Киноны тегін тамашалады
Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..
Іс-шараларды «Ш.Айманов атындағы Қазақфильм» киностудиясы жанындағы «Қазақанимация» шығармашылық бірлестігі ұйымдастырды.
Астанадағы Ұлттық әскери-патриоттық орталықта, Екібастұздағы Жастар бастамаларын дамыту орталығында мерекелік ойын-сауық бағдарламаларынан кейін көрерменге толықметражды «Алтын адам» анимациялық фильмі ұсынылды. Туындыға батылдық, әділдік, мейірімділік пен отансүйгіштік секілді құндылықтар арқау болған.
Алматы қаласындағы «Арман» кинотеатрында көрсетілімдер екі залда қатар өтті. Қызыл залда былтыр жарық көрген қысқаметражды анимациялық фильмдер топтамасы көрсетілсе, Көк залда балаларға арналған «Жабайы» көркем фильмі ұсынылды. Фильм адам мен жануар арасындағы достық, қамқорлық пен адалдық тақырыптарын қозғайды.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай мәдени іс-шаралар балалардың бос уақытын мазмұнды өткізуге мүмкіндік беріп қана қоймай, ұлттық кино мен анимация өнерін кеңінен насихаттауға бағытталған.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:60
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 04 Маусым 2026 09:11 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















