Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

АҚШ та жаппай атыс болып, тоғыз адам қаза тапты

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Just жұбайлар жыры

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

Қазақстан Армения серіктестігінің жаңа бағыты: саясат, экономика және аймақтық тұрақтылық

Қазақстан Армения серіктестігінің жаңа бағыты: саясат, экономика және аймақтық тұрақтылық

Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Қазақстан мен Армения арасындағы саяси және экономикалық байланыстар соңғы жылдары жаңа қарқынмен дамып келеді. Екіжақты сапарлар санының артуы, аймақтық тұрақтылыққа бағытталған бастамалар және жаңа логистикалық жобалардың пайда болуы екі ел арасындағы ынтымақтастықты күшейтіп отыр. Алдағы ресми сапарлар мен жоспарланған келіссөздер аясында қарым-қатынастың қазіргі деңгейі мен даму динамикасын біз өңірлік саясат мәселелері жөніндегі сарапшы Армен Петросянмен талқыладық. 

- Армения Премьер-министрінің Қазақстанға ресми сапары екі ел арасындағы серіктестікті нығайтты деуге болады. Осы орайда, Қазақстан мен Армения арасындағы қазіргі қарым-қатынас деңгейін қалай сипаттауға болады?

- Армения мен Қазақстан арасындағы саяси қатынастарды өте белсенді деп сипаттауға болады. Арменияның Орталық Азиядағы басқа елдерімен салыстырғанда, Қазақстанмен байланыстар қарқынды әрі мазмұнды деңгейде дамып отыр. Тәуелсіздік алған 90-жылдардан бері екі елдің ресми тұлғалары арасында шамамен 60-қа жуық өзара сапарлар жүзеге асқан. Сондай-ақ екіжақты және көпжақты деңгейде кең ауқымды шарттық-құқықтық база қалыптасқан.

Бұл бірнеше объективті және субъективті алғышарттарға негізделген. Ең алдымен, екі ел де ЕАЭО, ТМД, ҰҚШҰ секілді маңызды ынтымақтастық форматтарының мүшесі. Екінші жағынан, Қазақстан өзінің белсенді және теңгерімді сыртқы саясатының арқасында Оңтүстік Кавказ елдерімен өзара қарым-қатынаста белгілі бір тепе-теңдік сақтауға ұмтылады.

Бұған қоса, Қазақстан Әзербайжан мен Армения арасындағы қатынастарды реттеу процесіне бірнеше рет маңызды үлес қосуға талпынып, Ереван мен Баку үшін келіссөз алаңын ұсынып келді. Мен Армения Премьер-министрінің Қазақстанға ресми сапары екіжақты қатынастарды нығайтып, жаңа салалардағы ынтымақтастық бойынша уағдаластықтарға жол ашатынына сенімдімін.

- Жаһандық деңгейде экономикалық сұрақтар қазір алдыңғы қатардағы маңызды мәселеге айналған.  Қазіргі таңда елдер арасындағы өзара іс-қимыл динамикасын қандай негізгі факторлар айқындап отыр деп ойлайсыз? Бұл екі елге қандай мүмкіндіктер береді?

- Біріншіден, әлемдік тәртіптің өзгеруі және әртүрлі автономды өңірлер арасындағы өзара байланыстылықтың күшеюі. Бұл жаңа логистикалық, көліктік және экономикалық жобалар есебінен іске асады. Келесі фактор - түрлі геосаяси және геоэкономикалық орталықтар арасындағы байланыстардың жаңа бағыттарын ынталандыру. Бұл Оңтүстік Кавказ бен Орталық Азия арасындағы жаңа сапалы қатынастарды дамытуға әкеліп отыр.

Мысал ретінде АҚШ, Еуропалық одақ және Қытайдың біздің өңірлердің қатысуымен жаңа жобаларды жүзеге асыруға деген қызығушылығын атауға болады. Бұдан бөлек, Оңтүстік Кавказда, яғни Армения мен Әзербайжан арасында бейбітшіліктің орнауы маңызды рөл атқарады. Бұл бұған дейін болған субъективті саяси және экономикалық кедергілерді жояды. Қақтығыс жоқ, демек, екіжақты да, көпжақты да ынтымақтастыққа айтарлықтай кедергілер жоқ.

Соңғы фактор — Армения мен Қазақстан билігінің екіжақты қатынастарды нығайтуға және ынтымақтастықты жаңа салаларда кеңейтуге деген саяси ерік-жігері. Осы орайда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың дипломатиялық белсенділігін ерекше атап өтіп келеді. Соңғы кезде Қазақстан басшысы саяси, стратегиялық нық қадамдары арқылы көптеген шиеленістердің бетін қайтаруға үлкен үлесін қосып, көзге түсуде. Бұл жақсы нышан деп ойлаймын. 

- Екі ел басшылары бірталай маңызды құжатарға қол қойды. Осы тұста, қай салалар екі мемлекет үшін перспективалы бағыттарға айналуы мүмкін?

- Қазақстан мен Армения халықаралық деңгейдегі көптеген одақтарда бірге. Одан басқа мемлекеттер арасындағы алыс-беріс көп жылдық сыртқы саясаттың нәтижесі. Оған достық қарым-қатынасты қосыңыз. 

Менің ойымша, басым бағыттар деп - саяси, экономикалық, ақпараттық технологиялар саласы, көлік жобаларын атауға болады. Әсіресе 8 тамыз күні Вашингтонда АҚШ, Армения және Әзербайжан басшылары қол жеткізген келісімдерден кейін және TRIP жобасының бекітілуінен кейін Арменияның Орталық Азия елдерімен өзара іс-қимыл жасауына жаңа мүмкіндіктер ашылды. Алғашқы нәтижелерін көріп отырмыз - Қазақстаннан Арменияға теміржол арқылы бидай тасымалы.

TRIP жобасының толық жүзеге асуы бұған дейін мүлде болмаған жаңа бағыттарда ынтымақтастыққа жол ашады. Бұл - жаңа энергетикалық жобалар, көліктік бағыттар және тағы басқалары.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM    арнасынан табасыз.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:169
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 22 Қараша 2025 00:14
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

АҚШ та жаппай атыс болып, тоғыз адам қаза тапты

12 Қазан 2026 00:34see144

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see137

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see135

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see133

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see133

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see132

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see132

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see131

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see130

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see129

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see129

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see128

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see125

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see123

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see118

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see118

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

12 Қазан 2026 15:18see117

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see115

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see113

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

12 Қазан 2026 17:20see111
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары