге асыру қоғамның жаңаруына, ұлттық бірегейліктің артуына, азаматтардың өз елінің дамуы­на нақты үлес қосуына жол ашады. Әділетті Қазақстан мемлекет пен қоғамның өзара түсінісуінен бас­­талады. Сондықтан құжат – бәрімізге ортақ жауапкершілік пен бірлескен даму мәдениетінің жаңа кезеңін білдіретін маңызды қадам. Яғни ішкі саясат тек саясаткерлердің ісі емес, әр азаматтың жауапкершілігі мен ұстанымына тікелей байланысты екенін ұғындырады»,
дейді ол.

Құндылықтарды құнттай білу керек

Бұған дейін ішкі саясат көбіне науқан­дық сипатта жүзеге асса, енді Президент Жарлығы оның институционалдық әрі стратегиялық сипатын айқындап отыр. Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті Философия, саясаттану және дінтану институтының бас директоры, социология ғылымдарының докторы Айгүл Сәдуақасованың айтуынша, бұл Жарлық – 2022 жылы басталған «Әділетті Қазақстан» тұжырымдамасының заңды жалғасы болуымен құнды.

«Біздің ең басты жалпыұлттық құн­дылығымыз, әрине, Тәуелсіздік пен отан­шылдық. Бұл ұғымдардың аясында бірлік пен ынтымақ, әділдік пен жауапкершілік, заң мен тәртіп, еңбекқорлық пен кәсіби біліктілік, жасампаздық пен жаңашылдықты да атауға болады. Егер осы айтылған әрбір құндылыққа бейжай қарамай, өміріміздің желкені ете білсек, олар Отанымызды үлкен мақсатқа жетелейді. Құндылықтарымызды құнттай білу арқылы әлемдік қауымдастықтың беделді мүшесіне айналумен қатар, мәдениетіміз бен бірегейлігімізді нығайтамыз. Дүниеде орын алып жатқан технологиялық толқындарға ілескен жақсы, алайда ішкі бірлігіміздің іргетасы болатын құндылықтарымызды да естен шығармағанымыз абзал», дейді ол.

Әлеуметтанушының айтуынша, қазіргі таңда демографиялық өсу, жаңа ұрпақтың өмірге келуі әрі олардың тәрбиеленуі мен әлеуметтену үдерістері мүлдем өзгеше ортада жүріп жатыр. Олар – цифрлық орта мен жасанды интеллект дәуірі.

«Ал бұл жерде бірегейлікті сақтау және заң мен тәртіп қалай орнауы керек? Ол еңбекқорлықпен әрі кәсіби біліктілікпен келеді. Жасампаздықпен, жаңашылдықпен жүзеге асады. Әрбір технологияның ішінде өзінің бір мағынасы болу керек. Сол мағына қоғамның мәдениетімен, дәстүрімен тікелей байланысты. Сондықтан ішкі саясаттың негізгі қағидаттары, құндылықтары мен бағыттары анықталғаны азаматтық қоғамға да, мемлекеттік органдарға да түсінікті әрі айқын бағыт-бағдар беретін құжат», дейді сарапшы.

Аталған құжат мәтінінде еліміздегі этносаралық және дінаралық келісім мәселесіне де арнайы көңіл бөлінген. Айгүл Кәкімбекқызының айтуынша, бұл орайда Қазақстан халқы Ассамблеясы мен діни бірлестіктер қызметіне баса назар аударылуы керек. Жаңа құжаттың да мазмұны аталған салалардың маңызын айқындап тұр.

Мемлекет басшысының ұйытқы болуымен жүзеге асқан бұл бастама – идеологиялық тұрғыдағы тарихи шешім. Ендігі міндет – қағидаттарды қағаз жүзінде қалдырмай, нақты істер мен жобалар арқылы өміршең ету. Еліміз үшін ішкі сая­сат халықтың үнін тыңдайтын ашық диалог алаңы кезеңіне өтті. 

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:214
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 07 Қараша 2025 08:15
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see138

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

05 Қараша 2026 16:01see135

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see133

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

05 Қараша 2026 14:08see132

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

05 Қараша 2026 16:01see132

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see131

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

05 Қараша 2026 14:59see130

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see130

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

05 Қараша 2026 14:57see128

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

05 Қараша 2026 18:53see128

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

05 Қараша 2026 14:11see128

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see128

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see128

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

05 Қараша 2026 17:38see127

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

05 Қараша 2026 14:16see126

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

05 Қараша 2026 16:33see126

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

05 Қараша 2026 14:58see126

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

05 Қараша 2026 15:01see125

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

05 Қараша 2026 14:10see125

Қазақстан Ыстамбұлда сауда кеңсесін ашты

05 Қараша 2026 19:27see125
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары