Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Just жұбайлар жыры

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Тәуелсіздік шыңына шықты

Тұрмыстық қалдық кәдеге жарады

Емханаларда ашық есік күні

Әбу Даби 2026: қылмыстың алдын алу және қылмыстық сот төрелігі

Бүлдіршіннің бәрі жеңімпаз

Тарихи ескерткіштер тазартылды

Кофені көп ішсе, не болады?

Актер Олжас Абай мен Дариға Бадықованың құдалығынан видео жарияланды

Құс шаруашылығын жаңа деңгейге көтермек

Ұлттық қор балаларға президенттік бағдарламасы бойынша 7 миллионнан астам балаға 2,5 миллиард доллар аударылды

Махаббат бекеті оқырманға жол тартты

80 пайызы ененің кесірінен : актриса Жанель Мақажан неге қоғамда ажырасу көбейгенін айтты

Ел аумағын қамтыған акция

Бақыт тілеңіздер : Дариға Бадықова өзін сынағандарға жауап берді

Кейінгі 5 жылда ауыл шаруашылығы кооперативтерінің саны 53% өскен семинар кеңес

Кейінгі 5 жылда ауыл шаруашылығы кооперативтерінің саны 53% өскен семинар кеңес

Inform.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Іс-шара Мемлекет басшысының кооперацияның тиімді әрі тұрақты моделін қалыптастыратын жаңа салалық заң әзірлеу жөніндегі тапсырмасын іске асыру аясында ұйымдастырылды.

Жиында Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ермек Кенжеханұлы аталған мәселе елдің агроөнеркәсіптік кешенін ілгерілетудің маңызды құралдарының бірі екенін атап өтті. Бұл азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, ауыл тұрғындарының табысын арттыруға мүмкіндік береді.

- Соңғы 5 жылда тіркелген ауыл шаруашылығы кооперативтерінің саны 53%-ға өсіп, 4,5 мың бірлестікке жетті. Өндіріс көлемі 2 есеге артты, ал кооперативтердегі мал басы 52,5%-ға көбейді. Саланың бұлай қарқынды дамуы, ең алдымен, мемлекеттік қолдау шараларының кеңейтудің нәтижесі. Осы ретте, «Ауыл аманаты бағдарламасы» аясындағы жеңілдетілген қаржыландыру және кооперативтерді тіркеу рәсімдерін оңайлату маңызды рөл атқарды, - деді ол.

Вице-министрдің сөзіне қарағанда, бүгінде Үкімет ауыл шаруашылығы кооперациясын дамытуға бағытталған кешенді ынталандыру шаралары іске асырылып жатыр. Олардың қатарында мемлекеттік қолдаудың барлық түрлеріне тең қолжетімділік, салықтық жеңілдіктер, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді беру кезінде қосымша балл түріндегі артықшылықтар, сондай-ақ білім тарату орталықтары базасында фермерлер мен жеке қосалқы шаруашылықтарды оқыту бар.

Сондай-ақ вице-министр кооперацияның дамуын тежейтін негізгі мәселелерді де алға тартты. Мәселен, халық арасында ұжымдық шаруашылық жүргізудің артықшылықтары туралы жүйелі түсіндіру жұмыстарының әлсіздігі, басқарушылық құзыреттердің жеткіліксіздігі, қаржылық мүмкіндіктердің шектеулілігі және басқа да факторлар бар.

Жиын барысында кооперативтерді құрудың негізгі мақсаты өндіріс көлемін арттыру, сервистік қызметтерді қамтамасыз ету және бірлескен қайта өңдеуді ұйымдастыру мүмкіндіктерін кеңейту екені баса айтылды.

Қазіргі таңда елімізде 1,6 млн жеке қосалқы шаруашылық (ЖҚШ) бар. Бүгінде сүттің 61%-ын және еттің 44%-ын өндіретін осы қосалқы шаруашылықтар ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтуда да маңызды рөл атқарып отыр.

- ЖҚШ-лардың саны көп әрі өндіріс көлемі жоғары болғандықтан, олар ауыл шаруашылығы ынтымақтастығын нығайту үшін оңтайлы резерв қалыптастырады. Алайда оларға өнімді тұрақты өткізуді қамтамасыз ететін қайта өңдеуші кәсіпорын немесе ірі нарық қатысушысы қажет. Жеке қосалқы шаруашылықтар өндіріс көлемін қамтамасыз етеді, қайта өңдеу кәсіпорындары – тұрақты өткізуді, ал кооперативтер осы тізбектің барлық қатысушыларын байланыстыратын буын ретінде қызмет етеді. Бұл қатысушылардың біртіндеп қанат жаюына және ауқымын кеңейтуіне мүмкіндік береді. Соңғы жылдары дәл осындай тірек кооперация моделі қалыптасты. Біздің міндетіміз – осы қатынастарды заңнамалық деңгейде реттеу, – деп атап өтті Ермек Кенжеханұлы.

Атап өтерлігі, құрамына мүдделі мемлекеттік органдар, қаржы институттары, ғылыми қауымдастық және салалық одақтар кіретін жұмыс тобы түрлі бастамаларды, соның ішінде мүшелік мүмкіндіктерін кеңейту және мемлекеттік қолдау шараларын жетілдіру мәселелерін қарастыруда.

Семинар-кеңес қатысушылары кооперацияның «тірек» моделін енгізудің қажеттілігін қолдай отырып, оның ауылдық аумақтарды дамытудағы тәжірибелік маңыздылығына тоқталды.

Кездесу қорытындысы бойынша бірқатар ұсынымдар әзірленіп, олар уәкілетті мемлекеттік органдарға жолданатын болады.

Ермек Кенжеханұлы семинарда айтылған барлық ұсыныстар кооперативтер қызметінің ашықтығын арттыруға және ауыл тұрғындарының табысын өсіруге бағытталған тиімді заң әзірлеу барысында ескерілетінін жеткізді.

Басқосуға Президент Әкімшілігінің, «Amanat партиясы», Атамекен Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, БҰҰ-ның Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымы (ФАО), Халықаралық көші-қон ұйымы (ХКҰ), бизнес қауымдастық өкілдері, ғалымдар және жергілікті атқарушы органдардың басшылары қатысты.

Осыған дейін елде өндіріс, ауыл шаруашылығы және жол құрылысы қарқын алғаны туралы жаздық.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:177
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 16 Сәуір 2026 09:56
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see140

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see139

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see133

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see133

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see131

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see129

Тәуелсіздік шыңына шықты

13 Қазан 2026 04:31see126

Тұрмыстық қалдық кәдеге жарады

13 Қазан 2026 06:56see122

Емханаларда ашық есік күні

13 Қазан 2026 04:50see121

Әбу Даби 2026: қылмыстың алдын алу және қылмыстық сот төрелігі

13 Қазан 2026 06:06see121

Бүлдіршіннің бәрі жеңімпаз

13 Қазан 2026 04:23see110

Тарихи ескерткіштер тазартылды

13 Қазан 2026 04:23see109

Кофені көп ішсе, не болады?

13 Қазан 2026 01:36see109

Актер Олжас Абай мен Дариға Бадықованың құдалығынан видео жарияланды

12 Қазан 2026 22:25see106

Құс шаруашылығын жаңа деңгейге көтермек

13 Қазан 2026 04:23see105

Ұлттық қор балаларға президенттік бағдарламасы бойынша 7 миллионнан астам балаға 2,5 миллиард доллар аударылды

12 Қазан 2026 20:58see98

Махаббат бекеті оқырманға жол тартты

13 Қазан 2026 05:06see97

80 пайызы ененің кесірінен : актриса Жанель Мақажан неге қоғамда ажырасу көбейгенін айтты

13 Қазан 2026 01:36see93

Ел аумағын қамтыған акция

13 Қазан 2026 05:43see90

Бақыт тілеңіздер : Дариға Бадықова өзін сынағандарға жауап берді

13 Қазан 2026 01:18see90
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары