Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

БЖЗҚ дағы 63 миллиард мұрагерлерін күтуде қазақстандықтар бұл ақшаны қалай ала алады

Қазақстандағы орташа жалақы мөлшері аталды

Биыл да жатақханада оқиды : Алматы облысында 200 оқушы жаңа мектепке зар

Некені ұзарту қажеттігі туралы жалған хабарлама тарап жатыр

Қасым Жомарт Тоқаев: Қазақстан мен Қытай арасындағы ықпалдастықтың жаңа кезеңі басталды

ҰҚК қызметкерлеріне берілетін төлем тәртібі жаңарды

Алматы әуежайы автокөлік жүргізушілері үшін өзгерістер туралы хабарлады

қосымшасында әскери есеп туралы анықтаманы алуға болады

Қазақстан президенті технологияны Қытаймен ынтымақтастықтың негізгі бағыттарының бірі деп атады

Ауысып мінетін билет сатып алдыңыз ба? Бірінші рейске отырмасаңыз, не болады?

Қазақстан халқы жаңа межеден асты

Күн жылынады, бірақ барлық жерде емес: Қазақстанда бейсенбі, 3 қыркүйекте ауа райы қандай болады

Алты өңірде үсік жүреді . Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Павлодарда 6 адам кәріз құдығына түсіп, уланып өлді: тексеру қорытындысы жарияланды

Қазақстанда үш жылда 95 көкөніс қоймасы пайдалануға берілді

Автокөліктің ұшқышсыз басқарылуының ең нашар жарнамасы видеоға түсіп қалды көлік полиция фургонына соғылды

Путин Украинаның Ресей әуе кеңістігіне қауіп төндіруін мемлекеттік терроризм деп атады

Тас жолдағы велоспорттан 2026 жылғы Азия ойындарында Қазақстан намысын үш спортшы қорғайды

Ресейде шетелдік БАҚ қа арналған байқауға өтінім қабылдау басталды

Атақты шорт трекші Абзал Әжіғалиев спорттағы мансабын аяқтады

Киберқауіпсіздік: өз деректерімізді қалай қорғаймыз?

Киберқауіпсіздік: өз деректерімізді қалай қорғаймыз?

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Фото: istockphoto.com

Жуырда Павлодар облысының прокуратурасы мемелекеттік сатып алулар кезінде 2 000-нан астам мұғалімнің құпия деректері интернетке тарап кеткенін мәлімдеді. Атап айтқанда қызметкерлердің үй мекенжайлары, анкеталық мәліметтері және телефон нөмірлері қолжетімді болды. IT сарапшысы Абылай Исиннің айтуынша, мұндай жайттар көп жағдайда азаматтардың қарапайым цифрлық сауаттылық шарттарын сақтамаудан орын алады.  

«Қолданушылар тарапынан жиі жіберілетін қателіктер киберқауіпсіздікті әлсіретеді. Көп жағдайда адамдар оңай құпиясөздерді қолданып, оны бірнеше жерде пайдаланады. Сонымен қатар фишинг сілтемелеріне өтіп, белгісіз файлдарды жүктейді. Банк картасының деректері мен SMS-кодтарды бөгде адамдарға береді. Қоғамдық Wi-Fi желілерін қорғаныссыз пайдалану, антивирус пен жүйе жаңартуларын орнатпау, әлеуметтік желілерде жеке мәліметтерді шамадан тыс жариялау және екі факторлы аутентификацияны қоспау да жиі кездесетін қателіктер қатарына жатады. Мұндай әрекеттердің салдарынан аккаунттар мен қаржылық деректердің ұрлану қаупі артады», дейді маман.

IT маманының айтуынша, қазір елімізде кибершабуылдың фишинг (SMS хабарламалар) пен вишинг (қоңыраулар арқылы) түрлері кеңінен тараған. Сондай-ақ жасанды интелекті элементері қолданылған хакерлік шабуыл түрлері де артқан.

«Сонымен қатар зиянды бағдарламалар (malware), соның ішінде трояндар мен ransomware түрлері де кең таралған. Олар деректерді шифрлап, оны қалпына келтіру үшін төлем талап етеді. Бұдан бөлек, ботнет-шабуылдар компьютерлерді бір желіге біріктіріп, оларды басқа кибершабуылдарға пайдалану арқылы жүзеге асады, ал DDoS-шабуылдар сайттарды істен шығарып, қолжетімсіз етеді. Соңғы жылдары deepfake және жасанды интеллектіге негізделген алаяқтық түрлері көбейіп, адамның дауысы мен бейнесін қолдан жасау жағдайлары жиілеп отыр», деді ол.

Бүгінде елімізде Цифрлық кодекске түзетулер енгізу тетіктері қарастырылып жатыр. Осы бағытта Мәжіліс нотариаттық қызметке қатысты заң жобасын қабылдады. Заңнамаға сәйкес, нотариус қызметкерлер енді лицензиялаудан өтуге міндеттеледі. Алайда олар қызмет алушылардың жеке деректерін рұқсатсыз пайдаланған жағдайда лицензиясынан айырылады. IT маманы цифрлық қызмет көрсету мекемелері қандай деректерге қол жеткізе алатындығын атады.

«Қазақстанда нотариустар, банктер және ХҚКО қызметкерлері тек заңмен белгіленген шектеулі деректерге ғана қол жеткізе алады. Банктер азаматтардың жеке деректерін, қаржылық ақпаратын және транзакцияларын өңдейді, бірақ оларды тек заңды негіз болған жағдайда ғана үшінші тұлғаларға бере алады. Нотариустар нотариаттық қызмет көрсету үшін қажетті мәліметтермен жұмыс істейді, ал ХҚКО қызметкерлері мемлекеттік қызметтерді көрсетуге қажет минималды деректерді пайдалана алады», деді Абылай Исин.

Оның айтуынша, қибершабуылдан қорғанудың ең алғашқы қадамы – құпиясөздерді дұрыс пайдалану. Сондай ақ, сарапшы бірқатар қарапайым қағидаттарды сақтау керектігін атап өтті.

«Жеке мәліметтерді қорғау үшін бірқатар тиімді шараларды сақтау қажет. Ең алдымен, күрделі әрі бірегей құпиясөздерді қолдану қажет. Бұл ретте Password Manager бағдарламаларын пайдалану ұсынылады. Барлық маңызды сервистерде екі факторлы аутентификацияны қосу қауіпсіздікті айтарлықтай күшейтеді. Сонымен қатар антивирус және зиянды бағдарламалардан қорғайтын жүйелерді орнатып, оларды тұрақты жаңартып отыру маңызды. Операциялық жүйе мен қосымшаларды уақтылы жаңарту, күмәнді сілтемелерді ашпау, деректерді шифрлап отыру қауіпсіздікті арттырады, деді сарапшы.

Бұған қоса ол маңызды деректердің резервтік көшірмесін жасап, қоғамдық желілерде VPN пайдалану да цифрлық иммунитетті қалыптастырудың негізгі талаптарының бірі екендігіне тоқталды.  

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:140
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 04 Маусым 2026 15:39
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

БЖЗҚ дағы 63 миллиард мұрагерлерін күтуде қазақстандықтар бұл ақшаны қалай ала алады

02 Қыркүйек 2026 18:50see144

Қазақстандағы орташа жалақы мөлшері аталды

02 Қыркүйек 2026 18:45see140

Биыл да жатақханада оқиды : Алматы облысында 200 оқушы жаңа мектепке зар

02 Қыркүйек 2026 19:13see140

Некені ұзарту қажеттігі туралы жалған хабарлама тарап жатыр

02 Қыркүйек 2026 19:14see139

Қасым Жомарт Тоқаев: Қазақстан мен Қытай арасындағы ықпалдастықтың жаңа кезеңі басталды

02 Қыркүйек 2026 19:00see138

ҰҚК қызметкерлеріне берілетін төлем тәртібі жаңарды

02 Қыркүйек 2026 19:01see137

Алматы әуежайы автокөлік жүргізушілері үшін өзгерістер туралы хабарлады

02 Қыркүйек 2026 18:48see137

қосымшасында әскери есеп туралы анықтаманы алуға болады

02 Қыркүйек 2026 19:47see136

Қазақстан президенті технологияны Қытаймен ынтымақтастықтың негізгі бағыттарының бірі деп атады

02 Қыркүйек 2026 19:03see135

Ауысып мінетін билет сатып алдыңыз ба? Бірінші рейске отырмасаңыз, не болады?

02 Қыркүйек 2026 18:52see134

Қазақстан халқы жаңа межеден асты

02 Қыркүйек 2026 18:50see133

Күн жылынады, бірақ барлық жерде емес: Қазақстанда бейсенбі, 3 қыркүйекте ауа райы қандай болады

03 Қыркүйек 2026 07:18see130

Алты өңірде үсік жүреді . Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

02 Қыркүйек 2026 21:12see129

Павлодарда 6 адам кәріз құдығына түсіп, уланып өлді: тексеру қорытындысы жарияланды

02 Қыркүйек 2026 19:14see128

Қазақстанда үш жылда 95 көкөніс қоймасы пайдалануға берілді

02 Қыркүйек 2026 21:15see125

Автокөліктің ұшқышсыз басқарылуының ең нашар жарнамасы видеоға түсіп қалды көлік полиция фургонына соғылды

02 Қыркүйек 2026 18:48see125

Путин Украинаның Ресей әуе кеңістігіне қауіп төндіруін мемлекеттік терроризм деп атады

02 Қыркүйек 2026 19:16see124

Тас жолдағы велоспорттан 2026 жылғы Азия ойындарында Қазақстан намысын үш спортшы қорғайды

02 Қыркүйек 2026 19:39see124

Ресейде шетелдік БАҚ қа арналған байқауға өтінім қабылдау басталды

02 Қыркүйек 2026 19:14see123

Атақты шорт трекші Абзал Әжіғалиев спорттағы мансабын аяқтады

02 Қыркүйек 2026 22:45see121
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары