Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Өзін өзі жұмыспен қамтығандар үшін МӘМС жарналары 2026 жылдан бастап 1% ды құрайды

Сара Назарбаева сәуірден бері Алматыда ем қабылдап жатыр Үкібай

Тоқаев тек мемлекеттен бөлінетін қаражатқа қарап отыратын спорт федерацияларының басшыларын сынға алды

Құрылыс жұмыстарының көлемі 14,9% артты

Қазақстандықтар үшін арзандатылған ипотекалық несие көлемі артады

Президент: Өзгенің өмірін сақтау үшін өз басын қатерге тігу нағыз ерлік

Қасым Жомарт Тоқаев бірқатар қазақстандықты ерлігі мен жанқиярлығы үшін марапаттады

Атырауда жасанды интелектінің көмегімен 209 құқық бұзушы анықталды

Қазақстанда соңғы бес жылда 6 млрд тан астам тауар таңбаланды

ЖИ дәуірінің медиа мұраты

Шымкентте нысана көздеуден халықаралық турнир өтіп жатыр

FIFA қаржысына футбол алаңы салынды

Қазақстан Корея AI Silknet орталығы құрылады

Үндістан мұғалімдері Қазақстанның инклюзивті білім беру жүйесін зерттеп жүр

Қақтығысты тоқтату мүмкіндігі: Зеленский мен Трамп не дейді

Астанада мектептер мен балабақшалардағы қауіпсіздік мәселесі талқыланды

ҚХЛ: Барыс бүгін елордада Ак Барс командасын қабылдайды

Израиль мен ХАМАС арасындағы бейбіт келісімнің үзілу қаупі бар

Мәжілісте базалық және әмбебап банк лицензиясы моделін енгізуді көздейтін заң жобасы таныстырылды

Идеядан жаһандық брендке дейін: Путин RT телеарнасын 20 жылдық мерейтойымен құттықтады

Келер жылдан бастап әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі қалай өзгереді

Келер жылдан бастап әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі қалай өзгереді

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

МӘМС жүйесіндегі жаңа тәртіп 

2025 жылғы 14 шілдеде Мемлекет басшысы «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» заңға түзетулерге қол қойды. Жаңа нормалар 2026 жылдан бастап кезең-кезеңімен енгізіледі. Бұл өзгерістер ең алдымен әлеуметтік әлжуаз топтарды қорғауға бағытталған.

Бүгінде Қазақстан халқының 82,3%-ы немесе 16,7 миллион адам сақтандыру жүйесіне қатысады. Алайда 3,3 миллионнан астам азамат әлі де МӘМС жүйесіне кірмеген. Олардың ішінде 2,4 миллионы – табысы жеткілікті болғанымен, жарна төлеуден жалтарып жүргендер. Ал шамамен 1 миллион адам – табысы күнделікті қажеттілігін ғана өтеуге жететін, әлеуметтік осал топқа жатады.

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының ресми жауабына сәйкес, дәл осы соңғы санаттағы азаматтарға мемлекет жаңа тәртіп бойынша қолдау көрсетеді. Енді дағдарыстық (D) және шұғыл (E) деңгейге жатқызылған тұрғындардың жарнасын жергілікті бюджет төлейді. Төлем азамат медициналық көмекке жүгінген сәтте автоматты түрде аударылады. Сонымен қатар ресми тіркелген жұмыссыздардың да жарнасы енді жергілікті қазына есебінен төленеді. Бұл қадам сақтандыру жүйесіндегі әлеуметтік теңсіздікті азайтып, медициналық қызметтің қолжетімділігін кеңейтуге бағытталған.

Инфографика: Kazinform «D» және «Е» санаттары қалай анықталады?

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының түсіндіруінше, азаматтардың әлеуметтік жағдайы «Цифрлық отбасы картасы» арқылы айқындалажы. Бұл жүйе түрлі мемлекеттік органдардың деректерін біріктіріп, азаматтың соңғы үш айдағы табысы мен зейнетақы жарналарының түсу-түспеуін автоматты түрде тексереді.

Осы ақпараттың негізінде азаматтың «дағдарыстық» (D) немесе «шұғыл» (E) санатына жататыны анықталады. Ең бастысы – бұл мәртебені алу үшін қосымша құжат жинау немесе өтініш беру талап етілмейді, барлығы цифрлық деректер арқылы жүзеге асады.

Мұндай тәсіл бір жағынан бюрократиялық кедергілерді азайтса, екінші жағынан әлеуметтік жағдайы қиын азаматтардың медициналық сақтандыру жүйесінен тыс қалып қоймауына мүмкіндік береді.

Инфографика: Kazinform Жарна төлеудегі үзіліс кезінде мәртебені сақтау

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде азаматтардың үздіксіз медициналық көмек алуына мүмкіндік беретін жаңа тәртіп енгізілді. Бұған дейін жарна төлеу тоқтаған жағдайда сақтандыру мәртебесі үш айдан кейін жойылатын. Енді кемінде бес жыл қатарынан тұрақты жарна төлеп келген азамат төлемді уақытша тоқтатса да, алты айға дейін сақтандырылған мәртебесін сақтап қалады.

Коллаж: Kazinform/Freepik

Бұл норма әсіресе өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдар үшін маңызды. Мәселен, тұрақты жұмыс істеп жүрген азамат күтпеген жерден табысынан айырылса, осы аралықта оған МӘМС аясында медициналық қызмет көрсетіледі. Дегенмен, кейін бұл кезеңдегі жарна қарызын өтеу міндетті болып қала береді.

Бірыңғай медициналық пакет

2024 жылғы Жолдауда Мемлекет басшысы әрбір қазақстандық үшін денсаулық сақтау қызметтері тең қолжетімді болуы тиіс екенін атап өтті. Осы мақсатта «Бірыңғай медициналық көмек пакетін» қалыптастыру тапсырылды. Бұл пакет 2026 жылдан бастап іске қосылады және әр азаматқа өз денсаулығын қорғаудың жаңа мүмкіндіктерін ашады.

Ең басты жаңалық – онкологиялық скринингтер енді сақтандыру мәртебесіне қарамастан тегін болады. Бұған дейін тек кейбір адамдар ғана мұндай мүмкіндікке ие болса, енді кез келген азамат өз денсаулығын тексерте алады. Сонымен қатар, әлеуметтік маңызы бар сегіз ауруға – туберкулез, АИТВ, созылмалы вирусты гепатит пен бауыр циррозы, қатерлі ісік, психикалық және мінез-құлықтық бұзылыстар, сирек кездесетін аурулар, жүректің жедел инфаркті мен инсульт – кеңес беру мен диагностика тегін көрсетіледі. Бұрын мұндай жеңілдік тек туберкулез бен АИТВ-ға қатысты болатын.

Келер жылдан бастап базалық пакет мазмұны айтарлықтай кеңейеді. Енді амбулаторлық диализ, созылмалы аурулардың 12 тобы бойынша динамикалық бақылау мен кеңес беру, дәрілік қамтамасыз ету, жоспарлы стационарлық және стационарды алмастыратын көмек қолжетімді болады. Бұл жаңалықтар тек ауыр науқастарға емес, күнделікті өмірде созылмалы сырқаттарымен күресіп жүрген адамдарға да қамқорлық жасауға мүмкіндік береді. Пакетке бауыр, қалқанша безі, жүректің туа біткен ақаулары, қан аурулары, сүйек-буын сырқаттары, асқорыту жолдары дерттері және әйелдердің бірқатар аурулары кіреді.

Инфографика: Kazinform Жарна есептеу шегінің өзгеруі

Халықтың денсаулығын қорғау – мемлекет үшін басты міндеттердің бірі. Ал медициналық сақтандыру жүйесінің мықты болуы сол міндеттің табысты орындалуына тікелей байланысты. 2026 жылдан бастап бұл жүйеде маңызды жаңалық енгізіледі. Нақтырақ айтсақ, енді жарналар мен аударымдарды есептеу кезінде табыстың белгілі бір шектік көлемі ескеріледі. Жаңа тәртіп бойынша жұмыс берушілер үшін – 40 ең төменгі жалақы (ЕТЖ), қызметкерлер үшін – 20 ең төменгі жалақы мөлшері белгіленді.

Қордың мәліметінше, бастапқыда жарна есептеу шегін 50 ең төменгі жалақы деңгейінде белгілеу ұсынылған. Алайда жүргізілген экономикалық талдау мұндай жүктеменің бизнестің тұрақтылығына кері әсер етуі мүмкін екенін көрсетті. Осыған байланысты теңгерімді шешім қабылданып, жұмыс берушілер үшін шек 40 ЕТЖ, ал қызметкерлер үшін 20 ЕТЖ мөлшерінде бекітілді. Бұл тәсіл жүйенің қаржылық тұрақтылығын сақтап, жыл сайын шамамен 200 млрд теңге қосымша кіріс әкеледі.

Фото: Kazinform Мемлекет кімдердің орнына жарна төлейді?

Сақтандыру жүйесінде мемлекет ерекше рөл атқарады. Ол қоғамдағы әлеуметтік тұрғыдан әлсіз топтарды қолдауды өз мойнына алған. Балалар, зейнеткерлер, көпбалалы аналар, мүгедектігі бар азаматтар, жүкті және босанған әйелдер, жұмыссыз ретінде ресми тіркелгендер – барлығы жеңілдікті 15 санатқа кіреді. Бұл топтар үшін жарнаны бюджет төлейді, яғни олардың сақтандыру мәртебесі еш үзіліссіз сақталады.

Қазіргі таңда Қазақстанда МӘМС жарнасының деңгейі халықаралық тәжірибемен салыстырғанда төмен. 2025 жылы ол 2% мөлшерінде белгіленген. Ал өзге елдерде бұл көрсеткіш 9-14,5% аралығында. Жүйе алғаш енгізілгенде жарналар әдейі төмендетілген болатын, алайда уақыт өте келе жаңа міндеттер, жаңа талаптар пайда болды.

2026 жылдан бастап енгізілетін «Бірыңғай медициналық көмек пакеті» жүйеге қосымша жүктеме түсіретіні анық. Сол себепті мемлекет өз үлесін біртіндеп арттыруға шешім қабылдады. Мәселен, 2027 жылы – 2,2%, 2037 жылға дейін – 4,7%-ға дейін жеткізу көзделіп отыр.

Өңірлік теңсіздік пен медициналық қызметке қолжетімділік

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесіне қатысты өңірлер арасындағы теңсіздік мәселесі жиі талқыланады. Қалада маманға жазылу кезегі ұзақ болса, ауыл тұрғындары кейбір медициналық қызметтерге мүлде қол жеткізе алмайды.

Дегенмен Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының ресми мәліметіне сәйкес, бұл алаңдаушылық негізсіз. Жүйе ең алдымен әлеуметтік осал топтарды қамтиды: «дағдарыстық» және «шұғыл» санаттағы азаматтардың жарнасы жергілікті бюджет есебінен төленеді, яғни қосымша қаржылық ауыртпалық жоқ, ал медициналық қызмет көрсету ауқымы кеңейтілген.

Фото: ДСМ

Қызмет сапасы мәселесі де ескерілген. Егер емханада маман жетіспесе немесе қажетті диагностикалық құралдар болмаса, пациент басқа ұйымға жолдама алады. Ұзақ кезек немесе талдауларға жолдама берілмеген жағдайда азамат тіркелген емханадағы «Пациенттерді қолдау қызметіне» жүгінеді. Егер мәселе шешілмесе, арызды Қордың ресми арналары арқылы қалдыруға болады.

Осы тетіктер әрбір сақтандырылған азаматқа кеңес беру мен диагностикалық қызметтен бастап күрделі хирургиялық араласуға дейінгі медициналық көмекті қамтамасыз етеді. Қордың мәліметі бойынша, МӘМС енгізілгеннен бері халықтың құқықтары кеңейген. Ендігі маңызды қадам — осы қағидаттардың өңірлік деңгейде толық іске асырылуын қамтамасыз ету.

Азамат өз жарнасының жұмсалуын қалай бақылайды?

МӘМС қаражаты Ұлттық банктегі бірыңғай арнайы шотқа түседі және тек сол шотқа байланысты медициналық қызметке жұмсалады. Қаражаттың нақты жұмсалуын — қанша операция жасалғанын, дәрігерлердің жалақысын, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету және жоғары технологиялық қызметтерді — msqory.kz, Qoldau 24/7, Telegram @SaqtandyryBot немесе 1414 байланыс орталығынан көруге болады.

Инфографика: Kazinform

Егер азамат Қордың шешімімен келіспесе, 2020 жылғы 29 маусымдағы «Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекс» 91-бабының 6-тармағына сәйкес сотқа шағымдануға құқығы бар.

Сарапшылар не дейді?

Экономист Мақсат Халықтың айтуынша, МӘМС жүйесіне қоғам тарапынан сынның азаймауы оның әлі де толық жетілмегенін көрсетеді.

— Мен МӘМС жүйесіне бұрыннан сыни көзқарастамын. Бізде айтарлықтай қаржы аударылып жатқанымен, азаматтар бұл жүйенің нақты пайдасын сезіне алмай отыр. Көп жағдайда сақтандырылғандар медициналық қызметке жүгінгенде түрлі себептермен көмек ала алмай жатады. Бұл жүйеде әлі де шикіліктердің бар екенін аңғартады, — дейді сарапшы.

Фото: Мақсат Халықтың жеке мұрағатынан

Оның айтуынша, жұмыс берушілер төлейтін жарна үлесі қазіргі таңда 2 пайыз деңгейінде. Бұл аз көрінгенімен, алдағы жылдары біртіндеп арту көзделіп отыр: 2027 жылы — 2,2 пайыз, 2030-2037 жылы — 4,7 пайызға дейін.

— Бұл, менің ойымша, компаниялар үшін қосымша ауыртпалық. Себебі бұл төлемдер еңбекақы қорынан ұсталады. Ал азаматтар өз жарнасының нақты нәтижесін көрмесе, оның мәні жоғалады. Егер сақтандырылған адам уақытылы медициналық көмек ала алмаса, не үшін ай сайын жарна төлеуі керек деген сұрақ туындайды, — дейді экономист.

Мақсат Халықтың пікірінше, соңғы өзгерістердің бірі — кейбір ауру түрлерінің МӘМС пакеті аясында қарастырылуы — оң бастама. Алайда сақтандырылған азаматтар үшін қызметтің қолжетімділігі мен ұйымдастыру мәселелері әлі де өзекті болып отыр.

— Адамдар төлемді уақытылы төлеп отырса да, көмек алу кезінде түрлі құжат жинау, кезекке тұру сияқты кедергілерге тап болады. Ал ауру күтпейді. МӘМС жүйесі өз мақсатында жұмыс істеуі үшін ең алдымен осы мәселелер шешімін табуы тиіс, — деп түйіндеді сарапшы.

Экономист Сапарбай Жұбаевтың айтуынша, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне қатысты халық наразылығының басылмауы — оның жұмысында әлі де шешілмеген түйткілдердің бар екенін көрсетеді.

— Кей азаматтар медициналық ұйымдарға бармаса да жарна ұсталғанына наразы. Ал кейбір мекемелерде заңсыздықтар тіркелген. Мәселен, бір адамның 62 тісін тегін емдеткені туралы дерек болған. Мұндай жағдайлар қоғамның сенімін төмендетеді. Осы себепті бақылау күшейтіліп, мемлекеттік корпорациялар да тартылды. Бірақ бақылау органдарын көбейту жемқорлықты азайтпайды, керісінше арттыруы мүмкін. Сондықтан бұл мәселені қоғамдық бақылау арқылы шешу қажет. Өкінішке қарай, билік бұл бағытқа әлі жеткілікті көңіл бөлмей отыр, — дейді сарапшы.

Фото: Сапарбай Жобаевтың жеке мұрағатынан

Экономист наразылықтың негізгі екі себебін атады. Біріншіден, халық кеңестік кезеңнен бері қалыптасқан «медициналық көмек тегін болуы тиіс» деген түсініктен арыла алмай келеді.

— Сақтандыру жүйесі жеке медициналық секторды дамытуға бағытталған. Алайда мемлекеттік емханалар мен ауруханалар жеке клиникалармен тең дәрежеде бәсекеге түсе алмайды. Мемлекет оларға қаржы бөледі, ал жеке ұйымдар барлық шығынын өздері өтейді. Соған қарамастан, екі тарапқа да бірдей төлем мөлшері белгіленген. Бұл жүйенің теңгерімсіздігін көрсетеді, — дейді Сапарбай Жұбаев.

Екіншіден, қоғамда өз денсаулығына деген жауапкершілік әлі де төмен.

— Қазақ қоғамында салауатты өмір салтының мәдениеті әлсіз. Артық тамақтану, зиянды әдеттер мен қозғалыстың аздығы денсаулыққа кері әсер етеді. Ал мемлекет есебінен көрсетілетін тегін көмек кейде адамдарды өз денсаулығына немқұрайлы қарауға итермелейді. Сондықтан материалдық мүмкіндігі бар азаматтар медициналық қызметті ақылы түрде пайдаланғаны жөн, — дейді экономист.

Оның айтуынша, биылғы заң өзгерістері жүйенің әлеуметтік әділеттілігін арттыруға бағытталған.

— Бұрын азамат жарнаны бір ай төлемесе, сақтандыру мәртебесінен айырылатын. Енді жұмыссыз қалған адам үш ай бойы төлем жасамаса да, сақтандырылған мәртебесін сақтап қалады. Ал қайта жұмысқа орналасқан соң төленбеген жарналарды толықтыру қажет. Бұл — жүйенің әлеуметтік әділеттілігін арттыратын маңызды қадам, — деп түйіндеді Сапарбай Жұбаев.

Қорыта келе, 2026 жылдан бастап МӘМС жүйесіне енгізілетін жаңа нормалар медициналық сақтандыру жүйесін әлеуметтік әділеттілік тұрғысынан нығайтуға бағытталған. Ең басты жаңалық – әлеуметтік осал топтардың жарнасын жергілікті бюджеттен төлеу. Бұл бұрын сақтандыру жүйесінен тыс қалып келген азаматтарға медициналық қызметке толық қолжетімділік береді. Сонымен бірге, жүйе жұмыссыз қалған азаматтар үшін де жеңілдетілген тәртіп енгізді. Бұл қадам әлеуметтік әділеттілікті арттырып, халықтың денсаулығын қорғауды күшейтеді.

Жаңа ережелер жергілікті әкімдіктердің жауапкершілігін де ұлғайтады. Олар табысы жеткіліксіз отбасылар мен жұмыссыздардың жарнасын төлеп, өңірде әлеуметтік қолдауды қамтамасыз етуге міндетті болады. Бұл өз кезегінде өңірлік теңсіздікті азайтуға, жаңа жұмыс орындарын ашуға және кедейлікті төмендетуге ықпал етеді. Сондай-ақ, жарна төлеу жүйесіндегі өзгерістер – табысы жоғары азаматтардан да әділетті үлес жинауға негізделген. Жүйеге түсетін қосымша қаражат медициналық қызметтің сапасы мен қолжетімділігін арттыруға жұмсалады.

Осылайша, 2026 жылдан бастап МӘМС жүйесіне енгізілетін жаңа нормалар азаматтардың медициналық қызметке тең қолжетімділігін қамтамасыз етеді, әлеуметтік осал топтарды қорғайды және өңірлік теңсіздікті азайту арқылы қоғамдағы әділеттілікті нығайтуға бағытталған.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:84
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 19 Қазан 2025 08:01
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Өзін өзі жұмыспен қамтығандар үшін МӘМС жарналары 2026 жылдан бастап 1% ды құрайды

17 Қазан 2025 17:13see134

Сара Назарбаева сәуірден бері Алматыда ем қабылдап жатыр Үкібай

17 Қазан 2025 13:40see128

Тоқаев тек мемлекеттен бөлінетін қаражатқа қарап отыратын спорт федерацияларының басшыларын сынға алды

17 Қазан 2025 13:15see122

Құрылыс жұмыстарының көлемі 14,9% артты

17 Қазан 2025 19:39see121

Қазақстандықтар үшін арзандатылған ипотекалық несие көлемі артады

17 Қазан 2025 13:11see120

Президент: Өзгенің өмірін сақтау үшін өз басын қатерге тігу нағыз ерлік

17 Қазан 2025 13:34see119

Қасым Жомарт Тоқаев бірқатар қазақстандықты ерлігі мен жанқиярлығы үшін марапаттады

17 Қазан 2025 17:13see117

Атырауда жасанды интелектінің көмегімен 209 құқық бұзушы анықталды

17 Қазан 2025 20:10see116

Қазақстанда соңғы бес жылда 6 млрд тан астам тауар таңбаланды

17 Қазан 2025 16:07see115

ЖИ дәуірінің медиа мұраты

18 Қазан 2025 10:07see115

Шымкентте нысана көздеуден халықаралық турнир өтіп жатыр

17 Қазан 2025 16:07see114

FIFA қаржысына футбол алаңы салынды

17 Қазан 2025 16:07see113

Қазақстан Корея AI Silknet орталығы құрылады

17 Қазан 2025 16:07see113

Үндістан мұғалімдері Қазақстанның инклюзивті білім беру жүйесін зерттеп жүр

17 Қазан 2025 20:14see112

Қақтығысты тоқтату мүмкіндігі: Зеленский мен Трамп не дейді

18 Қазан 2025 00:43see112

Астанада мектептер мен балабақшалардағы қауіпсіздік мәселесі талқыланды

19 Қазан 2025 03:28see112

ҚХЛ: Барыс бүгін елордада Ак Барс командасын қабылдайды

18 Қазан 2025 09:21see111

Израиль мен ХАМАС арасындағы бейбіт келісімнің үзілу қаупі бар

19 Қазан 2025 02:15see110

Мәжілісте базалық және әмбебап банк лицензиясы моделін енгізуді көздейтін заң жобасы таныстырылды

17 Қазан 2025 18:13see108

Идеядан жаһандық брендке дейін: Путин RT телеарнасын 20 жылдық мерейтойымен құттықтады

17 Қазан 2025 22:17see108
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары