Мораторий аяқталғаннан кейін коммуналдық тариф өзгере ме
Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..
Оның атап өтуінше, халыққа арналған коммуналдық қызметтердің түпкілікті тарифін Табиғи монополияларды реттеу комитеті, ал электр энергиясын өндіретін станциялардың тарифін Энергетика министрлігі бекітеді.
— Тарифтердің қандай сомаға және қашан көтерілетінін дәл қазір айта алмаймыз. Өйткені, зерделеу процесі жүріп жатыр. Қазіргі уақытта барлық жанама шығындарды ұстап тұратын болсақ, онда тариф көтерілмейді. Ал егер, көмірдің, газдың не болмаса темір жолдың құны белгілі бір деңгейде көтерілсе, онда өзіндік құнының да артатыны сөзсіз. Қарастыратын боламыз, — деді ол Мәжіліс комитетінің отырысынан кейін.
Естеріңізге сала кетсек, өткен жылдың 16 қазанында Премьер-министр Үкімет мүшелерінің, басқа да мемлекеттік органдар мен ұйымдар басшыларының қатысуымен Мемлекет басшысының азаматтар мүддесі үшін экономикалық реформалар бағдарламасын жүзеге асыруды ретке келтіру жөніндегі тапсырмаларын орындау мәселелері бойынша кеңес өткізді. Сол кезден бастап барлық тұтынушы тобы үшін коммуналдық қызметтер тарифтерін көтеру 2026 жылдың І тоқсанының соңына дейін тоқтатылған еді.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:53
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 25 Ақпан 2026 18:26 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















