Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

Қазақстанның 2027 жылға арналған бюджетінде мұнай бағасының үш сценарийі қарастырылды

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

Алматы әкімдігі лық толы автобус аялдамасы түсірілген видеоға түсініктеме берді

Синоптиктер ескертуі: еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады

Балаларды орындыққа байлап, ұрып соққан: Астанадағы жекеменшік балабақшада дау шықты

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады

Депутат Ләззат Жылқыбаева азаматтардың жеке деректерінің қорғалуын тексеруді талап етті

Астанада робот иттер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысып жүр

Тоқаев Азиядағы өзара іс қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес саммитінде сөз сөйледі

Қарағанды Жезқазған тас жолын жарты ғасырда алғаш рет жаңарту туралы шешім қабылданды

Қазақстан мен Бельгия порттар арасында серіктестік орнатуды көздеп отыр

Қазақстанда жалпы өңірлік өнімнің өсу қарқыны байқалды

Коммуналдық тариф көтерілмейді

Коммуналдық тариф көтерілмейді

24.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Коммуналдық қызметтердің құны көтерілмейді.

Келер жылдың екінші тоқсанына дейін елде тарифтерді өсіруге тоқтау салынды. Уақытша тыйым кеше күшіне енді. Бұл жайлы бас қалада өткен Үкімет кеңесінде премьер-минстр Олжас Бектенов мәлімдеген еді. Жаңа өзгеріс өндіріс орындарына қалай әсер етеді? 

- Иә, кешегі үкімет кеңесіндегі шешім көпшіліктің көңіліне қуаныш сыйлағаны белгілі. Дегенмен,осы тұста бұл өзгеріс өндіріс орындарына үшін қаншалықты тиімді деген заңды сауал туындайды. Себебі елдегі энергетика желілер, жылу орталықтары тозып тұр. Ескірген инфрақұрылымды жаңғыртамыз дегенді желеу етіп, жауаптылар тарифті дүркін-дүркін өсіргенін де білеміз. Ал енді оған тоқтау салынды. Енді оған қандай шешім бар, тілші шолуында толығырақ тарқатайын.

Үшінші тоқсандағы қорытынды статистикаға сүйенсек, елде коммуналдық қызметтердің құны айтарлықтықай өскен. Мәселен, бір жылда суық су 96, жылу 19, газ - 15 пайызға қымбаттаған. Сол секілді ыстық су 15, электр энергиясының бағасы 11 пайызға өскен. Бұған жауаптылар саладағы нысандарды жаңғырту мен қызметкерлердің жалақысын көтеру үшін барған. Енді бұлай болмайды. Үкімет сәуірге дейін тарифтердің өсуін тежеуге тапсырма берді.

Суық су - 96,1%

Жылу - 19,2%

Газ - 15,5%

Ыстық су - 15,5%

Электр энергиясы - 11,3%

Асан Дарбаев, ҚР Ұлттық экономика вице-министрі:

- Үкімет әзірлеген кешенді шаралар халықтың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған. Ең алдымен, халық үшін тарифтердің өсуі тежеледі. Әңгіме электрмен, энергиямен, сумен жабдықтау, кәріз жүйесі және газбен қамтамасыз ету сияқты коммуналдық қызметтер туралы болып отыр. Сонымен қатар, біз көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға басымдық береміз. Сондай-ақ тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының тұрақты және үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шараларды жүзеге асырамыз.

Дегенмен, жаңа өзгеріс бұқарамен бірге бизнес өкілдеріне де тиімді болуы шарт. Осы орайда билік өкілдері жеке секторға да жәрдемсуге ниетті. Мәселен, көмір бағасы мен логистика құнын қымбаттауға да шектеу салынады. Яғни өндіріс орындарының шығынын азайту арқылы коммуналдық қызметтердің құнын қалыпта ұстап тұруға мүмкіндік туады.  

Сұңғат Есімханов, ҚР Энергетика вице-министрі:

- Осы саладағы істеп жатқан мекемелердің барлық шығындарын оптимизация ретінде қарастырып, бүгінгі күні олардың өсіп жатқан шығындарын өсірмеу бағытында тиісті көмір бағасын, темір жол саласындағы бағалардың да өспеуін қамтамасыз етіп, осы саладағы коммуналдық тарифтердің өспеуін де толық қамтамасыз етіледі. Ол жаңа айтылғандай мемлекет басшылығының берген тұрақтылық жайлы берген тапсырмасына сәйкес орындалады деп толық айтамыз. 

Сол секілді елде жанар-жағармай бағасы да бақылауда болады. Бұл да өндіріс орындарының шығындарын азайтуға бағытталған шешімдердің бірі. Әрі халыққа қарайласудың шешімі.  

Сұңғат Есімханов, ҚР Энергетика вице-министрі:

- Ең алдымен  жанармай бағасының өспеу мәселесін қарастырып жатырмыз. Бүгінгі күннен бастап тиісті мораторий жарияланады. Бұл бағыттағы барлық өсімдер тоқтатылады. Қазіргі кездегі біздің нарықтағы бағамен бәсекелестікті қорғау агенттігімен бірігіп, барлық осы саладағы істеп жатқан әріптестермен осы тиісті жұмысты толық атқарамыз.

Ал әлеуметтік әлеуеті төмен отбасылар үшін тұрғын-үй көмегі қарастырылған. Яғни, коммуналдық төлемдердің бір бөлігін мемлекет төлеп беруге мүдделі. 

Думан Қалибеков, ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің жетісу облысы бойынша  департаменті басшысы:

- Осал топтар, отбасылар бар ғой, жағдайлары төмен. Осы жергілікті атқарушы органдар тарапынан коммуналдық шығындарды өтеу бойынша, белгілі бір бес пайыздан астам  коммуналдық шығындарды  мемлекет тарапына өздері өтеуге, яғни бұл сома тікелей тұтынушыларға аударылмай, солардың есеп-шоттары арқылы табиғи монополия субьектілеріне аудару арқылы осы коммуналдық шығындармен тиісті белгіленген пайызын жауып отырады. 

Сондай-ақ үкімет отырысынды жаңғырту жұмыстарының да жай-жапсары айтылды. Жауаптылар желілер мен орталықтарды жөндеуді жүйелі һәм уақытылы жүргізуге міндетті. Айтайық, алдағы бес жылдың бедерінде елде 86 мың шақырым коммуналдық желі жөнделіп, жаңадан салынады. Сондай-ақ жаңа энергия көздері бой көтереді. Ол үшін секторға 13 трлн теңге сыртқы салым тартылады. 

Коммуналдық желілер - 86 мың км

Генерция көздері - 7,3 ГВт

Инвестиция көлемі - 13 трлн теңге

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:215
embedДереккөз:https://24.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 17 Қазан 2025 17:21
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

14 Қазан 2026 21:13see136

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

14 Қазан 2026 21:07see136

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

14 Қазан 2026 21:06see133

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

14 Қазан 2026 20:54see131

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

14 Қазан 2026 21:31see130

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

14 Қазан 2026 22:21see129

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

14 Қазан 2026 20:59see129

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

14 Қазан 2026 23:44see126

Қазақстанның 2027 жылға арналған бюджетінде мұнай бағасының үш сценарийі қарастырылды

14 Қазан 2026 20:53see125

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

14 Қазан 2026 21:13see125

Алматы әкімдігі лық толы автобус аялдамасы түсірілген видеоға түсініктеме берді

14 Қазан 2026 20:54see125

Синоптиктер ескертуі: еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады

14 Қазан 2026 21:08see124

Балаларды орындыққа байлап, ұрып соққан: Астанадағы жекеменшік балабақшада дау шықты

15 Қазан 2026 09:31see124

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады

14 Қазан 2026 21:05see123

Депутат Ләззат Жылқыбаева азаматтардың жеке деректерінің қорғалуын тексеруді талап етті

14 Қазан 2026 21:01see123

Астанада робот иттер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысып жүр

15 Қазан 2026 16:43see123

Тоқаев Азиядағы өзара іс қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес саммитінде сөз сөйледі

15 Қазан 2026 17:59see122

Қарағанды Жезқазған тас жолын жарты ғасырда алғаш рет жаңарту туралы шешім қабылданды

14 Қазан 2026 20:56see121

Қазақстан мен Бельгия порттар арасында серіктестік орнатуды көздеп отыр

14 Қазан 2026 21:03see121

Қазақстанда жалпы өңірлік өнімнің өсу қарқыны байқалды

14 Қазан 2026 21:02see118
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары