Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Украинада мектеп оқулықтары казактар ​​тарихын қалай жазып жатыр видео

Елімізде заңсыз су саудасы мен қара нарыққа қарсы анонимді шағым қабылдау басталды

Тоқаев Оман Сұлтанының бітімгерлік рөлін жоғары бағалады

Жазира Байырбекованың келінімен түскен видеосы көрерменді сүйсінтті (видео)

Жаһандық үндестікке бастар жол

Әріп танымайды : Оралда 10 жастағы бала қоқыс алаңында өмір сүрген

Жалақы 300 мың, пәтер 100 миллион: салық қызметі не сұрайды

Астанада автотұрақта бес көлік өртеніп кетті

Қазақстан мен Оман бірлескен мәлімдеме жасады

Варшавада сарапшы Қазақстанның азаптауға қарсы тәжірибесіне тоқталды

Белгілі спорт журналисі Аслан Қаженов өзіне қысым жасалып жатқанын мәлімдеді

Кеңестік кезең Латвиядағы сайлауға әлі де әсер ете ме? Сарапшы талдауы

Келімсегі көп криптобиржа

Келімсегі көп криптобиржа

Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

 Қазақстан нарығында еркін жұмыс істеп жатқан әлемдік биржалардың тегеуріні отандық компаниялардың адымын аштырмай тұрғанын сала сарапшылары да айтады. Клиенттік база толмай, табысқа жарымаған соң жыл соңына дейін түгел жабылып жатса да таңғалатын түгі жоқ. Есесіне, солардың орнын шетелдік биржалар басуға қамданып жатыр деген екінші сөз тарады. Жағдай шынымен осылай өрбісе, бұл бір компанияның орнын екіншісі алмастырды деген сөз емес. Ал одан келер қауіп орасан.

Telegram лицензияға енді ғана өтініш берді

Айта кетейік, бүгінде АХҚО Қаржылық қызметтерді реттеу комитетінің (AFSA) ли­цензиясын алып, заң аясында жұмыс істеп жатқан 24 компания бар. Арасында бірнешеуі әлі комитеттің бақылауына толық өткенге дейінгі FinTech Lab кезеңінде. Бұлардан бөлек, тағы 6 компания лицензия алуға өтініш беріп, мақұлдауын күтіп отыр. Солардың арасында Telegram да бар. Жалпақ жұртқа әлеуметтік желі, жаңалық арналары сипатымен жақсы танылған әлемдік компан­ия Қазақстан аумағында тағы бір қырын ресми жолмен паш ете бастады. AFSA-ның жария тізіміне қарағанда TG Wallet KZ Ltd биыл 5 маусымда тіркеліп, лицензияға өтініш берген. Қазір тексеру кезеңінде, комитеттің мақұлдауын күтіп отыр. 

Естеріңізде болса, осыдан тура екі жыл бұрын Telegram иесі Павел Дуров Астанаға келгенде АХҚО оның Toncoin криптовалю­тасын листингке енгізген еді. Сол кезден бергі қалыптасқан әріптестіктің арты енді міне, биржа ретінде тіркелуге ұласып жатыр. 

Telegram-ның неге енді ғана ресми түрде тіркеліп жатқаны белгісіз. Олай дейтініміз, ол осыған дейін де Қазақстан азаматтары үшін еркін қолдана алатын сауда алаңы болып келген еді. Қолданушылар тура сол Telegram-ның ішінен-ақ биткоин немесе басқа да криптовалютаны саудалап жүр. Алайда тиісті лицензиясы болмаған соң ол операцияның бәрі нарықты реттеуші орган­дар есебіне кірмейді. Осындай сәтте құзырлы органдардың неге тіс батырмай отырғаны да ақылға сыймайды, бірақ ол – басқа әңгіме. Бізге қызығы, оның лицензия алуға деген талпынысы дәл осы жергілікті биржаларға қатысты алыпқашпа әңгіме туа бастаған шақпен тұспа-тұс келіп тұрғаны. 

Оның үстіне, АХҚО лицензиясына ұмтылып жатқан жалғыз Telegram емес. Алты бірдей компанияның өтініш беріп қойғанын әлгінде айттық. Соның ішінде тағы бірі – AROOT Kazakhstan Ltd да біздің нарыққа жат ұйым. Компания Оңтүстік Кореяда принтердің түр-түрін, сондай-ақ электронды құралдардың аксесуарларын өндіріп, сатумен айналысып келген. Былтыр күзде холдингтік активтерді басқару ретінде көрсетіп, AFSA-ға тіркелсе, биыл енді цифрлық активтерге қатысты қаржылық қызметтер көрсету функциясын іске қоспақшы. Құзырлы орынның мақұлдауын күтіп отырғандардың бірі Investment Club BRICS+ Ltd. басшылары Никита Синель­ни­ков, Антон Саниндер де ресейліктер. 

Әлемдік биржалар дегенде бір нәрсені айтпай кетуге болмайды. Лицензия алған жергілікті биржалар клиенттердің қаражатын сақтау, тәуекелдерді басқару, киберқауіпсіздік бойынша талаптарды орындауға міндетті. Сонымен қатар ақшаны жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қарсы (AML/CFT) рәсімдерді жүргізеді, клиентті сәйкес­тен­діреді (KYC), реттеуші тарапынан тек­серіліп, үнемі есеп беріп отырады. Мұндай қатаң бақылау жағдайында саудагер де, цифрлық актив те күмән туғызбайды.  

Ал ел нарығында неше жылдан бері сөз болып жүрген Binance.com және Bybit.com-дарға қатысты дау көп. Жергілікті лицензияны алғанымен, Қазақстан нарығына арналған арнайы сайтының болмауы көп сұрақ туындатып келеді. Әлем және Қазақстан нарығына ортақ сайт қолданылған жағдайда цифрлық актив саудагерлерінің жасырын қалу мүмкіндігі бар. Оған қоса, шыққан тегі күмәнді әрі қауіпті активтер саудалана береді. Ақырында көлеңкелі айналымда деп айтылып жүрген нешеме миллиард дол­лардан лайықты көлемде пайда түсіре алмай отырғанымыз сол күмән бұлтын қоюлата түседі. Осыдан соң Қазақстан аума­ғына жаңадан кіріп жатқан шетелдік биржалар да Binance салған соқпақпен кетсе, күмәнді әрі көлеңкелі операциялар ауқымы одан әрі арта түспек. Осыдан соң ендігі кезекте ел аумағына кіруге мүлде тыйым салынған KuCoin, OKX, Mexx, Kra­ken сынды биржалар да біздің нарыққа ауыз сала бастамасына кім кепіл? 

Саланы тоқыратқан үш себеп

Отандық биржаларға қатысты қауесеттің таралуы жай емес екенін сала сарапшысы Дәурен Қарашев та айтып отыр. Оның сөзінше, бейресми хабарға сенсек, 2026 жыл­дың соңына дейін қазақстандық крипто­биржалар, яғни қазақстандық құрылтайшылар ашқан биржалар түгел жабылуы мүмкін. Мұндай қауіптің үш түрлі себебін айтады. 

Біріншіден, қазір құзырлы органның ұстанымы біркелкі емес. 2025 жылдың соңына қарай осы салада заңдарға үш түрлі өзгеріс енді. Олардың абсурдты болғаны соншалық, 2026 жылы қолданысқа енгізілген заңнамалық өзгерістердің кейбірінің ғұмыры үш-ақ жылға жетті де жаңа түзетулермен қайта өзгеріп кетті. Сөйтіп, осыған дейін қабылданған «ЖИ туралы» заңдағы түзетулер кейін «Банк және банк қызметі туралы» заңдағы және Цифрлық кодекстегі түзетулер арқылы күші жойылды. Заңдағы осындай тұрақсыздық – бұл бірінші проблема. 

Екіншісі, Қазақстан ешқашан өзін оффшор аймақ деп көрсетпейді, біздің тер­риториямыз FATF пен басқа да халық­аралық ұйымдар талабына сай келеді. Сөйте тұра, іс жүзінде жағдай керісінше өрбіп барады. 

Біздің елде лицензия алмаған биржа­лардың жұмыс істеуіне тыйым салынған. Өйткені қауіп көп, цифрлық активтердің псевдоанонимді сипаты бар. Олар кәдімгі ақша мен төлем құралдарын оңай алмастыра алады. Тек айырмашылығы, криптоактивтерді басқару қиын.

Псевдоанонимді деп айтылатын себебі мынада. Бір мекенжайдан екінші мекенжайға жіберілгенде қай уақытта қанша көлемде кеткенін біле аламыз. Бірақ жіберуші белгісіз қала алады. Оны арнайы мамандандырылған платформалар, яғни криптобиржалар анық­тайды. Сол үшін біздегі ҰБ пен АХҚО ли­цен­зиясын алған криптобиржалардың бәрі қаржылық мониторинг органдарының бақылауында болады. Сайып келгенде, бізде осы салада биржалардың заңды жұмыс істеуі үшін жалғыз жол – тиісті лицензиясы болуы керек. 

Ал лицензиясы жоқтар үшін қатаң бап қарастырылған. Себебі криптобиржалар арқылы өте үлкен көлемдегі қаражат айна­лады. Мәселен, Қылмыстық кодексте 214-бап, сол сияқты Әкімшілік кодексте де арнайы бап бар. Осындай басым заңдар бола тұра, бізде әлі күнге дейін лицензиясыз криптобиржалар жұмыс істеп келеді. 

«АҚШ Сенатында (әлде Өкілдер палатасында) тергеу жүріп жатыр. Олар Binance.com-ға үлкен айып тағып отыр. Өйткені биржа ирандық ұйымдарға қаржы құралдарын жіберіп және олардан қабылдап алып отырған-мыс. Иран санкцияның астында отырса да, Binance-қа өздерін «Хамас» ретінде таныстыратын әмияндардан қаржы құралдары еркін кіріп жатыр. Демек, бұл әлемдік биржа сайтына кірген қазақ­стандықтар осы сауда операцияларына ілігіп кетуі мүмкін. Осыларды көріп отырып, неге әлі күнге Қазақстан аумағында еркін жұмыс істеп келе жатқаны түсініксіз», – дейді ол. 

Үшінші фактор, жалпы криптобиржалар үшін лицензия алу – өте қымбатқа түсетін шара. Бірақ олар 2023 жылы қабылданған «Цифрлық активтер туралы» заңның тала­бына үміт артты. Ол бойынша қазақстандық майнерлер осында өндірген криптоак­тивтерінің 2024 жылы 50%-ын, 2025 жылы 75%-ын және биылдан бастап барлығын қазақстандық криптобиржаларда сатуға міндетті еді. Осыдан дәмеленген жергілікті криптобиржалар 2023 жылы осы бизнеске қыруар ақша құйып, біраз табысқа кенелеміз деп ойлады. Олар тіпті қарапайым крипто­саудагерлер болмай қалады деп бас ауыртқан да жоқ, себебі ірі майнерлерден түсетін табыс жеткілікті болар еді. 

– Алайда оларды құзырлы органдар оларды «лақтырып» кетті. Бұл әдейі жасалған әрекет пе, әлде осылай болып қалды ма – белгісіз. Былтыр Парламентте депутат Екатерина Смышляеваның ұсынысымен майнерлерді артқы уақытпен әлгі міндет­темеден босатып жіберді. Ал біздің майнерлер өндіретін криптоактивтердің өтімділігі өте жоғары. Себебі олар таза, ешқандай күмәнді жүйеге қатысы жоқ. Соның салдарынан отандық биржалар табыссыз қалды,  – дейді Дәурен Қарашев.

Айта кетейік, дәл осы майнерлерге қатысты заңдағы өзгеріс алғаш сөз бола бастағанда қазақстандық биржалар қауіптің алдын алу үшін Парламентке және құзырлы органдарға бірлесіп хат жазған болатын. Сонда заңдағы мұндай өзгеріс отандық нарыққа үлкен қауіп төндіретінін ескерткен еді. Алайда бір де бір орган бұл ұсынысқа жауап қатпады.

Ербол ТҰРЫМБЕТ

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:197
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 09 Шілде 2026 05:46
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see142

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see137

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see136

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see135

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see132

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see127

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see127

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see127

Украинада мектеп оқулықтары казактар ​​тарихын қалай жазып жатыр видео

07 Қазан 2026 05:13see123

Елімізде заңсыз су саудасы мен қара нарыққа қарсы анонимді шағым қабылдау басталды

06 Қазан 2026 07:56see121

Тоқаев Оман Сұлтанының бітімгерлік рөлін жоғары бағалады

06 Қазан 2026 19:07see120

Жазира Байырбекованың келінімен түскен видеосы көрерменді сүйсінтті (видео)

06 Қазан 2026 21:25see118

Жаһандық үндестікке бастар жол

06 Қазан 2026 06:32see117

Әріп танымайды : Оралда 10 жастағы бала қоқыс алаңында өмір сүрген

06 Қазан 2026 14:21see116

Жалақы 300 мың, пәтер 100 миллион: салық қызметі не сұрайды

06 Қазан 2026 11:13see115

Астанада автотұрақта бес көлік өртеніп кетті

06 Қазан 2026 09:24see113

Қазақстан мен Оман бірлескен мәлімдеме жасады

06 Қазан 2026 15:01see112

Варшавада сарапшы Қазақстанның азаптауға қарсы тәжірибесіне тоқталды

06 Қазан 2026 15:43see112

Белгілі спорт журналисі Аслан Қаженов өзіне қысым жасалып жатқанын мәлімдеді

06 Қазан 2026 21:25see109

Кеңестік кезең Латвиядағы сайлауға әлі де әсер ете ме? Сарапшы талдауы

06 Қазан 2026 11:33see108
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары