Қазақ ұлттық хореография академиясы Жапония балет мектебінің оқушыларына шеберлік сабағын өткізді
Aikyn.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..
Қазақ ұлттық хореография академиясында Жапонияның Yoshiko Takagi Ballet School балет мектебінің 22 оқушысы мен төрт оқытушысы білім алып жатыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Оқу бағдарламасы аясында Академия педагогтері классикалық және ұлттық-сахналық би бойынша шеберлік сабақтарын өткізіп, балет қойылымдарындағы жеке би нөмірлерін үйретеді.
Жапон балет мектебінің өкілдері ел мәдениетімен, елорда сәулетімен танысып, Астананың көрікті жерлерін аралады. Қонақтар Қазақстан Республикасының Ұлттық музейіне, «Астана Опера» және «Астана Балет» театрларына барып, «Алтын Гүл» ұлттық балетін тамашалады. Сондай-ақ Академия түлектерімен кездесті.
Оқу бағдарламасы жапон өнерпаздарын қазақстандық балет мектебімен таныстыруға, кәсіби тәжірибе алмасуға және хореография өнері саласындағы халықаралық байланысты нығайтуға бағытталған.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:21
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 16 Қазан 2026 16:51 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















