Каспий құбыр консорциумында мұнай тасымалдауда шектеу бар ма министрлік жауабы
Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..
— Бұл жағдай Үкіметтің ерекше бақылауында. Қазіргі уақытта тасымалдау бірқалыпты жүріп жатыр. Бір айлақ толық жұмыс істеп тұр. Ал екінші айлақты жүйеге қосу жұмыстары істеліп жатыр. Атап айтқанда, тасымалдауға ешқандай шектеу жоқ, — деді Ерлан Ақбаров Сенатта тілшілер сұрағына жауап бере отырып.
Оның айтуынша, келтірілген шығынды есептеуге қатысты іс-шаралар қарастырылып жатыр.
Еске салсақ, 2025 жылғы 29 қараша күні Астана уақытымен сағат 06:06–да Каспий құбыр консорциумының (КҚК) Новороссийск маңындағы теңіз инфрақұрылымына қашықтан басқарылатын су көліктерімен шабуыл жасалған. Шабуыл салдарынан екінші сыртқы айлақ құрылғысы (ВПУ-2) айтарлықтай зақымданған. Қондырғы толық жөндеу және қалпына келтіру жұмыстары жүргізілгенге дейін пайдаланудан шығарылған.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:106
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 04 Желтоқсан 2025 13:23 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















