Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Талдықорғандағы түнгі төбелес видеоға түсіп қалды

Бізге келген америкалық конгрессмендер қалалардың тазалығына таңғалды Тоқаев

Уақытпен үндескен ұрпақ

Ұлттық тазалық стандартын әзірлеу қажет деп санаймын. Бұл уақыт талабы Тоқаев

Қостанай облысында аурухана медициналық жабдықтарды сатып алуда бәсекелестікті әдейі шектеген

Көкшетауда студент қыз көлік тұрағына байланысты ер адаммен болған жанжал кезінде жарақат алды

Димаштың Чилидегі концерті қарсаңында Қазақстанға арналған куэка орындалды (видео)

Қазақстаннан 558 спортшы қатысады: Нагояда ХХ жазғы Азия ойындары ашылды

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

Әрқашанда еліміз туралы ойлап, Қазақстанға қамқоршы болыңыздар Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

Қарағанды облысында 200 ге жуық шошқа тиелген жүк көлігі жол апатына түсті

Цифрлық дәуірдегі дала

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

Жаңа iPhone 18 сатылымға шықты: әлемнің бірнеше қаласында ұзын сонар кезек пайда болды

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

Таразда тәулігіне 3000 тонна қызылша өңдейтін зауыт іске қосылады

Кәсіпкерлер тариф қысымын қалай көтереді?

Кәсіпкерлер тариф қысымын қалай көтереді?

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

Бұған егін орағымен қабаттасып электр энергиясының бірден күрт қымбаттауы себеп болған. Электр тарифінің 48,51 теңгеден бірден 70,18 теңгеге дейін өскенін айтқан кәсіпкерлер «электрдің бағасы ғана өспейді, ұн тарту, нан пісіру, сауда қызметтерінің құны да құбылады» деп алаңдайды. Ал 88 кәсіпкер қол қойған алғашқы өтініштерден кейін мәселе аудан шеңберінен республикалық деңгейдегі күн тәртібіне шықты. 

Өңір кәсіпкерлерінің мәліметінше, Ақмола облысында бірқатар бизнес субъектісі үшін электр энергиясының тарифі 48,51 теңгеден 70,18 теңгеге дейін өскен. Бұл – шамамен 44,7 пайыздық өсім. Ал жекелеген шаруашылықтарда өсім басқа деңгейде көрініп отыр. Мәселен, «Камышенка» шаруашылығының ат­қару­шы директоры Уәлихан Ілдебаев кәсіпорнында тарифтің 48 теңгеден 65 теңгеге дейін көтерілгенін айтқан. Яғни мұнда өсім шамамен 35 пайыз. Бұл екі көрсеткіш бір-біріне қайшы көрінгенімен, кәсіпкерлердің дені тарифтің әртүрлі санаттағы тұтынушыларға әртүрлі қолда­нылып отырғаны жөнінде мәселе көтерді. Демек, әңгімені «тариф 35 пайызға өсті» немесе «44,7 пайызға өсті» деп бір ғана санмен шектеу дұрыс емес. Нақты мәселе – қай кәсіпорынға қандай тариф, қандай санат бойынша және қандай негіздемемен белгіленді? 

Бұл сұрақтың жауабы ашық әрі түсінікті болуға тиіс. Өйткені кәсіпкер үшін тариф кестесіндегі бір теңгенің өзі бухгалтерлік есепте миллиондарға айналуы әбден мүмкін. Мәселен, Ақмола облысының Астрахан ауданындағы «Гендик В.В.» шаруа қожалығының жетекшісі Вероника Гендик өз есебін нақты цифрмен көрсет­кен. Шаруа қожалығының иесі электр энергиясының бұлай күрт көтерілуі аса қомақты шығын әкелетінін айтып шырылдап отыр. 

– Біздің шаруашылықтың жылдық электр тұтынуы шамамен 130 308 кВт·сағат. Бұрынғы 48,511 теңге тарифпен жыл­дық шығын шамамен 6,32 миллион теңге болса, 70,180 теңгелік тариф кезінде бұл сома 9,14 млн теңгеге жуықтайды. Арадағы айырма – жылына шамамен 2,83 млн теңгеге шығып отыр. Осылайша, шаруашылықтың қосымша қаржылық жүктемесі тек электр энергиясының өскен тарифі есебінен ғана 2,83 миллион теңгеге жетеді. Оған қоса, егін орағы кезінде электр энергиясын тұтыну көлемі де айтарлықтай өседі, – дейді шаруа қожалығының жетекшісі Вероника Владимировна. 

Астық орағы кезінде электр тұтыну көлемі бірден ұлғаятыны анық. Өткен жылы аталған шаруашылық тамызда 24 222 кВт/сағат, қыркүйекте 43 498 кВт/сағат электр энергиясын пайдаланған. Яғни электр энергиясы ең қажет кезеңде оның бағасы да аспанға шыққан. Бұл – ауыл шаруашылығы үшін жай ғана арифметика емес, өзіндік құнның есебі. Жиналған астықты реттеу үшін кептіргіш жұмыс істейді. Желдеткіш айналады. Тазалау қондырғысы іске қосылады. Қойма мен элеватор тоқтамайды. Мұның бәрі электр энергиясын қажет етеді. Ал оның құны өнімнің өзіндік құнына кірмей қалмайды.

Бұл түйткіл  бір  өңірді ғана емес, тұтас республикаға да аса елеулі қиындық келтіруі әбден мүмкін дейді сарапшылар. Биыл облыста жалпы егіс алқабының көлемі 5,6 млн гектарға жеткен. Оның 4,5 млн гектары дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарға тиесілі. Майлы дақылдардың алқабы да айтарлықтай ұлғайып, 715 мың гектарға дейін жеткізілген. Ауыл шаруашылығы министрлігінің дерегіне қарағанда, өңірде жаңа өнімді қабылдауға 67 астық қабылдау кәсіпорны мен жалпы сыйымдылығы 7,3 млн тоннаны құрайтын 1,5 мыңға жуық қойма дайындалған. Яғни электр тарифіндегі өзгеріс бір фермердің шаруашылығында қалып қоймайды.

Астық кептіру тегін емес

Атбасар ауданындағы кәсіпкерлердің айтуынша, электр энергиясының қымбаттауы элеваторларға да тікелей аса ауыр соққы болып отыр. Элеватор – астықты қабылдап алып, оны жай ғана қоймаға тығып қоятын орын емес. Мұнда қабылдау, түсіру, тазалау, кептіру, сақтау, тиеу және жөнелту сияқты бір-бірімен байланысқан бірнеше технологиялық процесс бар. Электр энергиясының қымбаттауы осы қызметтердің өзіндік құнын сөзсіз арттырады. Ал элеватордың шығыны артса, оның қызмет құны да қайта қаралады. Кәсіпкерлердің мәліметінше, Атбасар ауданындағы бірқатар элеватор бұрын жасалған шарттарды қайта қарауға және қызмет тарифтерін өзгертуге мәжбүр болып отыр.

Ұн тарту өнеркәсібіндегілер де ащы жанайқайын айтпай қалмады. Кәсіпкерлердің мәліметінше, ұн өндіру­шілер үшін тариф 39,83 теңгеден 52,20 теңгеге дейін өскен. Бұл да елеулі өсім екені даусыз.

– Диірмен кәсіпорны үшін электр энергиясы қосалқы ресурс емес. Ұн тартатын жабдық, тасымалдау жүйелері, желдету, тазалау және басқа да өндірістік процестің бәрі электр энергиясына тәуелді. Сондықтан тариф өскен кезде кәсіпорынның айналым қаражатына қысым күшейеді. Бұл дайын өнімге, азық-түлік өндірісіне аса қатты әсер етеді. Шаруалар өз өнімдерін айтарлықтай жо­ғары бағаға көтеруге мәжбүр бола­ды. Бұл бірқатар шаруашылықтың жұ­мыс­шыларының қысқартылуына, тіпті іргелі дейтін ауыл шаруашылық кәсіпорындарының жабылуына да әкеліп соғады, – дейді «Атбасар ауданының ұн өндірушілері» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Динмагомед Асаев. 

Кәсіпкерлердің алаңдауы тек тарифтің өзіне қатысты емес. Олар тарифті белгілеу тәртібінің ашықтығын да сұрап отыр. Атап айтқанда, бизнес өкілдері тарифтің өзгеруі туралы тұтынушыларды алдын ала хабардар ету, жария тыңдаулардың өткізілуі, энергиямен жабдықтау шарт­тарының талаптары және электр энер­гиясын тұтынушылардың құқықтары мәселелерін көтерген.

                                                                      © коллаж: Елдар ҚАБА

Тағы бір өткір мәселе – өндірістік және қосалқы объектілерді бөлу. Кәсіпкерлердің айтуынша, кейбір жағдайда қойма, тиеу-түсіру пункті, зертхана, бақылау-өткізу пункті сияқты нысандар өндірістік объектіден бөлек қарастырылып, тарифті есептеу кезінде басқа санатқа түсірілуі мүмкін. Бизнес өкілдері бұған үзілді-кесілді қарсылық білдіреді. Олардың уәжі түсінікті. Толық өндірістік циклмен жұмыс істейтін кәсіпорын үшін зертхана болмаса, сапаны бақылау жоқ. Қойма болмаса, сақтау жоқ, тиеу-түсіру пункті болмаса, логистика жоқ. Яғни бір ғимарат негізгі өндіріс болса, екіншісі қосалқы нысан деген әкімшілік жіктеу технологиялық процестің тұтастығын әрдайым көрсете бермеуі мүмкін. Сондықтан кәсіпкерлер бұл талаптардың заңдылығы мен эко­номика­лық негізділігіне құқықтық баға беруді сұрап отыр.

Министрлік өкілдері не дейді?

Ауыл шаруашылығы министрлігінің қазіргі позициясынан көрінетіні – Ақмола агроөнеркәсіп кешенін дамытуға, өндірісті әртараптандыруға, техника жаңартуға және өнімді өткізу инфрақұрылымын күшейтуге басымдық беріліп отыр. Вице-министр Азат Сұлтанов Ақмола фермерлерімен кездесуінде өңірдің ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі жеті айда 5,3 пайызға өскені, ауыл шаруа­шылығының облыстың жалпы өңірлік өніміндегі үлесі 15 пайызға жеткені ай­тылды. Сонымен бірге биыл 668 ауыл шаруашылығы тауар өндірушісіне 93,8 млрд теңге көлемінде жеңілдетілген қар­жы берілген. 

Ал облыстық Ауыл шаруашылығы басқармасы электр энергиясы тарифінің өсуі ауыл шаруашылығы тауар өндіру­шілеріне қатты әсер ете қоймайды деп есеп­тейтінін жеткізді. 

– Ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдаудың қазіргі деңгейі шаруалар үшін аса қолайлы болып отыр. Мәселен, «Кең дала 2» бағдарламасымен қосалқы бөлшек, жанармай, тыңайтқыштар басқа да қажеттіліктері үшін жеңілдетілген несиені қараша-желтоқсан айларынан бастап алатын болды. 131 миллиард теңгеден астам қаражат берілді. Оны бірден беруден де босатылды. Бөліп төлеу мүмкіндігі ұсынылып отыр. Биылғы егіннің сапасы да аса жоғары. Бидайдың басым бөлігі 2-3 класты көрсетсе, арпаның да сапасы жоғары болып отыр. Биыл жылдағыдай емес, ылғал көлемі масақтану кезінде қалыпты деңгейден азырақ болса да, өнім көлемі жақсы. Гектарынан орташа 13,5 центнерден айналып отыр. Мұндай ауа райы 1998 жылы және 2010 жылдары болған. Бірақ ол кездері астық өнімділігі небәрі 3,7, 5,8 центнерден ғана болған. Мұның бәрі мемлекеттік қолдаудың дер кезінде берілуінің арқасында дер едім. Қазір шаруалар 51 миллиард теңгеге дейін лизингтік техникаларды 5 пайыздық мөлшермен алып жатыр. Сондықтан электр энергиясы бағасының өсуі шаруаларға онша қатты елеулі кедергі тудырмауға тиіс, – дейді Ақмола облысы Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы Нұрбек Бадырақов. 

Дегенмен кәсіпкерлердің пікірін­ше, астық бағасы төмендеп, ал өн­ді­ріс шығыны өскен жағдайда кей­бір шаруашылықтардың «Кең дала» бағ­­дар­ламасы бойынша банк­тер алдын­дағы және лизингтік міндеттеме­лерін орындауы қиындауы мүмкін. Бұл  әсіресе егіннің өзіндік құны мен нарықтық бағасы бір-біріне кереғар бағыт алған кезде маңызды.

Шаруаның қымбат электр энергиясы үшін төлем жасауына тура келеді. Элеватор қымбаттайды. Диірмен қымбаттайды. Ал астықтың нарықтық бағасы сол қарқынмен өспесе, шығынның бір бөлігі фермердің мойнында қалады.

Міне, мемлекеттік органдардың алдында тұрған ең басты міндет – та­рифтің экономикалық негізін ашық көрсету, оның ауыл шаруашылығы мен әлеуметтік маңызы бар өндірістерге әсерін есептеу және кәсіпкерлердің құқықтары сақталғанына нақты көз жеткізу. Ақмола биыл 5,6 млн гектар жерге егін екті, енді сол егінді шаруалар артық шығынсыз жинап біткені жөн.

Абзал АЛПЫСБАЙҰЛЫ, 

Ақмола облысы  

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:102
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 15 Қыркүйек 2026 06:22
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Талдықорғандағы түнгі төбелес видеоға түсіп қалды

19 Қыркүйек 2026 09:36see158

Бізге келген америкалық конгрессмендер қалалардың тазалығына таңғалды Тоқаев

19 Қыркүйек 2026 17:11see148

Уақытпен үндескен ұрпақ

19 Қыркүйек 2026 05:07see148

Ұлттық тазалық стандартын әзірлеу қажет деп санаймын. Бұл уақыт талабы Тоқаев

19 Қыркүйек 2026 15:29see147

Қостанай облысында аурухана медициналық жабдықтарды сатып алуда бәсекелестікті әдейі шектеген

19 Қыркүйек 2026 11:28see146

Көкшетауда студент қыз көлік тұрағына байланысты ер адаммен болған жанжал кезінде жарақат алды

19 Қыркүйек 2026 10:05see144

Димаштың Чилидегі концерті қарсаңында Қазақстанға арналған куэка орындалды (видео)

19 Қыркүйек 2026 00:23see143

Қазақстаннан 558 спортшы қатысады: Нагояда ХХ жазғы Азия ойындары ашылды

19 Қыркүйек 2026 19:12see139

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

19 Қыркүйек 2026 20:17see139

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

19 Қыркүйек 2026 20:17see136

Әрқашанда еліміз туралы ойлап, Қазақстанға қамқоршы болыңыздар Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

19 Қыркүйек 2026 17:01see133

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

20 Қыркүйек 2026 09:51see130

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

20 Қыркүйек 2026 09:27see129

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

20 Қыркүйек 2026 11:06see124

Қарағанды облысында 200 ге жуық шошқа тиелген жүк көлігі жол апатына түсті

19 Қыркүйек 2026 13:07see122

Цифрлық дәуірдегі дала

19 Қыркүйек 2026 06:47see121

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

20 Қыркүйек 2026 11:51see120

Жаңа iPhone 18 сатылымға шықты: әлемнің бірнеше қаласында ұзын сонар кезек пайда болды

19 Қыркүйек 2026 14:33see120

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

20 Қыркүйек 2026 08:01see119

Таразда тәулігіне 3000 тонна қызылша өңдейтін зауыт іске қосылады

19 Қыркүйек 2026 11:06see115
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары