Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Жылап, жатып қалдым : Айнұр Тұрсынбаева күйзеліске түскен кезін еске алды

Талдықорғандағы түнгі төбелес видеоға түсіп қалды

Уақытпен үндескен ұрпақ

Қостанай облысында аурухана медициналық жабдықтарды сатып алуда бәсекелестікті әдейі шектеген

Көкшетауда студент қыз көлік тұрағына байланысты ер адаммен болған жанжал кезінде жарақат алды

Бізге келген америкалық конгрессмендер қалалардың тазалығына таңғалды Тоқаев

Ұлттық тазалық стандартын әзірлеу қажет деп санаймын. Бұл уақыт талабы Тоқаев

Димаштың Чилидегі концерті қарсаңында Қазақстанға арналған куэка орындалды (видео)

Қазақстаннан 558 спортшы қатысады: Нагояда ХХ жазғы Азия ойындары ашылды

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

Әрқашанда еліміз туралы ойлап, Қазақстанға қамқоршы болыңыздар Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

Жаңа iPhone 18 сатылымға шықты: әлемнің бірнеше қаласында ұзын сонар кезек пайда болды

Қарағанды облысында 200 ге жуық шошқа тиелген жүк көлігі жол апатына түсті

Цифрлық дәуірдегі дала

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

Токио бағыты: Қазақстан дипломатиясындағы жаңа маневр

Токио бағыты: Қазақстан дипломатиясындағы жаңа маневр

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жапонияға жасаған ресми сапары Қазақстанның көпвекторлы сыртқы саясаты аясындағы маңызды кезеңдердің біріне айналды. Бір қарағанда экономикалық мазмұны басым көрінетін бұл сапар шын мәнінде әлдеқайда терең геосаяси және стратегиялық мәнге ие. Жалпы құны 3,7 млрд долларды құрайтын инвестициялық келісімдер пакеті, сирек және стратегиялық маңызды металдар саласындағы ынтымақтастық, атом энергетикасы, жасанды интеллект пен көлік-логистика бағыттарындағы өзара іс-қимыл – мұның барлығы Токионың Орталық Азияға деген көзқарасы жаңа сапалық деңгейге көтерілгенін көрсетеді.

Жапония «C5+1» форматындағы бастаманы алғаш болып ұсынғанына қарамастан, ұзақ уақыт бойы өңірде айқын саяси белсенділік таныта қоймады. Алайда соңғы жылдары жаһандық геосаяси тұрақсыздық, жеткізу тізбектерінің үзілуі және экономикалық қауіпсіздікке қатысты тәуекелдердің артуы Токионың өңірлік стратегиясын қайта қарауына түрткі болды. Осы тұрғыда Қазақстан ресурстық әлеуеті, транзиттік мүмкіндіктері және саяси тұрақтылығы арқылы Жапония үшін сенімді серіктес ретінде алға шығып отыр.

Тоқаевтың сапары барысында Жапония Императоры Нарухитомен кездесуі, жетекші жапон корпорацияларымен жүргізілген келіссөздер және Орта дәлізге қатысты нақты жобалардың талқылануы бұл қарым-қатынастың кездейсоқ емес, ұзақмерзімді сипатқа ие екенін аңғартады. Қазақстан үшін де Жапониямен ынтымақтастық Қытай, Еуропа және өзге де ірі ойыншылармен қатар сыртқы саяси және экономикалық маневр мүмкіндігін кеңейтетін маңызды бағыттардың бірі саналады.

Осы сапардың астарындағы мәнді, Жапонияның өңірдегі жаңа рөлін және Қазақстан үшін ашылып отырған мүмкіндіктерді саясаттанушы Ильяс Бақтығалиев егжей-тегжейлі талдап берді.

– Жапония «C5+1» (Орталық Азия + Жапония) форматты алғаш болып 20 жыл бұрын ұсынған еді. Алайда ұзақ уақыт бойы Токио өңірде «самурайша» ұстамды, үнсіз әрекет етіп келді.Сіздің ойыңызша, Тоқаевтың сапары мен 3,7 млрд долларлық келісімдер Жапонияның белсенді кезеңге өткенінің белгісі ме? Біз Жапонияға неге дәл қазір қажетпіз?

– Әрине, Президенттің бұл сапары мен осындай ауқымды келісімдер пакеті – Жапонияның Қазақстанмен ғана емес, жалпы Орталық Азиямен қарым-қатынаста белсендірек кезеңге өткеніның айқын көрсеткіші. Шынында да, екіжақты қатынастар динамикасында бір кезеңде баяулау байқалды. Егер 2010 жылдардың басындағы серпінді кезеңге қарасақ, кейін Жапонияның қызығушылығы біршама төмендеді. Бұл, негізінен, Токионың өз ішкі мәселелеріне тереңірек үңілуімен байланысты болды. Ал бүгінгі жаңа келісімдер пакеті – сапалық тұрғыдағы бетбұрыстың белгісі.

Қазақстанның Жапонияға дәл қазір қажет болуы бірнеше фактордың тоғысуымен түсіндіріледі. Соның ішінде Жапония соңғы жылдары экономикалық қауіпсіздік стратегиясын қайта қарап жатыр. Бұл, әсіресе, критикалық минералдар мен Орта дәліз аясындағы орнықты жеткізу тізбектеріне қатысты. Ал Қазақстан – ресурстық әлеуеті мол әрі саяси тұрғыдан болжамды ел.

– Біз Шығыс бағытындағы негізгі инвестор әрі жетекші ойыншы ретінде Қытайды дәстүрлі түрде атап өтеміз. Осы тұрғыда Жапонияның Қазақстан үшін рөлі қандай: бұл балама әріптес іздеу ме, әлде қолданыстағы ынтымақтастықты толықтыру ма? Сондай-ақ Токио Орталық Азиядағы ықпал үшін бәсекелестік аясында Бейжіңге қатысты зияткерлік әрі теңгерімді қарсы тарап болуды көздейді деп пайымдауға бола ма?

– Жапония Қытаймен ауқымы жағынан бәсекелесе алмайды әрі ондай мақсаты да жоқ. Бірақ ол Қазақстанға саяси бояуы әлдеқайда төмен, өзге сипаттағы қатысуды ұсынады. Осы тұрғыдан алғанда, Токио біз үшін Пекинді ығыстырушы емес, керісінше маневр жасау кеңістігін кеңейтетін серіктес.

– Келісімдерде сирек металдар мен атом өнеркәсібі ерекше аталады. Әлемдегі тұрақсыздық пен жеткізу тізбектеріндегі үзілістерді ескерсек, Жапония Қазақстанды өз жоғары технологиялық экономикасы үшін «қауіпсіздік жастығы» ретінде көре ме?

– Қазіргі геосаяси турбуленттілік жағдайында бұл – жаһандық деңгейдегі мәселе. Жапония үшін де экономиканы қолдау мен дамытуда қауіпсіз әрі сенімді тетіктерді табу аса маңызды. Осы тұрғыда Қазақстан маңызды серіктеске айналып отыр.

– Mitsubishi секілді жапон компаниялары Орта дәлізге ерекше қызығушылық танытып отыр. Бұл Ресейден айналып өтетін таза бизнес-маршрут па, әлде Орталық Азияның жаһандық картадағы дербес субъектке айналуына жасалған геосаяси ставка ма?

– Бұл екі фактор өзара тығыз байланысты, сондықтан екеуі де бар. Жапония үшін Орталық Азияның дербес әрі болжамды транзиттік торапқа айналуы маңызды. Бұл Токиоға Еуразия кеңістігінде қосымша логистикалық тірек береді.

– Президент Тоқаевты Император Нарухитоның қабылдауы – жапон дипломатиялық протоколындағы ең жоғары құрметтің бірі. Шығыстанушы ретінде осы қадамның символдық мәнін қалай түсіндірер едіңіз?

– Императормен кездесу – ресми сапардың жоспарланған бөлігі. Бұл – Президентіміздің Жапонияға жасаған алғашқы ресми сапары, сондықтан жапон тарапы оны тиісті деңгейде өткізді. Әдеттегі жұмыс сапарларында мұндай қабылдау бола бермейді, бірақ бұл – ерекше жағдай. Жапония – конституциялық монархия, ал Император елді халықаралық дипломатияда таныстыратын тұлға.

- Қасым-Жомарт Тоқаев Жапонияны «жақын әрі сенімді дос» деп сипаттайды, алайда оны стратегиялық серіктес ретінде атамайды. Президенттің бұл ұстанымын қалай түсіндіруге болады? Бұл күрделі геосаяси жағдайда Қазақстан дипломатиясы туралы нені білдіреді?

– Біздің ел үшін мұндай анықтамалар сыртқы саяси доктринада айрықша мәнге ие және олар ешқашан жайдан жай қолданылмайды.

Қазіргі сыртқы саясат тұжырымдамасында стратегиялық серіктестер, одақтастар және жай ғана маңызды әрі басым бағыттағы серіктестер арасында нақты шекара жүргізілген. Ал жан-жақты стратегиялық серіктестік ұғымы, ең алдымен, Қазақстанның ең жақын көршілеріне қатысты қолданылады.

Бұл мемлекеттермен еліміздің терең экономикалық өзара тәуелділігі қалыптасқан, саясат пен қауіпсіздік саласында тұрақты үйлестіру бар, ал кейбір жағдайларда одақтастық сипаттағы міндеттемелер де көзделген. Жапония болса, географиялық тұрғыдан Қазақстаннан алыс орналасқан ел. Сонымен қатар оның Қытаймен және Ресеймен белгілі бір геосаяси қайшылықтары бар екені белгілі.

Еш күмәнсіз, Жапония – Қазақстан үшін маңызды, қадірлі әрі пайдалы серіктес. Алайда ол өңірлік қауіпсіздікке тікелей қатысушы емес және Қазақстанмен классикалық мағынадағы стратегиялық деңгейге сай келетін міндеттемелер арқылы байланыспаған.

Сондықтан менің ойымша, бұл тұжырымды дипломатиялық маневр ретінде емес, Қазақстан мен Жапония арасындағы өзара іс-қимыл мен достықтың нақты әрі шынайы деңгейін айқындау деп қабылдаған жөн.

– Тоқаев жапондарды «тәртібі мен төзімділігімен» үлгі ететінін айтты, ал Мэйдзи храмы – дәстүрді сақтай отырып жаңғырудың символы. Жапон даму моделі (технология + дәстүр) Қазақстанға қаншалықты жарамды? Бұл дипломатиялық комплимент қана емес пе? Сондай-ақ Президенттің жапон AI-компанияларында жұмыс істеп жүрген қазақстандықтармен кездесуі кадр даярлау бағытында жаңа мүмкіндіктер аша ма?

– Әрине, Жапониядан үйренеріміз көп. Ол – бір ғасырдан астам уақыт бойы әлемнің жетекші державаларының бірі. Бірақ өз тәжірибемізді де төмен бағаламау керек. Әсіресе цифрландыру мен кейбір IT бағыттарында біз Жапонияға да пайдалы тәжірибе ұсына аламыз, егер бірлесіп жұмыс істесек.

– Жапония – бізге географиялық тұрғыда алыс, бірақ сенімді әрі жақын серіктес. Қазақстан–Жапония ынтымақтастығының қазіргі деңгейі мен болашағын қалай бағалайсыз?

– Перспективаларды сақтықпен, бірақ позитивті деп бағалар едім. Жапония – тез шешім қабылдайтын ел емес. Сондықтан егер ол белгілі бір өңірде қатысуын күшейтсе, бұл ондаған жылдарға арналған есеп деген сөз. Қазақстан үшін Токионың құндылығы – оның болжамдылығы мен саясиланбаған серіктес болуы. Ол басқа ірі ойыншыларды толықтырып, біздің сыртқы саяси және экономикалық маневр кеңістігімізді кеңейтеді. Бұл – бірлескен тұрақтылық пен даму жолындағы одақ, ал қазіргі әлемде мұндай қасиет сирек кездеседі.

Соңғы жаңалықтар

Президенттің Жапонияға ресми сапары мазмұнды әрі нәтижелі болды - Руслан Желдібай

Президент • Кеше

Токио бағыты: Қазақстан дипломатиясындағы жаңа маневр

Сұхбат • Кеше

Шымкентте науқастың бүйрегін емдеп, қайта өзіне салды

Шымкент • Кеше

Қазақстандағы айырбастау пункттерінде доллар қаншадан саудаланып жатыр?

Қаржы • Кеше

Допинг дауынан кейін Әлімханұлына қатысты шешім шықты

Спорт • Кеше

Балалар құқықтарын қорғау комитеті жаңа алаяқтық туралы ескертті

Қоғам • Кеше

Келесі жылы жұмыссыздар үшін медсақтандыруды әкімдік төлейді

Медицина • Кеше

Алматы қалалық күрес федерациясы 2025 жыл үздігі атанды

Алматы • Кеше

Біріккен Араб Әмірліктерін су басты, қаза тапқандар бар

Әлем • Кеше

Президент 21-22 желтоқсан күндері Санкт-Петербург қаласына барады

Президент • Кеше

Банктің мобилді қосымшасын бұзған: 55 млн теңге ұрлаған қазақстандық ұсталды

Қылмыс • Кеше

Денсаулық сақтау саласының үздік 7 көрсеткіші аталды

Денсаулық • Кеше

АҚШ Сирияда әскери операция бастады

Әлем • Кеше

Бюджет қаражатын жымқырды: Жетісу облысында мәдениет үйін жөндеу үшін 212 млн теңге рәсімделген

Жемқорлық • Кеше

Қыста мұз қатпай тұрып өзен-көлдерге шыққандар айыппұл төлейді

Қоғам • Кеше

Барлық жаңалықтар

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:134
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 21 Желтоқсан 2025 00:12
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Жылап, жатып қалдым : Айнұр Тұрсынбаева күйзеліске түскен кезін еске алды

18 Қыркүйек 2026 21:42see154

Талдықорғандағы түнгі төбелес видеоға түсіп қалды

19 Қыркүйек 2026 09:36see151

Уақытпен үндескен ұрпақ

19 Қыркүйек 2026 05:07see143

Қостанай облысында аурухана медициналық жабдықтарды сатып алуда бәсекелестікті әдейі шектеген

19 Қыркүйек 2026 11:28see140

Көкшетауда студент қыз көлік тұрағына байланысты ер адаммен болған жанжал кезінде жарақат алды

19 Қыркүйек 2026 10:05see138

Бізге келген америкалық конгрессмендер қалалардың тазалығына таңғалды Тоқаев

19 Қыркүйек 2026 17:11see138

Ұлттық тазалық стандартын әзірлеу қажет деп санаймын. Бұл уақыт талабы Тоқаев

19 Қыркүйек 2026 15:29see137

Димаштың Чилидегі концерті қарсаңында Қазақстанға арналған куэка орындалды (видео)

19 Қыркүйек 2026 00:23see136

Қазақстаннан 558 спортшы қатысады: Нагояда ХХ жазғы Азия ойындары ашылды

19 Қыркүйек 2026 19:12see133

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

19 Қыркүйек 2026 20:17see129

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

19 Қыркүйек 2026 20:17see129

Әрқашанда еліміз туралы ойлап, Қазақстанға қамқоршы болыңыздар Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

19 Қыркүйек 2026 17:01see127

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

20 Қыркүйек 2026 09:27see123

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

20 Қыркүйек 2026 09:51see123

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

20 Қыркүйек 2026 11:06see117

Жаңа iPhone 18 сатылымға шықты: әлемнің бірнеше қаласында ұзын сонар кезек пайда болды

19 Қыркүйек 2026 14:33see114

Қарағанды облысында 200 ге жуық шошқа тиелген жүк көлігі жол апатына түсті

19 Қыркүйек 2026 13:07see114

Цифрлық дәуірдегі дала

19 Қыркүйек 2026 06:47see114

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

20 Қыркүйек 2026 11:51see113

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

20 Қыркүйек 2026 08:01see112
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары