Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

Килианнан Bolero X дейін: Астана Балет заманауи хореография кешін өткізеді

Килианнан Bolero X дейін: Астана Балет заманауи хореография кешін өткізеді

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

"Астана Балет" театры 1 қазанда көрермен қауымды заманауи хореография кешіне шақырады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Кеш барысында үш түрлі пластикалық әлем – "Жолдан тайған періштелер", Love Fear Loss және Bolero X  үш қойылым, үш түрлі қозғалыс тілі және адам жайлы – оның сезімі, ішкі бостандығы, махаббаты, адасуы және тұтастықтың бір бөлігі болуға деген ұмтылысы туралы үш баян.

Аз-кем кідірістен кейін "Жолдан тайған періштелер" қойылымы елордалық театр сахнасына қайта оралды — көрнекті чех философ-хореографы Иржи Килианның ең танымал жұмыстарының бірі. "Астана Балет" театрына лайықтап сахналаған Стефан Жеромский.

Спектакльде музыка ерекше орын алады. Килианның хореографиясы Стивен Райхтың Drumming part 1 шығармасымен сабақтаса өріледі.  С.Райхтың бұл шығармасы перкуссиялық аспаптарға арналған техникалық жағынан ең күрделі шығармалардың бірі болып саналады. Сахнада оны "Астана Балет" театры симфониялық оркестрінің перкуссиялық тобы орындайды.

Бұл жерде ырғақ тек музыкамен сүйемелдеу ғана емес, тәуелсіз қозғаушы күшке айналады. Алдымен бишілер сахнаға үнсіз шығып, ал қозғалыс өздігінен пайда болғандай әсерде боласыз. Содан кейін барабан дүбірі қосылады,  сөйтіп, спектакль кеңістігі өзгеріп сала береді. Ырғақ өрнегі әр қимыл сайын жаңа қырынан танылып, біртіндеп шиеленісті арттырып, аудиторияны гипноздық күйге түсіргендей болады.

Килиан хореографиясында музыка мен бидің әдеттегі бөлінуі жоқ: олар біртұтас организм ретінде өмір сүреді. Оның стилі ерекше музыкалық, қысқа монохромды эстетика және күрделі пластикамен ерекшеленеді. "Астана Балет" әртістері орындаушылардан мінсіз техниканы ғана емес, сонымен қатар абсолютті ішкі шоғырлануды талап ететін осы ерекше хореографиялық әдісті шебер меңгерді.

Кешті Love Fear Loss хореографиялық композициясы жалғастырады ("Махаббат. Үрей. Айырылу") – аты аңызға айналған француз әншісі Эдит Пиафтың тағдыры мен музыкасынан нәр алып, үш дуэтті біріктірген бразилиялық хореограф Рикардо Амарантенің туындысы. Э.Пиаф әндерін театр концертмейстері Құралай Қанапина фортепианода орындайды.

Кеш шымылдығын Bolero Х балеті жабады.  Израильдік хореограф Шахар Беньяминидің заманауи қойылымы.  Қойылым биылғы маусымның көрнекті театр премьераларының біріне айналды. Спектакль Морис Равельдің әйгілі "Болеросына" негізделген, бірақ мұнда таныс музыкалық композиция жаңа пластикамен баяндалады. Гипноздық ырғақ, қайталау әдісі және шиеленістің біртіндеп өсуі күшті ұжымдық рәсімге айналады.

"Астана Балет" театрының симфониялық оркестрінің сүйемелдеуі қойылымға ерекше қуат дарытқандай. Дирижерлік пульт тізгінін "Астана Балет" театрының бас дирижері Арман Оразғалиев ұстайды.

Кештің үш қойылымы көрерменге мүлдем басқа оптика ұсынады. Олар – камералық және философиялық, драмалық және эмоционалды, ауқымды және энергетикалық. Бірақ олардың барлығы әрқайсымыз жайлы бір баянға айналады.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:195
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 17 Қыркүйек 2026 15:46
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see166

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see163

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see162

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see159

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see155

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see155

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see143

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see139

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see136

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see132

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see129

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see126

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see120

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see120

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see119

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see116

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see114

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see113

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see109

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

03 Қараша 2026 14:24see106
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары