Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

Кестеден кешігу, жүргізуші тапшылығы: Өскемендегі қоғамдық көлік мәселелері қашан шешімін таппақ

Кестеден кешігу, жүргізуші тапшылығы: Өскемендегі қоғамдық көлік мәселелері қашан шешімін таппақ

Inform.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Аязда аялдамада ұзақ тұрады

Өскемендіктер аязды күндері аялдамаларда ұзақ тұрып, діттеген жеріне уақтылы жете алмай жатады. Жұмыстан шыққан тұрғындардың кейбірі көптен бері күдер үзіп, такси шақыртуды жиілеткен.

— Үнемі автобусты күтпей, такси шақыра саламын. Ал қазір өздеріңіз білесіздер, такси бағасы қымбаттап кеткен. Есептесем, ай сайын таксиге 100-150 мың теңге аралығында жұмсаймын. Ал автобус жүріп тұрса сонша ақшам үнем болар еді, — дейді қала тұрғыны Әйгерім.

Бұған дейін қала әкімдігінің өкілдері өткізген жиналыстарда қоғамдық көлік кемшілігі тақырыбы бірнеше мәрте қозғалған. Олар «мәселенің бәрі кезең-кезеңімен шешіледі» дескен.

Осының анық-қанығын білу үшін әкімдікке сауалхат жолдадық. Қалалық ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Марат Тұңғышбаевтың айтуынша, қазір Өскеменде ұзын-саны 231 автобус, 55 шағын автобус жолаушылар тасымалын жүзеге асырады.

Дегенмен демалыс күндері олардың жүру кестесіне айтарлықтай өзгеріс енеді. Ол кезде жолаушылар саны азайып, қолданыстағы нормативтермен реттеліп отырады. Экономикалық тиімділік ескеріліп, кейбір рейс қысқарады.

— Былтыр Өскеменнің маршруттық желілерін жаңартқан кезде шалғайдағы және қала аумағындағы жаңа аудандар аумағы бойынша жаңа бағыттар ашуды жоспарладық. Бұл бағыттарға қызмет көрсету 2026 жылдың бірінші тоқсанына жоспарланып отыр, — деді Марат Тұңғышбаев.

Қазір Өскемен бойынша автобус пен шағын автобус жүргізушілерінің жалпы саны тура 400. Олар орта есеппен 55-60 жаста. Мәлім болғандай, қоғамдық көліктердің қатынау кестесінде кейбір кемшілік жүргізуші жетіспеушілігімен байланысып тұр. Бұған дейін қала басшысы Алмат Ақышов та мұны ашық айтқан еді.

— Кезінде өзіміз мектепке қатынаған автобустар әлі де жүр, оны ашып айту керек. Тұрғындардың айтып жатқан сыны орынды. Автобустар сынып қалып жатады. Қазір D санатты автобус жүргізушілерін табу да қиындап кетті. Бірақ биыл тасымалдаушылармен сөйлесіп жатырмыз, — деді ол.

Жүргізушілердің жалақысы қанша?

Өткен жылдың соңында Өскеменге жаңа 20 автобус әкелінді. Біртіндеп жаңарып жатқанымен, кейбірі әлі де кестеден кешігеді. Ал D санатты жүргізушілер автопарктерге жұмысқа тұруға асықпайды. 25 жылдан астам уақыт автобус жүргізген Қасен Кентбаев мұның алдында зейнетке шығып, кадр жетпеген соң қайта рөлге отырған.

— Маған хабарласып «Автобус жүргізушілері жетіспей жатыр» деді. Содан жай жүргенше жұмыс істей берейін деп келістім. Жастардың келгісі жоқ. Мүмкін жұмысты қиынсынады, нақтысын айта алмаймын. Жалақы жаман емес. Қоғамдық көлік саны жеткілікті, тек жүргізуші керек, — деді ол.

Қала бойынша D санатындағы жүргізуші куәлігі бар мамандар саны да шектеулі. Жоғары жауапкершілік пен тығыз жұмыс кестесі де көп адам ұмтылысын тежейтін көрінеді.

— Сондай-ақ кей жүргізушінің жоғары жалақы мен қолайлы еңбек жағдайларын ұсынатын басқа қызмет пен өзге өңірлерге кетуі де әсер етеді. Ал D санатты жүргізуші куәлігін алу үшін тұрғын жасы 21-ге толып, көлік басқару өтілі болуы тиіс. Жалақы мөлшерін тасымалдаушылар өз еркімен бекітеді. Одан бөлек, жұмыс кестесі, орындалған рейс саны және басқа да факторлар әсер етеді. Өскеменде жүргізушілердің орташа жалақысы 350-500 мың теңге аралығында, — деп хабарлады қалалық ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінен.

Қоғамдық көліктің қатынау кестесі мен жүргізуші тапшылығы турала мақаламызда, жолаушы тасымалдайтын компания мен қала әкімдігі арасында сот ісі жүріп жатқанын айта кетейік. Өткен жылдың қараша айында Аблакетка шағын ауданына қатынайтын автобустарға тұрғындар шағымы күрт көбейген еді. Осыған байланысты әкімдік «Бақыт жол» ЖШС тасымалдаушысымен жасалған келісімшартты бұзған. Алайда компания өкілдері бұл мәселе сотта қаралып жатқанын алға тартты.

— Негізі әріптестік шарты 2022 жылдың сәуірінде өткен тендер нәтижесінде 5 жыл мерзімге жасалған. Қазір келісімшарт бұзылған жоқ, себебі оны біржақты бұзу әрекеттері сотта қаралып жатыр. Тасымалдау кестелері бекітілген графикке сай орындалғанмен тарифтің уақтылы қайта қаралмауына байланысты рейстер толық көлемде шығарылған жоқ. Тасымалдаушының шығындары толық өтелмеді. 2024-2025 жылдары 170 млн теңгеден астам сомаға алынған жаңа көлік құралы мен қазіргі кезеңдегі жалақы тарифке енгізілмеген, — деді аталған ЖШС басшысы Елена Рядинских.

Қалада қосымша маршруттар ашылады

Оның айтуынша, тариф тек 2024 жылдың сәуірінде, 2023 жылдың деректері негізінде қайта қаралды. Соның салдарынан кәсіпорын шығынға ұшырап, көліктерді уақтылы және толық жөндеуге мүмкіндік болмаған. Елена Рядинских жүргізуші тапшылығы Шығыс Қазақстан ғана емес, республикаға ортақ мәселе екенін жеткізді.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, қоғамдық көлік жүргізушілеріне жас ерекшелігіне байланысты шектеу жоқ. Әйтеуір жұмысқа кіріспес бұрын әрбірінің денсаулық жағдайы тексеріліп, рейске шықпай тұрып бақылаудан өтеді. Қоғамдық көлік жұмысына қатысты бұзушылықтар тіркелсе, тасымалдаушыларға келісімшартқа сәйкес тиісті шаралар қолданылады.

Бұдан бөлек, тұрғындар Өскеменнің шеткері аумағында бой көтерген ықшамаудандардағы халық саны көбеюіне қатысты қосымша маршрут ашылса деген өтініштерін айтқан. Оған байланысты қала әкімінің орынбасары Абзал Мәулетханов жауап берді.

— ONAY жүйесі іске қосылғалы, біртіндеп сараптама жасап жатырмыз. Соған сәйкес мына жерге автобус шығару керек, мына жерге адамдар көп шоғырланған дегендей ақпарат дайындалады. Бәлкім, кей аумақта қоғамдық көлік маршруты дұрыс емес. Бізге тиісті ұсыныс айтылса, Базовая көшесі арқылы қоғамдық көлік өтуі мүмкін, — деді ол.

ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінен қарашадан бері тұрғындар наразылығы көбейген Аблакетка ауданына қатынайтын автобустарға байланысты мәселенің мән-жайын айтып берді.

— Қазір жолаушы тасымалына қатысты мәселе толық шешілді. Қолданыстағы көлік компаниясының жұмысына шағым түскен жоқ, — делінген ақпаратта.

Еске сала кетсек, бұған дейін СҚО-да мектеп автобустары жол қауіпсіздігі талаптарына сай келмегені хабарланған. 

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:198
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 30 Қаңтар 2026 20:07
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see166

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see163

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see162

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see159

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see155

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see155

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see143

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see139

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see136

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see132

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see129

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see126

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see120

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see120

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see119

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see116

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see114

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see113

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see109

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

03 Қараша 2026 14:24see106
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары