Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

Аймақтық қауіпсіздік пен тұрақтылық форумы

Аймақтық қауіпсіздік пен тұрақтылық форумы

Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Шымкентте ІІІ Қазақстан – Ауғанстан бизнес форумы өтті. Оған Премьер-министрдің орын­басары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин мен Ауғанстан Өнеркәсіп және сауда министрі Әлхадж Нуриддин Азизи қатысты.

Форум аясында Ауғанстан өнімдері мен тауарының көрмесі ұйымдастырылды. Іс-шараның ашылу салтанатында вице-премьер С.Жұманғарин сөз сөйлеп, Қазақ­стан мен Ауғанстан ара­сын­дағы сауда-саттық пен экономи­калық байланыстардың жаңа деңгейге көтерілгенін баяндады.

«Ауғанстанның жоғары басшы­лығы біздің шақыруымызды қабыл алды. Қазақстан – Ауғанстан бизнес форумына үкімет пен бизнес өкілдерінің қатысуына қолдау көрсетті. Сол үшін де оларға риза­шылығымды білдіремін. Ауған халқына бейбітшілік пен өркендеу тілеймін. Ауғанстанның дəстүрлі өнімдері ұсынылған көрме жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Қазақ­стан Ауғанстанды Оңтүстік жəне Орталық Азия өңіріндегі маңыз­ды əрі ажырамас серіктес ретін­де қарастырады. Əлемдік эконо­ми­калық дағдарыстарға қарамастан, Қазақстан мен Ауғанстан арасын­дағы сауда-экономикалық ынты­мақтастық қарқынды дамып келеді», деді С.Жұманғарин.

Көрмеде келушілер назарына түрлі өнім ұсынылды. Олардың ішінде кондитерлік тәттілер, шырындар, алкогольсіз сусындар, көкөніс пен жеміс-жидек, асыл тастар, зергерлік бұйымдар, қолөнер туындылары, былғары мен кілемдер, құрылыс материалдары жəне басқа да тауарлар бар.

«Газанфар» банкінің өкілі Исмаил Газанфар Қазақстан мен Ауғанстан арасындағы қаржы ауда­рымдары операциясын 15 жылдан бері жүргізіп келеді. Бұл қос ел кәсіпкерлерінің бизнесіне қолайлы жағдай туғызып отыр. Қаржыгердің айтуынша, екі елдің қаржылық аударымдары кейінгі жылдары миллиард доллардан асқан. Бұдан сауда-саттықтың өскенін көруге болады. Банкир Қазақстанның азық-түлігін мақтап отыр. Әсіресе ұн мен бидайдың сапасы жоғары дейді. Бізден өсімдік майын да көп импорттайды екен. Оның сөзінше, Ауғанстан бізге кілем өнімдерін, кептірілген жемістер, шырынды сусындар және басқа да азық-түлік тауарларын экспорттайды. Сон­дай-ақ Кабул, Герат, Мазаришариф қалаларында қазақ-ауған сауда үйлері жұмыс істеп тұр.

«Пранд Боми» компаниясының басшысы Хожи Абдулла Иброһими көрмеге кілемдерін әкелген. Кәсіпорын ай сайын 500 шаршы метр кілем тоқиды. Цехында 1 000 адам жұмыс істейді. Еңбек үдерісі ешқандай технологияға не­гізделмеген. Жұмысшылар бәрін қолмен тоқиды және таза қой­дың жүнін пайдаланады. Кәсіп­кер өнімдерін Пәкістан, Түр­кия, Тәжікстанға сатады. Енді Қазақ­станға жөнелтпек. Ол үшін екі ел арасында ешқандай экономикалық кедергі болмаса екен дейді. Оның айтуынша, кілем тоқу кейінгі елу жылда Ауғанстанда қатты дамыды. Мұның себебі, әйелдер басқа жұмыс істей алмайтындықтан, үйлерінде кілем тоқумен ғана айналысқан. Бұған қосымша, кілем тоқу өнері ауған халқының қанында ежелден бар. Кәсіпкердің осы салада еңбек еткеніне 30 жыл болыпты. Бір әйел бір кілемді 6 ай бойы тоқиды екен. Егер бұл істі 4 жұмысшы бірігіп атқарса, 2 айда тәмамдайды. Бизнес өкілі іскерлік форумнан үлкен үміт күтеді.

«Ауғанстан – Қазақстан Рес­пуб­ликасының Оңтүстік Азия айма­ғындағы маңызды сауда серік­тестерінің бірі. Ауған нарығы қазақстандық кәсіпкерлер үшін дəстүрлі əрі стратегиялық маңызы бар бағыт болып отыр. Қазақстан мен Ауғанстанның екіжақты сау­да байланыстарын тереңдетуге зор əлеует бар. Өткен жылы екі ел арасындағы өзара сауда айналымы 545,2 млн долларды құрады. 2024 жылы жалпы экспорт шамалы төмендегенімен, бірқатар тауар бо­йынша айтарлықтай өсім байқалады. Атап айтқанда, болат прокаты, жүк автомобильдері, табиғи газ, тыңайтқыштар мен қант өнімдері экспорты бірнеше есе артқан. Екіжақты сауда қарқыны жаһандық нарықтағы өзгерістер мен жағдайға байланысты әр алуан сипат алады. Биылғы 8 айдың қорытындысы бо­йынша екі ел арасындағы тауар айналымы өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда біршама төмендеп, 278,1 млн долларды құрады. Негізі­нен ұн, легирленбеген болат прокаты, табиғи газ, тыңайтқыштар мен зығыр тұқымдары сияқты тауарлардың экспорты азайған. Соған қарамастан кейбір тауар түрлерінің экспорты жоғарылаған. Мәселен, бидай – 2,9, күнбағыс майы – 3,1 есе, мұнай өнімдері мен жүк көліктері 100%-ға артқан. Биыл Ауғанстан нарығына азық-түлік өнімдерінің экспорттық əлеуетін арттыру мақсаты қойылып отыр. Бұл ретте ауыл шаруашылығы бо­йынша астық дақылдарының жалпы түсімі 23,7 млн тонна көлемінде болады деген болжам бар. Оның ішінде бидай – 19 млн тонна, арпа – 3,7 млн тонна, жүгері 1 млн тонна болады. Осылайша, тек бидайдың экспорттық əлеуеті 9,6 млн тоннаға жетеді. Қазақстан сапалы бидайды, ұн мен күрішті жəне қант өнімдерін Ауғанстанға жөнелтуге мүдделі. Бұл өндіріс көлемі заманауи агротехнологияларды қолдану есебінен жыл са­йын өсіп келеді», дейді С.Жұманғарин.

Вице-премьердің мәлім­деуін­ше, бидай экспорты үшін Маңғыстау облысындағы Бейнеу астық терминалының əлеуеті пайда­ланылмақ. Бұл нысан Қазақстан – Түрікменстан шекарасына тікелей шығуға мүмкіндік беретін маңызды инфрақұрылымдық нүкте болып саналады. Өнеркəсіптік тауарлар саласындағы ынтымақтастық та екі ел үшін маңызды бағыттардың бірі болып қала береді. Қазақстан үкіметі тау- кен, металлургия кеше­ні, автомобиль жасау, химия жəне құрылыс салаларындағы бірлескен өндірістерді қолға алады. Осы орайда металлургия саласындағы серіктестік шеңберінде болат өнімдері мен бастапқы алюминий экспортының көлемі ұлғаяды. Сондай-ақ елімізде өндірілген локомотивтер мен жүк көліктерін Ауғанстан нарығына жеткізу мəселесі қарастырылады.

С.Жұманғариннің айтуынша, Қазақстан Ауғанстанның экономикалық дамуына атсалысады. Мұсылман мемлекеті біздің ел үшін бірінші кезекте халықаралық көлік дəлізі ретінде маңызды. Атап айтқанда, Солтүстік – Оңтүстік көлік дəлізі, Парсы шығанағы мен Үндістан бағытында орналасқан порттарға шығу арқылы екі елдің экономикалық байланыстары жаңа деңгейге көтерілмек. Сонымен қатар Қазақстан Трансауған көлік дəлізінің мүмкіндіктерін пайдаланып, экспорттық жүк тасымалын Пəкістанның Карачи жəне Гвадар порттары арқылы жүзеге асыратын болады. Бұл бағыт Қазақстан үшін Таяу Шығыс, Оңтүстік-Шығыс Азия жəне Үнді мұхиты елдерінің нарықтарына тікелей шығуға мүмкіндік береді. Соның нәтижесінде Қазақстанның сауда айналымы ұлғайып, өңірлік экономикалық интеграцияға қарай кең жол ашылады. Ең бас­тысы, Қазақстан мен Ауғанстан арасындағы сауда көлемінің артуы қос елдің экономикалық байланысын нығайтып, стратегиялық маңызы бар жаңа жобаларды іске асыруға серпін береді.

Ауғанстан Өнеркәсіп және сауда министрі Әлхадж Нуриддин Азизи іскерлік форум екі ел арасындағы экономикалық қатынастарды одан сайын арттыра түскенін мәлімдеді. Оның айтуынша, былтыр Алматыда өткен екінші форум аясында іскерлік байланыс­ты жандандыратын «Жол картасы» бекітілді. Бұл құжатта сауда, өнеркәсіп, көлік логистикасы, ауыл шаруашылығы, тау-кен өндірісі, инфрақұрылым салалары бо­йынша жобаларды бірлесіп дамыту мәселелері қаралған. Министр Қазақстанмен байланыс аймақтық тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін керектігін жеткізді. Сондай-ақ ол Ауғанстанда кәсіпкерлерге құқықтық, салықтық жеңілдіктер бар екенін алға тартып, бизнес өкілдерін өз елінің экономикасына инвестиция құюға шақырды. Сонымен қатар Ауғанстан  Орталық пен Оңтүстік Азияны байланыстыратын көлік дәлізі рөлін атқаратынын жеткізіп, Қазақстан үкіметінен мұнай мен газ экспортында арнайы жеңілдіктер ұсынуын сұрады. Ауғандық диқандар өндір­ген мақта саудасында да түрлі кедер­гіні алып тастауын өтінді.

Іскерлік бизнес форум соңында тараптар өзара әріптестік байланысты нығайту бағытында арнайы меморандумға қол қойды.

ШЫМКЕНТ

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:153
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 29 Қазан 2025 08:15
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see169

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see164

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see160

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see160

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see144

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see131

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see125

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see125

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see124

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see121

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see119

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see118

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see114

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see110

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

03 Қараша 2026 18:15see109

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see108

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see107

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see107

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see106

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

05 Қараша 2026 14:59see105
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары