Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

IT өнімдердің экспорты артып жатыр

IT өнімдердің экспорты артып жатыр

Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Ел ішінде де, сыртқы нарықта да отандық IT өнімдер мен бұл қызметке сұраныс артты. Келер жылы экспорт 1 млрд долларды қамтиды. «Стартаптардың келешегі зор» дейді мамандар. 

Отандық айти жобалардың көбі Astana Hub алаңында пайда болады. Бұл – Орталық Азиядағы ең ірі инновациялық кластер. Бүгінде Astana Hub-та 1900-ден астам IT-компания тіркелген. Оның басым бөлігі Қазақстанға тиесілі. 500-ге тарта қатысушы өз өнімі мен қызметін экспортқа шығарып отыр. Оның 218-і – жергілікті, қалғаны шетелдік инвесторлар демеген компаниялар. Экспорт көлемінің 75 пайызын осылар қамтиды. Astana Hub қатысушылары 90-нан аса мемлекетке үлкен деректерді талдау платформалары, GovTech-шешімдер, сондай-ақ қаржы секторындағы өнімдерді сатады. 

Ал импорттаушылар көшін АҚШ бастап тұр. Мұнда 157 млн доллардың, ал Ресейге 124, Ирландияға 26 млн доллардың өнімі жөнелтілді. Тізімді Кипр, Мексика т.б. жалғайды.

Ақжол Замбаев, Weglobal AI жобасының директоры:

- Мықты-мықты стартаптар дамып жатыр. Higgsfield сияқты млрд доллардан асқан стартап бар. Олар Америкаға, шетелге сатып жатыр. Басқа да стартаптар бар олардың құрастырушылары Қазақстанда орналасқан болуы мүмкін. Сату бөлімі ғана шетелде болады.

IT өнімдер нарығы кеңейіп келеді

2026 жылы елдегі айти қызметтер экспорты 1 млрд долларға жету керек. Мақсат айқын. Қазір отандық стартаперлер қоғамға пайдалы, әлеуеті зор жобаларын ұсынып-ақ жатыр. Дегенмен инфрақұрылымды жетілдіре түсу керек. Сарапшылар: «Жаһанда бәсекелесе алатын буын қалыптастыру маңызды», - дейді. Жергілікті айти компаниялар өзге нарықтарды зерделеп жүр. Халықаралық келісімшарт үшін бар күшін салады. Соның нәтижесі болар, 2021 жылы нарық 60 млн доллардың көлемінде ғана болса, биыл 800 млн доллардан асты.

Отандық IT өнімдерге қызығушылық көп

Ең бастысы - дайын жобаларға да, ұсыныстарға қызығатындар көп. Мәселен, мектептерде психологтар мен кәсіби бағдар берушілердің жұмысын оңтайландыруға бағытталған жасанды интеллект негізіндегі құралға Өзбекстан мен Сауд Арабиясы назар аударған. Қазір келіссөздер жүріп жатыр. Сәтін салса, отандық айти өнім жаһандық нарыққа шығады. Мамандар мұндай мүмкіндікке жету үшін жаңа стартаперлерге әр елден жергілікті серіктес табуға кеңес береді. Астана хаб та АҚШ, Ұлыбритания, БАӘ, Қытайда инновациялық хабтар құрған. Мақсат – отандық айти компаниялардың жаһандық нарықтағы беделін арттыру.

Ақжол Замбаев, Weglobal AІ жобасының директоры:

- Қазақстандық шешімдер көбінесе басқа елге енгізген кезде ол жақта локализация ету керек болады. Тілін ауыстыру немесе сол мемлекеттің талабына қарай серверлерді өзгерту деген сияқты. Бұл процестерді жасау үшін ең дұрысы сол жергілікті серіктестерді тауып, солармен бірге жұмыс жасау, яғни Қазақстанда бас кеңсе болуы мүмкін. Ал шетелде еншілес ұйым ашып, сол жақтағы серіктестермен масштабқа өту - бизнестің ең тиімді және жеңіл түрі. 

IT компанияларға қолдау бар

Экспортты арттыру үшін инновациялық экожүйені жетілдіру керек. Құзырлы министрлік бұл бағытта жыл сайын 4,6 млрд теңгеден бөліп отыр. Оған 2027 жылға дейін инновациялық грант беру, әлеуетті инвестор табуға көмектесу, жобаларды коммерцияландыру сияқты міндеттер орындалады. Ал отандық айти өнімдер саладағы импортты азайтуға мүмкіндік бермек.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:185
embedДереккөз:https://24.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 10 Желтоқсан 2025 08:13
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see166

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see163

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see162

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see159

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see155

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see155

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see143

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see139

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see136

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see132

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see129

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see126

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see120

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see120

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see119

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see116

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see114

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see113

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see109

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

03 Қараша 2026 14:24see106
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары