Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

Кентауда жүздеген адам баспаналы болды

Кентауда жүздеген адам баспаналы болды

24.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Кентауда соңғы бес жылда 10 көпқабатты үй салынып, жүздеген адам баспаналы болды. Жақында тағы бір үй тапсырылады. Шағын шаһар 2012 жылы моноқалаларды дамыту бағдарламасына енгізілді. Содан бері жолдары жөнделіп, көшелері абаттандырылды. 

Қала тұрғындары ауызсумен толық қамтылды. Дегенмен әлі де шешімін күткен мәселелер бар. Ойын алаңдары жетіспейді. Жаңарған қалаға қоныс аударушылар көбейіп, тұрғын үй тапшылығы сезілуде. 

Кентау - моноқалалар тізіміне енген оңтүстіктегі жалғыз қала. Қалада 5 жылда 10 үй салынса, былтыр 120 пәтерлік 4 үй  кезекте тұрғандар мен банк салымшыларына берілді. Дегенмен – тұрғын үй тапшылығы бар, 9 мыңға жуық адам кезегін күтуде. 

Данияр Байсейітов, қалалық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы:

- Алдағы уақытта бас жоспарға сәйкес, көпқабатты тұрғын үй аумағына тағы да тұрғын үйлер салынатын болады. Солай аздап-аздап кезек ретін азайту мақсатында құрылыс жұмыстары жүргізілетін болады.

«Қалада инфрақұрылым саласы едәуір жақсарды», - дейді тұрғындар. Жаңа шағын аудандарға ауызсу желісі, газ құбыры тартылып, жолдарға асфальт төселген. Көшелер жарықтандырылған.

Бекмахан Қалдаров, қала тұрғыны:

- Су бар, жол жасалып жатыр, дұрысталып келе жатыр. Жарық шамдар қойылды. Осы көшенің бәріне былтырдан бері жарық орнатылды. Қойылмаған кішкентай көшелерде бар, солардың бәріне қойылса, әдемі болар еді.

Бағдарлама аясында қалада былтыр үш жүзден астам ескі үй жаңғыртылды. Көпқабатты үйлердің ауласына 67 ойын алаңы салынды. Алайда балалар ойнайтын орындар әлі де болса жеткіліксіз.

Айкүміс Қасымбекова, қала тұрғыны:

- Қаламыз көркейіп жатыр. Соған балалар ойнайтын алаңша болса, әр үйдің ауласына деген ойымыз бар. Соны әкімшіліктен сұраймыз. 

Талғат Ысқақов, қалалық ТҮКШ және тұрғын үй инспециясы бөлімінің басшысы:                                                                                                

- Біз республикалық бюджеттен қаражат сұрау бойынша 33 аулаға жоба жасап, ұсынған болатынбыз. Алайда қаражат әлі бөлінген жоқ. Алайда біз оған қарамастан «Халық қатысатын» жергілікті бюджеттен осындай алаңша орнатып жатырмыз. 2026 жылға 11 ойын алаңшасын орнатуды жоспарлап отырмыз.

Жақында қалада 300 орындық спорт кешенінің құрылысы бастады. Онда күрес, бокс, футбол, баскетбол үйірмелері ашылады. 

Оразбек Қарымбаев, мердігер мекеме өкілі:

- Қыркүйек айынан бастадық жұмысты қаралған қаражат 2 млрд 1 млн теңге. Соған істеп жатырмыз. Бір апта көлемінде кірпішке көшеміз, қалау жұмыстарына. Бітетін уақыты келердің аяғына қазан айында аяқтаймыз.

Ал «Тұран» арнайы экономикалық аймағында кірпіш, бетон, пластик, газ қазандықтарын шығаратын зауыттар жұмыс істейді. Инвесторлар табылып, тың жобалар ұсынса, арнайы аймақтан орын беруге дайынбыз-дейді жауаптылар. Қала билігі қытайлық инвесторларымен бірнеше жобаны жүзеге асыруды жоспарлап тұр. Жалпы қалада 7 мыңға жуық кәсіпкерлік нысаны тіркелген.

Жандос Тасов, қала әкімі:

- Қала жаңа келбетін қалыптастырып жатыр. Экономиканың басқа да секторларын дамытып, ауылшаруашылығы саласы, қызмет көрсету, сауда-саттық саласы да қарқынды дамып отыр. Оның барлығы осы қаланың экономикасына құйылған мемлекеттік қолдаудан берілген қаржының, осы бағдарламаның оң септігінің арқасында деп білеміз. 

Келесі жылы қалаға қарасты Хантағы мен Қарнақ ауылдары газға қосылады. Бұл жобалардың барлығы қала экономикасын әртараптандырып, халықтың тұрмысын жақсартуға серпін беретінін айтады. «Нәтижесінде, Кентау моноқалалар тізімінен шығарылып, ірі қалалар санатына енуі әбден мүмкін», - дейді мамандар. 

Авторлары: Жандос Жұмабек, Ерболат Әбіш

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:191
embedДереккөз:https://24.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 09 Желтоқсан 2025 11:33
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see169

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see164

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see161

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see157

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see157

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see141

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see138

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see134

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see128

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see122

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see122

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see121

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see118

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see116

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see115

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see111

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

03 Қараша 2026 14:24see108

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

03 Қараша 2026 13:51see108

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

03 Қараша 2026 18:15see106

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

03 Қараша 2026 14:39see105
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары