Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

Қазақстанның 2027 жылға арналған бюджетінде мұнай бағасының үш сценарийі қарастырылды

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

Алматы әкімдігі лық толы автобус аялдамасы түсірілген видеоға түсініктеме берді

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады

Депутат Ләззат Жылқыбаева азаматтардың жеке деректерінің қорғалуын тексеруді талап етті

Балаларды орындыққа байлап, ұрып соққан: Астанадағы жекеменшік балабақшада дау шықты

Синоптиктер ескертуі: еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады

Астанада робот иттер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысып жүр

Тоқаев Азиядағы өзара іс қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес саммитінде сөз сөйледі

Қарағанды Жезқазған тас жолын жарты ғасырда алғаш рет жаңарту туралы шешім қабылданды

Қазақстан мен Бельгия порттар арасында серіктестік орнатуды көздеп отыр

Қазақстанда жалпы өңірлік өнімнің өсу қарқыны байқалды

Киноны өнер емес, өнім ретінде көретіндер көбейді

Киноны өнер емес, өнім ретінде көретіндер көбейді

24.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

Киноны өнер емес, өнім ретінде көретіндер көбейді. Ардан бұрын пайда ойлап, табыс табудың – төте жолына айналдырды. Бұған қалай жеттік? 

Сала сарапшылары медиа сауаттылық төмен десе, депутаттар кинотеатрларды кінәлайды. Қалай болғанда да кино – идеологиялық құрал. Демек қоғамға құндылық дәріптеуі немесе құлдыратуы да мүмкін. Ал жөнсіз туындыларды экраннан шектегенмен, интернет желіден қалай аламыз?

«Өнер үндемеген сайын, рухани өлім үдейді». Кино да – өнер. Тек өрісі кеңімей, өресі тар боп тұр. Шедевр түгілі шебер туынды аз. Бізде көбіне комедия түсіріледі. Тек күле отырып күйрейсің. Өйткені арзан күлкі – жанға дауа емес, жара салады. Бұл мәдениет саласының ғана емес, тұтас қоғамның қотыры», -дейді киносарапшы. 

Әлімақын Жанболат, киносарапшы:

- Теория жүзінде қазақ киносы өз міндетін атқарып тұр. Ал практикада толық емес. Қазақ киносы қазіргі кезеңде идеологиялық тұрғыда әлсіреп, нарықтық сұранысқа көбірек тәуелді болып отыр. Көп фильмнің басты мақсаты –  тез табыс табу, көрерменді қызықтыру, таңғалдыру, хайп пен қаралым жинау. Ал құндылық қалыптастыру, адамгершілікке бағдар беру, ұлттық болмыс пен тарихи жадыны күшейту екінші қатарға ығысып қалған. Сондықтан кино –  идеологиядан бас тартты деуге болмайды. Десе де жауапкершілік әлсіреді деуге толық негіз бар.

Киноны өнер емес өнім деп қарау, яғни бизнес ретінде көру белең алды. Себебі, фильмнің өндірісіне кеткен шығын өтелмейді. Бұған кинотеатрлар кінәлі,-деді депутат. Кассалық түсімнің тең жартысына жармасады. 

Режиссерлер мен продюсерлер кинотеатрлар қысымынан қорқады. Салдарынан тек коммерциялық комедиялар түсіріліп, тарихи, мәдени, әлеуметтік маңыздағы салмақты туындылар сиреп кеткен. 

Елнұр Бейсенбаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Қазіргі таңда қазақстандық кинонарықты санаулы ғана «таңдаулы» топ бақылап отыр. Kinopark пен Kinoplexx елдегі барлық кинозалдың шамамен 40 пайызын бақыласа, Chaplin және Cinemax желілері ірі мегаполистерде үстемдікке ие. Бұл әділ бәсеке емес, ашық монополиялық саясат. Осыған байланысты кинотеатр желілерінің өздерінің үстем жағдайын пайдалана отырып, кассалық түсімнің 50 пайызын негізсіз алу фактілері бойынша кешенді тексеру жүргізуді сұраймыз.

Тағы бір өзекті мәселе – кино сарап. Яғни көлденең көк аттының фильмін кинотеатрлардан көрсету жөн емес. Былтыр Бурабайдан өткен құрылтайда Президент соған баса мән берді.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Осы жерде бір нәрсені ескерген жөн. Бүгінде фильмдердің басым көпшілігі мемлекеттік тапсырыспен емес, жеке қаржыға түсіріледі. Кино маңызды идеологиялық құрал екенін бәріміз жақсы түсінеміз. Сондықтан жеке қаржыға түсірілсе де, фильмді кинотеатрларға шығармас бұрын алдын ала сараптаудан өткізу жолдарын қарастырған жөн.

Елде сараптамалық жүйе бар. Алайда құқықтық қырына басымдық берілген. Мәселен, экстремизм мен есірткіні насихаттамау, ұлт араздықты қоздырмау деп кете береді. Ал ақсап тұрған тұсы – көп деңгейлі экспрет жоқ. Мәдени, педагогикалық, психологиялық және идеологияық әрі көркемдік жағы ескерусіз қалады. Осы ретте сараптама мен цензураны шатастырмау керек. Сараптау тыйым салу емес, талдау мен жауапкершілік. Сондай-ақ көрерменнің ішкі сүзгісін қалыптастыру – медиа сауаттылыққа байланысты. Солай ғана зорлық-зомбылық, қатыгездік пен қылмысты насихаттайтын фильмдерді көгілдір экраннан бұрын, көңіл передесінен аластата аламыз. 

Жалпы қай жанрға да сай келетін Ұлы даламызда тарих та, тұлға да бар. Тек соны кино тілімен тірілтіп, дәріптеу керек. Ал кинематография – қуатты құрал. Халық бары мен нарын кинотуындылар арқылы жаһанға танытады. Тіпті тамсандырады. 

Авторы: Нысаналы Ығыл

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:158
embedДереккөз:https://24.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 15 Қаңтар 2026 15:03
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

14 Қазан 2026 21:13see138

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

14 Қазан 2026 21:07see138

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

14 Қазан 2026 21:06see135

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

14 Қазан 2026 20:54see133

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

14 Қазан 2026 21:31see132

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

14 Қазан 2026 22:21see131

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

14 Қазан 2026 20:59see131

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

14 Қазан 2026 23:44see128

Қазақстанның 2027 жылға арналған бюджетінде мұнай бағасының үш сценарийі қарастырылды

14 Қазан 2026 20:53see127

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

14 Қазан 2026 21:13see127

Алматы әкімдігі лық толы автобус аялдамасы түсірілген видеоға түсініктеме берді

14 Қазан 2026 20:54see127

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады

14 Қазан 2026 21:05see126

Депутат Ләззат Жылқыбаева азаматтардың жеке деректерінің қорғалуын тексеруді талап етті

14 Қазан 2026 21:01see126

Балаларды орындыққа байлап, ұрып соққан: Астанадағы жекеменшік балабақшада дау шықты

15 Қазан 2026 09:31see126

Синоптиктер ескертуі: еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады

14 Қазан 2026 21:08see126

Астанада робот иттер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысып жүр

15 Қазан 2026 16:43see125

Тоқаев Азиядағы өзара іс қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес саммитінде сөз сөйледі

15 Қазан 2026 17:59see124

Қарағанды Жезқазған тас жолын жарты ғасырда алғаш рет жаңарту туралы шешім қабылданды

14 Қазан 2026 20:56see123

Қазақстан мен Бельгия порттар арасында серіктестік орнатуды көздеп отыр

14 Қазан 2026 21:03see123

Қазақстанда жалпы өңірлік өнімнің өсу қарқыны байқалды

14 Қазан 2026 21:02see121
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары