Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

Кен орнындағы рекордтық көрсеткіш

Кен орнындағы рекордтық көрсеткіш

Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

Кейінгі жылдары жер қойнауын тиімді игеру, геологиялық саланы жаңа технологиялық деңгейге көшіру жұмыстары қарқын ала бастады. Былтыр Президент тапсырмасы бо­йын­ша саланы жүйелі жаңғыртудың нәтижесінде пайда­лы қаз­балардың 103 түрі мен 10 мыңға жуық кен орны мем­ле­кеттік есепке алынды. Әйткенмен, пайдалы қазбалардың едәуір бөлігі әлі де шикізат күйінде экспортталып отыр.

Мемлекет басшысы был­тыр қыркүйекте жария­лаған Жолдауында өңдеу өнеркәсібін дамытуды ұлттық эко­номика­ның басты басымдық­тарының бірі ретінде атаған еді. «Тау-кен металлургиясы қашанда Қазақстан­ның жаңа индустриалды қалыбы­ның сенімді тірегі болып келеді. Оның ел экономикасындағы үлесі – 8 пайыз. Бірақ саланың даму әлеуеті зор. Әсіресе терең өңделетін өнім­­дерді шыға­руға мол мүм­кін­дігі бар. Жаһан­дық үде­рістер­ге сәйкес, сирек кез­десетін металдардың және айрықша қажет басқа да материал­дардың маңызы арта түс­ті. Бұл саладағы әлемдік өндіріс­тер мен сауда-саттық­тың жаңа желі­сінде өз орнын нық­тап алуына Қазақ­станның толық мүмкіндігі бар», деген еді Мемлекет басшысы.

Осы міндет аясында Абай облысында бірқатар өндірістік жоба жүйелі түрде іске асырылып келеді. Соның бірі – 2021 жылы Мемлекет басшысы қатысуымен іске қосылған Ақтоғай кен орны. Былтыр мұнда 60 млн тоннадан астам сульфидті кен өңделіп, рекордтық көрсеткішке қол­жеткізді. Біз Ақтоғай тау-кен ке­шеніне арнайы барып, өңдеу өнеркәсібінің барысымен танысып қайттық.

Кен өндірісінің толық циклін осы кен орнында көп жыл жұмыс істеген тәжірибелі кенші Ерболат Төлепов таныстырып шықты. Ма­манның айтуынша, бұл тау-кен орнына қарасты екі фабрика да нәтижеге тең дәрежеде үлес қосқан. Әр фабриканың жобалық қуаты жылына 25 млн тонна кенді құрайды. Ал 2025 жылғы қорытындыға сәйкес, өңдеу көлемі №1 фабрикада – 30,9 млн тонна, №2 фабрикада – 31,2 млн тонна болған.

«Желтоқсан айының соңына қарай жиынтық өңдеу көлемі 62 млн тоннадан асты. Бұл – кеннің диірмендерде ұсақтау кезеңінен өткен көлемі. Мұндай өңдеу деңгейі еліміз үшін ғана емес, әлемдік ауқымда да бірегей көрсеткіш болып саналады. Қазір әлемде осы типтегі шамамен 25 диірмен ғана жұмыс істейді және олардың санаулысы ғана жылына 25 млн тоннадан астам кенді өңдей алады», дейді ол.

Абай облысында орналасқан Ақтоғай кәсіпорны 2024 жылы 229 мың тонна мыс өндірген. Қазіргі уақытта мұнда жоғары сульфидті кенді байытатын екі фабрика, сондай-ақ оксидті кенді қайта өңдеу желісі жұмыс істейді. Негізгі өнім – мыс концентраты мен катодты мыс. Сонымен қатар алтын мен мырыш өндірісі де бар. 2021 жылы кен орнын кеңейту жобасы аясында өндірістік қуаты екі есе артқан.

«Біздің кәсіпорын үшін қоршаған ортаны қорғау мен қызметкерлердің қауіпсіздігі – ең маңызды мәселе. Стратегиямыз бен лицензиямыз осы бағытта жасалған. Экологиялық талап, әлеуметтік жауапкершілік және басқару стандарттарын қатаң сақтауға тырысамыз», дейді кәсіпорын өкілі.

Ал Ақтоғай кен байыту фабрика­сы­ның өндірістік басқарма басшысы Ербол Әбутәлиевтің айтуынша, кәсіпорында әлемдегі ең ірі конусты үгіткіштер, редукторсыз өздігінен ұсақтау диірмендері мен жоғары өнімді жабдықтар қолданылады.

«Бұған дейін де күрделі өндірістік кезеңдерден өттік. Жабдық тұрақты жұмыс істеп, үдерістер дұрыс ұйым­дас­тырылса, жоспар толық орын­далады. Биылғы нәтиже – технология мен кадр сапасының жемісі», дейді ол.

Бірінші кен байыту фабрикасының өндірістік басқарма басшысы Николай Тризнов та мақсатқа жетуге деген сенімі шешуші рөл атқара­ты­нын айтады.

«Рекордтық нәтижеге жетудің маңызды факторы – алдыңғы жылдары кездескен жоспардан тыс жұ­мыс­тың тоқтап қалуы секілді жағ­дай­лар болған жоқ. Құрал-жабдық­тың ұтқырлығы, диірмендер мен флота­цияның тұрақты жұмысы өндіріс үдерісін үдете түсті. Сонымен қатар жоспарлау кезеңінде кен параметр­лерін оңтайландыру диірмендердің тиімді жұмысы көрсеткіштерге айтар­лықтай әсер етті», дейді ол.

Кәсіпорын 2026 жылдың жоспарына сәйкес, өңдеу көлемін арттыра түспек. Мәселен, фабрикалар жо­балық қуаттан шамамен 25% артық жұмыс істеп тұрғанын ескере отырып, өңдеу көлемін одан да арттыруды көздеп отыр. Басымдық – техникалық қызмет көрсету жүйесін жетілдіру, жаңа жобаларды енгізу мен кадрлық резервпен жұмыс істеу.

«Ақтоғай кен орнындағы рекорд­тық көрсеткіш – кәсіпорынның таң­даған стратегиясының тиімділігін және өндірістік команданың кәсіби­лі­гін дәлелдеді. Бұл тәжірибе өндірісті әрі қарай да қауіпсіз әрі тұрақты да­мы­туға негіз болады», дейді ком­панияның басқарма төрағасы Андрей Третьяков.

Абай облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының дерегінше, өңірдегі 2025 жылғы қаңтар-мамырда өнеркәсіп өнімінің көлемі 2024 жылғы қаңтар-мамырмен салыстырғанда 0,6%-ға өскен.

Ресми дерекке сәйкес, елімізде тау-кен металлургия кешенінің ІЖӨ-дегі үлесі – 8 пайыз, салада 224 мыңға жуық адам еңбек етеді. 2024 жылы металлургия саласына 1,7 трлн теңгеден астам инвестиция тартылған. Бір жұ­мыс­­шыға шаққандағы еңбек өнім­ділігі 102 мың долларға жетіп, 9,4 % артқан. Қазір елімізде барлығы 2 907 лицензия және 251 пайдалы қазбалар келісімшарты бар.

Ақтоғай кен орны аймақ экономикасы мен жергілікті елді мекендер үшін ірі салық төлеуші әрі әлеуметтік серіктес саналады. Компания роялти, корпоративтік табыс салығын төлеп қана қоймай, 3 мыңнан астам адамды жұмыспен қамтып отыр, инфра­құ­рылым мен әлеуметтік жобаларға қаржы бөледі. Алайда өндірілген кеннің негізгі бөлігі – мыс концентраты шетелде өңделіп, қосымша құн сыртта қалып отыр. Егер мемлекет мыс балқытуды локализациялап, өңдеуді елімізде қолға алса, бұл экономикалық пайда көп еселене түсер еді.

Абай облысы,

Аягөз ауданы 

Соңғы жаңалықтар

24 отбасы қоныстойын тойлады

Қоғам • Бүгін, 08:20

Адамды алмастырмайды

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:15

Тұлғатанудағы ерекше туынды

Басылым • Бүгін, 08:10

Барқында тұқым жинау басталды

Аймақтар • Бүгін, 08:05

Ажырасу тіркелмеген аудан

Аймақтар • Бүгін, 08:02

Америкада білім алу мүмкіндігі

Білім • Бүгін, 08:00

Аида Балаева кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі өңірлік комиссиялардың құрамын жаңартуды тапсырды

Үкімет • Кеше

Оқушылар өмірдің өзін сахналады

Мектеп • Кеше

Отандық стартап саласына 73 млн доллар инвестиция тартылды

Инвестиция • Кеше

Президент: Жаңа Конституция бойынша түпкілікті шешімді халық референдумда қабылдайды

Президент • Кеше

Еліміздің 16 өңірінде ауа райына байланысты дауылды ескерту жарияланды

Ауа райы • Кеше

Биометриялық деректерді пайдалану тәртібі нақтыланды

Қоғам • Кеше

Жаңа Конституция жобасының мәтіні қайда жарияланады?

Ата заң • Кеше

Биыл Жамбыл облысында 76 канал жөнделеді

Аймақтар • Кеше

Елордада оқушылар арасында әдеби байқау өтті

Елорда • Кеше

Барлық жаңалықтар

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:172
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 31 Қаңтар 2026 09:09
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see167

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see165

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see163

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see160

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see156

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see156

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see144

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see140

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see137

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see133

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see130

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see127

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see121

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see121

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see120

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see117

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see115

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see114

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see110

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

03 Қараша 2026 13:51see107
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары