Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Менің жүрегім ондайға дауаламады... : Өмірқұл Айниязов екінші әйел алуға қатысты ойын айтты (видео)

Дәрігерлер отадан кейін қазақстандықтың денесінде зат қалдырып кеткен

Астанада полицейлер алтын әшекейлер ұрлаған күдіктіні қолға түсірді

Велоспорттан әлем чемпионаты: Алматыда көлік қозғалысына өзгерістер енгізіледі

Баланы 1 сыныпқа психологиялық тұрғыда қалай дайындау керек

Жастардың 80% ға жуығы баланы дүниеге әкелуді алдын ала жоспарлау қажет деп санайды

Пәкістан премьер министрі Шахбаз Шариф Астанаға мемлекеттік сапармен келеді

Энергетика министрлігі Қазақстанда жаппай жарықтың өшуіне байланысты мәлімдеме жасады

Бүгін Жауынгерлік даярлық маманы күні

Теледебаттар миллиондаған аудиторияның назарын аударды саясаттанушы

Бір аптада елде қандай азық түлік арзандады

Елена Рыбакина Торонто турнирінің финалына шықты

Мемлекеттік сатып алуды камералдық бақылау: не өзгерді

Қазақстанда бензин бағасы қалай қалыптасады және оған мұнай құны әсер ете ме?

Спорт күні қарсаңында спорт қауымдастығының өкілдері марапатталды

ШҚО да түрмедегі досын туған күнімен ерекше құттықтамақ болған азаматтың басы бәлеге қалды

Түркістан облысында жасырын босанып, жаңа туған шақалақты шұңқырға тастаған бойжеткен сотталды

Ағайынды Оралбай мен Назым Қызайбайға медаль табысталды

44 градус ыстық болады: төтенше жағдай қызметі ескерту жасады

“Қайда тап болдым?“ Қазақстандағы дәрігер интерндер және олардың даярлығы туралы

Кенеден келетін кесел көп

Кенеден келетін кесел көп

Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

Денсаулық сақтау министрлігінің дерегінше, бүгінге дейін шамамен 6 мыңға жуық адам кене шағуға байланысты медициналық көмек алған. Кейінгі аптаның өзінде елде кене шағудың 1500-ден аса жағдайы тіркеліп отыр. Өкініштісі, бір адам Конго-Қырым геморрагиялық қызбасын жұқтырып, қайтыс болды.

– Биыл эпидемиологиялық маусым былтырға қарағанда, 1-2 ап­та ерте, яғни наурыз айында бас­талды. Әзірге кене энце­фа­литі тіркелген жоқ, бірақ кене шағу бойынша шағымдар бар. Қа­зірге дейін 5 мыңнан астам адам медициналық көмекке жү­гінді. Оның 50 пайызы – балалар. Кене шаққан адамдардың 97 пайызы жедел профи­лак­ти­ка­лық көмек ретінде иммуногло­булин алды, – деді ҚР ДСМ са­нитариялық-эпидемио­ло­гиялық бақылау комитетінің бас сарапшысы Арай Зекенова.

Жалпы, оңтүстік өңір, әсі­ресе Алматы қа­ла­сы, Алматы облысы, Жетісу, Жам­был, Абай, Шығыс және Сол­түстік Қазақстан облыстары эн­демиялық аумаққа жатады. Биыл Алматы мен Шымкент, Түр­кістан қалаларында ша­ғым­данушылар көп. Қазақстанның қоғамдық денсаулық сақтау ұлт­тық орталығының мәліметінше, кейінгі аптада Шығыс Қазақ­стан­ облысында – 467, Алма­ты­да – 425, Алматы облысында 299 жағдай тіркелген. Ақмола об­лысы, Солтүстік Қазақстан об­лысы, Жетісу облысы және Қос­танай облысы аумақтарында да кене шағу дерегі тіркелген. 1462 адамға иммуноглобулин са­лынып, шұғыл про­фи­лак­ти­ка­лық көмек берілді.

Кенемен ойнамаңыз

Дәрігерлер кене арқылы бір­неше қауіпті ауру тарайтынын ескертіп, кене шаққан жағдайда бірден ауруханаға бару қажет дейді. Кене арқылы кене энце­фалиті, Лайм ауруы, туляремия, Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы, қайталамалы сүзек пен риккетсиоз секілді аурулар жұ­ғуы мүмкін, ауру асқынған жағ­дай­да адам өліміне дейін әкеп соқ­тыруы ықтимал. Бірнеше күн бұ­рын Жамбыл облысының Шу ауданында бір ер адам Конго-Қы­рым геморрагиялық қыз­ба­сын жұқтырып қайтыс болды. Эпидемиологтардың мәлі­ме­тінше, марқұм мал шаруашы­лы­ғымен айналысқан және меди­ци­налық көмекке тым кеш жү­гін­ген. Сол себепті де кене шақ­қан мезетте бұған нем­құрайлы қарауға болмайды. 

Мамандар оңтүстік өңір­де қауіпті инфекция тасымалдауы мүмкін кенелердің көбейгенін айтып отыр және  кененің негізгі тасымалдаушылары ретінде ауыл шаруашылығы жануарлары, әсіресе қойлардан қоздырғыштар табылып жатыр. Бір малдың үстінде жүзден астам кене болуы мүмкін. Егер олар­дың кем дегенде біреуі Конго-Қырым геморрагиялық қызба­сы­ның вирусын тасымалдаса, адам­ға да жұғады. Жамбыл об­лы­сының алты ауданы мен Тараз қаласында инфекцияның та­биғи ошақтары анықталды. Ар­найы мамандар эпиде­мио­ло­гиялық бақылау кезінде 27 мың­нан аса кене жинаған, 2500 сы­наманың 150-інде қауіпті вирус бар болып шықты. 

Бастысы – уақыт жоғалтпау

Эпидемиологтар иксод кенесі шаққаннан кейін ин­кубациялық кезең 14 күнге дейін созылуы мүмкін екенін ескертеді. Ауру белгілері көбіне тұ­мау немесе ЖРВИ-ге ұқсайды, адам­ның қызуы көтеріліп, жағ­дайы нашарлай бастайды. Иксод кенесі дегеніміз – адамдар мен жануарлардың қанымен қо­рек­тенетін, қауіпті жұқпалы ауру­ларды тарататын қансорғыш паразиттік жәндіктер. Бір қиы­ны, иксод кенесі арқылы жұ­ға­тын Конго-Қырым гемор­ра­гия­лық қызбасына қарсы вакцина жоқ, сол себепті де жылдам ау­ру­ханаға бару керек. 19 жылдық тә­жірибесі бар жалпы тә­жіри­белік дәрігер, медициналық са­рапшы Жазира Жұрхан­қызы­нан кене шаққан жағдайда не істеу керегін сұраған едік.

– Иә, қазір Денсаулық сақ­тау министрлігінің дерегіне сәй­кес, кене шағуға байланысты 5-6 мың науқас медициналық кө­мек алды деп бағалап отырмыз, алайда ауыл-аймақтарда ме­дициналық көмекке жүгін­бей­тін, өз бетімен үй жағдайында ке­нені алып тастап, бәрі жақсы деп жүре беретін адамдар бар. Дәрі­гер ретінде кеңесім: кенені бе­талды алып тастауға, суы­руға, жұлып алуға болмайды. Тек ме­ди­цина мамандарына ба­рып көрініп, орнын тазалату ке­рек. Басты ереже – кене шақ­қан жағ­дай­да 72 сағат ішінде дә­рігерге қа­ралу, қажет болса, про­филак­ти­калық ем алу, вак­ци­на алу, – дей­ді дәрігер. 

Дегенмен дәрігердің сө­зін­ше, ахуал күрт нашарлады деп ай­туға келмейді. Жалпы, қай өңір­де де көктем ерте келсе, ке­ненің белсенділігі де соғұрлым ер­те басталады. Қазір елімізде ке­не арқылы жиі жұғатын ауру­лар­дың қатарында Қырым-Кон­го геморрагиялық қызбасы мен ке­не энцефалиті тұр. Маман ер­терек емделмеген жағдайда түр­лі асқынуға ұласып, мүгедек бо­лып қалуы ықтималдығы ар­та­тынын да ескертті.

– Лайм ауруы, риккетсиоз, анап­­лазмоз, туляремия сынды ау­­ру жұқтырған адамдар да тір­келіп жатады. Көбіне-көп кез­десетіні – Қырым-Конго гемор­ра­гиялық қызбасы, кене эн­­це­­фалиті. Елімізде кене шақ­қан­нан кейін менингит те жиі пай­да болады. Уақытылы емдел­меу­дің салдарынан орталық жүй­ке жүйесі, бауыр, қантамыр жүйе­сі зақымдалады, тіпті ішке қан кетуге дейін болуы мүмкін. Ме­нингит кезінде ішкі ағзалар­дан қан кетеді, энцефалит пен менингиттен кейін мүгедектікке әкеп соқтырып жатады. Ал Лайм ауруы ерте анықталмаса, жүрек-қантамыр жүйесіне, буынға ас­қыну береді, бәрінен қиыны – осы, – дейді Ж.Жұрханқызы.

Астанадағы ахуал

Қазір еліміздің солтүстік өңірінде, Қостанай және Ақмола облыстарында да кене шағуға қатысты деректер тіркеліп отыр. Қала орталығындағы демалыс орындары мен парктерде де кене шағуға қатысты жағдайлар бар. Ал №3 көпбейінді қалалық балалар ауруханасы дирек­торы­ның медициналық бөлім бойын­ша орынбасары Роза Утегенова елорда жұр­ты­на алаңдауға негіз жоқ дейді. Маман се­бебін былай түсіндірді.

– Кененің өзін жұқпалы, жұқ­­па­лы емес немесе эн­демия­лық кене деп бір­не­ше топқа бө­лу­ге болады. Кене шаққан жағ­дайда кенені медицина ма­ман­дарына тапсырған жөн. Ма­мандар әр кенені зерттеуге жі­беріп, оның қаупі бар-жоғын анық­тайды. Біз жыл сайын жағ­дай­ды зерттеп, ба­қы­лап отырмыз. Байқағаным, қа­ла­мыздағы ке­нелер шақса да, денеге тисе де, аса қауіпті ауру туғызбайды. Оң­түстіктегі, шы­ғыстағы, Ақ­мола облысындағы орманды, шөбі қалың жерлердегі кененің қоздырғыштары да күш­ті келеді, алайда қай кезде де, қай жерде де қорғанып жүру мін­детті, – дейді дәрігер.

Күн жылынып, ауа райы жақсарған бетте қала тұр­ғындары да табиғат аясына шығып, отбасымен демалғысы келеді. Дәрігер сәуір айынан күз­дің қазан-қараша айына дейін эпидемиологиялық маусым екенін, бұл кезеңде кенеден қор­ғанып сақтану керегін қатаң ескертті. 

– Астанада да демалыс орын­­дарының өзінде кене шағу жағ­дайы тіркелді. Баласын тек­серу­ге әкеліп жатқан ата-ана­ның қарасы мол. Балалар сырттан келгенде, үсті-басын, ша­­­шы­­ның арасын мұқият тексе­ріп қарау керек. Жабық аяқкиім ки­гізу керек. Баланы кене шақ­қан соң бас ауру, жүрек айну, әлсіздік, де­не қызуының кө­терілуі, бұл­шық еттің ауруы се­кілді белгілер болуы мүмкін. Ке­ненің шаққан орны ісініп қы­зарады, дызылдап ауырады. Белгілер алғашқы күні білінбей, кей­де бірнеше күннен соң, не бір аптадан кейін, тіпті 14-21 күн­нен кейін көрініс табуы мүм­кін, – дейді Роза Утегенова.

Маманның айтуынша, кене шаққаннан кейін­­­гі ауыр асқынуларда парализ, парез секілді неврологиялық ақаулар пайда болады. Тым ке­шігіп қалған жағдайда адам өлі­міне әкелуі де мүмкін. Ең бастысы, мамандар сақтық шарасын мұқият ескеруге шақырады. Мы­салы, сыртқа, демалысқа шық­қанда, қалың шөптен биік жерге, орындыққа, не шатыр ас­тына отырған жөн, жабық киі­ніп, шалбарды шұлық ішіне сал­ғаныңыз абзал. Құрт-құ­мырс­қа, жәндік бірден көзге түсу үшін ашық түсті киімдерді ки­геніңіз дұрыс. Мақсатымыз – қорқыту емес, кене қаупінен сақтандыру.

Айсұлу СЪЕЗХАН

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:103
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 16 Мамыр 2026 10:05
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Менің жүрегім ондайға дауаламады... : Өмірқұл Айниязов екінші әйел алуға қатысты ойын айтты (видео)

13 Тамыз 2026 22:53see147

Дәрігерлер отадан кейін қазақстандықтың денесінде зат қалдырып кеткен

13 Тамыз 2026 10:29see116

Астанада полицейлер алтын әшекейлер ұрлаған күдіктіні қолға түсірді

13 Тамыз 2026 10:13see116

Велоспорттан әлем чемпионаты: Алматыда көлік қозғалысына өзгерістер енгізіледі

13 Тамыз 2026 22:24see115

Баланы 1 сыныпқа психологиялық тұрғыда қалай дайындау керек

13 Тамыз 2026 13:44see115

Жастардың 80% ға жуығы баланы дүниеге әкелуді алдын ала жоспарлау қажет деп санайды

13 Тамыз 2026 17:41see114

Пәкістан премьер министрі Шахбаз Шариф Астанаға мемлекеттік сапармен келеді

14 Тамыз 2026 10:09see113

Энергетика министрлігі Қазақстанда жаппай жарықтың өшуіне байланысты мәлімдеме жасады

14 Тамыз 2026 17:56see113

Бүгін Жауынгерлік даярлық маманы күні

14 Тамыз 2026 11:36see113

Теледебаттар миллиондаған аудиторияның назарын аударды саясаттанушы

13 Тамыз 2026 13:12see112

Бір аптада елде қандай азық түлік арзандады

14 Тамыз 2026 21:25see112

Елена Рыбакина Торонто турнирінің финалына шықты

13 Тамыз 2026 23:17see111

Мемлекеттік сатып алуды камералдық бақылау: не өзгерді

14 Тамыз 2026 09:15see111

Қазақстанда бензин бағасы қалай қалыптасады және оған мұнай құны әсер ете ме?

14 Тамыз 2026 08:38see110

Спорт күні қарсаңында спорт қауымдастығының өкілдері марапатталды

14 Тамыз 2026 20:05see110

ШҚО да түрмедегі досын туған күнімен ерекше құттықтамақ болған азаматтың басы бәлеге қалды

13 Тамыз 2026 19:19see109

Түркістан облысында жасырын босанып, жаңа туған шақалақты шұңқырға тастаған бойжеткен сотталды

14 Тамыз 2026 19:37see109

Ағайынды Оралбай мен Назым Қызайбайға медаль табысталды

14 Тамыз 2026 19:17see108

44 градус ыстық болады: төтенше жағдай қызметі ескерту жасады

14 Тамыз 2026 10:09see108

“Қайда тап болдым?“ Қазақстандағы дәрігер интерндер және олардың даярлығы туралы

13 Тамыз 2026 11:25see107
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары