Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

Кәсіпкерлік мәселесі басты назарда

Кәсіпкерлік мәселесі басты назарда

Aikyn.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Партия төрағасы Ерлан Қошановтың тапсырмасы аясында іске қосылған бастама отандық бизнесті қолдауға және Мемлекет басшысы жүктеген кәсіпкерлікті дамыту бойынша ауқымды міндеттерді жүзеге асыруға бағытталған. 

Алматы қаласы әкімінің орын­басары Олжас Смағұловтың және «AMANAT» партиясының Хатшысы Эльдар Жұмағазиевтің төрағалығымен өткен жиында кәсіпкерлік салаға қатысты бір­қатар түйткіл талқыға салынды. Отырысқа шаһардың бизнес-қоғамдастығы өкілдері, қалалық басқарма басшылары, сондай-ақ экономика, қаржы, инвестиция­лар, қала құрылысы, әлеуметтік са­ла, энергетика және инфра­құрылым бойынша профильдік кеңестердің мүшелері қатысты. Ашық диалогқа негізделген кез­десуде бизнес өкілдері мінбердегі азаматтарға көкейде жүрген сауа­лын  қойды. 

2026 жылдың қаңтар айынан бастап елімізде жаңа Салық ко­дексі қолданысқа енгізіледі. Қазір кәсіпкерлер мен тұтынушылар арасында жаңа ережеге қатысты қызу пікірталас жалғасып келеді. Әсіресе, ҚҚС-ты 12 пайыздан 16 пайызға көтеру – кәсіпкерлер арасында ең көп талқыланатын мәселе. Көптеген бизнес өкілі бұл өсімді қосымша шығын ретінде қабылдап, құн салығы бағаның өсуіне немесе тұтынушыларға әсер етуі мүмкін деп алаңдайды. 

«AMANAT» партиясының Хат­шы­сы Эльдар Жұмағазиев оты­рыстың басты мақсаты да сол, түйіні тар­қамаған түйткілдерді сараптап, кәсіпкерлер мен тиісті мемле­кет­тік органдар арасында ашық диалог орнату екенін негізге алды. Бұл мәселеге ортақ шешім іздеп, нақты жауап алуға мүмкіндік бермек. 

– Бүгінгі кездесуде барлық қа­тысушының пікірін тыңдадық. Жиында нақты деректерге негіз­делген салмақты мәселелер көте­рілді. Қала әкімдігі деңгейінде шешілуге тиіс бірқатар сұрақ қо­йылды. Соның ішінде, индустрия­лық аймақ пен автобус паркіне қатысты мәселелер бойынша ше­шім қабылданады. Одан бөлек, отырыста қала әкімдігінің құзы­ретіне кірмейтін, мемлекеттік ор­гандардың қарауындағы мәсе­лелер де сөз болды. Қазіргі уа­қытта вице-премьердің төрағалы­ғымен өтетін республикалық үй­лестіру кеңесіне дайындық жүр­гі­зіліп жатыр. Біз бүгінгі оты­рыс­та айтылған Алматы қаласына қатысты өзекті мәселелерді осы кеңесте көтереміз. Оған барлық уәкілетті мемлекеттік орган қаты­сады. Бүгінгі кездесуде жауабы нақ­тыланбаған сұрақтардың шешімін сол отырыста табамыз деп сенеміз. Қайткен күнде де, үй­лестіру кеңесінің аясында көп­тің көкейінде жүрген сұрақтардың шешімін тауып, осы жылы нүк­тесін қоюымыз тиіс, – деді Эльдар Тынышбайұлы.

Алматы – еліміз бойынша кә­сіп­керлік мәселелері жөніндегі үйлестіру кеңесі ұйымдас­ты­рылып отырған 11-қала. Қазіргі кезеңде барлық өңірде үйлестіру кеңесі өз жұмысын бастады. Осы ретте Эльдар Тынышбайұлы шешімін таппаған өзекті сауал­дарды Үкі­мет­ке ұсынуға дайын екенін, ал­дағы уақытта бастама осы фор­матта жалғаса беретінін жеткізді. 

– Өздеріңізге белгілі, жаңа Салық кодексі қаңтар айынан бас­тап күшіне енеді. Осыған бай­ланысты көптеген талқылау өтті. Алайда кәсіпкерлердің көкейінде әлі де бірқатар сұрақ пен алаң­даушылық бар. Олардың пікі­рін­ше, жаңа кодекс аясында кейбір бизнес нысандарының жабылу қаупі туындауы мүмкін, соның салдарынан халық жұмыссыз қалуы ықтимал. Бұл мәселе пар­тия өкілдерін де бей-жай қал­дыр­майды. Осыған орай біз үйлестіру кеңесін құрдық. Кәсіпкерлер ке­ңестің құрамы тұрақты болуға тиіс деген ұсыныс білдірді. Біз бұл пі­кірді толық қолдаймыз. Біздің па­йымымызша, Алматы қаласын­дағы барлық бизнес қауымдасты­ғының өкілдері кеңес құрамына енуге тиіс. Сонда ғана кешенді әрі мазмұнды диалог қалып­тастыруға мүмкіндік болады, – деді «AMANAT» партиясының Хатшысы Э.Жұмағазиев.

Алтынай БАУЫРЖАНҚЫЗЫ,

Алматы қаласы

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:164
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 13 Желтоқсан 2025 04:51
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see166

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see163

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see162

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see159

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see155

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see155

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see143

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see139

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see136

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see132

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see129

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see126

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see120

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see120

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see119

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see116

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see114

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see113

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see109

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

03 Қараша 2026 14:24see106
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары