Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Пышақтап, мәйітін қоқысқа тастаған : Шымкентте 26 жастағы әйелді өлтірген қылмыскер 8 жылға сотталды

Қазақтар ақшасын жаппай алтынға салып жатыр

Қазақстанда жұма күні аяз болады

Ел ертеңі жолында азаматтарды біріктіру Жаңа Конституцияны қолдайтын Коалиция құрылды

ЮНИСЕФ тің 80 жылдығына орай Тарбағатайда Бала дауысы ән байқауы басталды

Жамбылдағы Аса Ақкөл трассасында жол апатынан бір адам қаза болды

Тоқаев Мұхаммед Әбделсаламды І дәрежелі Достық орденімен марапаттады

Құмар ойынға тәуелді бухгалтер қомақты ақшаға бәс тігіп, жаңа көлік алған

Шавкат Рахмоновтың әйелі жол апатына түскен оқиға: сот отырысының күні белгіленді

Астанада күн жылиды, ал Алматыда қар аралас жаңбыр жауады

Алматыда әлеуметтік қолдау аясында 200 ден астам жұмыс орны ашылды

Маңғыстауэнергомұнай ЖШС нің жаңа басшысы тағайындалды

Шығыс жастары ел тағдыры үшін маңызды қадамға үн қосты

Абай атындағы ҚазҰПУ да ақын Қасымхан Бегіменовтың лирикалық кеші өтті

Kaspi Gold карталарынан ақша неге жоғалып жатыр?

Жер қойнауын пайдаланудың бірыңғай платформасы іске қосылды

Instagram, TikTok, Telegram: студенттер күнделікті жаңалықты қайдан оқиды?

Ким Чен Ын қызын мұрагер ретінде дайындап жатыр БАҚ

Алматыдағы ерте араласу орталығында 100 ден астам балаға қолдау көрсетілді

Анам есепшот ашып қойған : 9 тілді меңгерген оқушы пәтерді қалай сатып алғанын айтты

Кешегі мен ертеңгі: қаржымыз қалай құбылады?

Кешегі мен ертеңгі: қаржымыз қалай құбылады?

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Ресми құжаттарға сүйенсек, биыл да солай өтті, инфляция баяулап, бюджет «реттеліп», нарық бейімделе бастаған. Бірақ тұтынушылардың түбіртегіндегі сандардың қатары көбеймесе азайған жоқ. Десе де, шығарып салғалы отырған жылымыз еліміз үшін «бағаны бақылау» дәуірінен біржола бас тартып, нарық қағидаларын қабылдауға қадам басқан кезең ретінде есте қалмақ.

Нарықтың жорамалды жолы

Биыл ел экономикасы үшін екі толқынның тоғысқан кезеңі болды. Бір жағынан әлемдік нарық құбылып, қаржы қымбаттап, инфляция құрыққа түспей жатса, екінші жағынан қаржы жүйесі қайта құралып, мемлекет тарапынан бағаны тежеуге, бюджетті басқаруға бағытталған әкімшілік шешімдер және банктердің рөлі қайта қаралды. Сондықтан бұл жылды жай ғана «тұрақтандыру жылы» деп атау жеткіліксіз, өйткені шын мәнінде осы он екі ай ішінде нағыз нарық қағидала­рына алып келетін «хирургиялық» шешімге тең жүйелер жолға қойылды. Яғни, нарық пен мемлекет, қаржы институттары мен қоғам арасында тепе-теңдік орнатудың іргесі бекіді.

Ең біріншіден, 2025 жылдың он бір айындағы қорытынды көрсеткіштер ел экономикасының оң серпін алғанын аңғар­тады: жалпы ішкі өнім өсімі 6,4 пайызды құрады. Бұл – экономиканың нарықтың құбылуына бейімделе бастағанын білдіретін маңызды индикатор. Осы өсімді тұрақты көрсеткішке айналдыру үшін мемлекет тарапынан жүйелі шаралар қолға алынуда.

Президенттің тапсырмасына сәйкес Үкімет, Ұлттық банк және Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі бірлесіп әзірлеген 2026-2028 жылдарға арналған халықтың әл-ауқатын тұрақтандыру және арттыру бағдарламасы осы мақсатқа бағытталған. Аталған құжат макроэкономикалық тұрақ­тылықты сақтау, инфляциялық тәуекелдерді шектеу, қаржы нарығының сенімділігін күшейту және ең бастысы – халық табысының өсуіне жағдай жасау міндеттерін қамтиды. Бағдарлама аясында экономикалық саясаттың әрбір бағыты өзара үйлестіріліп, қысқамерзімді әсерден гөрі ұзақмерзімді нәтижеге басымдық беріледі.

Банк жүйесінің де статистикасына үңілсек, жыл аяқталуға жақын мезетте екінші деңгейлі банктердің жиынтық активтері 67 триллион теңгеден асып, несие портфелі 42 триллион теңгеге жеткен. Бірақ ұзақ уақыт бойы банктер артық өтімділікті қауіпсіз активтерде ұстап, нақты экономикаға несие беруге сақтықпен қараған еді. Биыл бұл үрдіс өзгерді. Несие портфелінің активтердегі үлесі 62 пайыздан асты. Демек, банктер өзінің классикалық функциясына, яғни экономиканы қаржыландыруға бет бұрды. Әсіресе, бөлшек несие берумен және қызметі тек бір салаға бағытталған банктерде кредиттердің үлесі 75-80 пайызға дейін жетуі халық пен шағын бизнес тарапынан әлі де сұраныс бар екенін аңғартады.

Ірі банктер де бұл өзгерістен шет қалған жоқ. Олар актив балансын сақтап, тәуекел мен табыс арасындағы «тартысты» теңестіре алды. Ал цифрлық модельге сүйенген нарық ойыншылары депозиттерді несиеге айналдыруда ерекше тиімділік көрсетті. Бұл тек банктердің табысы үшін емес, жалпы экономиканың айналымы үшін маңызды. Өйткені несие тоқтаған жерде инвестиция да, тұтыну да баяулайды.

Сонымен қатар 2025 жыл салалық және шетелдік капиталы бар банктер үшін де мүмкіндіктерге жол ашты. Өйткені осы арқылы елді сыртқы қаржы ағынымен байланыстыратын арналар кеңейіп, сауда және трансшекаралық қаржыландыруда бәсеке күшейді. Бұл үрдіс ел эконо­ми­касының тек ішкі ресурстарға ғана емес, сыртқы серіктестіктерге де арқа сүйей алатынын көрсетті. Нәтижесінде, отандық банк жүйесі 2026 жылға капиталы кеңіген, бәсекеге төтеп бере алатын күйде кіргелі отыр. Келер жылы Ұлттық банктің пайыздық саясаты жұмсарған жағдайда, дәл осы сектор инвестициялық және экономикалық өсімнің негізгі қозғаушысына айналуы әбден мүмкін.

Биыл Қазақстанда негізгі капиталға салынған инвестициялар да сенімді өсім көрсетті. Мәселен, алғашқы тоғыз айдың қорытындысы бойынша өсім 13,5 пайызды құрады. Қаражаттың басым бөлігі құрылыс нысандарын салу мен жаңғыртуға бағыт­тал­ды, ал қаржыландырудың негізгі көзі ретінде компаниялардың өз қаражаты пайдаланылды. Сонымен қатар инвестиция құрылымына қарасақ, инвестицияның қай саласы қалыс қалып жатқанын да көруге болады. Атап айтқанда, жабдықтарға салынған инвести­циялардың үлесі салыстырмалы түрде төмен болып, жалпы салымдардың шамамен төрт­тен бірін ғана құрап отыр. Дегенмен инвес­тициялық белсенділік эко­но­миканы нығайту мен нақты сектордағы даму қарқынын сақтаудың маңызды факторы болып қала береді.

Сонымен қатар Қазақстан Қытай, АҚШ, Оңтүстік Корея және ЕО елдерінен тікелей инвестициялар тартуды жалғастыруда. 2025 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында өңдеуші секторға салынған инвестициялар 34,3 па­йызға өсті. Бұл өндірістерді жаңғыр­туға және экспорттық әлеуетті арттыру­ға мүмкіндік берді.

Бағаның бағыты беймәлім

Алайда саладағы бұл оң динамика экономиканың өзге секторлары бетпе-бет келетін тәуекелдерді жоққа шығармайды. Мәселен, биыл жыл бойы Үкімет инфляция­мен күресіп, бағаның өсуін тежеуге бағыттал­ған бірқатар әкімшілік және реттеуші шешім қабылдады. Солардың ішіндегі ең көп тал­қы­ланғаны – бензин мен дизель отынына бағаны өсіруге мораторий енгізу. Қазан айының ортасында бағаны сол қалпында «бекіту» нарық үшін тосын, бірақ әлеуметтік тұрғыдан түсінікті қадам еді. Үкімет бұл жерде біртұтас шекті баға белгілемей, әрбір жанармай құю желісінің сол күнгі бағасын негізге алды. Мұндай тәсіл нарықтағы айыр­машылықты сақтай отырып, бағаның одан әрі шарықтауына жол бермеуге бағытталды.

Бұл шешім бағаның аз да болсын дамыл алуына мүмкіндік берді. Өйткені жанармай – тек автокөлік иелерінің мәселесі емес, ол логистика арқылы барлық тауар мен қызметтің өзіндік құнына әсер етеді. Баға өсімін тоқтату арқылы Үкімет азық-түлік пен тұрмыстық тауарлардағы қосымша инфляциялық қысымды тежеуді көздеді. Бұл әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына да қатысты. 2025 жылы Үкімет шекті сауда үстемелері, өңірлік мониторинг, делдалдарды бақылау сияқты құралдарды белсенді қол­данды. Бұл шараларды нарыққа толық еркін­дік беруден бас тарту деп емес, керісінше, ішкі өндіріс пен логистика аяққа тұрғанша көрсетілген қолдау деп қабылдаған жөн.

Дағдарысқа қарсы саясаттың тағы бір маңызды бағыты шағын және орта бизнесті сақтау болды. Салық режимдерін қайта қарау, жеңілдетілген декларацияның сақталуы бәрі де «өгізді де өлтірмей, арбаны да сын­дырмай алып шығудың амалы» іспетті. Үкімет ашық түрде бизнесті бөлшектеу тәжірибесіне тосқауыл қоюға тырысатынын айтты. Бұл – бір жағынан, фискалдық тәртіп, екінші жағынан, кәсіпкерлік ортаға сигнал: ережелер қатаяды, бірақ олар алдын ала жарияланып, бизнестің бейімделуіне уақыт беріледі. Мысалы, биыл елімізде шағын және орта бизнеске жүргізілетін салықтық тексерулер айтарлықтай қысқарған. Бұл қадам әкімшілік қысымды азайтуға және кәсіпкерлік белсенділікті қолдауға бағытталған ең көзге түсетін шаралардың бірі болды.

Нәтижесінде, жоспарлы тексерулер саны 73,8 пайызға азайып, бизнес артық бюрокра­тия­лық жүктемесіз жұмыс істеу мүмкіндігіне ие болды. Бұл кәсіпкерлерге компанияны дамытуға көңіл бөлуге, ал мемлекетке бақылауды тәуекелі жоғары субъектілерге бағыттауға мүмкіндік берді. ШОБ пен IT-компанияларға қатысты тексерулерге енгізілген мораторий сақталғанымен, бақылау біртіндеп күмәнді схемалар қолдануы мүмкін компанияларға ауысуда.

Саладағы елеулі өзгерістерге қарамастан, шағын және орта бизнес секторы ел эконо­микасындағы орнын нығайта түсуде. 2025 жылдың күзінің басында Қазақстанда 2,17 миллионнан астам белсенді ШОБ субъектісі тіркелді. Бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 6,4 пайызға көп. Өсім бірнеше жыл қатарынан жалғасып келеді және бұл сектор, әсіресе ірі қалаларда өңірлік дамудың негізгі драйверіне айналуда. Кейбір мегаполистерде ШОБ-тың өңірлік жалпы өнімдегі үлесі 60 пайыздан асады. Кәсіпорындар санының артуы шағын және орта бизнестің эконо­микадағы үлесін 38,6 пайызға дейін жеткізді. Қызмет салалары кеңейіп, кәсіпкерлік белсенділік күшейіп келеді. Мемлекеттік қолдау шаралары бизнестің өзгермелі экономикалық жағдайларға бейімделуіне көмектесуде.


Бюджеттің бүтін болғаны жөн

Бюджет саясаты да 2025 жылы ерекше назарда болды. Мемлекеттік шығындар артқан сайын, олардың тиімділігі мәселесі алдыңғы қатарға шықты. Үкімет әрбір бюджеттік бағдарламаға ревизия жүргізді. Қысқарған қаражат әлеуметтік міндетте­­мелерге, инфрақұрылымға және экономиканы қолдауға бағытталды. Бұл жерде басты қағи­да – бюджет тапшылығын тек қарыз есебінен емес, ішкі тәртіп арқылы басқару. Мәселен, келер жылдан бастап жаңа Салық кодексі күшіне енеді. Бұл реформа тұрақты әрі болжамды іскерлік ортаны қалыптастыруға, әкімшілік жүктемені азайтуға және кәсіп­керлердің мемлекеттік институттарға деген сенімін арттыруға бағытталған.

Ішкі өндірісті қолдау да осы мақсаттың бір бөлігі болды. Импортқа тәуелділік баға тұрақтылығына тікелей әсер ететінін 2025 жыл тағы бір мәрте дәлелдеп берді. Сондықтан күнделікті сұраныстағы тауарларды ел ішінде өндіру, локализациялау, инвестициялық жобаларды қолдау мәселелері тек экономи­калық емес, әлеуметтік маңызға да ие болып отыр. Өйткені ішкі өндіріс – тек жаңа жұмыс орны емес, әлеуметтік маңызы бар тауарлар­дың құнына ықпал ететін құрал. Сала да жыл­ды құр алақан қорытындыламақ емес, өйткені өңдеуші өнеркәсіптегі инвестициялық белсенділік айтарлықтай жанданды: салымдар көлемі 30 пайыздан асқан. Бұл – шикізаттық емес сектордағы ең жоғары көрсеткіштердің бірі. Қаражат негізінен машина жасау, металл өңдеу, тамақ және жеңіл өнеркәсіпке ба­ғытталуда, бұл елдің технологиялық әлеуетін күшейтеді.

Инвестициялардың жалпы өсуі аясында шетелдік компаниялардың қызығушылығы да арта түсті. Ресей, Нидерланд, Оңтүстік Корея, Бельгия және Қытайдан келіп жатқан капитал әртүрлі салаларда жаңа өндірістік тізбектердің қалыптасуына жол ашуда. Бұл үрдіс кәсіпорындарды жаңғыртуға, жаңа жұмыс орындарын құруға және Қазақстанның жоғары табысты елдер қатарына қосылу жолындағы позициясын нығайтуға ықпал етуде. Инвестициялық өсім іс жүзінде тұрақты индустрияландырудың және технологиялық дамуға бетбұрыстың көрсеткішіне айналды.

Әлеуметтік саясатта да мемлекет өз міндеттемелерінен бас тартқан жоқ. Инфля­ция, бюджетке түсетін салмақ, сыртқы тә­уекелдерге қарамастан, әлеуметтік төлемдер мен белгілі бір санаттағы азаматтарды қолдау басты басымдық ретінде сақталды. Бұл – қоғамға берілген сигнал: экономикалық қиындықтар кезінде де мемлекет өзінің әлеуметтік жауапкершілігінен бас тартпайды.

Жыл басынан-ақ ең қатты сезілген өзгерістің бірі коммуналдық төлемдер болған еді. Электр жарығы, жылу мен су секілді бұрын ұзақ уақыт бойы әлеуметтік бағаны ұстап келген қызметтер бірінен соң бірі қымбаттай бастады. Әсіресе, өңірлердегі жағдай бұл процестің кейінге шегерілмейтінін көрсетті. Маңғыстауда ауыз судың өзіндік құнына тұзсыздандыру шығындары қосылып, тариф бір сәтте екі есеге жуықтады. Алматы мен Қызылордада суды тұтыну көлеміне қарай қатты дифференциация енгізілді. Ал Екібастұз, Риддер секілді моноқалаларда тозығы жеткен инфрақұрылымды ұстап тұрудың жалғыз жолы тарифті көтеру болды. Бұл жерде мәселе тек пайызда емес, орташа екі бөлмелі пәтер үшін коммуналдық төлем айына бірнеше мың теңгеге бірден өсіп шыға келді. Күзге қарай билік мораторий жариялап, тарифтерді уақытша «қатырып» тастағанымен, ол бағаны бұрынғы деңгейге қайтарған жоқ. Осылайша, отбасылық бюд­жеттегі ең тез өсетін және ең тұрақты шығын коммуналдық қызмет болып шыға келді.

Ақшаға қол жеткізу де бұрынғыдан қиындай түсті. Ұлттық банк инфляцияны тежеу үшін базалық мөлшерлемені 18 пайызға дейін көтерген сәттен бастап несие нарығы күрт суыды. Теорияда бұл шешім макроэконо­микалық тұрақтылық үшін қажет қадам болып көрінеді. Ал практикада ол қарапайым адам үшін қарызды тым қымбат ресурсқа айналдырды. Кепілсіз несиелердің жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі шекті деңгейге жақындап, ипотека мен автонесие тек санау­лы топ үшін ғана қолжетімді болып қалды. Бұрын «кейін төлеймін» деген үмітпен ше­шілетін тұрмыстық мәселелер енді кейінге ысырылды. Тұрғын үй мен көлік нарығы тоқырап, «қолжетімді несие» ұғымы әлеуметтік бағдарламалар аясымен ғана шектелді.

Бұл қысым тек тұтынушыға емес, бизнеске де қатар түсті. Жаңа Салық кодексі әлі толық күшіне енбесе де, оның басты сигналдары 2025 жылы-ақ сезіле бастады. Қосылған құн салығы бойынша тіркеу шегінің төмендеуі шағын кәсіп үшін ең ауыр соққы болғаны рас. Бұрын өзін «ұсақ бизнес» санап келген дүкендер мен қызмет көрсету орындары енді 12 пайыздық салықты бағаға қосуға мәжбүр. Нәтижесінде, кейбірі қызметін уа­қытша тоқтатты, енді бірі бизнесті бөл­шектеу жолына кетті. Құжат жүзінде бәрі заңды көрінгенімен, бұл құбылыс экономи­к­а­ның «көлеңкесін» азайтудан гөрі, оны ұсақ сегменттерге бөліп жібергендей әсер қалдырды.

Осы факторлардың барлығын біріктіретін бір ортақ дүние бар: мемлекет бағаны тікелей ұстап тұрудан бас тартып, шығынның шы­найы құнын тұтынушыға біртіндеп жүктей бастады. Бұл – экономикалық тұрғыдан түсінікті, тіпті кей сарапшылар айтқандай қажетті қадам. Бірақ әлеуметтік салмағы басым. Алда не күтіп тұр? Мораторийлер мен уақытша жеңілдіктер бұл үрдісті түбегейлі тоқтата алмайтыны белгілі. Өйткені нарық заңдылықтарына көшу біржылдық емес, бірнеше жылға созылатын процесс. Бірақ 2025 жыл сол жолдың ең сезімтал кезеңдерінің бірі ретінде есте қалары анық.

Қалай десек те, бұл жыл ел азаматтарының қаржыға, қарызға, тұтынуға деген көзқарасын өзгертті. Ақша енді тек табыс емес, страте­гиялық ресурсқа айналды. Ал сол ресурсты қалай басқару керектігі келер жылы тек Үкіметті ғана емес, кез келген қазақстандықты толғандырары сөзсіз. Демек, қоштасқалы отырған жылды бір ғана қырынан бағалау қиын. Себебі биыл болашақ сын-тегеуріндерге бейімделер кезең болды. Өйткені есіктен кіргелі тұрған 2026 жылы осы үдерістердің нәтижесін көреміз.

Кәмила ДҮЙСЕН

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:66
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 30 Желтоқсан 2025 15:11
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Пышақтап, мәйітін қоқысқа тастаған : Шымкентте 26 жастағы әйелді өлтірген қылмыскер 8 жылға сотталды

12 Ақпан 2026 20:57see118

Қазақтар ақшасын жаппай алтынға салып жатыр

12 Ақпан 2026 19:07see117

Қазақстанда жұма күні аяз болады

12 Ақпан 2026 18:10see115

Ел ертеңі жолында азаматтарды біріктіру Жаңа Конституцияны қолдайтын Коалиция құрылды

12 Ақпан 2026 19:07see115

ЮНИСЕФ тің 80 жылдығына орай Тарбағатайда Бала дауысы ән байқауы басталды

12 Ақпан 2026 12:17see114

Жамбылдағы Аса Ақкөл трассасында жол апатынан бір адам қаза болды

12 Ақпан 2026 16:41see114

Тоқаев Мұхаммед Әбделсаламды І дәрежелі Достық орденімен марапаттады

12 Ақпан 2026 18:06see114

Құмар ойынға тәуелді бухгалтер қомақты ақшаға бәс тігіп, жаңа көлік алған

12 Ақпан 2026 11:39see112

Шавкат Рахмоновтың әйелі жол апатына түскен оқиға: сот отырысының күні белгіленді

12 Ақпан 2026 14:56see111

Астанада күн жылиды, ал Алматыда қар аралас жаңбыр жауады

12 Ақпан 2026 16:48see111

Алматыда әлеуметтік қолдау аясында 200 ден астам жұмыс орны ашылды

12 Ақпан 2026 23:33see110

Маңғыстауэнергомұнай ЖШС нің жаңа басшысы тағайындалды

12 Ақпан 2026 12:42see110

Шығыс жастары ел тағдыры үшін маңызды қадамға үн қосты

12 Ақпан 2026 13:13see110

Абай атындағы ҚазҰПУ да ақын Қасымхан Бегіменовтың лирикалық кеші өтті

12 Ақпан 2026 23:27see110

Kaspi Gold карталарынан ақша неге жоғалып жатыр?

12 Ақпан 2026 15:59see110

Жер қойнауын пайдаланудың бірыңғай платформасы іске қосылды

13 Ақпан 2026 17:13see110

Instagram, TikTok, Telegram: студенттер күнделікті жаңалықты қайдан оқиды?

13 Ақпан 2026 17:07see110

Ким Чен Ын қызын мұрагер ретінде дайындап жатыр БАҚ

13 Ақпан 2026 01:36see109

Алматыдағы ерте араласу орталығында 100 ден астам балаға қолдау көрсетілді

12 Ақпан 2026 23:50see108

Анам есепшот ашып қойған : 9 тілді меңгерген оқушы пәтерді қалай сатып алғанын айтты

12 Ақпан 2026 12:41see108
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары