Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Наурыз мерекесіне орай ұлттық нақышта безендірілген пойыздар жолға шықты

СҚО да жалған антивирус арқылы ақша ұрлау көбейді

22 наурызда еліміздің тоғыз қаласында ауа сапасы нашарлайтыны ескертілді

Волейбол: Жетісудың Азия чемпиондар лигасындағы алғашқы қарсыласы белгілі болды

Астанада өтетін FIFA ойынында Дастан Сатпаевты кім алмастырады

Қазақстандық теннисші Майамиде әлемнің тоғызыншы ракеткасын жеңді

Павлодарлық оқушы республикалық олимпиадада топ жарды

Түркістанда заманауи атшабар ресми түрде ашылып, Наурыз мейрамы дүбірлеп өтті

ҚПЛ: Алтай мен Каспий тең нәтижеге қанағат білдірді

Ақмола және СҚО құтқарушылары су тасқыны жағдайын бағалады

Телефондарды қуаттап, су қорын жинап қойыңдар : Иран Израиль мен Парсы шығанағы елдерінің тұрғындарына үндеу жасады

Көліктегі полицейлер 101 шетелдіктің көші қон заңнамасын бұзғанын анықтады

Тағы бір газ баллон жарамын: Шахтинскідегі 5 қабатты үйдің жарылыс жайлы тың ақпарат шықты

ЕЭК пен ЕАЭО 2030 жылға қарай тауарлардың ортақ биржалық нарығын қалыптастыруға кірісті

Куба әскері АҚШ тарапынан болуы мүмкін агрессияға дайындалып жатыр

Астана мен Алматы ақша айырбастау орындарында доллар бағамы қандай?

Қазақстанның қай өңірлерінде алдағы күндері су тасқыны қаупі бар

Үкімет басшысы ел азаматтарын Наурыз мейрамымен құттықтады

Қарағандыда қайғылы оқиға: жолдан өткен әйелдің үстіне жарық бағаны құлады

Ақша мен банк: күнделікті қолдануға арналған нақты кеңестер

Кәсіподақтар федерациясы ел азаматтарына Үндеу жасады

Кәсіподақтар федерациясы ел азаматтарына Үндеу жасады

Egemen.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясында ҚРКФ Төрағасы, Конституциялық комиссияның мүшесі Сатыбалды Дәулеталиннің жетекшілігімен Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасын егжей-тегжейлі талқылауға арналған іс-шара өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Іс-шараға Республикалық салалық кәсіподақтардың, еліміздің барлық өңірлеріндегі Кәсіподақ орталықтарының басшылары, кәсіподақ белсенділері қатысты.

Сатыбалды Дәулеталин Конституциялық комиссия құрамындағы жұмыс туралы айтып берді және елімізде жүргізіліп жатқан конституциялық реформаның тарихи маңызын атап өтті.

«Конституциялық комиссияға бүгінгі таңда саяси партиялардан, үкіметтік емес және қоғамдық ұйымдардан, ел азаматтарынан 4 000-нан астам ұсыныс пен өтініш келіп түсті. Бұл отандастарымыздың еліміздің Негізгі заңы қандай болатынына бейжай қарамайтындығын, сондай-ақ оның Референдумда халық тарапынан қабылданатынын білдіреді. Қазіргі өзгерістер мемлекетіміздің дамуындағы жаңа әрі тарихи кезеңді бастап береді», деді ҚРКФ Төрағасы.

Жаңа жобаның ішіндегі ең маңызды тұстарына тоқталған Сатыбалды Дәулеталин бірнеше жайтты түсіндіріп өтті.

«Жобаның тұтастай алғанда әлеуметтік мемлекетке бағдарлануы ерекше маңызды. Кәсіподақтар үшін еңбек ету құқығы және оның конституциялық мазмұны — жаңа Конституция жобасындағы негізгі сәттердің бірі. Жоба қолданыстағы Конституциядан айырмашылығы, әркімнің еңбек етуге және қызмет түрін еркін таңдауға құқығын растайды. Бірақ ең басты жаңалық — бұл құқық енді мемлекеттің әлеуметтік жауапкершілігімен және адамның құндылығымен тікелей байланысты болады. Бұл дегеніміз, жұмысқа жай ғана «іс» деп емес, адамның лайықты өмір сүруінің негізі ретінде қарау. Еңбек ету құқығы дегеніміз — тек жұмыс орнының болуы емес, ол қауіпсіз еңбек жағдайы, әділ жалақы және жұмыс берушінің өз бетімен шешім қабылдауынан немесе кемсітуден қорғалу деген сөз. Осы құқықтың Конституцияда бекітілуі жұмысшының мәртебесін көтереді. Себебі кез келген реформа немесе цифрландыру жұмыстары алдымен еңбек адамын қорғау қағидасына сүйенуі керек », деп өз ұстанымын білдірді Кәсіподақтар федерациясының Төрағасы.

Тағы бір маңызды өзгеріс деп Сатыбалды Дәулеталин жаңа кеңесші орган – Халық кеңесінің құрылуын санайды.


«Жобада Халық кеңесі туралы ереженің азаматтардың мемлекетті басқаруға қатысатын жеке мекемесі ретінде пайда болуын – халықтың билік ісіне нақты араласуының кеңеюі деп қарастыруға болады. Өз мағынасы бойынша бұл жай ғана көрініс үшін немесе құр белгі үшін жасалған ұйым емес. Бұл Кеңес қоғам мен билік арасындағы тікелей сөйлесу құралы ретінде, жаңа ұсыныстар айту, маңызды реформалар мен қоғамға қажетті шешімдерді талқылау мүмкіндігімен жасалған. Жалдамалы жұмысшылар мен кәсіподақтар үшін бұл өте маңызды. Алғаш рет конституциялық деңгейде әлеуметтік топтар, соның ішінде еңбек ұжымдары, елдегі мәселелерге ресми түрде әсер ете алатын, заң шығаруға ұсыныс бере алатын жол ашылады. Олар енді тек іс болып қойғаннан кейін ғана емес, шешім қабылданар кезде де ықпал етеді», деп атап өтті ҚРКФ Төрағасы.

Өз кезегінде ҚРКФ Төрағасының орынбасары Нұрлан Өтешев жаңа Конституция жобасының негізгі ережелері туралы айтып берді. Ол жиынға қатысушылардың назарын мемлекетті басқару жүйесіне ұсынылатын өзгерістерге, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына қатысты мәселелерге аударды.
Жаңа Конституция жобасын талқылай отырып, салалық және аумақтық кәсіподақ жетекшілері өз ұсыныстарын енгізіп, пікірлерін білдірді.

«Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағының төрағасы Мирболат Жақыпов қазіргі Конституция мен жаңа жобаны салыстыра талдау құқықтар мен бостандықтардың нақтыланғанын, сондай-ақ халықтың мүддесін қорғаудың заңды жолдары көрсетілгенін айтты.

Сонымен қатар, химия, мұнай-химия және өндірістің ұқсас салалары қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағының төрағасы Керім Пірімқұлұлы жаңа Конституция жобасында сот жүйесінде қорғау мен айыптаудың тең болуы өте маңызды екенін атап өтті.

«QAZAQMETAL KÁSIPODAǴY» Қазақстандық салалық тау-кен металлургия кәсіптік одағының төрағасы, Парламент Мәжілісінің депутаты Асылбек Нұралин жаңа Конституция жобасында белгіленген парламенттік реформаның өзектілігіне тоқталды.
Талқылауды жалғастыра отырып, Ақтөбе облысы Кәсіподақ орталығының төрағасы Алтынбек Әмірғалиев жиынға қатысушыларға сөз арнап, аймақтағы кәсіподақтардың атынан отандастарға жаңа Конституция жобасын қолдауға шақыратын Үндеу қабылдауды ұсынды.

Ақтөбелік әріптестің бұл ұсынысын басқа да кәсіподақ жетекшілері қолдады, олардың арасында Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағының төрайымы Айгүл Мұқашева, Алматы облысы Кәсіподақ орталығының басшысы Әсет Қыдырманов және басқалары бар.
Жиынға қатысушыларды тыңдап болған соң, Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының Төрағасы Сатыбалды Дәулеталин мемлекет пен азамат үшін ең басты құндылықтар Конституция жобасында бекітілгенін айтты. Сондай-ақ, Басты заң жобасын қолдау — бұл мемлекеттің және оның халқының одан әрі дамуына азамат ретінде өз үлесіңді қосу дегенді білдіретінін атап өтті.

«Біз Қазақстанның болашағына тікелей әсер ететін маңызды тарихи кезеңді бастан өткеріп жатырмыз. Бұл Конституция жобасын қолдау туралы шешім қоғамның болашақтағы жағдайына, тыныштыққа және еліміздің даму бағытына әсер етеді. Бұл – әрбір азаматтың ойы мен ұстанымы ерекше мәнге ие болатын жауапты сәт. Бұл кезеңнің әлемдегі жағдай тұрақсыз болып тұрған уақытқа тұспа-тұс келуі өте маңызды. Сыртқы және ішкі қиындықтар жағдайында жаңа Конституцияны қолдау және қабылдау – Қазақстанның тұрақты даму жолын сақтап қалуға жасалған қадам», деп қорытындылады ҚРКФ Төрағасы.

Жиынның соңында қатысушылар Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының атынан қазақстандықтарға Үндеу қабылдауды қолдады.

Үндеу мәтіні:

«Құрметті қазақстандықтар!
Бүгінгі таңда Қазақстанда елдің жаңа Конституциясының жобасын дайындау бағытында ауқымды жұмыстар атқарылып жатыр.
Конституциялық комиссия Негізгі заңның заманауи шынайылық пен қоғамның өзекті сұраныстарына негізделген жаңа редакциясын әзірлеп шықты.
Қазіргі уақытта мемлекетіміздің болашағына тікелей ықпал ететін айрықша тарихи кезең басталып отыр.
Осы құжатты қолдау туралы шешім қоғамның келешегіне, тұрақтылыққа және мемлекеттің ұзақ мерзімді даму векторына ықпал етеді.
Дәл осындай жауапты сәтте әрбір азаматтың жеке пікірі мен ұстанымы ерекше мәнге ие болмақ.
Еліміздегі екі миллионға жуық еңбек адамының мүддесін қорғайтын Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы жүргізіліп жатқан конституциялық реформаны толық қолдайтынын мәлімдейді. Сонымен қатар, әлеуметтік мемлекетті дамытуға, еңбек адамының мәртебесін нығайтуға және азаматтардың елді басқару ісіне қатысуын кеңейтуге бағытталған бірқатар маңызды ережелерді ерекше атап өтеді.
Біз жаңа Конституция жобасын – адам құндылығы кез келген жүйеден биік тұратын нағыз халықтық заң деп есептейміз.
Бұдан бөлек, жаңа Конституция жобасында әлеуметтік жауапкершілік пен қоғамдық бірлік басты құндылықтар ретінде айқындалған.
Еңбекті қорғау, білім беру және алға басу мемлекеттің стратегиялық басымдықтары болып белгіленді.
Жаңа Конституция жобасы Қазақстанның әлеуметтік мемлекет ретіндегі мәртебесін толықтай сақтап қалады.
Осы орайда әлеуметтік бағыт, әрбір азаматтың қауіпсіздік тетіктері, заң алдында бәрінің тең болуы, адамның ар-намысы мен қадір-қасиетін және еңбегін қорғау шаралары күшейтілді.
Аталған бағыттардың барлығы кәсіподақтар үшін өзгермейтін басты қағидаттар.
Конституциялық реформа еліміздің дамудың жаңа сапалы деңгейіне өтуін көздейді.
Жобада ұсынылған Халықтық кеңес пен Құрылтай жұмысына қатысты нормалар — бұл демократиялық институттарды нығайтуды және қоғамның мемлекеттік басқару мен маңызды шешімдер қабылдау ісіне қатысу сапасын арттыруды көздейтін жүйелі қадамдар.
Осы үдерістерге азаматтық қоғамның, соның ішінде кәсіподақтардың қатысуы миллиондаған жұмысшылардың мүддесін қорғауға нақты жол ашады.
Жаңа Конституция жобасында тәртіпке, кәсібилікке, адал еңбекке және заңды құрметтеуге негізделген, маңызды өмірлік ұстаным ретіндегі жасампаз патриотизм бекітілген.
Халықтың әл-ауқатын көтеру тұңғыш рет конституциялық мақсат болып айқындалды.
Осылайша, азаматтар мен еңбек адамының өмір сүру сапасы дамудың ең басты өлшемі ретінде анықталады.
Сонымен қатар, жаңа Конституция жобасы Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтары туралы халықаралық пактке толық сай келеді.
Жобада жұмыс орнының қауіпсіздік пен гигиена талаптарына сай еңбек жағдайларына, еңбегі үшін қандайда бір кемсітусіз сыйақы алуға, сондай-ақ заңға сәйкес әлеуметтік қорғалуы құқығына кепілдік береді деп нақты бекітілген.
Жоба әркімнің еңбек етуге және қызмет түрін еркін таңдауына құқығы бар екенін растайды, алайда бұл құқықтың мемлекеттің әлеуметтік сипаты мен адам басымдығы аясында қаралуы өте-мөте маңызды.
Кәсіподақтар үшін жобаның басты элементі — еңбек ету құқығы және оның конституциялық жанжақты қамтылуы болып табылады. Жаңа жоба әр адамның қалаған жұмысымен айналысуына мүмкіндік береді. Сондай-ақ, мемлекеттің басты назарында жүйе емес, адам және оның мүддесі тұратынын дәлелдейді. Бұл жұмыскерлердің мүддесіне және әлеуметтік диалогта дәйекті түрде қорғалып жүрген кәсіподақтардың мақсаттарына сәйкес келеді.
Біз, Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар федерациясы атынан бұл конституциялық реформа қоғамды біріктіріп, еңбек адамының абыройын арттыратына және әлеуметтік әділеттілікті күшейтуге мүмкіндік жасайтынына нық сенімді білдіреміз. ҚРКФ Әділетті Қазақстанды құру жолындағы өте маңызды қадам ретінде Конституция жаңа жобасын қолдайтынын мәлімдейді.
Кәсіподақ тарапынан конституциялық реформаны қолдау саналы әрі жауапты ұстаным. Біз жаңа Конституцияны алдағы уақытта еңбек заңнамасын жақсарту, әлеуметтік әріптестікті дамыту және лайықты еңбек кепілдіктерін нығайту негізі ретінде қарастырамыз.
Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы Жаңа конституцияны қабылдау Әділетті Қазақстанды құруға ықпал етеді, сонымен қатар бұл мемлекеттің адам мен оның еңбегіне құрмет және қоғамдағы ынтымақтастық негізінде саясатын қалыптастыруға дайындығын растайды деп санайды.
Біз барлық азаматтарды ел болашағы үшін жалпы жауапкершілікті анық сезінуге және дайындалған жаңа Конституция жобасын қолдауға шақырамыз», делінген. 

Соңғы жаңалықтар

Атырау облысында бұзақылық дерегімен 121 адамға сот үкімі шықты

Аймақтар • Бүгін, 19:38

Түркістанда Димаш Құдайбергеннің продюсерлік «Voice Beyond Horizon» жобасы басталды

Өнер • Бүгін, 19:07

Жаңа Конституция жобасы: Ұлттық ғылым академиясының ұйымдастыруымен дөңгелек үстел өтті

Ғылым • Бүгін, 18:33

ҚазҰУ-да Парламент депутаттарының қатысуымен академиялық тыңдаулар өтті

Ата заң • Бүгін, 18:17

Президент Конституциялық комиссия жетекшілерімен жұмыс кеңесін өткізді

Президент • Бүгін, 18:05

Алматыда конституциялық түзетулер қолдау тауып, олардың мәні түсіндірілді

Ата заң • Бүгін, 18:00

«Ауыл» партиясы: Қызылордада жаңа Конституция жобасы талқыланды

Аймақтар • Бүгін, 17:42

Ұлттық музейде Жаңа Конституция жобасы талқыланды

Өнер • Бүгін, 17:27

Ақтауда ірі өрт болды: Зардап шеккендердің бірі жансақтау бөлімінде жатыр

Оқиға • Бүгін, 17:19

Қаңтар айында пәтер бағасы қалай өзгерді?

Қоғам • Бүгін, 17:09

Жаңа Конституциядағы отбасы және неке нормалары сарапшылар талқысына түсті

Ата заң • Бүгін, 16:58

Магеррамов: Жаңа Конституция мемлекет саясатының жаңа бағдарын айқындайды

Қоғам • Бүгін, 16:56

Жазушылар жаңа Конституцияның рухани өзегін талқылады

Ата заң • Бүгін, 16:44

«Ауыл» партиясының жастары Конституциялық реформаны қолдайды

Ата заң • Бүгін, 16:31

Конституция жобасы партиялық пікірталас тақырыбына айналды

Ата заң • Бүгін, 16:08

Барлық жаңалықтар

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:91
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 06 Ақпан 2026 20:39
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Наурыз мерекесіне орай ұлттық нақышта безендірілген пойыздар жолға шықты

22 Наурыз 2026 16:56see114

СҚО да жалған антивирус арқылы ақша ұрлау көбейді

22 Наурыз 2026 22:08see113

22 наурызда еліміздің тоғыз қаласында ауа сапасы нашарлайтыны ескертілді

22 Наурыз 2026 14:31see113

Волейбол: Жетісудың Азия чемпиондар лигасындағы алғашқы қарсыласы белгілі болды

22 Наурыз 2026 13:13see112

Астанада өтетін FIFA ойынында Дастан Сатпаевты кім алмастырады

22 Наурыз 2026 02:48see111

Қазақстандық теннисші Майамиде әлемнің тоғызыншы ракеткасын жеңді

22 Наурыз 2026 12:29see111

Павлодарлық оқушы республикалық олимпиадада топ жарды

22 Наурыз 2026 17:09see110

Түркістанда заманауи атшабар ресми түрде ашылып, Наурыз мейрамы дүбірлеп өтті

22 Наурыз 2026 12:16see110

ҚПЛ: Алтай мен Каспий тең нәтижеге қанағат білдірді

22 Наурыз 2026 18:46see109

Ақмола және СҚО құтқарушылары су тасқыны жағдайын бағалады

22 Наурыз 2026 13:14see109

Телефондарды қуаттап, су қорын жинап қойыңдар : Иран Израиль мен Парсы шығанағы елдерінің тұрғындарына үндеу жасады

22 Наурыз 2026 21:43see109

Көліктегі полицейлер 101 шетелдіктің көші қон заңнамасын бұзғанын анықтады

22 Наурыз 2026 07:14see109

Тағы бір газ баллон жарамын: Шахтинскідегі 5 қабатты үйдің жарылыс жайлы тың ақпарат шықты

23 Наурыз 2026 18:02see109

ЕЭК пен ЕАЭО 2030 жылға қарай тауарлардың ортақ биржалық нарығын қалыптастыруға кірісті

23 Наурыз 2026 20:18see109

Куба әскері АҚШ тарапынан болуы мүмкін агрессияға дайындалып жатыр

23 Наурыз 2026 22:00see109

Астана мен Алматы ақша айырбастау орындарында доллар бағамы қандай?

22 Наурыз 2026 09:39see109

Қазақстанның қай өңірлерінде алдағы күндері су тасқыны қаупі бар

23 Наурыз 2026 11:37see108

Үкімет басшысы ел азаматтарын Наурыз мейрамымен құттықтады

22 Наурыз 2026 11:56see108

Қарағандыда қайғылы оқиға: жолдан өткен әйелдің үстіне жарық бағаны құлады

22 Наурыз 2026 18:17see107

Ақша мен банк: күнделікті қолдануға арналған нақты кеңестер

22 Наурыз 2026 21:26see107
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары