Канада құрамасы ОАР қақпасына соңғы минутта гол соғып, чемпионаттың 1/8 финалына шықты
Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..
Ойынның алғашқы минуттарынан-ақ Канада құрамасы басымдық танытып, бірнеше қауіпті шабуыл ұйымдастырды. Алайда ОАР қақпашысы Уильямс өз шеберлігін көрсетіп, бірнеше сенімді сейв жасады. Ол 21-минутта Корнелиустың жақын қашықтықтан тепкен добын қайтарса, үзіліске дейін Бомбито мен Бьюкененнің соққыларына да тосқауыл қойды.
Өз кезегінде ОАР құрамасы қарымта шабуылдарға иек артты. Мокоэна, Макгопа және Апполлистің шабуылдары қауіп тудырғанымен, Канада қақпашысы да мінсіз ойын көрсетті.
Екінші таймда ойын өрнегі өзгерген жоқ. Канадалықтар шабуылды үдете түсті, ал Уильямс өз қақпасын сенімді қорғауын жалғастырды. Кездесу қосымша уақытқа ұласатындай көрінген еді.
Алайда 90+2-минутта Стивен Эуштакиу айып алаңының сыртынан дәл соққы жасап, матч тағдырын шешті. Бұл гол Канада құрамасына тарихи жеңіс сыйлап, әлем чемпионатының 1/8 финалына шығарды.
Енді Канада келесі кезеңде Нидерланд мен Марокко жұбының жеңімпазымен кездеседі. Ол ойын 30 маусым күні сағат 06:00де өтеді.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:34
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 29 Маусым 2026 07:49 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















